Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен



жүктеу 3.57 Kb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата09.09.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Білімді жүйелеу сабағы
Сабақтың тақырыбы: Әй, осы септіктер-ай! 

103
Сабақтың мақсаты:
1. «Септіктер» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін 
пысықтау,  дүниетанымын  кеңейту,  өз  ойларын  тиянақты 
жеткізе білуге дағдыландыру;
2.  Оқушылардың  логикалық  ойлау  және  сөйлеу 
қабілеттерін  дамыту.  Сабаққа  деген  қызығушылығын 
арттыра отырып, белсенділігін дамыту;
3.  Тілге,  елге,  туған  жерге  деген  сүйіспеншілікке 
тәрбиелеу.  Қазақтың  мақал-мәтелдерінің  тәрбиелік  бағыт-
бағдарын оқушы бойына дарыту.
Түрі: ойын - сабақ.
Көрнекілігі:  септіктердің    тірек-схемасы,    үнтаспа, 
үлестірмелі кәртішкелер, суреттер.
Сабақтың барысы:
Қазақ тілі грамматикасының ең бір күрделі тарауы - «Зат 
есімнің септік жалғаулары» туралы толық мағлұмат алдық. 
Енді  осы  алған  білімдерімізді  жинақтап,  жүйелеп,  ойын 
сабағы түрінде қорытындылайық. Сыныпты екі топқа бөліп 
ойнаймыз.  Ең  алдымен  септіктерге  сөз  берейік  (бірнеше 
оқушы ортаға шығып, септік жайлы жинаған мәліметтерін 
айтып береді).
I гейм: «Ойлан, тап».
-  Қазір  септіктерге  арналған  тақпақ  тыңдайсыңдар, 
сол  тақпақта  қай  сөздің  септеліп  тұрғанын  тауып,  айтып 
беріңдер.
 Барлығыңа үлгі болар қарап тұр,
 Байсалды да, ақылды да Марат бұл. 
 Жеке басым ең алдымен Мараттың 
 Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым. 
 Сенбейсің бе, күнделікте парақта 
 Талай бестік қойылыпты Маратқа. 
 Батыл емес дей алмаймын Маратты,
 Сол үйретті ауылдағы бар атты. 

104
Алғыссыз күн болған емес Маратта, 
Жетеді онда ынта-жігер, талап та.
II гейм: «Сиқырлы қоржын».
Қоржынның  ішінде  нөмірленген  асықтар  бар.  Соларға 
сәйкес сұрақтар берілген. Сұрақтардың үлгілері мынадай:
1. Ахмет Байтұрсынұлы  туралы  «Өнер, білім, саясат жо-
лындағы  қажымаған  қайратын  -  біз  ұмытқанда  да,  тарих 
ұмытпайтын істер» - деп айтқан жазушы кім?
2.  Мына  сөйлемнің  аудармасын  тап:  «Весной  птицы 
прилетают с теплого края».
3.  Мына  сөйлемнен  септік  жалғауы  жалғанып  тұрған 
сөздерді  тауып,  қай  септік  екенін  ата:  Мен  -  қазақпын, 
жаныммен, жүрегіммен.
III гейм: «Күрең жылқы».
Үнтаспадан  Құрманғазының  «Балбырауын»  күйі 
тыңдалынады. Әр топ мүшелері қағазға күйдің атын, оның 
авторын дұрыс тауып жазу керек.
ІV гейм: «Өнер алды - қызыл тіл».
Топқа мақал-мәтелдер беріледі. Ондағы кейбір сөздердің 
жалғаулары  жоқ.  Сол  сөздердің  дұрыс  жалғауын  тауып, 
мақал-мәтелді  орысшаға  және  ағылшыншаға  аудару  керек. 
Мысалы: Күш-білім...
Білім - кітап...
Мұндағы  жазылмаған  жалғау  де  және  та  сөздерді  орыс 
және ағылшын тіліне аударады. (4-5 мақал беріледі).
V гейм: «Ой шақыру».
Екі топқа сөздерінің орындары ауыстырып мәтін беріледі. 
Мәтінді  дұрыс  құрастырып,  оған  ат  қою  керек.  (Мәтін  өз 
туған жеріне және Қазақстанға байланысты алынады).
VІ гейм: «Кім тапқыр?»
Екі  топқа  конверт  беріледі.  Оның  ішінде  қиылған 
суреттер бар. Әр суреттің артына сөз тіркестері жазылған. 
Сөздердің қай септікте тұрғанын дұрыс тауып, сол суретті 

105
екінші  бір  қағазға  жазылған  септіктің  үстіне  жинау  қажет. 
Егер әр сөз тіркесі өз септігін дұрыс тауып орнына қойса, 
қиылған  суреттер  дұрыс  қалпына  келеді.  Топқа  1  минут 
уақыт беріледі.
Осындай  тапсырмаларды  орындау  барысында  әр 
оқушының  қабілеті  танылып,  білімі  терең,  ойларының 
ұшқырлығы, шешімді тез қабылдайтыны байқалады.
Сабақты қорытындылау, бағалау.
Жалпы қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынандай 
мақсаттарда қолдану тиімді:
1.  Әліпбиді дұрыс меңгерту;
2.  Орфографияны дұрыс оқыту;
3.  Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;
4.  Лексиканы игерту;
5.  Морфологияны игерту;
6.  Грамматикалық құрылысты игерту;
7.  Оқушының  ойын  дамыту,  яғни,  дұрыс  жазу,  дұрыс 
айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Ойын  шартын  жете  білу  аса  қажет,  оны  екі  ұшты 
түсіндіруден аулақ болған жөн. Оқушы ойынның үстінде не 
соңында өзінің белсенді қатысуына қарай әр түрлі баға алуы 
мүмкін. Мұғалім оқушыға ойында жеңгені үшін баға қоюы 
тиіс.
Ойын  кезінде  жеңген  оқушыға  жануардың  суретін,  ал 
жоғарғы  сыныптар  үшін  шар  сияқты  белгілерді  тапсыруға 
болады.  Оны  оқушы  дәптеріне  жасырып  қояды  немесе  әр 
оқушының фамилиясының тұсына белгі ретінде қойылады. 
Енді, қолданылатын ойын түрлеріне тоқталайық.
Фонетиканы  оқытып,  үйретуге  байланысты  кейбір 
ойын түрлері:
Мысалы:
1. «Әріптердің орны қайда?» ойынға қажетті материалдар:
кәртішкеге  жазылған  әріптер  не  дыбыстар.  Ойынның 

106
мақсаты:  әріптерді  әліпби  тәртібі  ретімен  қою,  дұрыс 
құрастыру.  Кімде-кім  әріптерді  әліпби  бойынша  дұрыс 
қойып шықса, сол оқушы жеңген болып саналады. Оқушылар 
дәптерлеріне әріптерді мына тәртіппен жазып шығады: А, Ә, 
Б, В, Г, Д.
II.  «Әріптерді  дұрыс  тәртіппен  қой»  (орналастыру 
ойыны). Ойынға қажетті материалдар: жапсырылған немесе 
қолдан  салынған  суреттері  бар  кәртішкелер  және  олардың 
жанына сол суреттердің аттарын құрайтын әріптердің тобы 
беріледі.
Ойынның мақсаты: оқушы кәртішкедегі суреттің атын 
білдіретін сөзді құрастырып айтуы керек.
III.  Кәртішкеде  көрсетілген  әріптен  басталатын 
сөздерді табу ойыны. Қажетті материалдар: кәртішкелер. 
Ойынның  мақсаты:  оқушы  бастапқы  әріпке  қарап, 
кәртішкедегі  немесе  кестедегі  бейнеленген  заттың  атын 
сөзбен атауы қажет.
ІV.  «Тізбек  ойыны»  барлық  әріптерді  өткеннен  кейін, 
қайталау  сабағында  жүргізуге  болады.  Ойынның  шарты: 
ойын жүргізуші кез келген бір сөзді айтады, ал келесі оқушы 
сол келтірілген соңғы әрпінен басталатын сөзді тауып айтуы 
қажет.
Мысалы, бақша - ана - Асхат - тарақ - қалам, т.б.
Берілген  уақытта  ең  көп  сөз  атаған  оқушы  жеңімпаз 
атанады.
V. Метаграмма  құру  ойыны.
Мақсаты: фонетикадан алған білімдерін тексере отырып, 
сөздік қорын байыту. Мысалы:
1.бал -....ал;                             1. мед - возьми;
2.  бай -... ай;                                 2. богатый - луна;
3. бас -...ас;                             3. голова - пища. 
Тағы  басқа  да  баланың  ойын  дамытуға  байланысты 
көптеген ойын түрлерін қолдануға, пайдалануға болады.

107
Жаңа сабақты қорыту немесе үй тапсырмасын пысықтау 
мақсатында ойынның кез келген түрін қолдану өте тиімді. 
Егер  алынған  ойындар  күнделікті  өтілген  немесе  өтілетін 
сабақтың тақырыбына сай болса, яғни, байланысты алынса, 
ол  оқушылардың  сөздік  қорларын  дамытып  қана  қоймай, 
олардың білімдерін, жан-жақты түсініктерін молайтады.
Сабақта    жағымды  атмосфера  туғызу  мақсатында  кез 
келген  грамматикалық  жаттығуды  ойынға  айналдыруға 
болады.  Ол  оқушының  ойлау  іс-әрекетіне  қажетті 
физиологиялық қалып, күй дағдыларын қалыптастырады.
Мысалы:  «Кім  жылдам?»,  «Кім  тез?»,  «Кім  көп  сөз 
біледі?», «Не жоғалттым?», «Жалғасын айт» ойындарын 
орындалатын  жаттығу  барысында  ойнатуға  болады.  Ал,  
сөзжұмбақ, викториналық сұрақтар, ребус шешу, диаграмма 
толтыру  сабақтың  арнаулы  бір  бөлігіне  арналады.  Осы 
тақырыптағы  ойын  элементтері  алдын-ала  дайындықты 
қажет  етеді.  Мұғалім  ойынның  алатын  уақытын,  қажетті 
материалдарды қолдану әдістерін дұрыс қолдануды ескеруі 
қажет.
Орыс  мектептерінде  қазақ  тілі  сабағында  ойналатын 
ойындарды  оқушыларды  топқа  бөліп  ойнатуға  болады. 
Сонымен  қатар  ойындарды  грамматиканың  салаларына 
негіздеп, дыбыстық, сөздік құрал, синтаксис салаларына да 
бөлуге болады. Фонетикаға байланысты «Әріп таңдау», «Бір 
әрібін  ғана  өзгерт»,  «Әріп  қысқарса»,  «Әрі  оқу,  әрі  ойын» 
деген ойындарды алуға, морфологияға байланысты «Кім көп 
сөз айтады?», «Ұқсас сөздер ойыны», «Дұрыс қайтала», «Не 
жоғалттым?», «Сөздік доп» және т.б.
Лексикаға  байланысты  «Ол  кім?»,  «Сыңарын  тап», 
«Менің  портретімді  жаса»,  «Білгірлер»,  «Полиглот»  және 
т.б.
«Қатесін  тап»,  «Бәйге»,  «Көкпар»,  «Алтыбақан», 
«Қоржын»  ойындарының    оқушылардың  салт-дәстүрлер 

108
туралы түсініктерін молайтуда әсері өте үлкен.
Енді,  осы  аталған  ойындарға  жеке  тоқталып,  қалай 
ойналатынын айта кетсек:
Бәйге
Бұл  ойынды  өтілген  мәтін  бойынша  жүргізуге  болады. 
Мәтіннің соңында қойылатын сұраққа белгіленген уақытта 
үлгеріп жауап беру керек немесе өткен материалды қайталау 
ретінде  лексика-грамматикалық  сұрақтардың  бәрін  алуға 
болады.    1    минутқа  5-10  сұрақ  алуға  болады.  Уақыт 
оқушылардың деңгейіне қарай алынады.
Көкпар
Әр  қатарда  отырған  оқушыларға  мақалдың  тақырыбы 
айтылады  (Отан,  еңбек,  достық,  білім,  кітап  және  т.б.). 
Тоқтамай айтқан оқушы бағаланады.
«Алтыбақан» ойыны - сөздердің басқы әріптері қағаздың 
екі жағына жазылып, қай жағы тез көп сөз құраса, сол топ 
жеңіске жетеді.
«Қоржын»  ойыны  қоржыннан  сөздерді  алу  арқылы 
ойналады. Таңдап алған сөздер арқылы сұхбат құру. Немесе 
мамандық  атаулары  жазылып,  сол  мамандық  туралы  мәтін 
құрау.
Полиглот
Бір  сөйлем  оқылады.  Керекті  сөзді  тауып,  орнына  қою 
және сол сөздің басқа тілдердегі баламасын айту.
Мысалы:  Бүгін  сабақта  1  оқушы  жоқ.  Жоқ  -  нет  (өзі 
білетін басқа тілдерде айту)
а) 1 минутта кім көп сөз жаза алады?
    1 -тапсырма. Адамның дене мүшелері.
    2-тапсырма. Аудиторияда нелер бар?
    3-тапсырма. Қазақ ақын-жазушылары.
    4-тапсырма. Қазақтың салт-дәстүрлері.
    5-тапсырма. Ұлттық ойындар.
Қатесін тап
Тақтаға  екі  сөйлем  жазылады.  Оқушылар  сөйлемнің 

109
қатесін табулары керек.
Мың бір мақал
Кеспе қағаздарға мақал-мәтелдердің тақырыбы жазылған. 
Бір-бірлеп  алып  2-3  мақал  айту  керек.  Ұпай  қою  арқылы 
қорытындылады.  Немесе  тақтаға  мақалдардың  тақырыбы 
жазылады (Отан, еңбек, білім, дос, т.б.). Содан таңдап алып, 
айтып шығу.
«Кім  көп  сөз  айтады?»  немесе  с  әрпінен  басталатын 
тамақ аттары, б әрпінен басталатын тамақ аттарын ата.
Қ - Қазақстан, қала, қалам, қарындас, Қарағанды, қасық, 
қарындаш.
Ол кім?
Сын есімге байланысты адамның сыртқы пішінін, мінезін 
суреттеу. Суреттелген адамды дұрыс табу.
«Сөздік  доп».    Қазақша-орысша  сөздікті  тексеру 
барысында ойналады.
Әріп қысқарса.
Қызық болар лезде Түсіп қалса сөзде әріп. Мағына да сол 
кезде Шыға келер өзгеріп:
палау
қанар
жолақ
алау
анар
олақ
лау
нар
лақ      
ау
ар
ақ
у
дауыс
қатаң
самал
әкел
ауыс
атаң
амал
кел
уыс
таң
мал
ел
ыс
аң
ақ
«Қай сөз дұрыс» ойыны. Қажетті материал: кәртішкеде 
дұрыс және қате жазылған сөздерді береміз.

110
Ойынның  мақсаты:  алдымен  дұрыс  жазылған  сөздерді 
тауып жазу, сонан соң қате жазылған сөздерді жазу.
Ана,  үлкен,  күн,  дала,  құлан,  әже,  жеті,  дұрыс,  сурет 
мұғалім, білім, әсем, жұмбақ, дәптер, ойын, кітап.
Ойын түрлері оқушының зейінін, қабілетін дамыту үшін 
өте пайдалы.
Осындай  ойын  түрлері  қазақ  тілінен  тиянақты  білім 
беруге,  оқушылардың  барлық  назарын  аударуға  септігін 
тигізеді.  Ойын  барысында  мақал-мәтелдердің,  жұмбақтар 
мен  жаңылтпаштардың  берілуі  оқушыларды  тәрбиелеуге 
ықпал етеді, тигізетін пайдасы өте зор.
3.  Тіл  дамыту  жұмыстарында  компьютерлік 
бағдарламаны қолдану.
Қазақ  тілін  орыс  аудиториясында  оқытуда  техникалық 
құралдарды  пайдаланудың  маңызы  ерекше.  Қазіргі 
кезеңде  көбінесе  үнтаспа,  бейнетаспа  және  компьютер 
қолданылады.  Мультимедиалық  арнайы  сыныптарда  сабақ 
жүргізу оқушыларды қатты қызықтырады, тілінің дамуына 
әсер  етеді.  Біз  сабақта  қолданып  жүрген  мультимедиалық 
бағдарламада  25  негізгі  тақырып  бар.  Мысалы:  «Менің 
отбасым»,  «Туған  жер»,  «Көлікте»,  «Қалада»,  «Қонақта», 
т.б.
Бағдарламаның  негізгі  бағыты  оқушының  өз  бетімен 
жұмыс  жасауына  және  тілді  меңгеруіне  негізделген. 
Оқушы  тақырыпты,  тапсырмалардың  түрін,  орындау 
ретін  өзі  таңдайды.  Бағдарлама  тапсырманың  дұрыс  және 
бұрыстығын өзі тексеріп, бақылап отырады.
Қорғау  барысында  мультимедиалық  бағдарламаның  бір 
тақырыбы үлгі ретінде көрсетіледі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі де - өзге де ғылымдар саласы 
сияқты жыл сайын талдаумен, жетіле түсумен келе жатқан 
ғылым.  Қазір  оқу  орындарының  қай-қайсында  да  оқыту 
әдістері, принциптері жаңарумен, бүгінгі өмір өзгерістерімен 
байланысты жаңа түр, мазмұнға бейімделуімен ерекшелене 

111
бастады.  Осыған  орай  ана  тілінен  білім  беру  мәселесі 
бұрынғыдай  алдыңғы  қатарлы  мұғалімдердің  тиімді 
тәжірибелерін  кең  пайдаланумен  бірге,  шығармашылық 
ізденістерге айрықша көңіл аударуды талап етіп отыр.
Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз 
белгісі.  Ұлттық  мәдениеттің  гүлденуі  мен  адамдардың 
тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың 
өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің 
кеңеюіне тығыз байланысты.
Атап айтқанда, тіл - кез келген ұлттың тарихи субъектісі 
ретінде  өмір  сүруінің  ең  алғашқы  шарттарының  бірі. 
Профессор С.Аманжолов: «Қазақ тілін орыс мектептерінен 
және жоғары оқу орындарынан, орыс топтарынан алып тастау 
өрескел  қате,  қазақтың  ұлттық  тілін  өрескел  бұрмалаудың 
бір түрі болып табылады» - деп айтқан.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Н.Оралбаева,  К.Жақсылықова.  Орыс  тіліндегі 
мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1996.
2. Н.Оралбаева. Қазақ тілін үйренеміз. Алматы, 1989.
3. С.Әбдіғалиев. Неміс тілін оқытудың негіздері. А, 1992.
4.  Б.Құлмағанбетова.  Қазақ  тілі  сабағында  техникалық 
құралдарды пайдалану. Алматы, 1984.
5. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. №2, 3, 6, 7, 
9,10. 2002.
6. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. № 4, 8, 9,11,12. 
2003.
7.  Ж.Нұржанова.  Қазақ  тілін  тиімді  оқыту  жолдары. 
Алматы, 2001.
8.  Ж.Адамбаева.  Орыс   мектебінің   бастауыш  сыныпта-
рында тіл дамыту. Алматы, 2002.
9. Б.Құлмағанбетова. Қазақ тілін үйренушілерге көмекші 
құрал. Алматы: Рауан, 1990.
10. Р.Г.Лемберг. Оқыту әдістері. Алматы, 1958.

112
11.  Д.Әлімжанов,  Ы.Маманов.  Қазақ  тілін  оқыту 
методикасы. Алматы, 1965.
12. Қазақстан мектебі. № 5. 2001.
13.  Ы.Маманов.  Орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  оқыту. 
Алматы, 1977.
14.  Г.Мыңбаева.  Орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  оқыту 
жөнінде инструкциялық-методикалық нұсқаулар. А., 1965.
15. Орыс кластарында қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. 
Методикалық нұсқау. Алматы, 1990.
16.  Н.И.Гиз.  Методика  обучения  иностранным  языкам.  
Москва, 1982.
17. К.М.Головина. Күнделікті қолдануға қажетті орысша-
қазақша тілашар. Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2002.
18.  К.М.Головина.  Орыс  тілді  аудиторияда  қазақ  тілін 
оқытуда жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары. 
// А. Байтұрсынұлы тағылымы. Қарағанды, 2003.
19. Мультимедиалық бағдарлама.
   
   
 
С.ҚОНЫСБАЕВА,
Ақтау қаласындағы
КМТжИУ-дың оқытушысы,
филология ғылымдарының кандидаты.
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА 
ҒЫЛЫМИ-ӘДЕБИ ОҚУЛЫҚТАРДЫ 
ҚОЛДАНУ 
Жоғарғы оқу орындарында шет тілдерін оқыту мәселесі 
- өзекті мәселенің бірі болып табылады. Қазіргі акпараттық 
әдістің өрлеуіне байланысты оқытудың жаңа технологиясына 
қойылатын талаптар баршылық. Шетел тілін жақсы меңгеру 
мақсатында  жоғарғы  оқу  орындарында  тек  ғана  лексика, 

113
грамматика, фонетика саласына қоса ғылыми әдебиеттерді 
қолдану әдісін пайдалану керек екендігі әбден дұрыс. 
Шетел  тілін  оқытудың  негізгі  мәселесіне  ғалымдар, 
педагог-практиктер  көп  көңіл  бөліп,  осы  мәселені  ортаға 
салуда.  Ғылыми  әдебиеттерде  арнайы  оқылатын  шетел 
тілінің мамандары үшін барлық оқу пәндерінің, соның ішінде 
«Елтану»,  «Лексикология»,  «Стилистика»,  «Үйдегі  оқу», 
т.б.  пәндердің  маңыздылығы  бар.  Сонымен  қатар,  «Газет-
пресс»  сабағында  ғылыми  мақалалардың  маңыздылығын 
талқылауға болады. Мұндағы негізгі мақсат – студенттердің 
жан-жақты  ой-өрісінің  кеңеюін  және  түрлі  ғылыми,  әдеби 
мақалаларды оқып, аударып жұмыс жасауына зор мүмкіндік 
туғызады.
Шет тілінде оқыту мақсатында студенттер көп мәселеге 
байланысты  сабақтың  маңызды  болуына  көңіл  бөледі. 
Жоғарғы  оқу  орындарында  оқитын  студенттер  ғылыми 
мәтіндерді  толық,  дәл  түсіне  бермейді.  Ол  үшін  көптеген 
әдіскерлердің ойларына мән беру қажет. Ғылыми мәтіндердің 
логикалық 
қисындылығының, 
байланыстылығының 
сақталуына көңіл бөлу қажет;
-  берілген  жағдайда  қолданылатын  тіл  құралдарының 
сәйкестілігінің болуы;
- ситуацияның шынайы болуы;
-  мәдени  ерекшеліктердің  және  ұлттық  менталитеттің 
бейнеленуі.
Осылайша оқулық авторлары мен мұғалімдердің ғылыми 
оқулықтарды жеңілдетілуіне рұқсат етіледі. Әрбір шет елдің 
ғалымдарының негізгі мақсаты шетел тілінің дүниежүзілік 
маңыздылығына  ықпал  ету.  Шетел  тілінде  дәріс  оқығанда  
көбінесе  ғылыми  әдебиеттерге  сүйенген  жөн.  Себебі, 
ғылыми  әдебиеттер  біздің  студенттеріміздің  ой-өрісінің 
жан-жақты  дамуына    мүмкін  жағдайлар  жасап,  тіліміздің 
дамуына, т.б. әсер етеді.

114
Жоғарғы  техникалық  оқу  орындарында  шетел  тілін 
оқыту  жалпы  арнайы  пәннің  оқытылуынан  анағұрлым 
жеңіл.  Шетел  тілінің  түрлі  әдістерін  қолдану  нәтижесінде 
ғылыми  тұрғыдан  оқыту  –  студенттерге  түрлі  техникалық 
терминдерді түсіндіру, сөздіктермен жұмыс жасау әдістерін 
меңгеру қажет. Көбінесе тілдік емес мамандықтардың шет 
тілін  үйренуі  үшін  ғылыми  әдебиеттердің,  соның  ішінде 
грамматика, лексикалық жағынан оқыту пайдалы.
Техникалық  оқу  орындарында  профессионалдық 
білім  алу,  шет  тілінің  әдебиеттері  ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттерімен  жұмыс  жасау  көп  бағытта  пайда  тигізеді.
Мәтіндік тапсырмаларда жаңа сөздіктерді үйрену, жазбаша 
жұмыс жасау әдістерін үйренуге мүмкіндіктер бар. Сонымен 
қатар,  диалогтық  әдіс  профессионалдық  лексиканы 
кеңінен қолдануға әсер етеді. Қазіргі таңда тілдік емес оқу 
орындарында  шет  тілін  оқытудың  арнайы  бағдарламасы 
бар.  Бұл  бағдарламада  студент  білуге  қажетті  мәселелер: 
мамандық  бойынша  ғылыми  әдебиет,  оқулықтағы  керекті 
ақпараттар,  әңгімелер  жүргізу,  шетел  тілінде  түсіну 
мәселелері  жасақталған.  Көптеген  ғалымдардың  пікіріне 
сүйенсек,  студентке  сөйлеу  әрекетін  ғылыми  әдістермен 
қалыптастырудың  жолдарын  білу,  олардың  сатылап 
күрделенуін  ескеру  қажет.  Ғалымдардың  ой-пікіріне 
қарасақ,  ғылыми-әдеби  оқулықтармен    үнемі  жұмыс 
жасау  талаптарының  қойылуы  қажет.  Ғылыми  әдебиеттер 
тартымды  болғанын  қадағалап,  ондағы  жаттығулардың  
сапасын  арттырып,  тілді  тез  үйрену  үшін  қолайлы  жағдай 
жасалу  керек.  Тілдік  жаттығулар  тілдік  материалды 
меңгеруге  арналады.  Сөйлеу  жаттығулары  сөйлеуге,  өз 
ойын  басқаға  жеткізуге,  жаттықтыруға  арналады.  Сөйлеу 
жаттығуларының  басты  мақсаты  –  тілді  меңгеруге  сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Оқыту  процесінде  қолданылатын  әдіс,  тәсіл,  амал, 
құрал  сөздерінің  кейде  сәйкес  мағынада  жұмсалып, 

115
кейде  әрқайсысы  өзіндік  ерекшеліктерді  білдіретін 
түсініктемелерден  айқын  аңғаруға  болады.  Осы  мәселенің  
барлығы сайып келгенде шетел тілін ғылыми әдебиеттерді 
қолдана  отырып  тез  үйренуге    үлкен  ықпал  етеді  деген 
сенімдеміз. Студенттердің шет тілінде еркін тілдік қатынасқа 
түсіп, ой-пікір алмасуы сөйлесім әрекетімен, соның ішінде 
айтылыммен тығыз байланысты болады. 
Қазіргі  ғылыми  оқулықтардың  мәтіндеріне  әр  түрлі 
стильмен,  жанрмен  жазылған  мәтіндер;  таңба-белгілік 
мәтіндер,  түсініктемелер  берілген.  Шетел  тілін  оқыту 
барысында практикалық сөйлеу әрекетінің барлық түрін өзара 
сабақтастыра оқыту, тілдік материалдарды функционалдық 
жүйемен іріктеп, заман талабына сай мамандыққа бағыттау 
негізге алынады.  Жаңа бағдарламалар шетел тілінің өзгеге 
тән  мәнін, қуатын мейлінше ашуды көздеген. Осы мақсатқа 
сай ғылыми әдебиетті оқу міндеттері қойылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. 
Г.М.Стрельковский., 
Л.К.Латышев. 
Научно-
технический перевод. М., 1980.
2.  Э.Ф.Стероходько.  Вопросы  перевода  английской 
технической литературы. Киев, 1983.
Деген екен
ӘРКІМНІҢ БІР ОЙЫ БАР
Бірде бөлім меңгерушісі Уәкеңе: «Мал қыстатуға әзірлік 
туралы нөмірге бір хабар дайындап жіберіңіз»,- дейді. 
Сонда үй-күйі жоқ, әркімді бір сағалап жүрген Уәкең:
-  Ел  мал  қыстатуды  ойласа,  мен  жан  қыстатуды  ойлап 
отырмын, - депті.
(...Деген екен. Бесінші кітап. А., «Өнер», 1993 ж., 33-бет.)
   
   
 

116
Сыныптан тыс тәрбие
                        
Ақбота АШЕНОВА,                                                                                           
Алматы қаласындағы                                                                                                
№60  гимназияның                                                                                                      
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
«ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙМІЗ!»
 
(мерекелік кеш) 
                
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 3.57 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет