Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен



жүктеу 3.57 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата09.09.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сергіту.    Қарға біздің қарқ-қарқ
                      Сауысқаным саңқ-саңқ.
                       Торғайларым шиқ-шиқ,
                       Жапалағым ух-ух,
                       Көкек, көкек, көкек деп,
                     Ұшады екен желпілдеп. 
- Енді, ормандағы құстардың дауыстарын естиік. (Үнтаспадан 
құстар дауысын есту).
- Балалар, құстар туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?
1. Бір-ақ сөз біледі,               Соны айтып жүреді.

87
    Өз аты - онысы.        Және жоқ қонысы.      (көкек)
2. Жем көрсе, шықылықтап қалтаңдайды,
     Сескенсе, жыпылықтап жалтаңдайды.    (сауысқан)
3. Тоқылдатып, мазаны  ап,
    Ағаштарды     тазалап,
   Орманды  емдейді,
   Зиянкесті жазалап.              (тоқылдақ)
4. Екі айыр құйрығы
    Қияқ мұрт қанаты.
   Ұшқырлардың жүйрігі.     (қарлығаш)
5. Суықтан да тоңбайды, 
    Құрт-құмырсқа шіркейден,   
    Бау-бақшаны қорғайды.      (торғай)
6. Сирағы ұзын, тырнағы ұзын,
     Балықты сүзбей, ұстайтын шоқып,
    Тұмсығы біздей.  (тырна)
Тест. 1. Ең үлкен құсты ата.
а) бұлбұл;      ә) қараторғай;    б) түйеқұс;   в) аққу. 
2. Жер шарында қанша құс мекендейді?
а) 100 млрд;  ә) 10 млрд;         б) 400 млн;   в) 20 млн.
3. Құстар немен қоректенеді?
а) ет;                        ә)  сүт;                           б)  жәндіктер;    в)  шай.
4. Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс:
а)  жапалақ;  ә)  қарға;        б)  сауысқан;    в)  колибри.
5. Әнші құсты ата:
а) тоты;         ә)  бұлбұл;     б)  тырна;          в)  торғай.
-  Сабағымызды бекіту үшін «Ұшты-ұшты» ойынын ойнайық. 
Ұшты-ұшты,  арба  ұшты.  Ұшты-ұшты,  қарға  ұшты.  Ұшты-
ұшты сырға ұшты. Ұшты-ұшты, тырна ұшты. Ұшты-ұшты, 
ебелек ұшты. Ұшты-ұшты, көбелек ұшты.
Бағалау. 
Үйге  тапсырма:  Құстар  туралы  З  сөйлем  құрап  жазып 
келу.

88
Білім сынағында
Гүлнар НҰРҒОЖИНА,
Солтүстік Қазакстан облысының
Петропавл каласындағы
Бірінші қалалық жалпы
 білім беретін лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
6-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ТЕСТ 
САУАЛДАРЫ
1. Жуан дауысты дыбыс қалай жасалады?
а) Еріннің қатысына карай;
ә)  Жақтың қатысына қарай;  
б) Тілдің қатысына карай; 
в) Езудің катысына қарай ;
г) үн мен салдыр қатысына қарай.
2.  Қатаң  дауыссыздан  басталып  тұрған  жалғауды 
табыңыз.
а) Қонағы;                     ә) Қарттар;       б) Отбасыма;          
в) Пәтерге;                 г) Кілемдер.    
3.  Қай  дауысты  дыбыс  жіңішке,  ашық,  езулікке 
жатады?
а)  Ү;          ә) Ө;             б) Ә;           в)  А;          г)  І.
4. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.
а) Тал-ды-қор-ған;    ә)  Тал-ды-қо-рған;   
б) Тал-ды-қорғ-ан;    в) Та-л-ды-қор-ған; 
г) Тал-дық-ор-ған.
5. Ауыспалы мағынасында тұрған сөзді көрсетіңіз:
а) жануардың терісі;        ә) көліктің дөңгелегі;    
б) адамның көзі;  в) құстың қанаты;   г) жұмыстың басы.

89
6.  Бірінші кітап сөз  тіркесінің синонимін  табыңыз.
а) бірнеше кітап; 
ә) соңғы кітап; 
б) бесінші кітап; 
     в) көптеген кітап; 
г) тұңғыш кітап.
7. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз:
а) мен  кел; 
ә) маған  кел; 
б) менде  кел; 
     в) менің  кел; 
г)  мені  кел.
8. Жай шырайды көрсетіңіз:
а) жақсылау;               ә) жап-жақсы орындалған;  
б) жақсылық істеді;    в) өте жақсы екен;     г) жақсы адам.
9.  Негізгі түбір етістікті табыңыз:
а) ойлан;    ә) сана;    б) шақыр;   в) тазала;        г) басқар.
10. Тура мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз:
а) биік сезім; 
ә) биік ғимарат;     б) биік ой;       
в) биік тұлға; 
г) биік сөз.
11. «Алға» сөзінің антонимін көрсетіңіз:
а) ілгері;     ә) алыс;     б) артқа;     в) жоғары;    г) кең.
12.  Буын  үндестігі  заңы  бойынша  жазылған  сөзді 
табыңыз:
а) жауынгер;            ә) мұғалім;           б) кәсіпорын;
в) отбасы;                г) кітап.
13. Сөз мағыналарын зерттейтін сала: 
а) лексика; 
ә) фонетика; 
б) морфология; 
     в) синтаксис;           г) грамматика.
14. Жалпылау есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз:
а) бәрінің;                ә) осы;                       б) барлығы; 
 в) ешкім;                   г) өзім. 
15.  Күн  салқындап,  жапырақтар  жерге  түсетін  жыл 
мезгілін анықтаңыз:
 а) жазғытұрым; 
ә)  көктем; 
б) жаз;
 в) күз;                            г) қыс.
16.  Болымсыз есімдігін анықтаңыз:
а) өзіміз;                   ә) ешқайда;                       б) міне;
в) бүкіл;                     г) қалай.

90
17. Түбір сөзді табыңыз:
а) еңбекші; 
ә) кіші; 
       б)  демеуші; 
в) жазушы; 
г)  күшті.
18.  Көптік  жалғауының  дұрыс  қолданылмауын 
табыңыз:
а) студенттер; 
ә) жауаптар; 
б) он оқушылар; 
в) бес қыз;       г) көліктер.
19. Мына сөздерден тәуелдік жалғауын табыңыз:
а) барсам; 
ә) басым;              б)  боссың;
в)  болдым;                    г)  мүлдем.
20. Сапалық сын есімді табыңыз:
а) ақылды; 
      ә) әлсіз;               б)  көк;    
 в)  саналы;                     г)  дәмсіз.
21. Табыс септігінде тұрған сөзді анықтаңыз
а) шашын;                     ә) айдында;        б)  достан;  
в)  ұшақпен;                         г)   орманға.
22. Өткен шақта тұрған етістікті табыңыз:
а) ашады; 
ә) саябақты;       б)  оқытты;  
в)  салмақты;                 г)  тұр.
23. III жақта тұрған етістікті табыңыз: 
а) көр; 
ә) көрсем;              б) көрсе;
 в) көргенсің;             г)  көреміз.
24. Кімге, неге, кімді, нені, кімнен , немен сұрақтарына 
жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз:
 а) толықтауыш;      ә) бастауыш;       б)   пысықтауыш; 
  в) анықтауыш;          г)  баяндауыш.
25. Сын есімнен жасалған зат есімді көрсетіңіз: 
а) балалық; 
ә) сыпайылық;   б)  балықшы; 
в)  оқушы;                    г)  етік.
26. Бұйрықты сөйлемді табыңыз:
а) Жаңбыр жауды; 
ә) Оған кім берді?; 
б)  Тез есікті жап!;          в)  Па, ғажап күй!;  
г)  Тақтаға оқушы шықты. 

91
27. Шартты райдың жұрнағын көрсетіңіз:
а) -са. -се;                       ә) -ғы, -гі;               б)  -сын, -сін;  
в)  -ып, -іп;                      г)  -дас, -дес.
28.  Республика күнін атаңыз:
а) 25 қазан; 
ә) 9 мамыр;            б)  30 тамыз;   
в)  16 желтоқсан;         г)  22 наурыз.
29.  Алматыға  дейінгі  Қазақстанның  астанасын 
көрсетіңіз:
а)  Астана;                    ә)  Ақтөбе;            б)  Қызылорда;  
в)  Атырау;                   г)  Орынбор.
Тесттің кілті:
1. Б
11. Б
21. А
2. Ә
12. Б
22. Б
3. Б
13. А
23. Б
4. А
14. А
24. А
5. Г
15. В
25. Ә
6. Г
16. Ә
26. Б
7. Ә
17. Ә
27. А
8. Г
18. Б
28. А
9. Ә
19. Ә
29. Б
10. Ә
20. Б
Деген екен
ТАРИХТЫ СӨЗ ЕТКЕНДЕ
Бір  тарихшы  қазақ  деген  елдің  XV  ғасырдан  бері  ғана 
белгілі екендігін айтып, басқалай деушілерге бой бермепті. 
Сонда Бауыран Момышұлы:
-  Менің  арғы  әкем  -  Құли  деген  кісі  XV  ғасырда  өмір 
сүрген. Сонда, сеніңше, Құлидан бұрын қазақ болмаған ба? 
Құли қазақтан тумаған ба? - деген екен.
(...Деген екен! Төртінші кітап. А., «Өнер», 1992 ж., 42-бет.)
   
   
 

92
А
йжан СЛЯМХАНҚЫЗЫ,
Семей қаласындағы
№6 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН 
5-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН  
ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ТЕСТ
1. Ертегілер неше топқа бөлінеді?
а) 3;                     ә) 4;                  б) 2.
2. Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
а) жазбаша;        ә) ауызша;       б) қолдан-қолға.
3. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата: ------------------
4. Қойдың «иесін» ата.
а) Шопан ата;        ә) Зеңгі баба;           Б) Ойсыл қара.
5. Жылқының «иесі»: 
а) Шекшек ата;  ә)  Қамбар ата;         б)   Ойсыл қара.
6. Мақалды жалғастыр. Отансыз адам  –
а) оттан да ыстық; ә) ердің қанаты;   б) орманcыз бұлбұл.
7. Жұмбақтың шешуін тап. Үй күзетеді,  үрмейді.
а) құлып;                 ә) ит;                     б) адам.
8. Төрт түлік малға арналған жырлар ауыз әдебиетініц 
қай түріне жатады?
а) ертегілер;  ә)  аңыз-әңгімелер;  б) тұрмыс-салт жырлары.
9.  Ертегілер дегеніміз не?
а) Жазба әдебиетінің бір түрі;
ә) Халық ауыз әдебиетінің бір түрі;
б) Көркем әдебиеттің бір түрі.
10. Ертегілер көбінесе қалай аяқталады? 
а) Ертеде бір шал мен кемпір болыпты;

93
ә) Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде;   
б) Сөйтіп мұратына жетіпті.
11. Ертегілер әдетте қалай басталады? 
а) Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде;
ә) Ертеде бір шал мен кемпір болыпты; 
б) Сөйтіп, мұратына жетіпті.
12. Кейіпкер дегеніміз кім? 
а) Шығармадағы адамдардың көркем бейнесі; 
ә) Шығармадан үзінді;
б) Шығарманың басы.
13.  «Салқындайын  әрі  су  ішейін»,-  деп  апанға  секіріп 
кетті. Бұл үзіндіде не туралы  айтылған?
а) ешкі; 
ә) түлкі;                 б) қасқыр.
14.  «Түлкі  мен  ешкі»  ертегісі  ертегінің  қай  түріне 
жатады?
 а) қиял-ғажайып ертегісі;          
 ә) тұрмыс-салт ертегісі; 
 б) жануарлар туралы ертегі.
15. Мына үзіндіде кім туралы айтылған: «Жел соқса, 
домалап кетеді екен»?
а) Түлкі; 
ә) Қаңбақ шал;                 б) Дәу.
16.  «Қаңбақ шал» ертегісінде неше дәу болды?
а)  біреу; 
ә) екеу;                           б) үшеу.
17.  Мақта қыз не тауып алды?
а) мейіз; 
ә) қатық;                        б) тары.
18.  Аңыздың ертегіден айырмашылығы:
а) Қиял-ғажайып оқиға араласып келеді;
ә) Онда өмірде болған адам туралы айтылады;
б) Аңыз - ауыз әдебиетінің бір түрі.
19.  Алдар көсе не тауып алды?
а) ет; 
ә) тоқты;                  б) қу жауырын.
20. Жиренше шешен қандай адам болған?
а) кедей, ақылды, сөзге ұста;     ә)  хан;        б) ақымақ.

94
21.  Ыбырай Алтынсарин  кім?
а) қазақ халқының ұлы ақыны;
ә) қазақ балалар әдебиетінің атасы;
б) қазақтың талантты ақыны.
22.  «Әке  мен  бала»  әңгімесінде  әкесі  үш  тиынға  не 
сатып алды?
а) шие сатып алды;                 
ә) таға сатып алды;  
б) орамал сатып алды.
23. Абай Құнанбайұлы кім?
а) қазақ халқының ұлы ақыны;
ә) қазақ балалар әдебиетінің атасы;
б) қазақтың ұлы жазушысы.
24. Мына өлең жолдары қай өлеңнен:
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты  қанат ақ орда үй шайқалды
а) Абай Құнанбаев. «Қыс»;
ә) Абай Құнанбаев. «Жазғытұры»;
б) Мұқағали Мақатаев. «Үш бақытым».
25. Ғалым-тюрколог, аудармашы:
а) Ыбырай Алтынсарин;       
ә) Мағжан Жұмабаев;
б) Ахмет  Байтұрсынұлы.
26. «Бес арысқа» кімдер жатады?
а)  А.Байтұрсынұлы,  А.Құнанбайұлы,  Ы.Алтынсарин, 
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы;
ә)  Ш.Құдайбердіұлы,  А.Байтұрсынұлы,  М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы;
б)  А.Құнанбайұлы,    Ш.Құдайбердіұлы,  Б.Момышұлы. 
Ж.Аймауытұлы,  М.Дулатұлы.
27. Б. Момышұлы кім?
а) соғыс ардагері, халық қаһарманы;
ә) «Бес арыстың» бірі, жазушы;

95
б) ғалым-түркіанушы, аудармашы.
28.  Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа  қуанып, қайғыңа күйетұғын, - деген өлең 
жолдары қай өлеңнен:
а) А.Байтұрсынұлы. «Балаларды оқуға шақыру»;
ә) М.Дулатұлы.  «Шешенің балаланын сүюі»;
б) М.Жұмабаев. «Мен жастарға сенемін».
29.  Т.  Айбергеновтің  «Көктем  әуендері»  өлеңінен 
алынған үзіндіні тап:
а) Қыстағы қаймағы алынып, 
    Өзеннің күбісі шайқалды. 
ә) Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?  
    Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
б) Жас қырандар балапан, 
     Жайып қанат ұмтылған.
Деген екен
ҰҚСАСТЫҚ
Бірде  Мұқағали  бір-екеуін  ұстап  алып  келуге  Еркінді 
қорасындағы  қазға  жұмсайды.  Еркін  болса  қазды  таяқпен 
сабалап  қуып  жүрсе  керек.  Бірақ  қаз  оңайлықпен  құлай 
қоймайды. Сонда Мұқағали:
- Еркін, білмейтін бе едің? Мойнынан соқ, сонда құлайды. 
Өйткені,  қыздың  мойыны  секілді,  қаздың  ең  осал  жері  - 
мойыны, - деп кеңес беріпті.
Содан кейін ғана қаздың екі-үшеуі домалап түсіпті.
(...Деген екен! Бесінші кітап. А., “Өнер”, 1993 ж., 18-бет.)
   
   
 

96
Мұғалімдерге көмек
                                
Ботагөз ИСИНЕЕВА,
                                              Солтүстік Қазақстан облысының
Сухорабовка ауылындағы
Сухорабовка орта мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУДЫ 
ПАЙДАЛАНУ
Қазіргі  таңда  мемлекетіміздің  алдында  тұрған  үлкен 
мақсат  –  дамыған  елу  елдің  қатарына  ену.  Осы  мақсатқа 
жету үшін қазіргі мұғалімдердің, әсіресе, мемлекеттік тілді 
үйретуші ұстаздардың алдында үлкен міндет тұр. Ол – білімі 
мен  қабілеті  жаңа  заманға  сәйкес  жеке  тұлға  тәрбиелеу. 
Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, 
білім  сапасын  арттыру,  мазмұнын  байыту,  оқу  үрдісін 
жетілдіру,  жан-жақты  дамыған,  рухани  дүниесі  бай  жас 
ұрпақты тәрбиелеу.
Жас  ұрпақты    осындай  азамат  етіп  тәрбиелеу  үшін 
оқу  үрдісіне  көптеген  өзгерістер  енуде.  Солардың  бірі 
–  «Сатылай  кешенді  талдау»  технологиясы.  «Сатылай 
кешенді  талдау»  технологиясын  қазақтың  оқу  ісіндегі 
төл  технология  деуге  болады.  Себебі,  оның  бастауын 
Ж.Аймауытұлы,  А.Байтұрсынұлынан  өрбітетін  әдіскер-
ғалым  Нұрша  Оразахынова  сатылай  кешенді  талдаудың 
ғылыми  әдістемелік  негізін  қалай  отырып,  практикалық 
тұрғыдан дәлелдеген технология ретінде танымал етті. 
Сатылай кешенді талдаудың маңызы зор деп ойлаймын:
- оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады;
- оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі;
- ізденуге жетелейді, қызықтырады;

97
-  талдау  нәтижесінде  оқушылардың  ойлау,  есте  сақтау 
қабілеті артады;
- сауатты жазады;
-  өзіндік пікірі қалыптасады.
  Қазақ  тілін  оқыту  педагогика  ғылымының  бір  саласы 
ретінде  оның  бүкіл  құрылымдық  жүйесін,  жеткен 
жетістіктерін  басшылыққа  алады.  Сондықтан  тілдік 
материалды  сатылай  кешенді  талдау  технологиясы 
дидактиканың мынадай ұстанымдарына сүйенеді:
                               1. Түсініктілік.
                               2. Жүйелілік.
                               3. Бірізділік.
                               4. Табиғилық.
                               5. Көрнекілік.
                               6. Беріктілік.
                               7. Саналылық.
                                8. Теорияның практикамен байланысы.
Мен  келесі  сабақ  үлгілерін  мұғалімдерге  көмек    болар 
деген оймен жазып отырмын. Өйткені аталған технологияны 
кейбір мұғалімдер білсе де, әр түрлі  жағдайларға байланысты 
іс жүзінде қолдануға қиналады. Аталған технология ҰБТ мен 
МАБ-қа оқушыларды дайындауда да пайдасы көп. Өйткені 
грамматикалық тақырыптар жиі қайталанып отырады.
Мысалы:  8-сыныпта  «Бәрі  де  халық  игілігі  үшін» 
атты  модульде  лексикалық  тақырыпты  грамматикалық  
тақырыппен байланыстыра отыра сатылай кешенді талдауды 
былай жазамыз.
 1-практикалық жұмыс. (сабақтан үзінді)
Сабақтың тақырыбы: Бәсекеге қабілетті Қазақстан.
  Дидактикалық 
ұстанымдар 

98
Мақсаты:
1.  Білімділік:  жай  сөйлем  түрлері  бойынша  алған 
білімдерін қайталау арқылы жинақтау, бекітуге ықпал ету.
1.4.1.Мәтінді  пайдаланып,  сұрақтарға  жауап  беріңдер.
(Сұрақтарға жауап бергеннен кейін  бір-екі сөйлемді сатылай 
кешенді талдаймыз.)
 Мысалы: Ендігі өміріміздің бағдары не?
І.Айтылу  сазы  мен  мазмұнына  қарай  -  сұраулы  сөйлем.
Себебі,  сұрап-білу  мақсатында  айтылып  тұр.  Сөйлем 
соңында сұрау белгісі (?) қойылған.
Жасалу жолы:  не? сұрау есімдігі арқылы жасалып тұр.
2-практикалық жұмыс. (сабақтан үзінді)
Сабақтың тақырыбы: Қорықтар неге керек?
(Бірінші сызбаны жалғастырамын).
3.5.1. Берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңдар (тапсырманы 
орындап  болған  соң,  бір-екі  сөйлемге  сатылай  кешенді 
талдау жасау).
Елімізде  табиғат  байлығын  қорғап,  сақтайтын 
қорықтар көбейді.
І.  Айтылу  сазы  мен  мазмұнына  қарай-хабарлы  сөйлем. 
Себебі, хабарлау мақсатында  айтылып тұр. Сөйлем соңына 
нүкте (.) қойылған.
 ІІ. Құрамына қарай – жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден 
құралып келіп, бір ғана тиянақты ойды білдіріп тұр.
  III.1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
 а)   Ең алдымен баяндауышты табамыз, себебі:
 -  баяндауышсыз сөйлем болмайды;
 -  баяндауыштың орны шартты түрде тұрақты.
 Не істеді? – көбейді – дара, өткен шақта тұр,етістікті - 
баяндауыш.
 ә) Баяндауыш арқылы бастауышты табамыз;
Көбейді нелер? қорықтар – дара, зат есімді, атау тұлғалы 
бастауыш.

99
2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері:
- қандай қорықтар көбейді? қорғап сақтайтын – күрделі, 
(көсемше, есімше) анықтауыш;
-  қорықтар  қайда  көбейді?  –  елімізде  –  дара,  зат  есімді 
мекен пысықтауыш;
-  нені  қорғап  сақтайтын?    табиғат  байлығын  –  күрделі 
толықтауыш.
3-практикалық жұмыс. (сабақтан үзінді)
Сабақтың  тақырыбы:  Шағын,  орта  және    үлкен 
кәсіпкерлік.
Мақсаты:    1.Білімділік:  жай  сөйлем  түрлері,  сөйлем 
мүшелері  бойынша алған білімдерін бекіту, жай сөйлемнің 
құрамына қарай (жақты, жақсыз) түрлерін пысықтау.
Олар мемлекетке салық төлемейді.
І. Айтылу сазы мен  мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем.
Себебі, хабарлау мақсатында айтылып тұр. Сөйлем соңына 
нүкте қойылған.
ІІ. Құрамына қарай - жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден 
құралып келіп, бір ғана тиянақты ойды білдіріп тұр.
 ІІІ.Сөйлем мүшелері. 1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
 а) Не істемейді?  төлемейді – дара, болымсыздық,етістікті 
баяндауыш.
  ә)  Төлемейді  кімдер?  олар  –  дара,  көптік  жалғаулы, 
жіктеу есімдікті – бастауыш.
2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері:
  а)  Олар  не  төлемейді?  салық  –  дара,  зат  есімді  тура 
толықтауыш.
  б)  Олар  неге  салық  төлемейді?  мемлекетке  –  дара,  зат 
есімді, жанама толықтауыш.
ІV. Жай сөйлемнің құрамына қарай түрлері:
1. Жақты. Себебі, бастауышы бар.
4-практикалық жұмыс. (сабақтан үзінді)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ауыр өнеркәсібі.

100
Мақсаты:  1.Білімділік:  Жай  сөйлем  түрлері,  сөйлем 
мүшелері, жай сөйлемнің құрамына  қарай (жақты, жақсыз) 
түрлері  бойынша  алған  білімдерін    бекіту,  толымды  және 
толымсыз сөйлемдерді пысықтау.
5.5.4.  Сөйлемдерді  көшіріңдер,  жалаң  немесе  жайылма 
сөйлемдерді анықтаңдар.
Қазақ жері бай.
І. Айтылу сазы мен  мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем.
Себебі, хабарлау мақсатында айтылып тұр. Сөйлем соңына 
нүкте қойылған.
ІІ. Құрамына қарай - жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден 
құралып келіп, бір ғана тиянақты ойды білдіріп тұр.
ІІІ. Сөйлем мүшелері.
1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері:
 а) Қандай? – бай – дара, сын есімді  баяндауыш.
 ә) Несі бай? қазақ жері – күрделі ( есімді сөз тіркесі) – 
бастауыш.
2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері:
IV. 3. Жақты. Себебі, бастауышы бар.
V.4.  Толымды  сөйлем.  Ойға  қажетті  мүшелердің  бірі 
қатысқан сөйлем.
VI.5.  Жалаң  сөйлем.  Тек  тұрлаулы  мүшелерден                      
құралып тұр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Н.Оразахынова.  Сатылай  комплексті  талдау  –қазақ 
тілінің  төл  технологиясы  /  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 
жұрналы,  №5. 2005.
2. Ж.Болатова. Сатылай кешенді талдаудың әдіс-тәсілдері. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» жұрналы, №10. 
2010.
3. С.Дүйсебаев. Қазақ тілі. 8-сынып.
4.  Н.Оразахынова.  Сатылай  комплексті  талдаудың 
күнтізбелік  жоспары.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  жұрналы, 
№9. 2005.

101
Күлбарам ҚАЙМАҚОВА,
Қарағанды облысының
Осакаров ауданындағы
Садовое ауылының
№16 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА 
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОЙЫНДАР 
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
ЖОЛДАРЫ
Оқу  процесін  жеңілдету  міндетіне  байланысты  орыс 
мектебінде  қазақ  тілін  үйретуде  жаңа  әдіс-тәсілдерді 
де  қолдану  қажеттілігі  туып  отыр.  Бұдан  дәстүрлі  әдіс-
тәсілдерді қолданбау керек деген пікір тумайды. Қайта бұлай 
ету жаңа әдістеменің дамуына себебін тигізеді.
Әр түрлі сөйлемдерді оқыту, қайталау, мәтіндерді жаттау, 
бірнеше  рет  естеріне  түсірту  сияқты  тағы  да  басқа  жұмыс 
түрлері  оқушыны  жалықтырып,  шаршататыны  мәлім. 
Сондықтан  да  қазақ  тілін  оқытып-үйретуде  ойын  түрлерін 
пайдалану  оқушының  басқа  тілді  үйренуге  ынтасын 
арттырады. Ол үшін мұғаліммен бірге оқушы да ойынның 
шартын  жақсы  меңгеруге  тиіс.  Ойын  түрлерін  мақсатсыз 
қолдана беруге болмайды. Ойын түрлері дұрыс қолданылып 
өткізілген сабақта ғана оқушы қазақ тіліне ықылас қойып, 
осы  тілде  сөйлеп  үйренуге  қызығады.  Ойын  әрекеті 
оқушының өсу жолымен тікелей байланысты.
Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға 
деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттілікті қажет 

102
етеді. Сабақ процесінде дағды мен қабілетті қалыптастыру 
арқылы  танымдық  қызығушылық  пайда  болады.  Оның  екі 
түрлі  жолы  бар:  бірі  -  дамыта  оқыту,  екіншісі  -  тәрбиелік 
қызмет арқылы қалыптастыру.
Дамыта  оқыту  —  белгілі  затты  танып  білу,  ал  тәрбиелік 
қызмет - оқыту процесі  арқылы  затты  таңдаудағы  өзгерістік  
қатынастар.    Оқыту  процесінің  әр  түрлі  сатысында  ойын 
түрлері де танымды.
Сабақтағы ойын - ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәжірибелік 
мәні бар тәсілдердің бірі. Ойынды орындау барысында жеке 
оқушының қабілеті, іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының 
жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыға бірігіп 
жұмыс  істеуге  бағыт  береді,  сондай-ақ  іздену  дағдысын 
қалыптастырады.
Ойындарды  пайдалану  арқылы  жаңа  материалды  жеңіл 
де тиянақты, нақты түсіндіруге, игеруге жағдай жасалып, ол 
оқушының санасында берік сақталуы шешуші рөл атқарады. 
Мұғалім  әр  тақырыптың  ерекшелігіне,  қиындығына, 
жеңілдігіне қарай ойынды дұрыс таңдап алуы қажет, сондай-
ақ белгілі бір мақсат қоя отырып, оқушының жас ерекшелігі 
де ескерілуі тиіс.
Кейде ойынды жаңа материалды бекіту кезінде қолдануға 
болады.  Мұғалім  ойын  түрін  қалай,  қандай  жағдайда 
қолдану керектігін, яғни, жаңа материалды түсіндіру немесе 
қайталау  кезінде  оны  дұрыс  жоспарлауға  тиіс.  Оқушылар 
ойынға түгел қатысуы керек. Бұл арада мұғалім ерекше рөл 
атқарады.  Сондықтан  да  осы  көмекші  құралды  пайдалану 
арқылы түрлі дағдыларды қалыптастыруды көздедік.
Ойын  -  оқушылардың  есте  сақтап  қалу  қабілеттері  мен 
белсенділігін арттырады.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 3.57 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет