Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата11.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мұғалім: - Абай ақын сияқты өлең шығаруға сендер де тал-  
пыныңдар!                                                              (Жалғасы бар).
Айман АРЫСТАНБЕКҚЫЗЫ,
№252 Г.Н.Ковтунов атындағы 
орта мектептің мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы.
МӘШһүР  ЖүСІП  КӨПЕЕВ
Сабақтың мақсаты: білімділік – Мәшһүр Жүсіп Көпеев өмірі 
мен шығармашылығы туралы ұғындыру, абзал бабамыздың ардақты 
да  абыройлы  жырларына  үңілу,  оқып-тану;  дамытушылық  – 
оқушы ой-өрісін шыңдай отырып, танымын, қазақша сөйлеу тілін 
дамыту, шешендікке, шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу; 
тәрбиелік – патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтына баулу, 
ғылым – білімді меңгерген, көкірегі ояу азамат болуға шақыру.
   
   
 

25
Түрі:  жаңа  білімді  меңгерту.  Әдіс-тәсілі:  түсіндіру,  аударма, 
әңгімелеу,  сұрақ-жауап. 
Көрнекілігі:  М.Ж.Көпеев  портреті, 
кітаптары, ақыл-нақыл сөздері.
Сабақтың барысы:
I.  Ұйымдастыру  кезеңі:  Сәлемдесу.  Сыныпта  оқушылардың 
білім алуы үшін қажетті жағдайларды үйлестіру. Кезекші оқушыны 
анықтап, оқушыларды түгелдеу. 
-  Бүгінгі  ашық  сабағымыз  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  өмірі 
жайлы болмақ. 
М.Ж.Көпеев 1857 жылы (кей кітаптарда 1808 жылы) Павлодар 
облысы,  Баянауыл  ауданындағы  ауқатты  отбасында  дүниеге  
келген. 
Еліміз  тәуелсіздік  алғалы  бері  ардақты  тұлғаның  өмірі  мен 
шығармашылығы  туралы  көптеген  ғылыми  -  зерттеу  еңбектері, 
мақалалары жарияланды. М.Ж.Көпеев бабамыз – көзі тірісінде өз 
бағасын ала алмай кеткен киелі қазақтың бірі.
«Атымды «Мәшһүр» деген үш жүз білді,
Дүниеде мұнан артық не табасың?!» деген өлең жолдарында 
өзі де айтып өткендей, Мәшһүр бабамыз алты алашқа әйгілі болып, 
ел-жұрттың айырықша ықылас-құрметіне бөленген. 
 
Мәшһүр 
Жүсіп Көпеев 
Көрнекті 
ақын 
Ғұлама 
Шежіреші 
Философ 
Жыршы 
Араб, парсы 
тілін білген 

26
Көп  жылдар  ел  қыдырып,  серілік  құрып,  Еділ  жағасындағы 
қалаларды  аралайды.  Қазан,  Горький  қалаларына  барады.  Өлең 
жазады, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинайды. Хабар, мақалалар 
жазып, 3 кітап шығарады. 
Олар:  «Тірлікте  көп  жасағандықтан  көрген  бір  тамашамыз», 
«Хал-ахуал», Сарыарқаның кімдікі екендігі» деп аталады.
Ол  қамсыз  жатқан  халқының  жағдайына  жаны  ауырады, 
одан шығарудың жолын іздестіреді. Жастарды оқуға, білім алуға 
шақырады. 
«Жатқанда тәтті ұйқыда қазақ халқы
Айырмай жақсы менен жамандарды»,- деп ашып айта білді. 
«Өнерге  ұмтылайық,  оқып-жетіліп,  мәдениетті,  күшті  ел 
болайық»,- деп шақырады.
Ақын  өз  шығармаларында  қазақ  халқына  бостандық  беру, 
елде мектеп, медреселер ашу, жер, сөз бостандығы сияқты өзекті 
мәселелерді көтереді. 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпеевтің  өлеңдер  жинақтары  көп.  Соның 
ішінде  ерекше  тоқталып  кететін  мынадай  шығармалары  бар: 
«Ғибратнама», «Хал-ахуал», «Шайтанның саудасы», «Ит дүние», 
«Бес қымбат». Сол жинақтардың кітаптарын пайдаланып, сынып 
көрмесі  ұйымдастырылды.  Ақынның  150  жылдық  мерейтойына 
арнайы  тарту  ретінде  жинақталып  шығарылған  «Ит  дүние» 
деп  аталатын  кітабы,  тағы  да  басқа  еңбектері,  газет-жұрналдар 
қойылған. 
V. Жаңа сабақты қорытындылау. 
1.  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  қай  жылы  туған?  2.  Қай  облыста 
дүниеге келген? 3. Оның қандай шығармаларымен таныстық және 
тағы басқа қандай еңбектер жазған?
VI. үйге тапсырма. М.Ж.Көпеевтің шығармасын жаттау, мәлі-
меттер жинақтау.
VII. Бағалау. Жаңа сабақты өтілген материалдармен байланыс-
тыра отырып, оқушының сабаққа деген белсенділігін бағалау.

27
Айнагүл ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
Ақтау қаласындағы
№28 орта мектептің мұғалімі.
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ.  
“СүЙЕМІН” 
Сабақтың мақсаты: білімділік – Маған Жұмабаевтың 
өмір  жолы  мен  шығармашылығын  бере  отырып,  өлеңнің 
көркемдік  ерекшелігін  таныту;  дамытушылық  –  өлеңді 
теориялық  талдауға  машықтандыру,  шығармашылық 
жұмысқа  үйрету;  тәрбиелік  –  анасын,  елін,  халқын 
қастерлеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ. үй тапсырмасын сұрау. 1. «Туған жердің табиғаты». 
2. Шығармашылық жұмыстарын тексеру, оқыту.
III. Жаңа сабақ. Эпиграф.
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ – ұлтым үшін өлгенім.    Мағжан.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938ж.ж.)
1. Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының 
бірі әрі бірегейі. Ол – артына өшпес рухани мол мұра, өлмес 
мәңгілік ескерткіш қалдырған ұлы ақын.
2.  Туған  жері  –  Солтүстік  Қазақстан  облысы,  Булаев 
ауданы. 
3. Ата-анасы – беделді, дәулетті Жұмабай қажы, әкесі – 
Бекен.
4. Білімі – 4 жасында ауыл молдасы, “Ғалия медресесі”, 
Омбы мұғалімдер семинариясы.
5. Ұстаздары – Ғалымжан Ибрагимов, Міржақып Дулатов.

28
6.  Ақындығы  –  “Мен  жастарға  сенемін”,  “Сағындым”, 
“Қорқыт”, “Батыр Баян”, “Толқын”, «Шолпы».
7. Мағжан туралы айтылғандар: “Мен Мағжанды сүйемін! 
Оның Еуропалығын, әшекейін сүйемін...”  Мұхтар Әуезов. 
Мағжан Жұмабаев туралы тың дерек. «Мағжан рухы 
кезген – Магадан».
Ғаламторды  пайдалану.  «Сүйемін»  өлеңін  мәнерлеп 
оқып беру.
Өлеңді  сатылай  кешенді  талдау  (Оқушылар  тауып 
жазады).
«Сүйемін»
Авторы: ________________________________________
1. Тақырыбы: ____________________________________
2. Жанр түрі: ____________________________________
3. Идеясы: ______________________________________
4. Шумақ: _______________________________________
5. Тармақ: _______________________________________
6. Бунақ: ________________________________________
7. Буын: ________________________________________
8. Ұйқас: _______________________________________
9. Әдеби теориялық ұғымдар: ______________________
а) Эпитет: ______________________________________
ә) Теңеу: ________________________________________
б) Кейіптеу: _____________________________________
в) Метафора: ____________________________________
10. Сөздік жұмыс:
•  Тасбиық  –  діни  адамдардың  сиынуы  үшін 
қолданылатын моншақ тізбектері.
•  Алаш – ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым 
болып біріккен одағы. 
•  Кебін  –  өмірден  өткен  адамды  орайтын  ақ  матадан 
тігілген киім. 

29
11. Өлеңнің тәрбиелік мәні: 
Әр адам өзінің туған жерін, анасын, Отанын сүйе білуге, 
оны аялап, қадіріне жетуге тырысады. 
IV. Шығармашылық жұмыс.
                    Хат                      Өлең                 Ойтолғау
Тірек  сөздер:  туған  жер,  Отан  ана,  Тәуелсіз  елімізге  20 
жыл, Қазақстан, Елбасы, Егеменді елдің ұланымын.
V. Салыстыру:
Мағжан.  “Сүйемін”.
•  Қарт ана.
•  Адал жары.
•  Халқы.
•  Туған жері.
Мұқағали. “Үш бақытым”.
•  Халқы.
•  Отаны.
•  Тілі.
VI. Қорытындылау.
-  Мағжанның  барлық  өмірі  –  поэзиясында.  Өлеңдері 
романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Ешкімге ұқсамайтын 
қолтаңбасы  бар  Мағжан  аталарыңның  осы  өлеңі 
арқылы  сендердің  де  отансүйгіш,  елжанды,  адал  азамат 
болатындарыңа сенеміз!
VII.  үй  тапсырмасын  беру.  Өлеңді  жаттап  келу. 
Шығарма жазып келу.                             
 
«Мағжан және мен сүйетін туған жер» 
   
   
 

30
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Роза ӘБДІКӘРІМҚЫЗЫ, 
Семей қаласындағы
№35 жалпы орта білім беретін 
мектептің мұғалімі.
СӨЙЛЕМНІң БІРЫңҒАЙ 
МүШЕЛЕРІ – үЛКЕН БІЛІМ 
ОШАҒЫНДА
(11-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  мәтіннің  мазмұны 
мен  мағынасын  ұғындыру.  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері 
бойынша  білімдерін  нақтылау,  жүйелеу,  жинақтау,  қайталау. 
Талдау  жұмыстарын  жүргізу;  дамытушылық  –  оқушылардың 
тапсырмаларды орындау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, 
шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  баулу,  тіл  байлығын  арттыру. 
Өз  ойларын  еркін  жеткізе  білуге  дағдыландыру,  ауызекі  сөйлеу 
дағдысын  жетілдіру,  оқушының  дүниетанымын  кеңейту,  сөздік 
қорын, тіл байлығын дамыту; тәрбиелік – оқушыларды адал еңбек 
етуге тәрбиелеу, тілге деген құрмет, мақтаныш сезімдерін дамыту, 
тереңдету. 
Түрі:  кіріктірілген.  Әдісі:  сұрақ-жауап,  іздену,  ойлану, 
түсіндіру, салыстыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, 
әр түрлі тапсырмалар. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын 
тілі. Типі: стандарт. Формасы: дискуссия.
1-слайд. Эпиграф: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді 
пайдаланатын, жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. 
                                                                Н.Ә.Назарбаев.
                                                Қазақстан халқына Жолдауынан
                                                             28 ақпан 2007 жыл.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 

31
Оқушылардың сабаққа қатысы, даярлығы  тексеріледі (сынып 
екі топқа бөлінген). 
-  Бүгінгі  сабақта  еліміздің  жоғарғы  оқу  орындарымен 
танысамыз,  жаңа  мәтінмен  жұмыс  жүргіземіз  және  әртүрлі 
тапсырмалар орындаймыз.
ІІ. үйге берілген тапсырманы тексеру. 
Слайд Қазақстанның білім ошақтары.
Оқушылардың хабарламасы Астана,   Алматы,    Семей. 
                                                    Влад     Темірлан    Настя
IV. Мәтін бойынша жұмыс:
а) «үлкен білім ошағы» мәтінін оқу.
ә) Сөздік жұмысы:  Түсініксіз күрделі сөздерді табу.
б) Мәтінді қайталап оқу, аудару.
в) Қандай сөздерге антонимдік, синонимдік сыңар құруға 
болады?
Топтық жұмыс:
І топ – мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.
ІІ топ – мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.                                                                          
ІІІ топ - мәтінді қысқаша мазмұндайды.
Тіл дамыту жұмысы. Сөз тіркестерімен сөйлем құру.
Ірі                 оқу орны
                      тұлғалар
Білім             беру жүйесі
                       ошағы
Мамандық             иесі
                                 бойынша
Выступление    учителя  русского  языка  И.Н.Ищенко. 
Дискуссия үш тілде жүргізіледі. 
1. Кто или что влияет по выбору профессий?
2. Какие проблемы и трудности встречаются на пути по выбору 
профессий?
 
 
 

32
V.  Интерактивті  тақтамен  жұмыс.  Мәтінді  оқу,    үш  тілде 
аудару, бір сөйлемге талдау жасау.   
IV. Қорытындылау.  СТО  стратегиясы. Венн диаграммасы.
1. Білімді болу үшін не істеу керек?
2. Мақсатыңа жету үшін қандай қасиеттер керек?
V. үй тапсырмасын беру, бағалау.
   
   
 
Салтанат РУЗАМЕНҚЫЗЫ,
И.П.Шухов атындағы
                                                                                Преснов орта мектеп-
гимназиясының мұғалімі.
Солтүстік Қазақстан облысы,
                           Жамбыл ауданы.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТА  
СЫЙЛЫҚ ҰСЫНУ РӘСІМІ
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – өткен тақырыптар бойынша 
алған білімдерін толықтыру, тереңдету, ұжымдық түрде білім алуға 
бағыттау, сөздерді байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын 
қалыптастыру,  грамматикалық  тақырыппен  байланыстыру; 
дамытушылық  –  тақпақ,  мәтін,  мақал-мәтелдер,  сұхбат,  жаңа 
сөздер  арқылы  оқушылардың  тіл  байлығын,  ой-өрісін  дамыту; 
тәрбиелік  –  оқушыларды  әсемдік  пен  сұлулыққа  сүйсіндіре 
отырып,  тапқырлыққа  тәрбиелеу.  Сыйлық  ұсыну  рәсімімен 
таныстыру.
Міндеті:  ұлтаралық  қарым-қатынасты  нығайтуға  тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту 

33
әдісі,  СКТТ  (сатылай  кешенді  талдау  технологиясы).  Негізгі 
әдіс:  ізденіс.  Көрнекілігі:  мәтін,  слайдтар,  суреттер.  Сабақтың 
интеграциялық  мүмкіндігі:  орыс  тілі,  ағылшын  тілі.  Түрі: 
аралас. 
Сабақтың барысы.
І дидактикалық кезең. 
Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы.
Міндеті:  сабаққа  деген  қызығушылықтарын  арттыру. 
Атқарылатын  жұмыс  түрі:  оқушылар    келген  қонақтармен 
танысады.Танысу тренингі.
Мұғалім сөзі: - Сәлеметсіз бе!  Здравствуйте! Good aftenoon!
- Балалар, қонақтармен де амандасайық.
-  Балалар,  бүгінгі  сабақтың  тақырыбы:  «Сыйлықты  ұсыну 
рәсімі».
Сабақтың ойқазығы:
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.    Халық даналығы.
Мақалды аудару.
- Қандай бала арлы бала?
- Қандай бала сорлы бала?
-  Осы  даналық  сөзге  қарап,  балалар,  қонақтарға  өзімізді 
таныстырып кетейік. Сендер «Мен қандаймын?» сұрағына жауап 
бердіңдер, дәлелдедіңдер. 
-  Ал,  енді,  мынандай  сұрақ.  «Қандай?»  деген  сұрақ  қай  сөз 
табының сұрағы?
Мұғалім сөзі: - Сын есім деген не? Қандай сұрақтарға жауап 
береді?  Слайд  бойынша  сын  есімнің  түрлерін  жазыңдар.  Мысал 
келтіріңдер.
ІІ дидактикалық кезең. 
Міндеті:  өткен  сабақты  еске  түсіру.  Атқарылатын  жұмыс 
түрі:  модуль  бойынша  өткен  тақырыптарда  кездескен  жаңа 
сөздерді  еске түсіру. 1-топ пирамида құрастырады, 2-топ моншақ 
тізеді, 3-топ сөздерді сәйкестендіреді.

34
1.  Осы  сын  есімдердің  антоним  сөздерін  тауып  жазыңдар. 
Пирамида құрыңдар.
Кең – тар;     Араз – тату;   Жақсы – жаман.
2. «Моншақ тізу».
Сыйлық – подарок – present;
Құрмет – уважение – respekt;
Мейрам – праздник – holiday;
Дәстүр – обычай – custom.
3. Сәйкестендіру.
ІІІ дидактикалық кезең. Ой шақыру.
Сыйлық  ретінде  не  ұсынуға  болады?  (Интерактивті    тақтада 
суреттер шығады).
Міндеті: жаңа грамматикалық тақырыпқа көшу. Сын есімнің 
шырайларымен танысу.
Ережені  пысықтау.  «Кубик»  ойынын  ойнатқызу.  Мысалы: 
Менің сыйлығым қымбаттырақ.
-  Балалар,  осы  біз  сыйлық  деп  айтып  жатырмыз,  ал 
сыйлықты  ұсыну рәсімін біз білеміз бе?
Жаңа мәтінмен танысу.
Сыйлық ұсыну рәсімі
Адамның өмірінде қуанышты жағдайлар жиі болады. Мұндай 
кездерде  адам  өз  қуанышын  жолдастарымен,  туыстарымен 
бөліседі. Жарасымды халық дәстүрі бойынша адамдар бір-біріне 
сыйлық ұсынады. Арнайы жолданған аз ғана сыйлықтың өзі – гүл, 
ашықхат адамның көңіл-күйін сергітіп, қуанышқа бөлейді.
Сыйлық ұсынуда: қай кезде, кімге және қандай затты сыйлау 
керектігін білудің мәні зор.
•  Оқушылар кезекпен бір-бір сөйлемнен оқиды.
•  Сендерге таныс емес сөздер кездесті ме?
Жаңа сөздер: 
Ұсыну рәсімі – церемония (обряд) дарения;
Қуанышты – радостный;                           
Арнайы жолданған – специально посланный;

35
Қадірлейтін адамына – человеку, которого уважает;
Мәні зор – огромное значение.     
Жаңа сөздерді оқу, оқыту, сөздік дәптерге жазу. 
Жазбаша жұмыс.
- Ал, енді, балалар, мәтін бойынша  сұрақтарға жауап берейік, 
аударуға тырысайық.
Сұрақтарға  жазбаша жауап жазыңдар.
Кімге не сыйладың?
Мен әжеме сырға сыйладым.
Мен анама көйлек сыйладым.
Мен қарындасыма туфли  сыйладым.
Мен мұғалімге  гүл сыйладым.
Мен досыма кітап сыйладым.
Сырға қандай?
Сырға қымбаттырақ.
ІV дидактикалық кезең. «Сауатты болу мақсатым».
Міндеті:  грамматика  бойынша  сауаттылықтарын  тексеру. 
Атқарылатын  жұмыс  түрі:  фонетикалық,  СКТТ  бойынша 
фонологиялық талдау жасау.
Сөзге фонологиялық талдау жасаудың  үлгісі.
                                       Сыйлық
                                    1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай:
                                жуан буынды сөз.
                           2. Буын: бітеу (б.б.) сый-лық.
                       3. Тасымал. Бір жағдайда.
                  4. Екпін.  Лық  «ы» дыб. 
            5. Буын үндестігі жоқ.
     6. Дыбыс үндестігі жоқ.
V  дидактикалық  кезең.  «Бекіту  –  нәтижеге  бағытталған 
білім беру». Міндеті: қайталау тапсырмалары арқылы жинақтаған 
білімдерін бірізділеу. 
Мұғалім  сөзі:  -  Бүгінгі  сабағымызды  қорытындылайық, 
ол  үшін  сіздер  тақырып  төңірегінде  (мәтін  бойынша)  «қандай 
 

36
жаңа  сөздермен  таныстық?»  деген  сұраққа  жауап  беріп, 
ойларыңды жинақтап көріңдер.
- Қазір жұмбақ шешейік.
Түрі  шар  сияқты,    Түсі  қып-қызыл,    Дәмі  бал  сияқты.   
(Шие).    
Осы жұмбақта «қандай?» сұрағына жауап беретін сөздерді 
айтайық.  Дұрыс.  Ал  бұл  сөз  сын  есімнің  қай  шырайына 
жатады?
Қып-қызыл (Күшейтпелі шырай-превосходная.)
Мұғалім сөзі: - «Жүгіріп жүріп диктант жазу»  ойыны.
1. Біздің  үй сіздікінен кішірек.
2. Сенің көйлегін әдемілеу.
3. Арнайы сыйлықты мұғалімдерге ұсыну.
Бағалау. 
үй тапсырмасы: жаңа сөздерді жаттау, жаңа сөздерден 4 
сөйлем құрастыру, құралған сөйлемдерге сұрақ қою.
   
   
 
Раушан ХАБДИЛХАЛЫҚҚЫЗЫ, 
Орал қаласындағы  
№21 жалпы орта білім 
беретін мектептің мұғалімі.
ОҚШАУ СӨЗДІ                       
ЖАРНАМА ЖӘНЕ БІЗ
(8-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  баспасөз  және 
бұқаралық ақпарат туралы білу, «Жарнама» ұғымы туралы 
мәлімет беру, оқшау сөздердің мағынасына қарай түрлерін 
білу.  Деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  алған  білімдерін 
тексеру;  дамытушылық  –  оқушыларды  өз  бетімен  ойын 

37
тиянақты  айтуға,  сауатты  оқу  мен  жазуға  дағдыландыру; 
тәрбиелік – балаларды ұжымдыққа, сыйластыққа тәрбиелей 
отырып, қазақ халқының тіліне қызығушылық тудыру және 
құрметтеуге баулу.
Пәнаралық  байланыс:  орыс  тілі,  тарих.  Көрнекілігі: 
деңгейлік  тапсырмалар,  газеттер,  қағаздар,  фломастерлер. 
Түрі: сайыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) сабақтың мақсатын айту.
ә) топқа бөлу. I топ – «Шәкірт» газетінің тілшілері.
II топ – «Өзгеріс» газетінің тілшілері.
Лексикалық тақырыптар бойынша жұмыс.
Әрбір тапсырмаға 3-5 минут беріледі.
I. Баспасөз – өмір айнасы. Сөзжұмбақ.
II. Газет тарихынан. Теледидар.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
Венецияда не құрылды? (жаңалықтарды жинайтын бюро 
құрылды);  «Гадзетта»  деген  не?  (қолжазба  парақтары); 
Бүгінде Қазақстанда қандай газеттер шығады? Теледидардың 
пайдасы көп пе әлде зияны көп пе?
Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:  -  «Жарнама»  ұғымы  туралы 
мәлімет  беру.  Жарнама  деген  сөз  (француз  тілінен)  «жар 
саламын» дегенді білдіреді. Жарнама – тауарлардың, қызмет 
көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және 
оған  деген  сұранысты  көбейту  мақсатында  таратылатын 
хабарлама;  белгілі  бір  адамдар,  ұйымдар,  әдебиет  пен 
өнер  шығармалары  туралы  хабар  таратып,  оларды  әйгілеу. 
Жарнама  –  ақпарат  құралдары:  теледидар,  радио,  газет, 
Интернет,  плакаттар,  т.б.  арқылы  жүзеге  асырылатын 
коммуникацияның ақылы түрі болып табылады.
III. Мәтінмен жұмыс.
а) Мәтіннің мазмұнын, мәнін түсініп алу;
ә) Мәтін бойынша сұхбат құру;

38
б) «Біздің өміріміздегі жарнама неге керек?».
Осы сұрақ бойынша I, II топ оқушылары өз пікірін айтады.
IV. Тапсырма. I топ. Қазақ тілін үйренуге жарнама жаса.
II топ. Өзің оқитын мектебіңе жарнама жаса.
V. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.
III деңгей.
1. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңдар:
мәлімет –            айдар –                   мақала –
баспасөз –            жергілікті –          қағида –
тұңғыш –             қоғам –                насихат –      тұтқын –
2. Дұрыс құрастырылған сөйлемді белгілеңдер:
а)  Бағдарламаларды  теледидардан  білім,  таным,  өнер 
үшін қажетті көріп тұрған дұрыс;
ә) Білім, таным, өнер бағдарламалары үшін теледидардан 
қажетті көріп тұрған дұрыс;
б)  Теледидардан  білім,  таным,  өнер  үшін  қажетті 
бағдарламаларды көріп тұрған дұрыс.
3. Сөйлемдердің тыныс белгілерін қойыңдар:
а) Жарайсың балам өнеріңе қуанамыз.
ә) Болат сен кешегі гала – концертті көрдің бе?
б) Жолдас жүргізуші қазір оңға бұрылыңыз.
II деңгей. Төмендегі сөздердің мәндес сөздерін жазыңдар:
Тұңғыш – ...;            іс – ...;                 ренжігіш – ...;
тілші – ...;                ақпарат – ... .
2.  Мәтіннен  қыстырма  сөздерді  тауып,  мағынасын 
ажырату.
3.  Жарнаманың  міндеті,  қызметі,  түрлері  туралы 
әңгімелеңдер.
I деңгей.
1.  Сөз  жоқ,  бәлкім,  қорыта  айтқанда,  мүмкін  деген 
қыстырма сөздермен сөйлемдер құрастырыңдар.
2.  Қазақ  халқындағы  жарнаманың  пайда  болуы  және 
қазіргі  уақытта  нарықтық  экономикаға  байланысты  дамуы 

39
туралы айтып беріңдер.
VI. Тест.
1. Мерзімдік басылымдар қалай аталады?
А) бұқаралық ақпарат;      В) күнделікті ақпарат;
Ә) жалпы ақпарат;             Г) іріктеулі ақпарат.
Б) таңдаулы ақпарат;
2. Мерзімдіқ басылымдарға нелер жатады?
А) кітаптар;                Б) оқулықтар;     В) газет-жұрналдар;
Ә) жарнамалар;          Г) буклеттер.               
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет