Жүсіп баласағҰНИ


Пайдаланылған  әдебиеттер



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата11.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Пайдаланылған  әдебиеттер:
1.  Ж.Ү.Көбдікова.  «Орта  мектепте  білім  алуды  техноло-
гияландыру». А., 2003.
2.  «Қазақ тілі  мен  әдебиеті орыс мектебінде» жұрналы, №12, 
2007.
3.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  орыс  мектебінде»  жұрналы,  №7, 
2008.
4.  Б.Баймұқанов.  Оқытудың  жаңа  технологияларының  негізгі 
ерекшеліктері. «Бастауыш  мектеп» жұрналы, №3, 2007. 
5. «Ұлағат» жұрналы, №7, 2010.
6. «Инновационная технология» жұрналы №3, 4, 6, 2010.
7. «Школьная технология» №5, 2007.

13
Нұргүл МАМПАСҚЫЗЫ,
№15 орта мектептің мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР   
– ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА
Қазіргі  кезде  мектептерде  жаңа  технологияларды  қолдану 
жөнінде жиі айтылып жатыр. Қазіргі педагогикалық технологиялар 
–  жобалау  технологиялары,  ақпараттық  технологиялар, 
ынтамақтасты  оқыту  технологиясы  және  тағы  басқалары 
балалардың  қабілеттерін,  біліктілік  деңгейін,  зеректіліктерін 
ескере  отыра,  даралап,  саралап  оқытуды  қамтамасыз  етеді  және 
оқытуда  құзыреттіліктерін  іске  асыруға  көмектеседі.  Сонымен, 
педагогикалық технологиялар деген не десек, олар:
- Өзара байланысты әдіс-тәсілдердің жиынтығы арқылы жеке 
тұлғаның белгілі қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ықпал;
- Сол деңгейді қалыптастыру үшін белгілі шарттарды жасауға 
бағытталған іскерлік.
Педагогикалық технологиялардың мақсаты – оқыту үдерісінің 
тиімділігін  көтеру,  оқытуда    бағдарланған  нәтижелерге  жетудің 
кепілі болып табылады.
Қазақ  тілін  оқытудың  негізгі  мақсаты  оқушылардың 
коммуникативті  мәдениетін  дамыту  және  қалыптастыру  болса, 
мұғалім өз жұмысында әрбір оқушыға тілді практикада меңгеруіне 
жағдай жасауы тиіс.
Оқыту  үдерісінің  тиімділігі  үшін  әр  түрлі  технологиялар 
қолданылып жатыр, бірақ мен қазақ тілін оқытудағы ақпараттық 
технологияларды  қолдануға  тоқталғым  келеді.  Біздің  қарқынды 
заманымыз  –  ақпараттық  технологиялар  заманы.  Қазіргі  кезде 
бізге  әр  түрде  берілген  ақпараттар  жиі  ұсынылады.  Сондықтан 
шәкірттерді  оқытуда  олардың  ақпараттық  құзыреттіліктері 
маңызды  орын  алып  отыр,  яғни,  керекті  ақпаратты  тауып,  оның 

14
мазмұнын  беру  біліктіліктері.  Әрбір  мұғалім  шәкірттерінің 
өз  пәніне  деген  қызығушылықтарын  армандайды.  Оны 
қалыптастыруда  көптеген  қиындықтар  кездеседі.  Сол  себепті 
жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  бізге  әдістемелік 
әдіс-тәсілдерді  таңдауға,  сабақтарды  қызықты  да,  есте  қаларлық 
болуына көмектеседі. Сонымен бірге олар оқыту үдерісін өзгертіп, 
балалардың жүйелі ойлау қабілеттерін қалыптастырады.
Ақпараттық  компьютерлі  технологияларды  қолдану:  оқыту 
үдерісінің  аясын  кеңейтеді,  оның  практикалық  бағыттылығына 
себеп болады, оқушылардың білім алуға, оқуға деген уәждемелерін 
көтереді.
Өз  жұмысымда  мен  көптеген  электрондық  ресурстарды 
қолданамын:  мультимедиялық  бағдарламалар,  Интернетте 
табылған  материалдар,  интерактивті  тестілер,  бағдарламалар. 
Олар  сабақты  түрлендіреді  және  қызықты  етеді,  балаларды  әр 
түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді.
Интернетте  біз  оқушылармен  жобаларымызға  түрлі  керекті 
ақпаратты  табамыз:  мұражайлар  жөнінде,  дәстүрлі  жерлерді, 
елдерде  болып  жатқан  оқиғаларды,    әлемдегі  экологиялық 
жағдайларды,  ұлттық  мерекелерді  және  т.б.  Осы  материалдар 
ұлтаралық  коммуникация  үдерісінде  «мәдениеттің  иесі»  болып 
шығады.  Осы  жерде  менің  қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  ретіндегі 
рөлім – оларды берілген оқу курсына, тақырыпқа, оқушылардың 
тілдік деңгейлеріне бейімдеу. Мультимедиялық презентацияларды 
әрбір мұғалім кеңінен қолданып жүр. Олар мұғалімге де, оқушыға 
да қолайлы.
Мен  өзімнің  әр  сабағымда  презентацияларды  қолданамын. 
Презентацияларға  мәтінмен  бірге  суреттер,  графиктер,  кестелер, 
бейнекөрініс  және  музыкалық  сүйемелдеулерді  кірістіру  қажет. 
Мульти-медиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай: 
1)  барлық  оқушылардың  зейінін  белсендіреді;  2)  оқушылардың 
сыныптық  және  сыныптан  тыс  жұмыстарын  байланыстырады; 
3) оқу уақытын үнемдейді; 4) презентацияға интерактивті тақта-

15
ны  қолдану  жаңа  лексикалық,  грамматикалық,  фонетикалық 
материалдарды  көрнекі  жүйелеуге  мүмкіндік  жасайды  және  де 
барлық тілдік әрекеттерді оқытуға тірек болады; 5) түрлі мәтіндік 
аудио және бейне көрнекіліктерді қиыстырады.
Презентация 
жасау 
материалдарды 
таңдап 
алуда, 
презентацияның  құрамын  ойластыруда,  оларды  түрлендіруде 
мұғалімнен үлкен дайындық қажет етеді. Ақпараттық компьютер-
лік технологиялар қолдану арқылы сабақтарда біз оқушылардың 
оқу  дағдыларын  дамытамыз.  Интернеттен  алған  материалдарды 
пайдаланамыз, жазбаша біліктіліктерін арттырамыз, сөз қорларын 
кеңейтеміз  және  шәкірттеріміздің  оқуға  деген  тұрақты  бейімін 
қалыптастырамыз.
Көптеген  оқушылар  Интернет  жүйесінде  өткізілетін 
олимпиадаларға,  байқауларға,  тестілеуге  қатысып  жатады. 
Ақпараттық технологияларды қолдану оқушылардың пәнге деген 
қызығушылықтарын көтереді, басқа тілді үйренуде психологиялық 
кедергілерден өтуге көмектеседі. Интернетті пайдалану мұғалім-
нің күнделікті жұмысында, т.б. жаңа технологияларды танып, өз 
біліктілігін  көтеруде  әсері  мол.  Өз  жұмысымда  мен  күнделікті 
интерактивті  тақтаны  пайдаланып  отырамын.  Осы  тақтаның  ең 
үлкен артықшылығы – көрнекілік және интерактивтік.
Ол  бір  уақытта  баланың  екі  қабылдау  мүшесіне  –  көру  және 
естуіне  әсер  етеді,  сондықтан  оның  тиімділігі  өте  жоғары  деуге 
де  болады.  Тақтаның  көрнекілік,  дыбыстық,  интерактивтік 
мүмкіндіктерін  пайдалану  сабақта  жайлы  эмоционалды  орта 
туғызады. Оқушылар керекті де маңызды ақпар танып, сонымен 
қатар  өте  күшті,  жайлы  таңқалу,  қуаныш,  құмарлану  сияқты 
эмоциялар алады. Тақта арқылы берілген, оқытылған материалдың 
көрнекілік,  интерактивтік  мүмкіндіктері  арқылы  оқушылар 
тапсырманы  қорықпай  орындап,  түгелдей  жұмысқа  белсенді 
түрде  қатысып  отырады.  Интерактивті  тақта  қолданылып  өтетін 
сабақтарда  мен  әр  түрлі  жұмыстар  жүргіземін,  мысалы,  естіп  – 
ұғуда  әр  оқушы  басқа  тілді  анық  тыңдауға,  айтылымда  –  әрбірі 

16
сөйлеуге, грамматиканы оқытуда – грамматикалық жаттығуларды 
орындауға мүмкіндік алады, сонымен бірге жасалған жұмыстарға 
қайта-қайта оралып, тапсырманы дұрыс орындауды қадағалауға да 
мүмкіндік беріледі.
Қорыта  келгенде,  қазақ  тілін  оқытуда  жаңа  ақпараттық  тех-
нологияларды  қолдану  оқу  үдерісін  жетілдіріп,  тиімділігін 
арттырады  және  сабақтарды  қызықты  өткізуге  көмектеседі. 
Біз  дәстүрлі  оқыту  әдістерін  осындай  жаңа  технологиялармен 
толықтырып  және  үйлестіре  отыра,  әрбір  оқушыға  жекелей 
қарап,  олардың  лингвистикалық  қабілеттерін  дамытамыз,  білім 
сапасын объективті бағалаймыз. Яғни, осы тақырып қазіргі білім 
беруді модернизациялау кезінде өте өзекті деуге болады, өйткені 
жаңа технологияларды қолдану оқыту үдерісін тиімді етеді және 
оқушының жеке басына бағытталады. Бір ескеретін жайт – ешбір 
технология  мұғалімнің  өзін  алмастыра  алмайды.  Компьютер 
мұғалімді  тек  қана  толықтырып  отырады.  Ал,  ақпараттық 
технологияларды қолдануды мұғалімнің біліктілік құзыреттілігін 
айқындайтын талап ретінде қарастыруға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  С.Т.Мұхамбетжанова,  Ж.Ә.Жартынова.  Интерактивті  жаб-
дықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. А., 2008.
2.  А.Медешова.  Компьютерлік  программаларды  оқу-тәрбие 
жұмысында қолдану. Бастауыш мектеп, №1, 2001.
3. Т.В.Душеина. Проектная технология на уроках иностранного 
языка. ИЯШ, №5, 2003.
4. И.И.Инкина. Использование ИКТ в обучении иностранному 
языку.
5. Т.Л.Слабова. Использование современных образовательных 
технологий при обучении английскому языку. www.edu. 

17
Мұғалімдерге көмек
Гүлнар БЕРКУТОВА,                                                                                      
Семей қаласындағы
№9 орта мектептің мұғалімі.
ОҚУШЫЛАРДЫң АУЫЗЕКІ 
СӨЙЛЕУ ТІЛІ
Біздің    тіліміз  ойлаумен  тығыз  байланысты.  Баланың  тілін 
дамытумен бірге біз оның ойын да дамытамыз.Тіл – ойдың құралы. 
Адамның  ойлауы тек тіл арқылы ғана баяндалады.
Қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе – тіл   мен 
сөйлеу үдерісін жіктей оқытып, оқушының дұрыс сөйлей білуіне 
көңіл  бөлу.  Сондықтан,  мұғалім  қазақ  тілі  сабақтарында  тіл 
дамытуға, байланыстырып сөйлеуге айырықша назар аударуы тиіс.
Әр  мұғалім  қазақ  тілі  сабағында  тіл  дамыту  жұмыстарын 
шығармашылықпен  жүргізіп,  дұрыс  ұйымдастыра  білсе,  ол 
оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне және 
білген нәрселерін ауызекі сөзде қолдана білуіне жағдай жасайды. 
Демек, оқушының тілін дамыту жұмысы – баланың ойын дамыту 
деген    сөз,  өйткені,  оқушы  қай  пәнді  оқып-үйренсе  де,  өзінің  
істеген  жұмысы,  көрген-білгені  туралы  күнбе-күн  сөйлеп,  ойын 
қалыптастырып  отырады.  Сондықтан  қазақ  тілі  сабағындағы 
тіл  дамыту  жұмыстары  оқушылардың  жалпы  ойын  дамытуға 
бағытталып, ойлау қабілетімен байланыстырылғанда ғана сөйлеу 
үдерісінің бірлігі ұйымдастырылады.
Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген оқушы ойын жазбаша да 
дұрыс, жүйелі бере алады.
Тіл дамытудың негізгі мақсаты – тіл мен сөйлеу үрдісін диффе-
ренциялау.  Ол  көп  жұмысты  талап  етеді,  өйткені  оқушылар-
дың дұрыс сөйлеуі, жазуы, өз ойларын баяндай білуі тіл дамыту 
сабақтарында  айырықша  орын  алады.  Сондықтан  мұғалім  қазақ 
тілі мен тіл дамытуды байланыстырып жүргізеді.
Тіл дамытудың негізгі бағыттары, мақсаты: мәдени-әдеби сөй-
лей  білудің  нормаларына  үйрету,  яғни,  орфографиялық  дағдыны 

18
меңгерту,  мәнерлеп  оқу  дағдыларын  қалыптастыру;  лексикалық 
жұмыстар  жүргізу  арқылы  сөздік  қорларын  байыту;  есту, 
сөйлеу  қабілетін  дамыту;  көріп-қабылдау  қабілетін  меңгерту; 
қате берілген  дыбыстарды  дұрыс қою (түзету), коррекциялық 
жұмыстар;  жаңа  сөздер  үйрету,  сөз  бен  сөздің  байланысын, 
сөйлем  құрату,  сөйлемнің  құрылысын  меңгерту,  синтаксистік 
лексикадан  мәлімет  беру;  оқушылардың  ойын  жазбаша  дұрыс, 
сауатты жазуға, сөйлей  білуге үйрету.
Тіл  үйретудің  негізгі  мақсаты 
– 
оқушылардың  сөздік  қорын 
байыту, сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Жаңа үйренген 
сөздер оқушылардың есінде  ұзақ сақталуы үшін үнемі қайталанып, 
дыбыстардың  дұрыс  айтылуы  үнемі  қадағаланып  отырылуы 
тиіс.  Сөздерді  қайталағанда  бұрын  өтілген  сөздер  жаңа  мәтінде 
кездескенде оқушылардың оны қалай түсінетінін, ұққанын байқап, 
естеріне салып,тексеріп отырған жөн.
Тіл  үйретуде  жазба  жұмыстарын  да  ұйымдастыруға  болады. 
Мысалы:  Бір  сөз  түсіріліп  берілген  сөйлемдерді  толықтырып 
көшіру,  жалпылама  мағына  беретін  сөздерді  ататып  айтқызу 
немесе,  керісінше,  жалқы  мағыналы  сөздерді  жалпы  мағыналы 
сөздермен байланыстырып оқыту.
Мұғалім үйреткен сөздердің оқушылардың естерінде сақталуы 
үшін, оларды жақсы меңгертіп, күнделікті сабақта пайдалану үшін 
сөздерді  белгілі  тәртіпке  келтіріп,  топтап,  жүйелеп  отырылуы 
керек.  Мысалы:  а)  пісті,  қайнады;  ә)  жүрді,  жүгірді,  тоқтады;          
б) жоғалтты, іздеді, тапты; в) кеше, бүгін, ертең, т.б.
Сөздер  өзара  мағына  жағынан  байланысты  келген  жағдайда 
оқушыларға тіл үйрену, есте сақтау онша қиынға соқпайды. Әрі 
ойлау  қабілетін  де  жақсы  дамытады.  Мысалы:  От  жанды.  От 
өшті. Арамен аралады. Күрекпен  күреді. Жазу жазды. Оқу оқыды.
Тіл  сабақтарында  сөзден  сөйлем  құраудың  негізгі  мақсат-
тарының  бірі  –  практикалық  жолмен  түсіндіру.  Оқушылар 
сөйлем  құрауды  практикалық  жолмен  үйренеді.  Олар    алдымен 
сұрақтармен танысады. Сол сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, 

19
сөйлемдер құрап үйренеді.
Алғашқыда оқушылар сөздерді өзгертпей, тек бастапқы сөзге 
жақын  сөздермен  танысады.  Сөйлемнің  жаңа  түрін  өз  бетінше 
құруды меңгерту мынадай жұмыс жолдарымен іске асырылады:
1.  Сөйлемнің  бір  сөзі  түсіріліп,  оның  орнына  сұрақ  қойып, 
сұрақтың орнына керекті сөзді толықтырып айту, жазу;
2. Жазбаша, ауызша сұрақ беріп, оған жауап беру;
3. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы;
4. Мәтінді оқытып, мазмұнын айтқызу;
5. Сурет бойынша сөйлем құрату, әңгіме айтқызу.
Осы  жұмыс  түрлері  кезінде  мұғалім  сөйлем  құрату  арқылы 
оқушылардың  сөздердің  орнын  дұрыс  тауып,  қатесіз  қолдануын 
қадағалап отырады.
Оқушылардың  тілін  дамытуда  жүйелі  сөйлеуге  үйретудің 
маңызы зор. Тілді меңгерту сөздерді өзара байланыстырып, жүйелі 
сөйлем құру дәрежесіне жеткізеді. Сондықтан да оқушылар тек сөз 
біліп, сөйлем құрап қана қоймайды, жүйелі сөйлеуге, пікір айтуға  
дағдыланады. Оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету үшін мынадай 
жұмыс түрлері іске асырылады: 1. Әңгіме,ертегі,мәтін оқытып, 
қысқаша мазмұнын жоспар бойынша айтқызу; 2. Сурет бойынша 
сұрақтар арқылы шағын әңгіме құрастыру; 3. Көргендері туралы 
берілген сөз тіркестері арқылы әңгіме айтқызу.
Бұл  жұмыстарды  ұйымдастырғанда  алға  қоятын  мақсат  – 
оқушыларды еркін, өз сөзімен әңгімелеуге, жүйелі сөйлеуге үйре-
ту.  Бірақ,  алғашқы  кезде  оқушылардың  білімі  аз  болғандықтан, 
жұмысты жеңілден ауырға қарай  меңгерту әдістері қолданылады.
Әр сабақтың  білімділік, дамытушылық, тәрбиелік деп аталатын 
үш  мақсаты бар екені  белгілі. Бұл мақсаттар бір-бірімен тығыз 
байланыста жүзеге  асырылады.
Сондықтан да әрбір мұғалім сабақтың осы аталған негізгі үш 
мақсатын  ашып  алмай,  әрі  оны  іске  асыратын  әдіс-тәсілдермен, 
сабақтың  түрлерін  алдын  ала  нақтылап  алмай  нәтижелі,  сапалы 
сабақ өткізу мүмкін емес.

20
Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
Толғанай ҚАБДЫҒАЛИЕВА,
Алматы қаласындағы
№4 кәсіптік лицейінің мұғалімі.
АБАЙДЫ БІЛМЕК ПАРЫЗ       
ОЙЛЫ ЖАСҚА
Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақ халқының ұлы ақыны 
Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлының  өмірі  мен  шығармашылығын 
оқып білу; дамытушылық – Абайдың өскен ортасы мен жастық 
кезеңін өз сөздерімен айта алу. Мәтіндерді оқу, өлеңдерін жатқа 
айту,  әндету.  Қазақ  тілінде  анық  сөйлеу  машықтарын  қадағалау. 
Оқушылардың  өлеңді  талдау,  сөйлеу  мәдениетін  дамыту; 
тәрбиелік – оқушыларға Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының 
тереңдігін  түсінуіне  ықпал  ету.  Отанын  сүю,  өскен  ортаны 
бағалау,  құрметтеу  сезімдерін  оятып,  нығайту.  Еңбекқорлыққа, 
талаптылыққа, білімқұмарлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Абай 
мұрасына қызығушылығын арттыру. Қазақ және орыс, басқа тілді 
халықтар  арасындағы  достықты  нығайтып,  мемлекеттік  тілді 
дамытуға үлес қосу.
Әдістері:  мәнерлеп  оқу,  жатқа  айту,  шығармаларын  талдау, 
әндету. Түрі: ауызша жұрнал. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі 
мен саз өнері. Көрнекілік: Абайдың портреті мен шығармашылы-
ғы туралы кестелер, Абай мұражайындағы Абай қолданған заттар-
дың  суреттері,  оның  өскен  ортасын,  туған  өлкесін  бейнелейтін 
суреттер,  Абай    туралы  жазылған,  айтылған    қазақ  ақын-
жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің пікірлері мен суреттері. 
Абайдың  екі  томдық  шығармалар  жинағы,  Мұхтар  Әуезовтың 
«Абай  жолы»  эпопеясының  жинағы.  Абай  шығармашылығы 
жайында  жазылған  кітаптар  мен  жұрналдар  көрмесі,  слайдтар-
компьютер, буклеттер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі: - Бүгінгі біздің сабағымыз қазақ халқының ұлы 

21
ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлы  шығармашылығына арналады.
Ауызша  жұрналымыздың  мақсаты:  Абайдың    өлеңдері  
мен    қара  сөздерінің  мазмұн-мәнінен  тәлім-тәрбие  беру.  Абайды 
жақын  танып,  әрбір  Алланың  берген  уақытын  тиімді  пайдалану. 
Білімге  құштарлықты  ояту.  Жұрналымыз  жеті  беттен  тұрады. 
Жұрналымыздың алғашқы бетін ашуды оқушыларға беремін.
Оқушы: - Абайды ардақтап,адамзат үшін асыл қазына болып 
табылатын ақын еңбегін терең оқып, үйрену – парызымыз. Бүгін 
де,  ертең  де,  тіпті,  келешек  ұрпақ  үшін  де  Абай  тағылымын  зер 
сала  оқып-үйренудің  маңыздылығында  шек  жоқ.  Халқымыздың 
адамзат  тарихында  алатын  орны,  әдет-ғұрпы,  салт-санасы  Абай 
шығармаларынан кеңінен көрініс табады.  
Жұрналдың  1-беті:  Абайдың  өмірбаяны,  балалық  шағы 
(Интерактивті  тақтадан  слайд  көрсетіліп,  слайд  бойынша 
оқушылар әңгімелейді).
Оқушы: - Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 
1845  жылы  Семей  жерінде  Шыңғыстау  өңірінде,  Жидебай 
қыстағында  дүниеге  келген.  Арғы  атасы  Ырғызбай,  Өскенбай, 
өз  әкесі  –  Құнанбай  бәрі  де  тобықты  руының  билеушілері,  ірі 
феодалдар  болды.  Бала  кезінен  өлең  мен  әңгімеге  әуес  Абай 
халықтың ертегі-аңыздарын құмарта тыңдап өседі. Әжесі Зере мен 
анасы  Ұлжанның  ауызынан  естіген  ертегі  аңыздары  Абай  дәріс 
алған халық ауыз әдебиетінің бастауы болып саналады.
Оқушы: - Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашқан Абайды 
әкесі  он  жасында  Семейге  оқуға  жібереді.  Семейде  Ахмет-Риза 
медресесінде  оқиды.  Мұнда  болашақ  ақын  өз  қатарларының 
алды  болып,  анағұрлым  үздік  оқыған.  Медреседе  жүргізілетін 
дін  сабағын  жеңіл  үлгеріп,  бос  уақытын  кітап  оқуға,  өз  бетімен 
ізденуге жұмсайды.
Оқушы: - Араб тілінде сауатын ашқан Абай шығыстың Низами, 
Сағди, Жәми, Хафиз, Фердауси, Науаи шығармаларымен танысып, 
оларды  қызыға  оқыған.  Медреседегі  оқудың  соңғы  жылында 
Абай  мұсылманша  оқумен  тоқтамай,  Семейдегі  «Приходская 

22
школаға»түсіп,  үш  ай  орысша  да  оқыған.  Бұл  Абайдың  кейін  өз 
бетімен даярланып, орысшаны игеріп кетуіне негіз болған. Абай 
өздігінен  орыс  ақын-жазушылары:  А.С.Пушкин,  А.И.Герцен, 
Салтыков-Щедрин,  А.Некрасов,  И.Крылов,  Ф.Достоевскийлерді 
көп оқыды.
Оқушы: - Он үш жасында Абайды өз елінің билік басшысы – 
әкесі  Құнанбай  сұлтан  оқудан  шығарып  алып,  өз  қасына  алады. 
Ел  билеу  әдісін  үйретіп,  өз  тәліміне  баули  бастайды.  Ел  ісіне 
араласу-зерек  те  талапты  жас  Абайдың  ел  танып,  жер  танып, 
халықтың  әдет-ғұрып,  салт-тұрмыстарымен  кеңірек  танысуына 
жол ашады. Абай ел ісіне араласқан жылдарында әділеттілігімен, 
білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.
Оқушы: - Жүрегімнің түбіне терең бойла,
                   Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
                   Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
                   Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.                                                                                             
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,                 
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
Оқушы: - Осындай өлең жолдарымен  Абай халықтың мінез-
құлқын,  ел  басқару  ісіне  араласа  жүріп,  білгені  туралы,  қалың 
бұқара халықпен жалғыз жүріп күрескені жайында айта кетеді.
Сонымен  қатар,  арамдықпен  жүріп  алысқа  бара  алмайтыны 
турасында,  «мың  күн  сынбас,  бір  күні  сынар  шөлмек»  деп,  тек 
қана  адамзат  баласы  адалдық  жолында  ғана  жеңіске  жететінін 
меңзеп, түйін түйеді.
1-беттің қорытындысы. 
Мұғалім:  -  Абай  балалық  кезінде  ақылды,  көп  оқыған, 
ізденімпаз  бала  болған.  Мен  сендерге  Абайдың  осындай 
қасиеттерін тілеймін.     
Абай  өзі  шыға  алмадым  деп  санаған  білім-ғылым  шыңына, 
әрдайым ізімді басар жас ұрпағым жетсе екен, білім соңына түссе 

23
екен дейді.               
«Мақсатым – тіл ұстартып,өнер шашпақ,
Екі талай нәрсе ғой сыр мен сымбат. 
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық  ой  да  жоқ  әуел  баста-ақ»,-  деп  осы  ойын  өлең 
жолдарымен айқындай түскендей.            
Өзің үшін үйренсең,                                                                                             
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмей,сен білсең
Білгеніңнің  бәрі  тұл-  деп  өлеңмен  айтқан  Абай 
шығармашылығының негізгі бағыты ұрпақ тәрбиесіне арналады. 
Яки,  білген  біліміңді  өзге  адамға  айтып,  үйретіп  отыруды  шарт 
етеді.  Адами  тұрғыдан  да,  ислами  тұрғыдан  да  сауап  және 
адамшылық  болып  саналады.  «Адамның  күні  –  адаммен»  деген 
дана халқымыз. 
Жұрналдың 2-беті: Абай – лирик ақын.    
Оқушы:  -  Абай  12  жасынан  бастап  өлең  жазған.  Абайдың 
табиғат  лирикасы,  әсіресе,  жылдың  төрт  мезгілін  суреттейтін 
өлеңдері-күшті  ақындық  шеберлікпен,  суреткерлікпен  жазылған 
аса сұлу өлеңдер.                                             
Балалық  шағымыздан-ақ «Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз» 
өлеңдерін  жаттап  өстік.  Абай  лирикасын  түсініп  оқу  арқылы 
табиғат құдіретіне ғашық болмай өсу, сүйсінбеу мүмкін емес.
Сондай-ақ, ғашықтар арасындағы сүйіспеншілік лирикасы да 
жастарды  кіршіксіз  таза  сезімге,  шынайы  махаббат  иесі  болуға 
баулиды.    
Махаббатсыз – дүние бос,           
Хайуанға  оны  қосыңдар-  деп,  махаббатты  тірліктен  жоғары 
қойса, келесі өлеңінде; Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, Көзбен көр де 
ішпен біл,- деп, махаббатты таза, кіршіксіз, әдептен озбайтын, ішкі 
таза нәзік сезім, сыпайы сыйластық болған жерде ғана ғашықтық, 

24
сүйіспеншілік болатынын айшықтап тұрады.
Жұрналдың келесі беті: «Абай – білім жаршысы»  
   Оқушы: - Жұрналымыздың бұл санында кемеңгер ақын жас 
қауымды  білім-ғылым  іздеуге  өзінің  ғибратты  өлеңдерімен  ұран 
етіп, ерінбей оқып,білуге шақырады.
/Оқушылар өлеңдерді жатқа оқиды, интерактивті тақтада 
оқылып жатқан өлеңдерді слайдқа шығарып қоямыз, орыс тілін-
дегі аудармасы да жазылып тұрады/.
1. «Ғылым таппай мақтанба».
2. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
3. «Білімдіден шыққан сөз».
4. «Сегіз аяқ».
5. «Сәулең болса кеудеңде».
6. «Өзің үшін үйренсең».
7. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет