Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата11.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7. Оқулықпен жұмыс. 46-беттегі ережені оқып, 4-тапсырманы 
орындау.
Біріккен сөздерді үш тілде атаңдар: баспасөз, атамекен, әркім, 
көпсөзділік.
ІV. Жаңа сабақты бекіту. 
1. Семантикалық кесте.
р/с
Күрделі сөздер
Біріккен 
сөздер
Қос 
сөздер
Қысқарған 
сөздер
Тіркес 
сөздер
1.
Бейбарыс қазақша 
жақсы сөйлейді.
2.
Алия  он  бесінші 
пәтерде тұрады.
3.
Ата-аналарға 
құрмет көрсету 
керек.
4.
Асан ҚарМУ-
дың филология 
факультетінде 
оқиды.
5.
Алтыбақан 
– ұлттық 
ойындардың бірі.
6
Қазақтардың 
тұрмысында 
қолөнер ерекше 
орын алады.
2-слайд.  Төмендегі  сөздер  мен  сөз  тіркестерінен  сөйлем 
құраңдар.
1. Туған, Әбу Насыр әл Фараби, қаласында Отырар. (Әбу Насыр 
әл Фараби Отырар қаласында туған).
2.  Қалдырды,  ол,  жазып,  іргелі,  еңбектер  (Ол  іргелі  еңбектер 
жазып қалдырды).
3.  Шебер,  әл  Фараби,  музыкалық  аспаптарда,  орындаушы, 
болды  (әл  Фараби  музыкалық  аспаптарда  шебер  орындаушы 
болды).

68
4.  Ол,  музыкалық,  тапты,  ойлап,  жаңа,  аспаптардың, 
түрлерін (Ол музыкалық аспаптардың жаңа түрлерін ойлап 
тапты).
V.    Қорытынды:  Кубизм  әдісі  бойынша  сабақты 
қорытындылау.
1. Біріккен сөз дегеніміз не?
2. Әл Фараби Бағдатқа қандай мақсатпен барды?
3. Біріккен сөз қандай атауларда кездеседі?
4. Қашан дүниеге келді?
VІ.  үй  тапсырмасы:  1.  Біріккен  сөздерді  қатыстырып,                     
6 сөйлем жазу; 2. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. 
VІІ. Бағалау: оқушыларды білімдеріне сәйкес бағалау.
Бағалау парағы

Аты- 
жөні
Жүргізілетін жұмыстар
үй 
тапсыр-
масы
Сұрақ- 
жауап
Жаттығу 
жұмыс-
тары
Семанти-
калық
 кесте
Тестпен 
жұмыс
Қоры-
тынды
Ба-
ғасы
1
2
   
   
 
                                                                  
Тотыгүл ЕЛУБАЙҚЫЗЫ,
                                                           Солтүстік Қазақстан облысының                
                                                              Ғабит Мүсірепов ауданындағы
Буденный орта мектебінің мұғалімі.        
МАҚТА ҚЫЗ БЕН МЫСЫҚ   
СӨЗДІГІ
Сабақтың мақсаты: 1. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін 
мәнерлеп оқып, мазмұндау, рөлге бөліп оқу; 2. Оқулықпен 
жұмысқа баулу; Ертегідегі жаңа сөздермен жұмыс; Ертегіні 

69
жанрлық  ерекшелігіне  сай  оқи  отырып,  оқу  дағдыларын 
қалыптастыру;  3.  Оқушыларды  еңбексүйгішктікке,  ұқып-
тылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: интерактивті тақтамен өткізілген жаңа сабақ. Әдісі: 
түсіндіру,  көрініс  көрсету,  сұрақ-жауап,  топпен  жұмыс. 
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен 
танысамыз.  Ең  алдымен,  ертегіде  кездесетін  түсініксіз 
сөздермен жұмыс істейміз.
1. Сөздікпен жұмыс:
Мейіз – изюм;
Қатығын  төгеді  –  выливает  кефир  (густое  кислое 
молоко);
Тауып алады – нашел;
Шөлдеп тұрмын – хочется пить;
Дән – зерно;
Бас салады – хватает;
Тышқан – мышь.
2. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастыру: 
Тәтті мейіз. Алтын дән. Кішкентай тышқан.
3.  Сөйлем  құрастыру:  Әжем  тәтті  мейіз  сатып  алды. 
Кішкентай тышқан алтын дән тауып алды.
4. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін мәнерлеп оқу.
5.  Балаларды  ертегіні  мәнерлеп  оқуға  дағдыландыру, 
ертегінің  қиын,  түсінбеген  жерлерін  балалармен  оқып, 
аудару.
6. Ертегідегі кейіпкерлерді атау (Мақта қыз, мысық, ағаш, 
қыздар, дүкенші, тауық, тышқан, т.б.)
7. Ертегіге көрініс көрсету.

70
4. Жаңа сабақты бекіту.
1. Ертегіні рөлге бөліп оқу.
2. Әр балаға рөлдерді таратып беру.
3. Ойынан кейін негізгі және қосалқы кейіпкерлерді жеке- 
жеке  топтап  жазу  (Негізгі:  Мақта  қыз,  мысық.  Қосалқы: 
ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан).
4.  Ертегінің  қай  топқа  кіретінін  анықтау  (Тұрмыс-салт 
ертегісі).
1-топ. Мысық қатық іздегенде қайсысына қашан барғанын 
ретімен айтыңдар.
1. Мақта қыз.
2. Сиыр.
3. Ағаш.
4. Қыздар.
5. Дүкенші.
6. Тауық.
7. Тышқан.
2-топ. Мысық қайсысынан не алды?
1. Сиырдан – қатық.
2. Ағаштан – жапырақ.
3. Қыздардан – су.
4. Дүкеншіден – сағыз.
5. Тауықтан – жұмыртқа.
6. Тышқаннан – тары.
5. Қорытындылау.
Қатықты  табу  үшін  мысықтың  жүрген  жолын  суретпен 
сызып көрсету.
Осы ойын арқылы ертегінің мазмұнын айтып беру.
6. Оқушыларды бағалау.
7. үйге тапсырма: ертегіні мазмұндау, 56-бет. Жұмбақты 
шешу.

71
Бақытгүл ЖАҚАНАЕВА,
Алматы облысының
Сарқан ауданындағы
«Екіаша» орта мектебінің мұғалімі.
СИНОНИМДЕР
Сабақтың  мақсаты:  синоним  сөздерді  бір-бірімен 
салыстыра  отырып,  анықтамасын  оқушылардың  өздері 
ойланып  шығарып  алуға  бағыт  беру;  синоним  сөздерді 
белгілеріне қарай топтастыру және қандай сөз таптарынан 
болатынын байқату; ұсынған әңгімені оқып, кейіпкерлердің 
ісін  талдау  жасай  отырып  бағалау,  өздерінің  алға  қойған 
мақсатына еңбек ету арқылы жететінін түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылармен шаттық шеңбер құрып, бір-біріне сәттілік  
тілеу арқылы өткізу.
ІІ. Жаңа сабақ барысы. Ой қозғау сатысы.
Синоним  сөздер  тілдің  байлығын  көрсетеді.    Бүгінгі  
өткелі  отырған  сабағымызда  үйренетін  сөздеріміз  тілдік 
қорымызды  молайтып,  ойымызды  кеңейтеді.  Синоним 
сөздерді  сөйлегенде,  әңгіме  айтқанда  пайдалана  білу  –  тіл 
ұстарту белгісі.
Мағынаны ажырату.
Плакатқа жазылған синоним сөздерді оқушылар бірнеше 
топқа  бөліп  жазады.  Олар  мына  сөздер:  келбет,  кескін, 
сабырлы,  байсалды,  дидар,  рең,  түс,  ұстамды,  мүсін, 
сәлемдесу, амандасу, есендесу, көрісу, сұлу, өңі.
Ажар                   жүздесу                 сабырлы
Көрік                 амандасу                 байсалды
Келбет               сәлемдесу               ұстамды

72
Жалпы  оқушыларға  сұрақ:  Әр  топтағы  сөздерді  бір-
бірімен мағынасы және жазылуы жағынан салыстырыңдар. 
Қандай ой түйдіңдер?
Оқушылар  жауабы:  Мағыналары  бір-біріне  жақын 
немесе  бірдей,    жазылуы  әр  түрлі  сөздерді  синонимдер 
дейміз.
Әр топтағы сөздерге сұрақ қойғызамын
Не?                          Не істеді?                    Қандай?
ажар                        жүздесу                      сабырлы
Жалпы  оқушыларға  сұрақ:  синонимдік  сөздер  тобы 
қандай сөз табының құрамынан болады?
Оқушылар жауабы: зат есімнен, етістіктен, сын есімнен 
болған синонимдер.
Оқушыларға зат есімнен болған синонимдер тобымен сөз 
тіркесін құрау ұсынылады.
                               ажар  ы                                 түсі
                               дидары      малдың
 Адамның              реңі                                       түрі
                               көркі
                               өңі
Оқушыларға сұрақ: ажар, дидар, көркі, рең, өң сөздері 
малдың деген сөзбен неге тіркеске түспейді?  Бұдан қандай 
қорытынды шығарамыз?
Оқушылар жауабы: синоним сөздер кез келген сөзбен 
тіркеске түспейді.  Ажар, дидар, көркі, рең, өң, т.б. адамға 
қатысты сөздермен ғана тіркеседі.
ІІІ. Топпен жұмыс.
«Үш жігіт туралы хиқая» атты әңгіме бойынша жұмыс. 
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
«Үш  жігіт  туралы  хикая»  әңгімесін  оқып  танысамыз. 
Хикая  не  туралы  екен?  Алдыңа  қойған  мақсатқа  қалай 
жетуге болады екен? Әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын 
немесе өз ойын ортаға салады.
 
 

73
І  топтың  жауабы:  бірінші  бөлімде  үш  жігіт  бірін-бірі 
білмейді. Олар өлместің тауын іздеп шықты. Бірінші жігіт 
жолда жүре-жүре шаршайды. Бір сұлу қызға кездеседі. Сол 
сұлу қыздың қасында қалады.
І  топ  оқушыларына  сұрақ:  екінші,  үшінші  жігіт  өз 
мақсатына жете ме, қалай ойлайсыңдар?
Жауап: олар өз мақсатына жетеді деп ойлаймыз.
ІІ топтың жауабы: екінші жігіт жолда жүріп келе жатып 
шаршап,  шөлдеп,  тілі  кеуіп  кетеді.  Оның  алдынан  бұлақ 
көрінеді.  Бұлақтан  су  ішіп,  рахаттанып,  сол  жерде  қалып 
қояды. Бұл жігіт те өз мақсатына жете алмады. Ал, үшінші 
жігіт өз мақсатына жететін болар деп ойлаймыз.
Жалпы  оқушыларға  сұрақ:  бірінші,  екінші  жігіт  өз 
мақсатына неге жете алмады?
Жауап: олар жігерсіз, дәрменсіз, қайратсыз, шыдамсыз, 
жалқау, т.б.
Жалпы оқушыларға сұрақ: үшінші жігіт өз мақсатына 
жетті ме?
Жауап: ол жігерлі, қайратты, шыдамды, еңбекқор, т.б.
ІV. Ой-толғаныс сатысы.
-  Ал,  балалар,  сендер  алдарыңа  қандай  мақсат  қойдың-
дар? Өскенде кім боласыңдар? Осы мақсатқа жету үшін не 
істейсіңдер?
«Кім болам?» атты шығарма жазайық. Шығарма жазған 
кезде  синоним  сөздерді  пайдаланыңдар.  Шығарма  5-6 
сөйлемнен тұратын болсын.
Кейбір  оқушылардың  жазған  шығармаларын 
оқимын.
Қандай синоним сөздерді пайдаланғанын сұраймын.
V. Сабақты қорытындылау.
              Не білем?                                    Не білдім?
                                Не білгім келеді?
VI. үйге тапсырма беріледі. VII. Бағалау.

74
Ақөнер СӘУЛЕБАЙҚЫЗЫ,
Орал қаласындағы
№24 жалпы орта білім
беретін мектептің мұғалімі.
СӨЗГЕ БАЙ ҚАРАПАЙЫМ ҚАНЫШ
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  Қаныш  Сәтбаевтың 
мінезінің  қарапайымдылығын  мәтін  арқылы  білу  және 
тереңірек  танысу,  оқушылардың  сөз  байлығын  молайту, 
ауызекі  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыруды  жалғастыру, 
ҰБТ-ға  дайындау,  жеке  тұлғаның  танымдық  белсенділігін 
арттыру;  дамытушылық  –  оқушылардың  тіл  байлығын, 
есте  сақтау,  ойлау  қабілеттерін  дамыту;  тәрбиелік  –  ұлы 
тұлғаның өмірі – үлгі-өнеге.
Көрнекілігі:  интерактивті  тақта,  кеспе  қағаздар, 
«Айгөлек» жұрналы. Әдісі: жеке және топтық. 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. үй тапсырмасын тексеру.                                                                                        
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім  сөзі:  -  Біз  Қаныш  Сәтбаевтың  кім  екенін 
білеміз, енді осы дәрежеге қалай жетті, қандай адамгершілік 
қасиеттері  бар,  өмірде  қандай  адам  болғандығы  туралы 
«Қарапайым адам еді» деген мәтіннен оқып білеміз. Бүгінгі 
біздің  сабағымыздың  тақырыбы:  «Сөзге  бай  қарапайым 
Қаныш». Біз мәтінмен жұмыстанамыз. Мәтінді оқи отырып 
пікірлесеміз, сұрақтарға жауап береміз, әр түрлі тапсырмалар 
орындаймыз. 
Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздер:
Сыпайыгершілік – вежливость;
Қарапайым – скромный;

75
Жылы шырай – тепло;
Лауазым – титул;
Сарп ету, арнау – посвятить себя.
Жаңа  сөздермен  таныстыру  үшін  (интерактивті  тақта) 
алдын  ала  дайындап  қойған  сөздерді  біртіндеп  көрсету 
әдісін  пайдалану.    Жаңа  сөздермен  сөз  тіркестерін    және 
сөйлем құрастыру. Сөз-сөз тіркесі-сөйлем.                                                          
2-тапсырма.  Берілген  сөз  тіркестерін  мәтіннен  тауып, 
аудару.
Мәтінмен  жұмыс.  Мұғалім  мәтінді  мәнерлеп  оқи 
отырып, оқушылармен пікірлеседі.                                                                                                                            
Қаныш  аға  –  өз  бойындағы  барлық  күшін,  жігерін, 
табиғаттың  ерекше  берген  ақылын  адам  үшін  жұмсап 
кеткен  адам.  (Адам  үшін  жұмсағанын  қайдан  білеміз?) 
Оқушылар ғалымның еңбектері туралы айтады.                                                                                                     
Үлкен ағамыз жұрттың бәріне бірдей қарайтын.  (Осы 
сөйлемнің мағынасын қалай түсініп отырсыңдар?)                                                                                        
Алдына  көмек  сұрап  барған  адамның  бәрін  жылы 
шыраймен  қабылдап,  қолынан  келген  жәрдемін  беретін. 
(Егер сіздерден көмек сұраса, сіздер не істер едіңіздер?)
Қарағым, қандай лауазымға ие болсаң да, үш қасиеттен 
жаңылмағайсың:  еңбексүйгіштіктен, сыпайыгершіліктен, 
адамгершіліктен  (қалай  ойлайсыңдар,  неге  үш  қасиетті 
алып отыр?)
...ол мәңгі жасамақ.... (Қалай мәңгі жасамақ?)
«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт. Ел бірлігін 
сақтаған татулықты айт» деген  Жамбыл атамыздың қанатты 
сөзін  ғалым  ісіне  сәйкес  келтіруге  бола  ма?  (Англияның 
үкімет басшысы Уинстон Черчильмен кездесуі және т.б.)
Тапсырма: мәтіннің мазмұнын өз сөздеріңмен айтыңдар.
ІV.Сабақты бекіту. Деңгейлік тапсырма.
ІІІ деңгей. 
1. Етістік  шақтары дегеніміз не? Мысал келтір.

76
2. №3 Сұраққа жауап бер. Қаныш аға қандай қасиеттерден 
жаңылма, есіңнен шығарма, еш уақытта ұмытпа дейді?
- Еңбексүйгіштік, сыпайыгершілік, адамгершілік.
 
3.  Интерактивті  тақтада  қаламды  қолданып  жаттығу 
жұмысын орындау.
1.Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.
Қандай  ортада  жүрсең  де  қандай  лауазымға  ие  болсаң 
да,  үш  ___________  жаңылма:  еңбексүйгіштіктен, 
сыпайыгершіліктен, _______________,- деп айтқаны бар еді.
Мен  ____________  жастарға  сол  ______________осы 
сөздерін қайталап айтар едім.
Керекті  сөздер:  бүгінгі,  қасиеттен,  адамгершіліктен, 
кісінің.
ІІ деңгей. 
1. Өткен шақ етістіктің жасалу жолдарын түсіндір.                                                      
2.  Дұрыс  жауабын  көрсету  үшін  сүртіп,  өшіру  (дұрыс 
жауабын  жасырып  жазып  қою  керек).  «Қаныш  аға  қандай 
адам?» деген сұраққа жауап жазу.                  
3. Сөйлемді аяқтау: 1. Қаныш Сәтбаев ...  .       
2. Қаныш аға ...  3. Мен ... .
І деңгей.
1.  Мәтіннен  өткен  шақ  тұлғасында  тұрған  етістіктерді 
тауып жаз.                   
2. Тірек-сызба арқылы шеңбердің ішіне керекті сөздерді 
жылжыту арқылы негізгі ойға назар аудар.
V. Қорытынды:  
VІ. Бағалау.                                                                                                                   
VІІ. үй  тапсырмасы: 113-бет. 5,7-тапсырма.
   
   
 

77
Раушан ҚАЙДАРҚЫЗЫ,
Қостанай облысының
Қамысты ауданындағы
№1 орта мектептің мұғалімі.
ЕТІСТІКТІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Сабақтың  мақсаты:  білімдігі  –  оқушылардың 
етістіктерден алған білімін жинақтау; сөздік қорын байыту; 
дағдыларын  қалыптастыру;  Қазақстан  мемлекеті  туралы 
мәліметтер  беру;  дамытушылық  –  ой-өрісін,  танымдық 
қабілетін,  қазақша,  орысша  ауызекі  сөйлеу  дағдысын 
дамыту;  тәрбиелік  –  Отанына  деген  сүйспеншілік  сезімін 
ояту.
Көрнекіліктер:  Қазақстан  картасы,  сөзжұмбақ,  мақал-
мәтелдер,  компьютер,  интерактивтік  тақта.  Пәнаралық 
байланыс:  Қазақстан  тарихы,  қазақ  әдебиеті,  география. 
Түрі:  дәстүрлі  сабақ.  Әдісі:  түсіндіру,  оқу,  аудару,  блиц-
турнир, ассоциация жазу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Кезекшімен диалог. Топпен диалог.
II. үй жұмысын тексеру:
1. Сөздік қорын тексеру.
2. Негізгі, туынды етістікті қайталап сұрау.
III. Жаңа сабақ. Эпиграф:
Өзіңдікі Елің де,
Өзіңдікі Жерің де.
Өзіңді өзің еткен Бақ-
Тәуелсіздік төріңде! .....    (Иран-Ғайып)
Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

78
IV. Жаңа сөздерді меңгерту.
Қор – фонд , запас;        Қабылдау – принять;
Мерей – репутация;       Сайлау – избирать;
Мұнай – нефть;             Ынтымақ – солидарность.
V. Мәтінмен жұмыс. «Тәуелсіз Қазақстан».
1. Мәтінді бөліп, мәнерлеп оқимыз.
2. Аударамыз.
3. Сұрақтарға жауап береміз:
А) Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?
Ә) Тәуелсіздік халыққа не берді?
Б) Тәуелсіздіктің қандай белгілерін білесіңдер?
В)  «Жұз  сомың  болғанша,  жүз  досың  болсын»  деген 
мақалды қалай түсінесіңдер?
VI. «Тәуелсіз Қазақстан» туралы жаңа мәліметтер беру: 
(слайд бойынша)
Тәуелсіз 
    Елбасы           Рәміздер 
Ата заң
16.12.1991 ж. 01.12.1991 ж. 04.06.1992 ж.   30.08.1995 ж.
Құрылған                                                              1993-98
жылы                                                                     жылға       
                Теміржол       1961            1961-92       дейін 
          бекетінің атауы   жылға         жылға        Ақмола
                 Астана           дейін           дейін          қаласы
             станциясы       Ақмола      Целиноград    
                                      қаласы 
қаласы         
 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН 
 
Астана 

79
VII. Жазбаша жұмыс (қиықша).
1.  Мәтіннен  етістіктің  болымды,  болымсыз  түрін 
табыңдар.
2. Мәтіннен болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы 
жасалып тұрғанын көрсет.
3. Мына сөздермен сөйлем құрыңдар:
Бұл, Отанымыз, бар, бір, дүниеде, ғана, біздің.
VIII. Мақал-мәтелдер:
1. Отанды сүю отбасынан басталады.
2. Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы.
IX. Блиц-турнир.
1. Отан деген не?
2. Сендер қай елде тұрасыңдар?
3. Сенің Отаның қалай аталады?
4. Сен Қазақстан картасын білесің бе?
X. Ассоциация. «Тәуелсіз Қазақстан». Кластер.
Президент                                  Астана
Сары 
                                 Киелі
Мемлекет                                   Шаңырақ
Көк                                               Егеменді
Шаңырақ                                   Ту, елтаңба
Қазбалар                                   Пырақ
Бай                                                Жұлдыз
Сәуле 
                                 Дамыған
XI. үйге: сөздерді жаттау, 1-тапсырма.
 
   
   
 

80
                                                                           Күлсін ҚАРАБАЛИЕВА,                                                                                                           
Орал қаласындағы
№39 жалпы орта 
мектебінің мұғалімі.
ЕСІМШЕДЕ – КүЙШІ ДИНА
Сабақтың  мақсаты: білімділік –   өнер адамдары туралы 
оқушылардың  білімдерін  кеңейту,  Дина  Нұрпейісованың 
өмірі  мен    шығармалары  туралы  мәлімет  беру,  есімшенің  
жасалу  жолдары  көлемінде  білім  дағдыларын  арттыру; 
дамытушылық  –  ауызекі  сөйлеу  дағдысын  жетілдіру, 
оқушылардың    дүниетанымын  кеңейту,  шығармашылық  
қабілеттерін дамыту; тәрбиелік – қазақ халқының  тарихын, 
музыка  жанрын,  күйші-сазгерлер,  олардың  шығармаларын 
білуге, құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Түрі:  дәстүрлі-танымдық.  Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап, 
баяндау,  мәтінмен  жұмыс,  топтық  жұмыс  жасай  отырып, 
тақырып мазмұнын ашу. Көрнекілігі: интерактивтік тақта, 
слайдтар. Пәнаралық байланыс: музыка, орыс тілі.
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру  кезеңі.
2. үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақтың мақсатын айту: Дина Нұрпейісова. 
Есімшені қайталау.  
- Дина туралы не білесіңдер?
-  Керемет  күйлерді  дүниеге  әкелген  дана  күйші  туралы 
білімімізді  тереңдете  түсу  мақсатында  мәтінге  назар 
аударайық. 
4. Мәтінмен жұмыс.
А) Сөздік жұмысы
қақпай еркін өсірген – воспитывал свободно;
зеректік – способность;

81
шаруа отбасында – в бедной семье;
қарапайым – простой;
ұсыну – вручить.
Сөздерді хормен оқытқызу, синоним, антонимдерін табу. 
Ә) Мәтінді оқу. 
Б)  Топтық    жұмыс:  үш    топтағы  оқушылар 
тапсырмаларды орындайды.  Динаның  күйлері орындалады. 
Уақыт белгіленеді.
     
1
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
«Әкесінің аты Кенже болған», морфологиялық талдау жасау.
2
Тірек-сызба құрастыру, әңгімелеу.
 «Өнер» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
3
Мәтінге жоспар құрастыру.   
Сөйлем мүшелеріне талда: Тоғыз жасында Құрманғазымен 
танысады. 
- Сонымен, балалар, Дина апамыз қандай күйші болған? 
(асқан шебер күйші, домбырашы болған).
- Күйлеріне кішкене тоқталайық. «Бұлбұл» деген  күйін 
тыңдайық. Көз алдыңа не елестейді? 
Ұлы  Отан  соғысы  басталғанда,    Дина  ұлы  майданға 
аттанар алдында «Ана бұйрығы» деген күй шығарады.
-  «Жеңіс»  деген  күйді  қашан  шығарды,  қалай 
ойлайсыңдар?
-  Әр  күйде  бір  тарих  бар.  Қазақ  халқының  ақындары 
мен  композиторлары  халықтың  қайғысы  мен  қуанышы, 
дала  басына  түскен  ауыр  жағдайы  туралы  көптеген 
шығармаларды  дүниеге  әкелген.  Дина  апамыз  Құрманғазы 
ұстазының домбырасын «киелі дүниедей сақтап», өмірінің 
соңғы күніне дейін қолынан тастамаған. 
6. Қорытынды: Тест (6 сұрақ, 6-слайд).
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет