Жүсіп баласағҰНИ


Интерактивті тақтадағы  Шахерезаданың сұрақтары



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата11.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Интерактивті тақтадағы  Шахерезаданың сұрақтары:
1.  Ертегі  дегеніміз  не?  2.  Ертегілерде  не  бейнеленген?                               
3. «Ертегі» деген сөз қалай пайда болған? 4. Ертегілер неше топқа 
бөлінеді?  5.  Әр  топтың  мазмұндық  ерекшелігі  неде?  6.  Келесі 
мультфильм үзіндісі қай ертегіден?
Мұғалім:  -  Шахерезада  сендердің  жауаптарыңа  риза  ма? 
Жауаптарыңды  қалай  бағалайды  екен?  Тыңдап  көрейікші 
(назарларын интерактивті тақтаға аударту).
Шахерезада  сөзі:  -  Жарайсыңдар,  балалар!  «Таңдау»  атты 
гимназияның  5-ші  сынып  оқушылары  өте  білімді,қиялдары  бай, 
тапқыр  балалар  екен!  Қазақ  әдебиеті  пәніне  аттанған  алғашқы 
қадамдарың құтты болсын!
2-сайыс – «Жас сахнагер» сайысы.
А)  «Сұңқарлар»  тобы  «Жыл  басына  таласқан  хайуанаттар» 

54
деген  ертегіні,  «Тұлпарлар»  тобы  «Хан  мен  кедей»  ертегісін 
сахналайды.
Ә)  Сахналаған  ертегілері  бойынша  екі  топ  бір-біріне 
тапсырмалар мен сұрақтар қояды.
«Тұлпарлардың»  тапсырмасы:  1.  Хан  мен  кедейге  мінездеме 
беріңдер. 2. Ертегінің тәрбиелік мәні неде?
«Сұңқарлардың»  тапсырмасы:  1.  Ертегіге  жоспар  құрасты-
рыңдар. 2. Ертегілерде хайуанаттар қандай мінезді болған?
3-сайыс – Топбасшылар сайысы.
Венн  диаграммасын  толтыру.  Екі  топтың  топбасшысы 
интерактивті  тақтаға  шығып,  «қанатты  тұлпар»  әкелген  Венн 
диаграммасын  толтырады.  Осы  кезде  мұғалім  қонақтарға  арнап 
«Адай» күйін орындайды.
Ой толғау4-сайыс. «Біздің өміріміздегі ертегілердің рөлі» 
деген тақырыпқа эссе жазу.
Мұғалімнің  қорытынды  сөзі:  -  Жарайсыңдар,  балалар,  екі 
топтың эссесі де мазмұнды, қызықты болып жазылған. Рас, адам 
өмірінде ертегінің атқаратын рөлі орасан зор.  Әзірше, адамзат өмір 
сүріп тұрған кезде, ол арманға құштар келеді, демек, ол адамды 
рухтандырып, жүрекке үміт ұялататын, жанды жұбатып, рахатқа 
бөлейтін ертегісіз тіршілік ете алмайды.
-Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Қалай ойлайсыңдар, 
сабақтың мақсатына жеттік пе? Расында да, бүгінгі сабақ ерекше 
болып өтті деп ойлаймын. Өйткені, бүгін сендер білімдерің мен 
тапқырлық қасиеттеріңді, өзіндік ой-пікірлеріңді дәйекті, жүйелі 
айта білдіңдер, әртістік қабілеттеріңді көрсете алдыңдар.
Әділқазылар  алқасы  екі  топтың  ұпайларын  санап,    жеңімпаз 
тобын атайды.
Жеңімпаз тобын құттықтау.
Мұғалім: - Ақылды, 5-ші сынып оқушылары, қазақ әдебиеті 
пәніне аттанған алғашқы қадамдарың құтты болсын!
РЕФЛЕКСИЯ. Мұғалім мен оқушылар «Ертегілер әлемі» әнін 
орындайды.

55
                                                                               Барқыт МАҚАНОВА,
                                                                             Астана қаласындағы
                                                   №36 орта мектептің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ТӘН ДЫБЫСТАР  
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕ
(10-сынып)  
Сабақтың  мақсаты:  оқушыларға    коммуникативтік  бағытта 
берілген тапсырмаларды меңгерту,  коммуникативтік  дағдысы мен 
білігін қалыптастыру.
Сабақтың  міндеттері:  білімділік  –  есте    сақтау  қабілетін 
ұлғайту, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс оқуға, жаңа  сөздерді  
меңгеруге,  қысқа    әңгіме  айта    және  жаза  білуге    үйрену; 
дамытушылық – тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі 
сөйлеу  және  сауатты  жазу  қабілеттерін  арттыру;  тәрбиелік: 
ата-анасын,  бауырларын  ардақтауға,  қадірлеуге,  отбасындағы  
сыйластыққа тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі. Типі: аралас. Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сөздік, 
тапсырмалар,  мәтінмен  жұмыс,  өз  ойын  айта  білу.  Көрнекілігі
тақырыпқа    қатысты  суреттер,  слайд,  тапсырмалар    жазылған 
қиықшалар,  кітапшалар,  интерактивті  тақта.  Оқыту  формасы
жеке-дара, жұптық.
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 минут).
1. Сәлемдесу.  
2. Кезекші есебі.
ІІ. үй тапсырмасын  тексеру (10 минут)
ІІІ.  Жаңа  сабақ  (24  минут).  Сабақтың  мақсатын,  барысын 
айту. 
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру: «Қазақ тіліне тән 
дыбыстар – отбасы тәрбиесінде».  
А)  Тілдесім.  Отанды  сүю  отбасынан  басталады.  Тәрбие  – 

56
отбасынан басталады. 
- Балалар, сендер осы  сөздерді қалай түсінесіңдер? 
Ә) Қазақ отбасында кімнің орны ерекше? Кім шаңырақ иесі? 
Қара шаңырақ кімге қалады?
Қазақ отбасында  әр бала неше атасын  біледі? т.б.
Отбасында  «Отан  –  отбасынан,  отбасы  –  ошақ  қасынан 
басталады»  деген екен бабаларымыз. 
Ал, сол ошақтың иесі - әйел, ал, отбасының иесі – сол үйдің ері. 
«Еркек – шаңырақтың иесі әрі асыраушысы» деп айтамыз.
«Қыз ақылды ескермес – ана үлгісін көрмесе,
Ұл жарылқап ас бермес – әке үлгісін көрмесе».      (Қорқыт) 
- Балалар, сендер отбасы, ата-ана туралы  қандай мақал - 
мәтелдерді білесіңдер? 
Мақал-мәтелдерді  қайталау.  Бала    тәрбиесі  –  бесіктен,  
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі, Әке – асқар тау, Ана 
– ағып  жатқан  бұлақ, Бала  – жағасындағы   құрақ.  Отбасы  – 
шағын  мемлекет.  Атаңа  не  қылсаң,  алдыңа    сол  келер.  Отан  – 
отбасынан  басталады. Ананың көңілі – балада, баланың көңілі 
– далада Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер. Әкені 
көріп ұл өсер, Ананы көріп қыз өсер, Баланың ұяты – әкеге, қыздың 
ұяты – шешеге. Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі. «Сіз» 
деген – әдеп,  «Біз» деген – көмек. Кәріге – құрмет, жасқа – ізет. 
Әдепті бала – ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала – ата-анасын 
қақсатар.
Ә) Тыңдалым.
1. Басым сөздермен жұмыс: оқу, сөйлем құрастыру.
Лексика: 
отбасылық 
дәстүрлер, 
ұлттық 
дәстүрлер, 
қалыптастыру,  маңызды  орын,  ерекше  мән  беру,  үй  ұстау, 
дағдыларды  қалыптастыру,  балаға  қамқор  болу,  тырысу,  ұлт 
болашағы,  тәлім-тәрбие, дәстүрге айналу, әулет басшысы, дүние-
ге  келу,  әдептілік,    сыпайылық  таныту,    өнегелі  іс,  отбасының  
ұйытқысы,  береке,  басты  міндет,  отбасы    беріктігін  сақтау,  ерін 
сыйлау, рухани қолдау көрсету, мейірімділік, имандылық, асырап 

57
сақтаушы, қамқоршы.
Б) Оқылым.
1) Мәтін: «Отбасы – тәрбие бастауы».
1. Отбасы – әр адамның  алтын ұясы. Адам   дүниеге келгеннен 
бастап,  осында  ержетіп,  отбасының  тәрбиесін  алады.  Отбасы  
ұрпақтарға  ұлттық дәстүрлерді  қалыптастыруда маңызды орын 
алады.  Ата-ананың    балаға  деген    тәрбиесінің    орнын  еш  нәрсе 
толтыра  алмайды.  Қазақ  отбасында    өз  баласын  мейірімділікке, 
имандылыққа баулып өсірген.      
2.  Тәрбие  басы  әдептілік  деп  білген  ата-ана  әуелі  баласына 
өздерін    сыйлап    құрметтеуді,    содан  соң  өзгелерге,  әсіресе, 
үлкендерге  сыпайылық  танытуды  үйреткен.  Ең  негізгісі,  қазақ 
отбасында баланы  сөзбен емес,  көбінесе, өзінің өнегелі істерімен   
тәрбиелеген. Қазақ отбасында  ұл баланы,  қыз баланы тәрбиелеуге 
ерекше мән беріледі.    
Отбасында ұл балаға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретеді. 
Қыз балада  тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын  қалыптастырады.
3.  Әке мен шеше – отбасы  мектебінің  ұстаздары. Әке – әулет 
басшысы,    отбасы    мүшелерінің    тірегі,  асырап  сақтаушысы,  
қамқоршысы.  Ана  –  отбасының  ұйытқысы,  берекесі.    Қазақ 
әйелдері  үшін    басты  міндет  –  отбасы    беріктігін  сақтау,    бала 
тәрбиелеу,    ерлерін    барынша    сыйлау,    рухани    қолдау  көрсету  
болып табылады.
2) Топтық жұмыс. Оқушыларға  мәтін таратылады. 
Әр топ (І, ІІ, ІІІ) өзіне берілген азат жолмен (абзацпен) жұмыс 
істейді. Әр топ берілген тапсырмаларды  орындайды.
І топ:1) мәтінді сөздіктің көмегімен түсініп оқу;
2) мәтіннің мазмұнына  байланысты үш сұрақ дәптерге жазу;
3) «Отбасы»   деген сөзді дәптерге жазып септе.  
ІІ топ:1) мәтінді сөздіктің көмегімен түсініп оқу;
2) мәтіннің мазмұнына  байланысты  диалог құрастыру.
3) «Өздері» деген сөзді дәптерге жазып септе.
ІІІ топ: 1) мәтінді сөздіктің көмегімен түсініп оқу;

58
2) мәтінді  мазмұндау.  
3) «Ұстаздар» деген сөзді дәптерге жазып септе.  
3) Оқушылардың жұмыстарын  тексеру.
4)  Мәтін  бойынша    сөйлемдердің    дұрыс-бұрыстығын 
тексер.
   Сөйлемдер
дұрыс бұрыс
1. Отбасы – әр адамның  алтын ұясы.
2. Қазақ отбасында  өз баласын мейірімділікке
имандылыққа баулып өсірмеген.
3. Қазақ отбасында  ұл баланы,  қыз баланы 
тәрбиелеуге ерекше    мән берілмейді.
4. Қыз балада  тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын  
қалыптастырады. 
5. Әке мен шеше – отбасы мектебінің  ұстаздары 
емес.
6. Тәрбие – отбасынан басталады.
7. Адам отбасының тәрбиесін алады.
8. Әке – әулет басшысы емес.
9. Ана – отбасының ұйытқысы.
10. Отбасында ұл балаға үйдің күрделі, ірі 
жұмыстарын үйретпеген.
5) Айтылым. «Ой қозғау».
Қос  сөздер  деген  не?  Бүгінгі  тақырыпқа  байланысты  қандай 
қос  сөздер сендерге кездесті? (ата-ана, әке-шеше, үрім-бұтақ,  ата-
баба, аты-жөні, салт-дәстүр, ата-тегі, әдет-ғұрпы, ар-ұят, ұрпақтан-
ұрпаққа)  
IV. Сабақты бекіту, қорытындылау. (5 минут
Топтастыру. Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер? 
Отбасы  бақытының жеті кілті: түсіністік, достық, кешірім, 
сыйластық, сенім, көңіл аудару, шыдамдылық. 
Сөйлемдердің  дұрыс-бұрыстығын тексер:
 Сөйлемдер
 дұрыс
 бұрыс
1. Бақытты отбасының тірегі - түсінісуде.
2. Бақытты болудың бір кілті – сыйластықта емес.
3. Отбасыңды ойлама.
4. Балама қолдан  келген жақсылықты 
жасамаймын.
5. Балаларыма үлгі болуға  тырыспаймын.
6.Түсіністікке ері де, әйелі де тырысу керек.

59
Мұғалім сөзі: - Үлкендердің әр сөзіне зер сала, астарына үңіле 
қарай білу керек. Әсіресе, үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарың-
ның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін саналарыңа 
ұстаңдар.  Өздеріңнің  бүгінгі  сабақтан  алғандарыңды  үйдегі 
кішкентай бауырларыңа айтып отырыңдар. Бүгінгі  сабағымызды  
ұлы  бабаларымыздың  бізге  қалдырған  мына  өсиет  сөздерімен 
аяқтай отырып, осы сөздерді әр кез есімізде ұстайық демекпін.
Сабақтың соңында әр балаға  «Бойжетер қыз», «Ержетер ұл» 
ережелері      таратылады.
V. Бағалау  (2 минут).
VI.  үйге  тапсырма  (2  минут):  1.  «Отбасылық    дәстүрлер»  
тақырыбына    диалог  дайындау;  2.  Басым    сөздерді      жаттау;                     
3.  «Бойжетер  қыз»,  «Ержетер  ұл»  ережелерінің  ұнағандарын 
жаттау.
   
   
 
Әлия ПЕРНЕБЕКҚЫЗЫ,
№252 Г.Н.Ковтунов атындағы 
орта мектебінің мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Шиелі кенті.
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ МЕН      
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  ұлттық  ойындармен 
таныстыру, көрсету, ұлттық сөзінің ерекшелігін көрсету, баяндау, 
аударма  жұмысын  орындау;  дамытушылық  –  ауызекі  сөйлеуге 
дағдыландыру,  сын  тұрғысынан  ойлау  стратегиясы  бойынша 
ой  дамыту;  тәрбиелік  –  адамгершілікке,  ұлттық  сыйластыққа, 
Отанымызға сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.

60
Пәнаралық  байланыс:  орыс  тілі.  Көрнекілігі: 
интерактивтік тақта.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен тақырыптарды қайталау.
3. Жаңа сабақ: Қазақтың ұлттық ойындары.
1-тапсырма. Тірек-сызба (ассоциация)
2-тапсырма. «Ұлттық ойындар» мәтінін мәнерлеп оқып, 
орыс тіліне аудар.
Қазақ  халқының  тұрмысы,  салт-дәстүрі,  ойындары, 
көбінесе, төрт түлік малға байланысты болды. Олар ойынға 
мал сүйегін, қой құмалағын пайдаланды. Мысалы, мынадай 
ұлттық  ойын  түрлері  бар:  «Асық»,  «Ақсүйек»,  «Тобық», 
«Ханталапай», «Тоғызқұмалақ».
Мақалды аяқтаңдар:
1. Отанды сүю – ... ... ...
2. Ел елдің бәрі – жақсы, ... ... ...
3. Туған жердің қадірін, ... ... ...
Сөздерді жіктеңдер: тастау, үйіру, түсу, ойна.
3-тапсырма. «Сұрақ-жауап».
«Сөйлемді тап» ойыны.
Әр  ты  тық  қа  не  ныш  шан  бей  лік  же  де  біт  ші  рі  
бол  міз  сын  жә
үйге  тапсырма:  қазақтың  ұлттық  ойындарына  диалог 
(сөйлесу) құрастыру.
 
Ұлттық  

61
Алтынгүл ӘЛЕНҚЫЗЫ,
 В.Маяковский атындағы
 орта мектептің мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы,
Қалбатау ауылы.
БАСТАУЫШ  ПЕН  БӘЙТЕРЕК
Сабақтың  мақсаты:  1.  Модуль  бойынша  алған  білімдерін 
топтау,  жинақтау;  2.  Қазақша  сөйлеу  дағдыларын  арттыру, 
логикалық  ойлау  мен  сөздік  қорын  дамыту,  сөз  тіркесін  және 
сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру; 3. Туған елін, жерін сүюге, 
патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін сүюге, қорғауға баулу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: мәнерлеп оқу, аудару, ауызша сөйлеу, 
сұрақ-жауап, тестік бақылау, шығармашылық жұмыс, қорытынды, 
жинақтау, бекіту. Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, суреттер, 
сызба, қоржын, семантикалық карта,  Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия 
жүрегінде» кітабы, үлестірмелі кәртішкелер, кесте.
Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі.
Ұраны: Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін.
ІІ. үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Слайд:  Еліміздің  ел  ордасы  –  Астана  қаласындағы  әдемі 
сәулетті құрылыстарды көрсету.
Бәйтеректің суретімен танысу 87, 107-бет
Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразияның жүрегінде» атты кітабындағы 
Елбасының сөзінен үзінді оқу (129-130-бет).
«Бәйтерек» мәтінімен танысу, оқушыларға оқыту.
Сөздікпен  жұмыс:  Екі  тілде  берілген  жаңа  сөздерді  кезек-
кезек оқушыларға оқыту.
Мақтаныш – гордость;        Кешен – комплекс;
Келісім – согласие;                 Пішін, түр – форма;
Кеңдік – простор.

62
Төмендегі  сұрақтар  арқылы  ауызша  тіл  дамыту  жұмыстарын 
жүргізу:
1. Қай қала қазақстандықтардың мақтанышына айналып отыр?
2. «Бәйтерек» кешені ненің символы?
3. «Бәйтеректің» пішіні қандай идеяны білдіреді?
4.  Н.Ә.Назарбаев  қай  кітабында  «Бәйтерек»  кешені  туралы 
жазады?
5. Бәйтерек бұтағына самұрық құс не салады екен?
6. Айдаһар не істейді екен?
7. Самұрық құстың жұмыртқасын кім аман алып қалады?
8. Разы болған құс не істейді?
9. Киелі ағаш туралы аңыз ненің көрінісі?
Семантикалық картамен жұмыс: Интерактивті тақтада берілген 
семантикалық карта арқылы дара, күрделі бастауышты тапқызу.

Сөйлемдер 
Дара 
бастауыш
Күрделі 
бастауыш
1
Астана қаласы қазақстандықтардың 
мақтанышына айналып отыр.
2
«Бәйтерек» кешені – тәуелсіздіктің 
символы.
3
Ол – еліміздің бейбітшілік пен келісімнің 
белгісі.
4
«Бәйтерек» пішіні ұлы даланың кеңдігін 
білдіреді.
5
Көк теңіз жағалауында алып бәйтерек 
өседі екен.
6
Самұрық құс алтын жұмыртқа салады 
екен.
7
Бірақ жыл сайын айдаһар сол алтын 
жұмыртқаны жеп қояды екен.
8
Ер Төстік алтын жұмыртқаны аман алып 
қалады.
Сергіту сәті: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».
                                                                             Н.Ә.Назарбаев.

63
«Ана  тілім  –  ардағым»  атты  поэзия  минутына  кезек  бере 
отырып, тіл туралы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыту.
«Армысың,  арайлы  Шығысым»  атты  айдармен  аймақтық 
компонентті  қолдану  аясында  интерактивті  тақтадан  Өскемен 
қаласындағы «Бәйтеректің» макетін көрсету, таныстыру.
Интерактивті  тақтаны  пайдалану  арқылы  «Гүлің  болып 
егілемін,  Туған  жерім  –  Қазақстаным»  атты  айдармен  төмендегі 
хронологиялық картаны толтыру:
1
1991 жыл 16 желтоқсан Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
2
1995 жыл 30 тамыз
Жаңа Конституция қабылданды.
3
1989 жыл 22 қыркүйек
Қазақ тілі мемлекеттік статусын алды.
4
1992 жыл 4 маусым
Қазақстан Республикасының 
Рәміздері қабылданды.
5
1997 жыл 6 шілде
Астана қаласы Қазақстанның астана-
сы болып жарияланды.
6
97  метр биіктігі
«Бәйтерек кешенінің» биіктігі.
7
130-ға жуық
Қазақстанда 130-ға жуық ұлт тұрады.
8
Үш тұғырлы тіл
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілін 
меңгеру керек.
Бекіту.
Жақтайық біз қашанда әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?- дей отыра, оқушылардың 
жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау, «Бәйтерек» мәтінін, 
бастауыштан өткен білімдерін бекіту.
Интерактивті  тақтаны  пайдалана  отырып,  «Сен  білесің  бе?» 
атты танымдық ойынын жүргізу.
10
20
15
15
10
20
20
15
10
Сұрақтары:
10. Бәйтерек кешенінің биіктігі қанша метр?
15. Әнұранның авторлары кімдер?
20. Қазақ тілі мемлекеттік статусын қашан алды?

64
10. Отан туралы қандай мақал-мәтел білесің?
15. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
20. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
10. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
15.  «Астана-Бәйтерек»  кешенін  жобалаған  топтың  жетекшісі 
кім?
20. Қазақтың үш биін ата, үш биге арналған ескерткіш Астана 
қаласының қай көшесінде орналасқан?
Бағалау.  Қорытынды. үй тапсырмасын беру.
   
   
 
Салтанат БЕКТАСҚЫЗЫ,
М.Ломоносов атындағы
мектеп-гимназиясының мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы, 
Түлкібас ауданы,
Т.Рысқұлов ауылы
БІРІККЕН СӨЗ – БАҒДАТҚА ЖОЛ
(6-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың  алған 
білімдерін  пысықтау,  жаңа  тақырыпты  түсіндіру,  біріккен  сөз 
туралы түсіндіріп, білімдерін толықтыру; дамытушылық – мәтін 
арқылы  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру, 
ойлау  қабілеттерін  дамыту,  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру,  түрлі 
әдіс-тәсілдер  арқылы  оқушылардың  тіл  байлығын,  қазақ  тілінде 
еркін  сөйлеу  шеберліктерін  дамыту;  тәрбиелік  –  оқушыларды 
адамгершілікке,  сыпайылыққа,  еңбекке  баулу,  елін,  жерін,  тілін 
құрметтеуге,  халқына  деген  сүйіспеншілігін  арттыра  отырып, 
патриот адамды тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тест сұрақтары, жаттығу жұмыстары, слайдтар. 
Техникалық  жабдықтар:  интерактивті  тақта,  электронды 

65
оқулық,  компьютер.  Түрі:  аралас  сабақ.  Әдісі:  түсіндіру,  сұрақ-
жауап, іздену, зерттеу.
Сабақ  барысы:  І.  Ұйымдастыру  кезеңі.  Оқушылармен 
сәлемдесіп, қатысу сапасын тексеріп, көңілдерін сабаққа аудару.
ІІ. үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады.
Интерактивті тақтадан әл Фарабидің портреті, ғылым туралы 
ақпаратты тыңдаймыз.
1.  Жаңа  сабақты  түсіндіру.  Әбу  Насыр  әл  Фараби  –  ғұлама 
ғалым, данышпан ойшыл, аса білімі тарихи тұлға туралы мәтінді 
оқып, талдаймыз. Әбу Насыр әл Фараби білім жолын жалғастыру 
үшін бозбала шағында туған жерімен қоштасып, Бағдатқа қарай 
сапар шекті, бұл уақыт тарихта «Алтын ғасыр» аталған. Бұл дәуір 
білім, ғылымның гүлденген шағы. 
2.  Сөздікпен  жұмыс.  Жаңа  сөздер  слайдтан  көрсетіледі. 
Танысып, оқып шығу, сөйлем құрастыру:
Ұлық – правительство;              Керуен – караван;
Мархабат – пожалуйста;           Баспасөз – печать;
Атамекен – родная земля;         Әркім – каждый.
3. Венн диаграмасы.
 
Әл Фараби                    
(870-950)  
Математик                
Ғалым               
Зерттеуші               
Әнші                  
Ойшыл                                 
Ірі тұлға                   
Философ        
Лингвист 
Абай Құнанбайұлы 
(1845-1904)       
Ақын                     
Философ  
Композитор 
Аудармашы                               
Ірі тұлға                
Әнші                 
Ойшыл Қоғам 
қайраткері 

66
- Балалар, мәтінде қандай біріккен сөздер бар? Оқушылар мәтін 
бойынша  біріккен  сөздерді  атап  шығады.  Төмендегі  сұрақтар 
бойынша келесі жаңа тақырыпқа көшемін.
1. Қазақ тілінде сөздер нешеге бөлінеді?
2. Дара сөз дегеніміз не?
3. Күрделі сөз дегеніміз не?
4. Күрделі сөз неше түрге бөлінеді?
4. Интерактивті тақтадан тірек-сызбалар көрсетіледі.
Сөздер
                   Дара сөздер                   Күрделі сөздер
 
Негізгі 
әке, 
ата
Туынды 
жолдас 
аялдама
Біріккен 
сөздер
Бәйтерек,
Түлкібас
итмұрын
Күрделі 
сөздер
Ата-ана
Жүзбе-
жүз
Қысқарған 
сөздер
ҚарМУ
БҰҰ
Тіркес 
сөздер
Жүз бес
Сөз 
таптары
Біріккен сөз дегеніміз екі я одан да көп түбірден бірігіп, тұтас 
бір ұғымды білдіреді. Біріккен сөз мағынасына қарай екіге бөлінеді.
5.                Біріккен сөздер.
              
Біріккен сөздер 
Кіріккен сөздер
Жезқазған    
жаздыгүні (жазды+күні)
Асқабақ 
 
түрегелді  (тұра+келді)
6. Біріккен сөздерге мынадай атаулар жатады:
1. Аң, құс, өсімдік атаулар: итмұрын, түйеқұс, жолбарыс.                                                                                                          
2. Географиялық атаулар:  Сарысу, Көкшетау, Қызылорда .                                                                                  
3. Кісі аттары: Бейсенбай, Орынбасар, Майгүл, Ербол.                                                                                 
4. Дене мүшелері: анатомиялық атаулар: асқазан, тоқішек, ұл-
табар.                                                         
5. Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел.
6. Ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек.                                                                                                              
7. Ән-күй, өлең атаулары: Саржайлау, сегізаяқ
8.  Қоғамдық  өмірге  байланысты  әр  түрлі  сөздер:  баспасөз, 
 
 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет