Жүсіп баласағҰНИ


Қазақ тілінде шыққан алғаш газет?



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата11.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3. Қазақ тілінде шыққан алғаш газет?
А) «Қазақ тілі»;           Б) «Ана тілі»;      В) «Қазақ әдебиеті»;
Ә) «Жас Алаш»;          Г) «Түркістан уәлаяты».
4. «Қазақ» газетінің бас редакторы кім болған?
А) А.Байтұрсынов;      Б) Б.Майлин;         В) Ж.Аймауытов;
Ә) Ы.Алтынсарин;       Г) С.Сейфуллин.
5. Жарнаманың қарапайым түрі қандай?
А) буклеттер;          Ә) теледидар;      Б) суреттер;  
В) баспа өнімдері;  Г) кітаптар.
VII. Сабақты қорыту.
VIII. Оқушылардың білімін бағалау.
IX.  үйге  тапсырма.  Газет,  жұрналдардан  мысал  алып, 
кестені толтыру.
Көше 
жарнамасы
Сату орнындағы
жарнама
Баспалық 
жарнама
Теле-
жарнама
Көлік жүйесіндегі 
жарнама
Бұл  сабақта  оқушылар    деңгейлік  тапсырмалар  арқылы 
сабақтың мақсатына жете білді. Лексикалық тест сұрақтары 
арқылы өткен тақырыптарды да қайталап өтті.

40
Махаббат МАНАТҚЫЗЫ,
Ақмола облысының
Астрахан ауданындағы 
№4 «Жалтыр» орта мектебінің мұғалімі.
СӨЗДІК ҚОРЫ МОЛ ҰЛЫЛАР ЕЛІ
Сабақтың  мақсаты:  а)  оқушылардың  дүниетанымдық 
көзқарасын  қалыптастыру,  сөйлем    мүшелеріне  қарай  талдау 
жасатып,  білімдерін  тереңдету;  ә)  сөйлем  құрау  біліктіліктерін 
арттыру,  сөздік  қорларын  молайту,  өз  ойларын  тұжырымдай 
білуге баулу; б) қазақ халқының кемеңгер ақындарын мақтан етуге 
тәрбиелеу, білімге, өнерге шақыру.
Түрі:  ашық  сабақ.  Әдіс-тәсілдері:  баяндау,  әңгімелеу, 
сұрақ-жауап,  түсіндіру.  Көрнекілігі:    Абай,  Шәкәрім,  Мұхтар 
портреттері,  Семей  қаласының  суреті,  О.Сүлейменовтің  сөзі. 
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сұхбаттасу. Сабақтың 
мақсатын хабарлау.
Ой  шақыру.  Оқушылар  бір-біріне  жақсы,  жылы  тілектер 
айтады:  Саша,  мен  саған  жақсылық  тілеймін.  Коля,  мен  саған 
бүгінгі сабақта 5 алуға тілектеспін.
II. Жаңа сабақ:
1. Мұғалім сөзі: - Семей – қала...
                               Көрмеген де қызығар,
                               Ол қалада шәкірт Абай ізі бар.
                               Жатқа оқысаң ұлы ақынның жырларын,
                               Бойың түгіл, тоңған ойың қызынар.
                               Семей – қала...
                               Мұнда ойнайды отты қан,
                               Алаңында бала Мұхтар доп қуған.
                               Ескерткіш боп ойға шомған,
                               Келешекті елестетіп Көк тудан!
                                                                              (М.Әлімбаев).

41
2. Оқушы сөзі: - Семей қаласы 1782 жылы қаланған. Семей 
Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы 
ірі  қала  болып  табылады.  Ол  Ертіс  өзенінің  екі  жағасына 
орналасқан. Семейде еліміздегі ең үлкен ет комбинаты бар. 
3. Сөздік жұмысы: 
1) жаңа сөздермен таныстыру
қасиетті – священный;              құбылыс – явление;
кемеңгер – гений;                         алып – великий;
даналық – мудрость;                   топырақ – почва.
2) 4.5.2. – сөздерге антоним табу:
алып – аласа, сирек – жиі, атақты – белгісіз, батыр – қорқақ.
3) 4.5.5. – синонимдік қатар жазу:
кемеңгер – дана, данышпан, ақылды.
4. Мәтінмен жұмыс:
    1) түсініп оқып шығу;
    2) аударып, мазмұнын ашу;
5. Қосымша мәлімет:
1)  «Қазақтың  бас  ақыны  –  Абай  Құнанбаев.  Онан  асқан 
бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған 
жоқ»,- деп А.Байтұрсынұлы жоғары баға берген Абай атамыздың 
мұрасы – таусылмас қазына, сарқылмас мұхит, түпсіз тұңғиық.
2)  Абай  салған  жолды  жалғастырушылардың  бірі,  Абайдың 
ізбасары,  оқушысы  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  –  реалистік 
әдебиеттің көрнекті өкілі, ұлы ақын.
3) Мұхтар Омарханұлы Әуезов – есімі әлемге танымал жазу-
шы,  белгілі  қоғам  қайраткері,  академик,  филология  ғылымдары-
ның тұңғыш докторы, профессор.
4)  Семей  спортшылары:  Олимпиадаға  қатысқан  тұңғыш 
қазақ  Ғұсман  Қосанов,  Леонид  Никитенко,  Василий  Ярков, 
Жақсылық  Үшкемпіров,  Дәулет  Тұрлыхановтар  Қазақстан 
даңқын  аспандатты.  Семейліктер  өздерінің  жерлестері  Абай 
Құнанбаев,  Шәкәрім  Құдайбердиев,  Әсет  Найманбаев,  Әміре 
Қашаубаев,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Мағжан  Жұмабаев,  Мұхтар 

42
Әуезов, Сапарғали Бегалин, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаеваны  
заңды түрде мақтан етеді.
6.  Өткенді  қайталау:  1)  сұрақ-жауап  әдісі  арқылы  сөйлем 
мүшелерін еске түсіру.
2)  4.5.6.  –  сөз  тіркестерді  қатыстырып  сөйлем  құрастыру, 
талдау:
«Домино» оқыту ойыны.
Қасиетті 
мекенде
екі дана
кездесуі
сирек 
кездесетін 
құбылыс
бұл
өңірде
өткен 
ғасырда
үш ке-
меңгер
ақын-
жазу-
шысы
бір 
жерде 
дүниеге 
келуі
бұрын
да
атақты
адамдар
қайтыс 
болған
дүниеге 
келген
үш 
алыптың
бұл 
мекенде
тұрған
өмір 
сүрген
III.  Жаңа  сабақты  бекіту:  «Даналық  ағашы»  оқыта-үйрету 
ойыны.
1. Қарағай суретін салу: сөйлемдерді рет-ретімен орналастыру.
     Бұл жерде үш кемеңгер ақын дүниеге келген.
     Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар.
     Қазақтар үшін қасиетті мекеннің бірі – Шыңғыстау.
2. Қарағайды безендіру: сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін 
анықтау.
     Семей – қадірлі жер.
     Бір жерде өмірге келу – жиі кездесетін құбылыс.
     Бұл өңірде атақты адамдар туған.
     Олар: Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева.
     Халық бұл мекенді «Ұлылар елі» дейді.
IV. Қорыту: Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа айту, 68-бет.
V. Бағалау.
VI. үйге тапсырма: өзіңнің туған жеріңде қандай ұлы тұлғалар 
өмір сүрген деген сұраққа жауап беру.

43
Тұрымтай СҰЛТАНҚЫЗЫ,      
                                       Солтүстік Қазақстан облысының                                             
Айыртау ауданындағы
                                      №1 «Саумалкөл» орта 
мектебінің мұғалімі.
                    ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗАҚ                                                                                                                                            
                     ХАЛҚЫНЫң АНА ТІЛІ
Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақ тілі жайлы түсінікте-   
рін кеңейту, алған білімдерін пысықтау, толықтыру; дамытушы-
лық  –  сөйлеу,  ойлау  арқылы  оқушылардың  ой-өрісін  кеңейту, 
өз  ойын  еркін  жеткізе  білуге,  өзгелердің  ойын,  пікірін  тыңдай 
білуге  тәрбиелеу;  тәрбиелік    оқушылар  бойына  адамгершілік 
қасиеттерін,  өз  Отанына,  ана  тіліне  деген  сүйіспеншілік  сезімін 
дамыту, мемлекеттік тілге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Психологиялық  дайындық:  -  Балалар,  сіздер  бір-біріңіздің 
көздеріңізге мұқият қараңыздаршы, олардың түсі қандай?
Адамға көз не үшін керек деп ойлайсыздар?
Сіздердің  көздеріңіз  сондай  әдемі,  сүйіспеншілік  пен 
мейірімділік сезіледі.
Көздеріңіз табиғаттың сұлулығын, көгілдір аспанды, қоршаған 
ортаны көреді.
- Ендеше, балалар, бір-бірлеріңіздің көздеріңізге қарап табыс, 
жақсылық тілеңіздер.
үй тапсырмасын тексеру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ тілі – қазақ халқының 
ана тілі». 
- Балалар, 22 қыркүйек қандай мереке?
Тіл  дегеніміз  –  қай  халықтың  болмасын,  кешегі,  бүгінгі  ғана 
емес, ертеңгі де тағдыры. Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. 
Тіл,  сөз  дегеніміз  –  ата-бабамыздан  келе  жатқан  ел  дәстүрі.  Тіл 
–  адамдар  арасындағы  қасиетті  қатынас  құралы.  Қай  халықтың 
болса да басынан өткендері, қилы кезеңдері  өз ана тілі арқылы 

44
бір-біріне жалғасқан.
Тапсырма:  тор  көзде  берілген  әріптерді  белгілі  бір  жүйемен 
оқысаң, тіл туралы айтылған мақал шығады.
т   а   қ   р   і   д   л   н   т   ы   е   қ   з   а   ж   ы  а   н   қ   о
т   л   а   т   і   н   д   е   р   ы   қ   қ   с   а   е    и  ж  т    қ   о
1-оқушы «Ана тілім – әнім» атты өлеңді оқиды. 
Оқулықтың  14-бетіндегі  2-тапсырманы  орындайық.  Берілген 
мәтінді  оқып,  аудару.  Халқының  сөзіне  фонетикалық  талдау 
жасаймыз.
Хал-қы-ның  3 буын 1- бітеу; 2-ашық; 3-бітеу.
Х- дауыссыз, қатаң;
А- дауысты, езулік, ашық, жуан;
Л- дауыссыз,үнді;
Қ-дауыссыз, қатаң;
Ы-дауысты, езулік, қысаң, жуан;
Н- дауыссыз, үнді;
Ы- дауысты, езулік, қысаң, жуан;
Ң- дауыссыз, үнді.
8 әріп, 8 дыбыс. 
Ел сөзін септеп, тіл сөзін тәуелдеп, оқушы сөзін жіктейміз.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын 
жазыңдар.
1.  Конституция...  «Қазақстанда  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілі» 
делінген.
2.  1989  жылы  22  қыркүйек...  «Қазақстан  Республикасы...  Тіл 
туралы» Заңы қабылданды.
3. Қазақстан Республикасы... «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 
шілде ... екінші рет қабылданды.
4. «Тіл Туралы» Заң... 27 бап қамтылған, ол алты тарау... тұра-
ды.
Берілген  сөздердің  антонимдерін  екінші  бағанадан 
табыңдар.

45
жақын                        қысқа
жоқ                             қара
көп                             бар
құнды                        аз
ақ                               құнсыз
ұзын                          алыс
Мына  сөздерге  синонимдес  сөздер  табыңдар:  көркем, 
жасқану, қоныс, ел сыйлау, парыз, жәрдем.
үйге тапсырма: 3-тапсырма, 16-бет. Диалогты түсініп оқып, 
толықтыру.
Сабақты бағалау, қорытындылау.                                               
 
 
 
 
 
 
   
   
 
Раушан ЖОРАБЕКОВА,
№252 Г.Н.Ковтунов атындағы 
орта мектептің мұғалімі.
Қызылорда облысы, 
Шиелі кенті.
СЕПТІК ЖАЛҒАУЫНЫң    
НӘТИЖЕ САБАҒЫ
Сабақтың    мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың  
білімін  тексеру,  септік  жалғауларын  қаншалықты  дәрежеде  
меңгергендіктерін  байқау; 
дамытушылық –  ауызша,  жазбаша  
жаттығулар жүргізе  отырып, оқушылардың  сауаттылығын,  тілін  
дамыту,  логикалық  ойлау қабілетін  дамыту,  түсінгенін  айта  білу  
дағдыларын    қалыптастыру;  тәрбиелік  –  Отанын  сүюге,  туған 
жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін білдіруге, қазақ халқының  
тарихына тағзым ету, ұлттық рәміздерді құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек схема. Түрі: аралас сабақ. Типі: 
қайталау сабағы. Пәнаралық байланысы: орыс тілі, математика, 
саясат. 

46
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Кезекшімен сөйлесу.
2. үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ: - Бүгінгі  сабағымыздың тақырыбы: Нәтиже сабақ. 
Бұл қорытынды, білім тексеру сабағы. «Қайталау – білім анасы»,- 
дейді.    Сол  сияқты  өткенді  білмей,  еске  түсірмей  алға  жылжу 
жоқ. Олай болса өткен сабақтарда өтілген көмекші есімдерді еске 
түсірейік.
1. Көмекші есімдер дегеніміз не?
Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе 
жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейді.
Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы 
да мүмкін, жасырын түрде де көрінуі мүмкін.
Мысалы: үйдің маңы, үй маңы, өзеннің жағасы, т.б.
    
- Мына көмекші  есімдермен сөйлем құра.
                                                          шатыр бар. 
                                                           
                                                          адамдар жүр. 
                                                          дүкен бар. 
                                                          ағаш өсіп тұр. 
                                                          
                                                          үлкен терек өсіп тұр. 
                                                          көмбе бар.
 
Көмекші есімдер 
үсті 
жаны 
іші 
алды 
асты 
арты 
қасы 
сырты 
 
үйдің 
үстінде 
ішінде 
жанында 
алдында 
артында 
астында 

47
1.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  көмекші  есімді  тауып 
жазыңдар.
Қаланың ... үлкен саябақ  бар.
а) алдында;         ә) үстінде;       б) шетінде.
2. «Сиқырлы гүл» ойынын өткізу 
- Сонымен, қазақ тілінде неше септік бар?
Қазақ халқында қасиетті жеті саны бар, соған сай біз септіктерді 
қайталап жатырмыз.
Септік жалғауының  сұрақтары мен жалғауларын айтайық.
Сөздерді дұрыс аударыңдар: 
Тұрғын           зритель;
Кешен             комплекс;
Ғимарат        житель;
Көрермен        здание.
Көрермен, ғимарат сөздерін септе.
3. Сөйлемді дұрыс құраңдар.
    1              2           3             4          5        6          7              8
Алатау,   әлемге,   әйгілі,   етегінде,  мұз,   бар,   айдыны,  «Медеу»
Алатау етегінде әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны бар.
4. «Ойлан, тап» ойыны. Мына сандарды дұрыс атасаңдар, бір 
жануардың аты шығады. Ең бірінші әріпті жазып отырасыңдар.
септік 
 
күн 
аттары 
 
жеті 
ата 
 
 





40 

 
1000 
60 
80 
60 
 

10 



48
«Медеу»  мұз  айдынының  трибуналары  қанша  мың 
көрерменге арналған?
а) 10;             ә) 12;           б) 11.
5. «Мен Отанның азаматымын» мәтінін мәнерлеп оқу.
Сөздікпен  жұмыс:
остановка – аялдама;
часы – сағат;
судьба – тағдыр;
район – аудан;
гордость – мақтаныш;
устный – ауызша.
Тірек-сызба бойынша «Астана» туралы әңгімелеп беру.
6. Бекіту кезеңі. Суретпен жұмыс.
     үстінде       астында      жанында      қасында
    
                                                                                                 ДОП
А 
С 
Т 
А 
А 
Н 
 
 
Сарыарқа 
Алатау
 
Астана 
тұрғын үйлер 
ескерткіштер 
 

49
«Отан» сөзін септе.                                   +10
0
                             Ж Қ А                         0
0
1) Қ                   2)  )  )   )            3)  -10
0
4)                      5)                      6) 12
00
Сан есімді тап.
7. Оқушыларды бағалау.
8. Қорытындылау.
9.  үйге  тапсырма:  «Астана»  сөзін  септеу,  сан  есімге  мысал 
келтіру.
   
   
 
 
Гүлзар КАМАЛОВА,
Шымкент қаласындағы
№1 саңырау балалар- 
мектеп-интернатының мұғалімі.
ДЫБЫСТАРДЫ ДҰРЫС 
АЙТҚЫЗҒАН – МЕНІң МЕКТЕБІМ
(8-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік    өз  мектебі  жайында  әңгі-
мелей  білу,  керекті  сөздерді  екі  тілде  меңгерту,  сұрақ-жауап 
арқылы сөздік қорды молайту, балалардың білім деңгейін дамыту; 
тәрбиелік – қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу, балалардың қазақ 
тілі  сабағына  деген  құштарлығын  арттыру;  коррекциялық  – 
оқушылардың  дыбыстарды  дұрыс  айтуларын  қадағалау,  үнемі 
түзетіп отыру, есте сақтау қабілетін арттыру.

50
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, математика. 
Түрі:  жүйелеу  сабағы.  Көрнекілігі:  кесте  қағаздар,  суреттер. 
Меңгерілетін сөздер:  менің мектебім, Шымкент қаласы, Қасым 
Аманжолов  көшесі,  үш  қабатты,  екі  жүз  жиырма  төрт  оқушы, 
мектеп басшысы, мектеп мұғалімдері, мектеп кітапханасы, мектеп 
ауласы.
Сабақтың барысы:
I.  Ұйымдастыру  кезеңі:  1.  Диалог  құрастыру.  2.  Сөздік 
жаттығу.
II. Өткен сабақты қайталау.
III. Сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс.
1. Сұрақ-жауап арқылы әңгіме құру.
- Сенің аты-жөнің кім?
- Сен қандай мектепте оқисың?
- Мектептің мекен-жайы қандай?
- Мектеп ғимараты қандай?
- Мектеп ішінде нелер бар?
- Мектеп басшысы кім?
- Мектепте неше оқушы білім алады?
- Мектепте қандай пән мұғалімдері бар?
- Мектеп ауласы қандай?
2. Оқулықпен жұмыс (28-бет, 1-тапсырма).
Берілген  сөздерді  орыс  тіліне  аудару,  сөз  тіркесін  құру,  сөз 
тіркесін пайдаланып сөйлем құрау.
Үлгі:  Мектептің  өмірі,  мектептің  оқушылары,  мектептің 
асханасы, ... .
3. Мақал-мәтелдерді суреттер арқылы толықтыр.
1. Өмір – үлкен ... .                    2. Мектеп - ..., білім - ... .
3. ... – алтын қазына.                 4. Ұстаздан - ... озар.
5. Күш – білімде, білім - ... .     6. ... – ғалым, тілсіз ... .
IV. Пысықтау.
1. Сөзжұмбақты шешіңдер.

51
М
 
 
 
 
 
Ұ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Р
 
 
 
 
А
Ж          
 
А
 
 
 
 
 
 
 
 
Й
 
 
1. Балалар білім алатын орын.
2. Мұғалім сөзінің синонимі.
3. Күнделікті сабақта қолданылатын оқу құралы.
4. География сабағында қолданылатын оқу құралы.
5. Кітап жазатын адамды кім дейміз?
6. Соңғы қоңырау қай айда соғылады?
7. Алғашқы қоңырау қай айда болады?
2. Еріннен оқу диктанты (Сөйлемдерді еріннен оқу арқылы 
қатесіз жазу).
Менің мектебім үлкен. Мектепте екі жүз жиырма төрт оқушы 
оқиды. Мектепте асхана бар.
V. Сабақты қорыту.
- Бүгін біз сабақта қандай тақырыппен жұмыс жасадық?
- Біз «Менің мектебім» тақырыбымен жұмыс жасадық.
- Сабақта не білдік?
- Мектепте 224 оқушы бар екенін білдік.
- Сабақта не істедік?
- Сұрақтарға жауап бердік.
- Мақал-мәтелдерді толықтырдық.
- Сөзжұмбақты шештік.
- Сөйлем құрадық.
VI. үй тапсырмасын беру.
-  Күнделікті  ашып,  үй  тапсырмасын  жазып  алыңдар. 
6-тапсырма, 31-бет. 
- Сөз тіркестерін құраңдар.
VII. Балалардың білім деңгейін бағалау.

52
Диляра ХАСЕНОВА,
Көкшетау қаласындағы
 №5 көппрофилді «Таңдау»
гимназиясының мұғалімі.
ТІЛ ҰСТАРТҚАН                
ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың «Ертегілер» 
тақырыбы бойынша өтілген сабақтарда алған білімдерін тиянақтау,  
шығармашылық  тапсырмалар  арқылы  пысықтап,  бекіту; 
дамытушылық – ой-өрістерін, дүниетанымын, өзіндік ой-пікірін 
жүйелі, дәйекті етіп жеткізу, образды ойлау қабілеттерін дамыту; 
тәрбиелік  –  ертегілер  арқылы  адамгершілік,  интеллектуалдық 
эстетикалық тәрбие беру.
Түрі: дәстүрлі емес, жарыс сабағы. Әдістер«Сын тұрғысынан 
ойлау»  технологиясының    элементтері,  талдау,  салыстыру, 
баяндау мәселе қойып оқыту, іздендіру. Көрнекіліктер: «Шығыс 
сарайы»,  «Жайлау»  атты  декорациялар,  интерактивті  тақтадағы 
«Шахерезада» бейнесюжеті, «Құйыршық» мультфильмінен үзінді, 
домбыра, «Ертегілер әлемі» әнінің музыкасы.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
-  Сәлеметсіздер  ме,  құрметті  қонақтар,  балалар!  Көңіл-
күйлеріңіз қалай? Бүгінгі дәстүрлі емес, ерекше сабағымызға қош 
келдіңіздер! 
Ой қозғау.«Ертегілер әлемі» әнінің музыкасы ойнайды.
- Балалар, естіліп жатқан әдемі әуеннің сазын тыңдай отырып, 
айналадағы  сиқырлы,  бейнелі  заттарға  қарай  отырып,  қалай 
ойлайсыңдар, біз қандай ғажайып әлемге тап болдық?
- Ертегілер әлеміне тап болдық.
- Яғни, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп аталады?
- Ертегілер әлемінде.
Сабақтың  мақсатын  жариялау:  -  Бүгінгі  сабағымыздың 
мақсаты  –  «Ертегілер  әлемі»  тақырыбы  бойынша  өтілген 

53
сабақтарда алған білімдеріңді тиянақтап, бекіту, шығармашылық 
тапсырмалар  арқылы    ой-өрістеріңді,  дүние  таным  мен  образды 
ойлау қабілеттеріңді дамыту.
Сабағымыз  екі  топ  арасында  жарыс  түрінде  өтеді.  Жарыс 
сабағымыз екі топтың атауын жариялау әрі әділқазылар алқасымен 
таныстырудан басталады.
Өткен тақырыпты пысықтау кезеңі.
Жарыс тапсырмаларын орындау.
1-сайыс  – «Шахерезаданың тапсырмалары».
Интерактивті  тақтадағы  көрініс:  айлы  түн  мен  жұлдызды 
аспан фонында ұшқыш кілемде Шахерезада отырады (Шахерезада 
рөлін мұғалім орындайды).
Шахерезада  сөзі:  -  «Ертегі  –  адам  даналығының  ғажайып 
туындысы. Ол адамды асқақ сезімге бөлеп, қуанышқа кенелтеді, 
өз күшіне, болашағына деген сенімін ұштайды.
-  Балалар,  мен  сендерге  ертегілерге  байланысты  сұрақтар 
мен  тапсырмаларды  дайындадым.  Егер  менің  тапсырмаларымды 
орындай алсаңдар, ертегі әлемі бойынша қызықты саяхатқа аттана 
аласыңдар. Сапарларың сәтті болсын!».
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет