Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет10/11
Дата11.05.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ой жинақтау. Кластер.
- Қандай адамдардың болашағы  жарқын болады?
Ақпараттар  ағыны  тасыған  заманда  мектеп  табалдырығын 
аттап  үлгермеген  баладан  «білім  иісі»  шығып  тұрады.  Бұл    –
қуанарлық жағдай. Бұл – болашақтың жарқындығы, жарықтығы. 
Біздің  жастар   
– 
ұлттық  рухы  жоғары  жастар.  Мұндай  жастар 
ел  болашағына  үлкен  жауапкершілікпен  қарайтын,  елінің  ертеңі 
ертегіге айналу үшін ерінбей еңбек ететін нағыз ержүрек жастар 
екендігіне сеніміміз мол.
Альмира ЕРЕЖЕПОВА,
Алматы қаласындағы
№18 гимназияның мұғалімі.
                ТІЛ МӘРТЕБЕСІ –                                                                                                                                                
               ЕЛ МЕРЕЙІ
                         (8-сынып)
Мақсаты:  оқушылардың  қазақша  сөйлеу  дағдысын  арттыру, 
қазақ  халқының  салт-дәстүрін,  мәдениетін  білуге,  қазақ  тілін 
меңгеруге,  өз  ойын  жеткізе  білуге  үйрету,  қазақ  ақын-жазу-
шыларының  шығармаларымен  таныс  болып,  оны  жатқа  білуге 
баулу, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  техникалық  құралдар,  тіл  туралы  нақыл  сөздер, 
ҚР  мемлекеттік  рәміздері.  Түрі:  сайыс  сабақ.  Әдіс-тәсілдері:  
сұрақ-жауап, іздену, шығармашылық, топтармен жұмыс.
   
   
 

127
Сайыстың барысы:
1-жүргізуші: - Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: - Қазақ осы айтатұғын елге сыр,
                          О, ағайын, халық емес ол кесір.
                          Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз,
                          Қазақ осы ағыл-тегіл, көл-көсір.
                          Қазақ осы «Өнер алды  

 тіл» дейтін,
                          Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
                          Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін,- 
деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әли айтқандай, ұлы қазақ даласын-
да 130-дан астам басқа ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір 
сүріп  жатыр.  Қазақстанда  тұратын  әрбір  адам  Отанын  сүйіп, 
мәдениеті мен тілін білу керек.
1-жүргізуші:  -  Осы  мақсатпен  Тілдер  күніне  орай  «Тіл 
мәртебесі – ел мәртебесі» атты сайыс жүргізіп отырмыз.
Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1-кезең: «Танысу».
1-жүргізуші:- Құрметті қонақтар,мұғалімдер, оқушылар! Енді, 
сайысымыздың «Танысу» кезеңін бастаймыз (әр топ топтың атын, 
ұранын айтып, көрсетеді).
1-топ – 8 «а»,  «Армандастар».       
2-топ – 8 «б», «Тұлпарлар».
3-топ – 8 «в», «Көгершіндер».        
4-топ – 8 «г», «Патшалар».
2-кезең: «үй тапсырмасы».
1-жүргізуші: - Бұл кезең тапсырмасы бойынша әр топ белгілі 
бір ұлттың өнерін, салт-дәстүрін көрсетеді.   
2-жүргізуші: - Ортаға кезекпен топтарды шақырып, өнерлерін 
тамашалайық.
«Армандастар»  тобы  –  қазақ  халқының,  «Тұлпарлар»  тобы 
–  орыс  халқының,  «Көгершіндер»  тобы  –  неміс  халқының, 
«Патшалар» тобы – ағылшындардың салтын көрсетеді.

128
3-кезең: «Кім көп біледі?» викториналық сұрақтары.
1-жүргізуші:  -  Келесі  сайысымыз  –  «Кім  көп  біледі?».  Бұл 
сайыста қай топ тез әрі көп сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ 
жеңіске жетеді.
2-жүргізуші: 
- «Армандастар» тобына берілетін сұрақтар:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
2. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
3. ҚР рәміздерін ата. (ту, елтаңба, гимн)
4. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
5. Діни мерекелерді ата. (Ораза, Айт) 
1-жүргізуші: 
- «Тұлпарлар» тобының сұрақтары:
1. Қазақ әліпбиінде неше дыбыс бар? (37)
2. ҚР тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж. 16-желтоқсанда)
3. Лиро-эпостық жырларды ата («Қыз Жібек», «Еңлік- Кебек»)
4. Буын түрлерін ата. (ашық, бітеу, тұйық)
5. Салт – дәстүр түрлерін ата. (тұсау кесу, сүндет той, үйлену 
тойы, тілашар)
2-жүргізуші:
«Көгершіндер» тобының сұрақтары:
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
2. Қазақстанда неше облыс бар? (14)
3. Қазақстан егемендігін қашан алды? (1991 ж. 16 желтоқсанда)
4. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? (9)
5. Дауыссыз дыбыс түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
1-жүргізуші: 
- «Патшалар» тобының сұрақтары:
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
2.  Ұлттық  тағамдарды  атаңдар?  (бешбармақ,  бауырсақ,  қазы-
қарта)
3. Түйе сүтінен жасалатын сусын. (шұбат)
4. Мемлекеттік тілді білу кімнің парызы? ( Қазақстанда тұратын 

129
барлық халықтың)
5. Жалғаулардың түрлерін ата. (көптік, септік, жіктік, тәуелдік)
4-кезең: «Полиглот болғың келсе».
1-жүргізуші:  -  Бұл  кезеңде  сайыскерлер  қоржыннан  қима 
қағаздарды алып, онда берілген сөздерді қанша тіл білсе, сонша 
тілде айтады.
1-топ – воскресенье, утро, город, независимый.
2-топ – пятница, день, улица, народ.
3-топ – среда, вечер, проспект, Родина.
4-топ – понедельник, ночь, центр, государство.
5-кезең: «Капитандар сайысы».
2-жүргізуші:  -  Топ  басшыларын  ортаға  шақырамыз.  Олар  3 
минут  ішінде  берілген  сөз  тіркесінен  бірнеше  сөйлемдер  құрас-
тыруы керек:
«Армандастар» тобы – қазақ тілі.
«Тұлпарлар» тобы – орыс тілі.
«Көгершіндер» тобы – неміс тілі.
«Патшалар» тобы – ағылшын тілі.
6-кезең: «Мақал – мәтел білгірлері».
1-жүргізуші:  -  Бұл  кезеңде  сайыскерлер  берілген  тақырып 
бойынша көп мақал-мәтелдер айтуы керек.
1-топ – «Білім».      2-топ – «Еңбек».
3-топ – «Отан».      4- топ – «Тіл».
2-жүргізуші: - Осымен, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушы-
лар  сайысымыз  өз  мәресіне  жетті.  Ендігі  кезекте  әділқазылар 
алқасы жеңімпаздарды анықтасын.
1-жүргізуші:  -  Әділқазылар  алқасы  шешімін  шығарғанша         
10 «В» сынып қыздары «Достарым» әнін орындайды.
Марапаттау.  Барлық  оқушылармен  қол  ұстасып,  достық 
шеңберін құрып, «Армандастар» әнін орындаймыз.

130
Қапура ҚАЛИЯҚПАРҚЫЗЫ,
Коростели орта мектебінің мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Бородулиха ауданы.
СӨЗ САРДАРЫ – ЖІГІТ СҰЛТАНЫ
- Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата аналар! Бүгін 
ауылымызда  өтетін  «Жігіт  сұлтаны»  сайысына  қош  келдіңіздер! 
Бүгінгі мектеп оқушылары – ертеңгі ел қорғаушылар!
Тек  қана  білектің  күшіне  сенбей,  ақылы  мен  қайраты,  күш-
жігері мен зердесі бірдей мықты болуы тиіс.
Ата-баба дәстүрін жалғастыру, өз Отанын, жерін сүю, ана тілін, 
салтын  құрметтеу  мақсатында  мектебіміздің  бозбалаларының 
арасында  ұйымдастырылған  «Жігіт  сұлтаны»  байқауының 
бағдарламасымен таныс болыңыздар.
Жоспар: 1. «Мен – қазақтың баласы» (өзін-өзі таныстыру)
2. «Мақал – сөздің мәйегі» (мақал-мәтел жарысы)
3. «Шебер қолдар» (қамшыны өріп көрсету)
4. «Жігітке жеті өнер де аз» (спорттық сайыс, қол күрестіру)
5. Білімпаз. «Білімді мыңды жығады». Нөмірленген асықтағы 
сұрақтарға жауап беру.
6. «Батаменен ер көгерер» (әр қатысушы бата береді).
Біздің  бүгінгі  сайысымызда  жігіттердің  тек  қана  білек  күші 
ғана емес, ақылы мен тапқырлығы, өнері де сыналады.
Әділдікпен  әр  сайысты  бастайтын,  туралықтан  ешқашанда 
қашпайтын – төрешілер алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 
Сайысқа қатысатын әрбір оқушы реттік санын алады.
Жүргізуші: - 1. Жетер адам бақытына іздеген,
                            Ұл – мұрагер, бақытың ғой қыз деген!
                            Жігіттердің сайысын біз бастайық,
                            Қуанышын бөлісіңіз бізбенен.
Арайлап ата берсін ақ таң күліп,
Жүретін ұлымыз бар мақтан қылып.
Дәстүрлі іс-сәлемдесу сайысына,
Салайық салтанатпен аттандырып.
Мұғалім: - Сайысымыздың бірінші бөлімі – сәлемдесу, өзін-

131
өзі  таныстыру.  Ендеше,  бірінші  нөмірлі  сайыскерімізді  ортаға 
шақырайық  (Барлығы өзін таныстырады).
Жүргізуші: - 2. Шешендік, көсемдік бар тілімізде,
                            Оттылық, тектілік бар көзімізде.
                            Ұрпағымыз жаңа өмір, жаңа ғасыр,
                            Жарасып тұр үлгіміз, сәніміз де, -деп
«Мақал – сөздің мәйегі» сайысын бастаймыз.
Мұғалім: - Сайыскерлер мақал-мәтел айтудан жарысады.
Тақырыптары – ата-ана, білім, тәрбие, денсаулық. Әр жігіт бір 
тақырыпқа кем дегенде үш мақал айтуы керек.
3.  «Ата  көрген  –  оқ  жанар,  ана  көрген  –  тон  пішер»  деген 
бабалар.  Олай  болса,  сайыскерлердің  шеберлігін  байқасақ. 
Қамшыны өріп көрсету.
4.  «Жігітке  жеті  өнер  де  аз»  атты  кезеңге  де  келіп  жеттік. 
Қызықты спорт сайысын тамашалаңыздар. Қол күрестіру.
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік жігіттерді жарыстырып.
Жігіттің күштісі бар, мықтысы бар,
Жігіттер күш сынассын салыстырып!
5. Байқауымыздың келесі сыны «Білімді мыңды жығады» деп 
аталады. Нөмірленген асықтағы сұрақтарға жауап беру.
6. «Батаменен ер көгерер» сайысына орай, әр қатысушы бата 
береді.
Ықылас-ниет білдіру – әр адамға аманат.
Ата-баба дәстүрі – батаны біл, жамағат.
Мұғалім: - Барына риза болсын көрермендер,
                    Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
                    Осымен сайысымыз аяқталсын,
                   Қазылар берсін енді шын бағасын.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділілер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Осымен  наурыз  мерекесінің  құрметіне  арналған  «Жігіт 
сұлтаны» сайысымыз аяқталды.

132
Ұлыстың ұлы күні
Гүлнәр КӨШЕРБАЙҚЫЗЫ,
Приреченск орта мектебінің 
мұғалімі.
Павлодар облысы, 
Ақтоғай ауданы. 
ТІЛ БАЙЛЫҒЫ – НАУРЫЗ
(9-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың  сабақтас 
құрмалас  сөйлемнің  түрлерін  меңгеруіне  жұмыс  кеңістігін 
ұйымдастыру; дамытушылық – тіл мәдениетін дамыту; тәрбиелік 
  ұлттық    құндылықтарды  зерттеуге  ұмтылдыру,  бағалай  білуге 
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:  көрнекі  құралдар  топтамасы.  Құрал-жабдығы: 
мультимедиялық  кабинет,  әр  кезеңнен  соң  топтарды  бағалау 
жетондары,  тапсырмаларды  бағалау  өлшемдері,  әр  оқушының 
жұмысын  бағалау  картасы.  Педагогикалық  технология: 
жобалық  технология.  Түрі:  сайыс  сабағы.  Әдіс-тәсілдері:  сөз 
әдісі,  логикалық,  тәжірибелік,  проблемалық  іздендіру  әдістері, 
техникалық құралды пайдалану әдісі, көрнекілік әдіс. Пәнаралық 
байланыс:  бейнелеу  өнері,  информатика,  орыс  және  ағылшын 
тілдері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру  кезеңі:  сыныптағы  оқушыларды  түгелдеп, 
әр  кезеңнен  соң  топты  және  оқушыны  бағалау  ретімен  және 
өлшемдерімен таныстыру:
9-сынып  оқушыларының  қазақ  тілінен    бірін-бірі  /өзін-өзі/ 
бағалау картасы.
Тақырып
«3»
«4»
«5»
Ұпай
Баға
«Наурыз – 
жыл басы»
1
2
3
4
5
6 7
Аты-жөні
1.

133
Мотивация  кезеңі.  Миға  шабуыл:  Біздің  елімізде  жаңа  жыл 
неліктен екі рет тойланады? Наурыз  қажет пе еді? /тілдесім/
Қолдаймын
Қарсымын

2 күн демалыс беріледі.

Маңайымыз, үйіміз 
тазаланады.

Көңіл көтергенді ұнатамын.

Қазақтың салт-
дәстүрлерімен танысамыз.

... 

Наурыз тойы – қаражатты 
текке шашу.

Мал төлдеп жатқанда той 
тойлауға уақыт жетпейді.

Той – жалқаулардың кәсібі.

...
Операция  кезеңі.  1.  Ой  қозғау:  /тілдесім/  интербелсенді 
тақтадағы слайдта: Еуропаша жаңа жыл қашан тойланады? 
Жаңа жыл орысша, ағылшынша қалай аталады? /Новый год, 
New Year/
Орыстар мен ағылшындардың Қыдыр атасының аты кім? /Дед 
Мороз, Санта Клаус/
2. Мәтіндермен жұмыс: 
а) құлаққаппен тыңдау: /тыңдалым/ 
Hаppу  New Year!
Ағылшындар  жаңа  жылды  әр  түрлі  жағдайда  тойлайды. 
Адамдар өз отбасында жиналып, кешкі сағат сегізден таңертеңге 
дейін тойлайды немесе би залдарына барып, түні бойы билейді, 
демалады. Әдетте, үстелге жеңіл тамақтар қойылады: суытылған 
ет, самса, торттар, сусындар. Түннің ортасында Биг Бен парламент 
үйінен берілетін қоңырауды радиодан тыңдайды.
Жаңа  жылды  қарсы  алу  үшін  көп  адам  Пикадилли  алаңына 
жиналып, өлең айтады. Трафалгар алаңына да халықтар жиналады. 
Жаңа  жылда  адамдар  бір-біріне  мерекелік  құттықтау  хат  және 
сыйлықтар  жібереді.  Дәстүр  бойынша  адамдар  бір-біріне  Жаңа 
жылда уәде береді: шылым тартпауға, жыл бойы ерте тұруға...
ә)  микрофон  арқылы  оқығанын  жазып  алып,  құлаққаппен  өз 
дауысын тыңдау: /оқылым/
С новым годом!
Жаңа  жылды  біздің  елімізде  екі  рет  тойлайды.  Біріншісінде, 
жаңа  жылды  қыс  ортасында,  қатты  аязды  кезде  тойлайды. 

134
Көшелерге,  алаңдарға,  үйлерге,  дүкендерге,  саябақтарға, 
спорт  кешендеріне  шыршалар  орнатылады.  Оларға  түрлі-түсті 
ойыншықтар  іледі.  Жаңа  жылды,  әсіресе,  балалар  асыға  күтеді. 
Оларға  сыйлықтар  береді.  Бұл  күнді  адамдар  өз  отбасыларында 
немесе  достарымен,  туыстарымен  бірге  мерекелейді.  Үй  иелері 
қонақ  шақырады,  дастарханға  түрлі  тағамдар,  жеміс,  шырын, 
шараптар қояды. Балалар үлкендермен бірге шыршаны айнала би 
билеп, өлең айтып, ән салып, көңілді демалады. Бір-біріне жаңа 
жылда жұмыста табыс, өмірде бақыт және денсаулық тілейді.
б) Аналогия әдісі бойынша жаңа сөздерді пайдаланып, мәтін 
құрастыру: /жазылым/
Кілтті  сөздер:  ұлыс  күні,  жаңа  жыл,  күн  мен  түннің  теңесуі, 
тұрмыс  мейрамы,  тазалау,  бұлақтың  көзін  ашу,  наурыз  көже, 
Қыдыр  ата,  ақ  бата  беру,  құттықтау,    ән  айту,  ойын-сауық  құру, 
алтыбақан орнату, жамбы ату, бәйгеге қатысу, көкпар ойнау.
Балалар құрастырған мәтін:
Жаңа жылмен! 
Жаңа  жылды  біздің  елімізде  екі  рет  тойлайды.  Екіншісі  – 
көктемнің басы, күн мен түннің теңелген күні, наурыздың 22-сінде 
тойланады. Бұл күнді дүние жүзінің мұсылмандары «Жыл басы, 
Жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Наурыз тойында жақсы 
киініп,  салт  атқа  мініп,  жақын  адамдар  бірін-бірі  құттықтайды. 
Бұл күні әр үйдің дастарханында наурыз көже болу керек. Наурыз 
көжені су мен тұздан басқа ет, қамыр, сүт, айран, құрт, тары, бидай 
сияқты жеті түрлі азық қосып пісіреді. Наурыз көжені ішкен соң: 
«Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Дастарқаның бай болсын!» - 
деп үлкендер бата береді. Наурыз – жыл басы, салт-дәстүрімізді 
еске алатын күн.   
3. Сергіту сәті. Наурыз ұрандарын еске түсіру: /айтылым/
Наурыз құтты болсын!
Наурыз құт әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ұлыс береке берсін!

135
Құт-береке мейрамы – Наурыз жасасын!
Жыл басы – Ұлыс тойы жасасын!
4.  Үй  жұмысын  тексеру:  әр  топ    жоспарымен  таныстырып, 
өз  буклетін  қорғайды  /буклет  мәтінінде  бір  құрмалас  сөйлем 
болуы  –  шарт/,  құрмалас  сөйлемді  талдайды:  әр  компоненттің 
грамматикалық  негізін  тауып,  астын  белгілеп,  сызбасын 
сызады,  бағыныңқы  сөйлеміне  сұрақ  жолдап,  түрін  анықтайды, 
мүмкіндігінше, салалас құрмалас сөйлемге айналдырады.
                                              қайтсе?
Үлгі: «Бұл күні жаңбыр жауса, жыл сәтті болады» деген ырым 
бар.
        қайтсе?
(---- ===са),  [---- ===].
(шартты бағыныңқылы сабақтас қ. с.)
Бұл күні жаңбыр жауды, сондықтан жыл сәтті болады.
        неліктен?
[----  ===],    [---- ===].
(себеп-салдар салалас қ. с.)
5. Семантикалық картамен жұмыс: 
Сабақтас құрмалас сөйлемді сипаттау картасы
Зерттеу обьектісі
Шар
тты   бағ-лы
Қарсылықты бағ-лы
М
езгіл  бағ-лы
С
еб
еп   бағ-лы
Мақс
ат  бағ-лы
Қимыл-сын бағ-лы
Наурызды жақсы қарсы алсаң, Қыдыр 
ата келеді. 
Қанша тырыссам да, наурыз көжені 
тауысып ішкізе алмадым.
Наурыз көжені дайындап болғанда, 
қонақ та келіп жетті.

136
Наурыз – тойда әдемі болу үшін әдейі 
ұлттық киім тіктірдім.
Алтыбақан құрғандықтан, жастар 
біздің айналамыздан шықпады.
Күн мен түн теңесіп, Наурыз да келді.
6.  Презентацияларды,  қабырға  газеттер  мазмұнын  талқылау: 
оқу  тақырыбының  мәселе  тудырушы  сұрақтарын  құрастыру, 
жинақтаған материалдарын тексеру. Үлгі:
І топ:
•  Шығыс  елдерінде  жыл  басы  неліктен  наурыздың  22-сінде 
тойланады? 
•  Наурыз тойға басқа ұлт өкілдері қай елдің ұлттық киімін киюі 
тиіс? 
ІІ топ:
•  Қазақстандықтар жаңа жылды тек наурыз айында ғана тойлауы 
керек пе?
•  Наурызкөжеге  жеті  компоненттен  артық  азық  салса,  не 
өзгереді?
ІІІ топ:
•  Наурыз баталарын кім ойлап шығарған?
•   Алтыбақанды неліктен тек жастар ұнатады?
Рефлексия
7. Мұғалім презентациясының жоспарын еске түсіру:
•  Ұйымдастыру.
•  Ақпарат жинақтау /кітапхана, мұражай, интернет/
•  Талдау, сұрыптау.
•  Зерттеу нәтижесін жариялау.
•  Ғылыми конференция.
•  Осы жоспардың қай кезеңдерін өттік, қазір қай тұсындамыз?
•  Тестілеу:
Топ  ішінде  жұмыс  нәтижелерін  талқылап,  бір-бірін  /өз-өзін 
бағалайды.

137
үйге тапсырма
1. Қабырға газеттерін қорғауға дайындалу.
Бағалау өлшемдерін еске салу:
•  Мазмұны.
•  Ғылымилығы.
•  Рәсімделуі.
•  Сөйлеу мәнері.
•  Сауаттылығы.
2. Қонақтарына буклет тарату;
3. Наурыз баталарын жаттап келу;
№1 қосымша.
Әр тапсырманың бағалау өлшемдері мен берілетін уақыты:

Талаптары 
Берілетін 
уақыт
1 ұпай
0,5 ұпай
0,25 ұпай
1
Дұрыс, толық, 
сауатты  айтылса.
Дұрыс, толық 
айтылса.
Дұрыс айтылса.
2-3 мин
2
1-мәтінді 
дұрыс оқыса, 
2-мәтінді дұрыс 
құрастырса, 
сауатты жазса.
1-мәтінді 
дұрыс оқыса, 
2-мәтінді 
дұрыс 
құрастырса.
1-мәтінді дұрыс 
оқыса.
10 мин
3
Жатқа 7 ұран 
айтса.
Жатқа 3-4 ұран 
айтса.
Жатқа 1-2 ұран 
айтса.
3-4  мин
4
Жоспары дұрыс 
құрастырылып, 
буклеті дайын 
болса, құрмалас 
сөйлемін дұрыс 
талдаса, оны 
салалас сөйлемге 
айналдырса.
Жоспары 
дұрыс 
құрастырылып, 
буклеті 
дайын болса, 
құрмалас 
сөйлемін 
дұрыс талдаса.
Жоспары дұрыс 
құрастырылып, 
буклеті дайын 
болса.
7 мин
5
5-6 дұрыс жауап
3-4 дұрыс 
жауап.
1-2 дұрыс жауап
1-2 мин
6
Жоба / газет 80% 
дайын болса, 
мәселе тудырушы 
сұрақ өзекті 
болса.
Жоба / газет 
70% дайын 
болса, мәселе 
тудырушы 
сұрақ дұрыс 
құрастырылса.
Жоба / газет 
50-60% дайын 
болса, мәселе 
тудырушы сұрақ 
құрастырылса.
6-7  мин
7
«+» 7 жауап 
«+» 4-5 жауап 
«+» 2-3 жауап 
2-3 мин

138
Айгүл АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,
Шығыс  Қазақстан облысының 
Риддер қаласындағы
«№3 орта мектебі»
мемлекеттік мекемесінің мұғалімі.
СӨЙЛЕТЕДІ НАУРЫЗ – КӨКТЕМ!
Мақсаты:  білімділік  –  Наурыз  мерекесі    туралы    бастауыш  
сынып  оқушыларына  кең  мағлұмат  беру.  Саналарында  наурыз 
–  жылдың,  көктемнің  басы  деген  ұғымды  бекіту.  Наурыздың 
мерекеленуі,  наурыздың  салт-дәстүрі,  дастарханы  туралы 
көрнекілік,  сахналық  мағлұмат  беру;  дамытушылық  – 
оқушылардың    танымдық,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту, 
шығармашылық  қабілеттерін  шыңдау;  тәрбиелік  –  қазақтың 
мерекелеріне, тіліне, тарихына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік 
сезімдерін ояту, халықтың әдет-ғұрпын, өнерін құрметтеуге баулу.
Көрнекілік:  мерекелік  түрлі-түсті  суреттер,  «Наурыз  –  жаңа 
күн.  Наурыз  –  жыл  басы.  Құттықтаймыз!  сөздері  жазылған 
плакаттар,  ұлттық  тағамдар,    ұлттық  киім  киген  қатысушылар, 
дәнді  дақылдарға  толы  ыдыс-аяқ,  наурыз  көже,  бауырсақтар, 
шелпектер, кәмпиттер.
Мұғалім:  -  Қайырлы  күн!  Құрметті  қонақтар,  мұғалімдер, 
оқушылар!
- Добрый  день, дорогие гости, учителя, ученики! Я поздравляю 
Вас  с  наступающим  праздником  –  Наурыз.  Желаю  всем  Вам 
крепкого  здоровья,  голубого  мирного  неба  над  головой,  счастья 
вашим семьям, успехов во всех ваших благих начинаниях!
Уважаемые первоклассники, 22-марта у нас в Казахстане, но и 
не только в Казахстане и в других восточных странах проводится 
очень известный праздник – Наурыз мерекесі. Сегодня  я   хотела 
бы вас познакомить с этим праздником, показать,как его встречает, 
какие традиции соблюдает казахский народ.Вы будете не просто 
зрителями, а  активными участниками. Вам предстоит  показать, 

139
что вы  хорошо изучаете казахский язык, понимаете его, можете 
ответить на вопросы, правильно произносите казахские слова. Я 
думаю,  что  родители,  сидящие  здесь  порадуются  за  вас.  Будьте 
очень внимательны, в конце мероприятия я обязательно спрошу, 
что вы запомнили из услышанного и увиденного.
-  И  так,  ребята,  праздник  начинается.  Ваше  выступление  на 
сегодняшнем празднике – это ваши ответы.
Мұғалім төмендегідей сұрақтар қояды:
1. Қазір қандай жыл мезгілі? – Қазір көктем мезгілі.
2.  Көктемнің  қандай  айлары  бар?  –  Көктем  айлары:  наурыз, 
сәуір, мамыр.
3. Қазір қандай ай? – Қазір наурыз айы.
4.  Наурызда  қандай  мерекелер  бар?  -  Наурызда  8  наурыз,                   
22 наурыз мерекелері бар.   
5.  Бүгін  қандай  мереке  болады?  –  Бүгін  Наурыз  мерекесі 
болады.
-Жарайсыңдар,  балалар!  Вы  мне  очень  помогли  начать 
праздник. И так, внимательно слушаем  ведущего.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет