Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен



жүктеу 3.57 Kb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата09.09.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сайлау
Ауыспалы
Болжалды
Мақсатты
I жақ
II жақ
II жақ
III жақ

71
(Спикерлер тақтаға шығып картаны толтырады).
10-слайд. II   деңгей – талдаулар жасау.   
I топ Үкімет  сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық 
мінездеме береді.
II топ Мемлекет  сөзіне  лексико-грамматикалық талдау 
жасайды.
III топ Парламент сөзіне синтаксистік талдау жасайды.                                            
11-слайд. VI.  Рефлексия.    
1.  «Оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан 
ойлауды  дамыту»  технологиясы  бойынша  «5      жол  
стратегиясымен» жұмыс.
1. Зат есім.               Мемлекет.
2. 2 сын есім.          (егеменді,тәуелді).
3. 3 етістік.              (дамиды, гүлденеді,өркендейді).           
4. сөйлем.                (Қазақстан Республикасы – 
                                  егеменді мемлекет.)
5. синоним.             (Қазақстан).
12-слайд. 2. Кластерді толтыру.    
-  Балалар,  егемендіктің  белгісі  не?  (Биліктің  жоғары 
органдары).
- Мемлекеттік билік неше буынға бөлінеді? (3)
- Парламент неше палатадан тұрады? (2)
-  Атқару  органдарына  нелер  жатады?  (министрлер, 
мемлекеттік комитеттер, жергілікті атқарушы  органдар).
13-слайд. 
VII. Үйге тапсырма беру. 
VII.   Баға қою
   
   
 

72
                                                
Алмагүл НҰҒМАНОВА, 
                                                         Батыс Қазақстан облысының
 Орал қаласындағы
                                                               №14 орта мектептің 
                                                               қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
САЯХАТШЫ САЯН СЕПТІКТЕРІ
Сабақтың мақсаты:  білімділік -  септік жалғауларының 
дұрыс  жалғануын  үйрету  және    оны  меңгерту  арқылы 
оқушыны  тілдесім  әрекетіне  жетелеу;  дамытушылық  -  
мәтінмен жұмыс түрлерін (жаңа сөздер, аудару, диалог  құру) 
жүргізу арқылы  тілдік қорын кеңейту. Әр түрлі деңгейлік 
тапсырмалар  арқылы  пәнге  деген  қызығушылығын 
арттыру. Жеке тұлғаның өз ойын жүйелі жеткізе білу және 
шығармашылық  қабілетін  дамыту;  тәрбиелік  -  оқушыны 
мемлекеттік тілге құрметпен қарауға, оны саналы да ерікті 
түрде меңгеруге, Отанын сүюге  тәрбиелеу.  
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері:  баяндау-түсіндіру,  сұрақ-жауап,  әңгіме-
леу, жеке,  топтық, суретпен  жұмыс, рөлдік ойын, сергіту 
сәті,  көрнекілік әдістері.
Пәнаралық байланыс:  орыс тілі, халық ауыз әдебиеті, 
математика,  география
Көрнекілігі:  плакат, кәртішке, перфокарта, интерактивті 
тақта, суреттер, географиялық карта, оқулық, дәптер, тақта, 
бор.
Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Аудирование (тіл дамыту жұмысы).
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
- Көктем айларын кім атайды? 

73
- Көктемде ауа райы қандай болады?
- Арман, саған қай жыл мезгілі ұнайды?
- Бүгін аптаның қай күні?
3. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және   мақсатымен 
таныстыру.
Жаңа сабақ.
1. Мәтінмен жұмыс:   а) мәнерлеп оқу (35-бет); ә) жаңа 
сөздермен танысу:
қарасаң көзің тоймайды - глаз не оторвать;
еркелей қарады - нежно посмотрел;
көрген- білгенін - все, что увидел;
қызыға тыңдады - слушал с интересом;
риза болды - был доволен.  
б) оқушылар кезекпен оқып, аударады.  
в) Рөлдік ойын: 
Саяхатшы Саян достарымен ортаға шығады. 
Данияр: - Саян, Астана қандай екен?
- Қарасаң көзің тоймайды! Әсем қала екен.
- Астанада не көрдің?
-  Астанада  Парламент  үйін,  ескерткіштер,  әдемі 
ғимараттар,  саябақтарды  көрдім.  Бәйтеректі  көрдім.  «Бес 
жұлдызды Алатау» қонақ үйін көрдім.
(слайдпен Астана көріністері көрсетіледі.)
- Астана қай жерде орналасқан?
-  Астана  Есіл  өзенінің  бойында,  Сарыарқа  жерінде 
орналасқан  (картадан көрсетеді).
- Қандай жақсы. Сені енді саяхатшы Саян дейтін болдық 
қой.
-  Иә,  мен  Астанадағы  «Білім»  туристік  агенттігінен 
достарым  үшін  «Қызықты  септіктер»  еліне  жолдама  алып 
келе жатырмын. Жүріңдер, бірге барайық.
Саян: - Сәлем, балалар.
Балалар:  -  Міне,  саяхатшы  Саян  да  келді.  Астанадан 

74
бізге қандай базарлық алып келдің?
Саян:  -  «Білім»  туристік  агенттігінен  «Қызықты 
септіктер» еліне жолдама алып келдім. «Қызықты септіктер» 
еліне кіру үшін жолдаманың шарттарын және тапсырмаларды 
орындауларың керек. Жолдаманың шарты:                       
(интерактивті    тақтада  слайдпен  зат  есім  түрлерінің 
сызбасы көрсетіледі)
- Осы сызбаны түсіндіріп беріңдер. 
Оқушылар сызбаның әр бөлімін түсіндіріп айтып береді, 
мысал келтіреді.
-  Жақсы,  балалар.    Ал,  менің  тапсырмам  -  қызықты 
септіктер туралы ертегі немеcе әңгіме жазу болатын. Кәне, 
кім оқиды?
2-3 оқушы шығармашылық жұмыстарын оқиды.
-  Жарайсыңдар,  балалар!  Мен  сендердің  жауаптарыңа 
риза  болдым.  Міне,  жолдамаларыңды  ала  қойыңдар. 
«Қызықты септіктер» еліне қош келдіңдер!
- Балалар, орыс тілінде неше септік бар?(6 септік)
- Ал, қазақ тілінде неше септік бар?(7 септік) Тақтада 7 
 
ЗАТ ЕСІМ 
Жалпы зат есім. 
Жалқы зат есім. 
Негізгі зат есім. 
Туынды зат 
есім. 
Көптік жалғау.  
Жіктік жалғау. 
Тәуелдік жалғау. 
Септік жалғау. 
Кім? Не? 
Кімдер? 
Нелер? 
Деректі зат есім. 
Дерексіз зат есім 

75
септік  сызбасы  көрсетіледі,  оқушылар  ауызша  мысалдар 
келтіреді. 
Септік 
атаулары
  Сұрақтары 
  
 
   Жалғаулары
Атау септік
Кім? Не?
Жалғауы жоқ
Ілік септік
Кімнің? Ненің?
-ның, -нің, -дың, -дің, 
-тың, -тің;
Барыс септік
Кімге? Неге? 
Қайда?
-ға, -ге, -қа, -ке, -на, 
-не, -а, -е;
Табыс септік
Кімді? Нені?
-ды, -ді, -ты, -ті, -ны, 
-ні; 
Жатыс септік
Кімде? Неде? 
Қайда?
-да, -де, -та, -те, -нда, 
-нде;
Шығыс септік
Кімнен? Неден? 
Қайдан?
-нан, -нен, -дан, -ден, 
-тан, -тен;
Көмектес септік
Кіммен? Немен ?
-мен, -бен, -пен;
- Өткен сабақта біз атау, ілік, барыс, табыс септіктерімен 
танысқан едік, енді, жатыс, шығыс, көмектес септіктерімен 
танысамыз.  (Сызбада  аталған  септік  сұрақтары  мен 
жалғаулары көрсетіледі). Мысалы: 
Жатыс с.     анада, ауылда, үйде, әкеде.
Шығыс с.    анадан, ауылдан, үйден, әкеден.
Көмектес с.  анамен, ауылмен, үймен, әкемен.  
- Ал, енді, кім мына сызбаға қарап, соңғы 3 септікті септеп 
береді? (Тақтаға 2 оқушы шығып, білім, қала, өнер  сөздерін 
септейді, жалғаулардың жалғану заңдылығын түсіндіреді.)
Әр топқа әр түрлі деңгейлік тапсырмалар беріледі.    
1-деңгейдің тапсырмалары:
1. Берілген зат есімдердің ішінен жалқы есімді септеу, 
ережесін айту, сөйлем құрау (тақтамен жұмыс).
2. Септік жалғауларының орнын табу. (Перфокартамен 
жұмыс).
1. Атау с.            -мен, -бен, -пен.
2. Ілік с.              -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.
3. Барыс с.          -ның, -нің, -тың, -тің, -дың, -дің.   

76
4. Табыс с.           -да, -де, -та, -те.
5. Жатыс с.          -ға, -ге, -қа, -ке.
6. Шығыс с.         -жалғауы жоқ.
7. Көмектес с.      -ды, -ді, -ты, -ті.                                                                                                     
3.  Септік  атауларын  орналастыру.  Интерактивті 
тақтамен жұмыс.
Септік атаулары
Сұрақтары
Жалғаулары
Сызбаның  астында  септік  атаулары,  сұрақтары, 
жалғаулары  араласып  жазылады,  ішінен  септік  атауларын 
тауып, рет-ретімен орналастыру керек.
кім?,    ілік,  -ға,  -ге,  көмектес,  -ның,  -нің,    кімге?,  неге?, 
кіммен?, барыс, -ны, -ні, -мен, неде?, немен?, жатыс, -пен, 
-ды,  -ді,  кімді?,  нені?,  неден?,  кімнің?,  не?,  атау,  табыс, 
ненің?, кімде?, шығыс, -да, -де, -қа, -ке, кімнен? 
2- деңгейдің тапсырмалары:
1. Тақтамен жұмыс. Көптік жалғаулы зат есімді септеу, 
сөз тіркесін құрау.
2.  Кәртішкемен  жұмыс.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті 
септік жалғауларын қою.
1. Бос уақытымда  кітапхана… отырамын.  
2. Ертең әжем… барамын.
3. Біз еліміз… сүйеміз.
4. Менің досым… қызықты кітаптар бар.
5. Саян бүгін Астана… келді.
6. Әсел…  анасы- дәрігер.

77
(-дан, -мен, -де, -ды, -ті, -ның, -да, -дың, -тің, -ді, -ға, -тан, 
-бен, -дің) 
3.  Септік  сұрақтарын  орналастыру  (интерактивті 
тақтамен жұмыс, жоғарыдағы сызба бойынша).
3-деңгейдің тапсырмалары:
1.  Тәуелдік  формадағы(3-жақ)  зат  есімді  септеу,  сол 
сөзбен сұрақ-жауап құрастыру (тақтамен жұмыс).
2.  Жазба  жұмысы.  Терме  диктант.  (Мұғалім  оқыған 
мәтіннің ішінен септік жалғаулы сөздерді теріп жазу, сұрақ 
қою).    
Маған  ауылдың  ауасы  ұнайды.  Жазғы  демалыста  мен 
ауылға  барамын. Ауылда атам мен  әжем тұрады. Ауылдан 
келген соң әкеммен бірге мен де Астанаға барамын. Астана- 
еліміздің астанасы. Мен Отанымды сүйемін.
3.  Септік  жалғауларын  орналастыру  (интерактивті 
тақтамен жұмыс).
Бекіту. Мұғалім:  - Қазақ халқында қасиетті сан деген 
ұғым бар. Олар- 3, 7, 9, 12, 40. Осылардың ішінде 7санына 
тоқталайық. Балалар, 7 санына байланысты қандай сөздерді 
білесіңдер?
- Аптаның 7 күні, 7 қарақшы жұлдызы, кемпірқосақтың 
7 түсі бар.
- Өте дұрыс. Енді тақтаға қарайық.
Слайд.  Қасиетті сан - роковое число.
 1. 7 Ата (7 поколение):            1. Ата;
                                                    2. Бергі ата;
                                                    3. Арғы ата;
                                                    4. Баба ата; 
                                                    5. Ұлы ата;
                                                    6. Түп ата;
                                                    7. Тек ата.
2. 7 Қазына (7 богатство):  1. Ит (собака);
                                         2. Ат (лошадь);
                                         3. Мылтық (ружье);

78
                             4.Қыран құс (орел);
                             5. Өнер- білім (знания);
                             6. Сұлу қыз (красивая девушка);
                             7. Батыр жігіт (богатырь).
3. Мақалдар:
1. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл. (Стремись изучить язык семи народов 
и семь  разных наук).       
2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес. ( Семь раз отмерь, один 
раз отреж).
3. Жігітке жеті өнер де аз. ( Джигиту знать семь ремесел 
- мало).
- Міне, балалар, 7 саны туралы осындай деректерді біліп 
жүрейік.                                                                                                       
Бекіту тапсырмалары:
1. 7 күнді септеу (тақтамен жұмыс).
2. «Аудармашылар» ойыны (интерактивті тақта).
Қ. Мырза Әлидің «Жеті септік» өлеңіндегі септік атаулары 
мен сұрақтарын аудару.
                        Жеті септік
Жеті септік - жеті бала,
Жетеуінің атын ата.
                            …   септік    кто? что?  десе,
                            Атың менен затыңды ата.
Кого? чей? - деп анықтап,
… септік іліп алар.
                             Кому? к чему? қайда барсаң,
                              … септік біліп берер.    
Кого? что? керек етсең,
… сұрап жүріп табар.
                           У кого? где? десең,
                            … септік сонда жатар.
… септік от кого? от чего?
Қайдан шықтың соны айтар.

79
                            С кем? с чем? керек болса,
                             … көмек беріп қайтар.
Сұрағы қызық, аттары да, 
Септіктерді жатталық та.  
3. «7 септікте 7сұрақ» (ауызша орындалады).
1. Бүгін кім кезекші?
2. Мынау кімнің күнделігі?
3. Бүгінгі сабақ кімге ұнады?
4. Бүгін біз нені оқыдық?
5. Саяхатшы Саян қай қалада болды?
6. Қазақша сөйлеуді кімнен үйрендің?
7. Саған сыныпта кіммен отырған ұнайды?
Оқушылардың білімін бағалау. 
Үйге тапсырма:
1. Өз атыңды  және не? деген сұраққа жауап беретін 2 сөз 
септеп келу.
2. «Жеті септік» өлеңін жаттау.                    
Сабақ аяқталды. Рахмет. Сау болыңыздар.  
                        
   
   
 
Зейнеп ЖАМАЛИЕВА,
Алматы қаласындағы
арнаулы (коррекциялық) сөйлеу 
қабілеті нашар дамыған балаларға
арналған №9 мектеп-интернатының
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
ТЕРМИНГЕ БАЙ ҚЫСҚЫ АЗИАДА 
ОЙЫНДАРЫ - ҚАЗАҚСТАНДА
Сабақтың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. 
Спорт  туралы  білімдерін  кеңейту.  Спортқа  байланысты 
терминдермен  жұмыс.  Оқушылардың  танымын  дамыта 

80
отырып,  өздігінен  жұмыс  істеуге  баулу.  Қазақстан 
спортшыларына жанкүйерлер қатарында биікке көтерілуіне 
қолдау көрсету. Жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, 
спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Түрі:  аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап,  түсіндіру,  әңгімелеу,  сөздік, 
көрнекілік, жанкүйерлер сұхбаты.
Көрнекілігі:  1. Азиада эмблемасы.
2. «Медеу» мұз айдынының суреті (1951 жылғы суреті мен 
бүгінгі суреті).
З. Спорт терминдері.
4. Сызбалар, суреттер, кестелер.
Сөздік:  Олимпиада  алауы,  бойтұмар,  сайысқа  түсу, 
жанкүйерлер,  эстафета,  халықаралық,  Азиада  эмблемасы, 
ИРБИ-АЛАН, Азиада ойындары, тұңғыш рет, 27 мемлекет, 
11 қысқы ойындар.
Пәнаралық байланыс:    бейнелеу өнері, дене шынықтыру, 
тарих.
Сабақтың барысы:   I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сәлемдесу. Әнұранды орындау.
III.  Сабақтың  тақырыбы  мен  мақсаты:  Биыл  қыста 
елімізде қандай қыстық ойындар өтті?
- Дұрыс. Балалар, 2011 жылғы 30 қаңтарда еліміз ҚЫСҚЫ 
АЗИАДА  ОЙЫНДАРЫНЫҢ  эстафетасын  қабылдады. 
Азиада ойындары - халықаралық спорттық жарыстар. Олар 
Азия  елдерінің  спортшылары  арасында  әрбір  төрт  жыл 
сайын  өткізіледі.  Азия  ойындарын  АЗИАДА  деп  атайды. 
Әрбір ойынның эмблемасы, туы, ұраны және әнұраны болады. 
Қазақстандық  спортшылар  Азиада  ойындарына  1996 
жылдан бастап қатыса бастады. 
-    Біздің Азиада ойындарының ұраны: «Мақсаты бірдің 
- рухы бір!».
 IV. Ой қозғау. 

81
Мен барыстың күшігі - аланмын.
Мен - 2011 жылғы Азиаданың бойтұмарымын!
Спорт - менің өмірім!
V. Сұхбат. «Вокзалдағы кездесу».
Сәлеметсің бе, Виталий!
Сәлеметсің бе, Диас!
- Халің қалай?
- Рақмет, жақсы.
Қайда бара жатырсың?
- Астанаға.
- Не үшін?
- Сен білмейсің бе? Азиада ойындарының ашылуына бара 
жатырмын.
- Пойызға билетің бар ма?
- Иә, билетті өткен аптада алып қойдым.
-  О! Қандай бақыттысың!
- Менің де барғым келеді.       
- Астанадан келгеннен кейін саған Азиада салтанатының 
қалай ашылғаны туралы айтып беремін.
- Жақсы, сау бол! 
- Сау бол!
VI. Тіл дамыту. Кесте бойынша тақырыпты ашу.   Мына 
кестеге назар аударайық:
 
Азиада - 
2011 

82
VII. Кесте бойынша сұрақтар қойып, мазмұнын ашу.
1.  Қысқы  Азиада  ойындары  2011  жылы  қай  уақыт 
аралығында өтеді?
2.  Азиада ойындары неше жылда бір өткізіледі?
3.  Қазақстан  Қысқы  Азиада  ойындарының  эстафетасы 
қай облыс орталықтарын аралады?
4. Қысқы Азиада ойындары нешінші рет өткізіліп отыр?
5. Жарыстар спорттың неше түрінен болады?
6. Қанша медаль сарапқа салынады?
7. Азияның қанша елінен спортшылар келеді?
8. Азиаданың бойтұмары қай аң?
9. Қысқы спорт ойындарына нелер жатады?
VIII.   а)  Төмендегі  синоним  сөздерді  мағынасына 
қарай сәйкестендіріп жазыңдар.
Атақты                          жақсы көру
Жаттықтырушы           дайындау, үйрену
Жеңімпаз                      бапкер
Ұнату                            жүлдегер
Айналысу                     белгілі, әйгілі
Жаттығу                       шұғылдану
Сайыс                           жарыс, дода
ә) Мына  сөйлемдердің  дұрыс-бұрыстығын  тексерің-
дер.
1. Азиада ойындарына дайындық әлі басталған жоқ.
2. 2001 жылы 30 қаңтарда Қысқы Азиада ойындарының 
ашылу салтанаты өтеді.
3. 2011 жылы Қысқы Азиада ойындары Шымкент, Тараз 
қалаларында өтті.
IX.  Жаңа сабақты бекіту:
1. Қысқы Азиада ойындары қай мемлекеттерде өткізіліп 
келді?
2. Қазақстанда қандай спорттық нысандар салынды?
3. Қысқы Азиада ойындары осы жылдары өткізілді: 1986, 
1990, 1996, 1999, 2003, 2007.
 

83
4. Қазақстанның спортшылары алғаш рет қатысқан қысқы 
Азиада ойындары кайда және қашан өтті?
5.  Біз  Қазақстан  спортшыларын  қандай  сөздермен 
қолдадық.
Хормен:
-Алға, Қазақстан! Жарайсың, Қазақстан! 
- Бұл - менің Азиадам!
X.  Үйге  тапсырма:  Азиада  ойындары  туралы  реферат 
жазу.
   
   
 
Зәуреш ҚҰРМАНҒАЛИЕВА,
Алматы қаласындағы
І.Жансүгіров атындағы
№130 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі. 
СӨЙЛЕМ ҚҰРУҒА БАУЛЫҒАН ҚҰСТАР
Мақсаты:  құстар  туралы  алған  мәліметтерін  қайталау, 
тереңдету. Сөзді дұрыс қолдануға үйрету. Дұрыс, қатесіз оқу, 
айту дағдыларын дамыту. Сауатты жазуға үйрену. Туған өлке 
табиғатына, табиғат заттарына, құстарға деген сүйіспеншілігін 
арттыру. 
Көрнекілігі:  құстардың  суреттері,  буклет,  фотомонтаж, 
үнтаспа. 
Әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру:
а) Сәлемдесу;
ә) Әнұран;
б) Оқушылармен әңгімелесу.
2. Фонетикалық жаттығу. 

84
1, 2, 3, ал, қанеки ұш, 4, 5, 6, 7, мынау - ауыл шеті.
8, 9, 10, ал, қанеки, қон.
Асықпа да саспа, Бірден қайта баста.
3. - Біз өткен сабақта «Құстар» тақырыбын өттік. Әр түрлі 
құстармен таныстық. Құстардың қандай ерекшелігі бар екенін 
білдік.  Құстардың  қандай  пайдасының  барын,  оларға  қандай 
қамқорлық  жасау  керек  екендігін  үйрендік.  Қандай  құстар 
жылы жаққа кетіп, қандай құстардың қыстайтынын білдік. Енді, 
осы сабақта біз құстар туралы алған білімдерімізді пысықтап, 
қорытындылаймыз. 
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Қыс.
- Қыс екенін қайдан білдіңдер?
- Қыста қар жауады,
-  Адамдар жылы киім киеді.
-  Күн суық болады.
- Тағы қандай өзгерістер бар?
- Адамдар, құстар, аңдар қысқа дайындалады.
- Кейбір құстар не  істейді?
- Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетеді, кейбірі қыстап қалады.
- Ол қандай құстар?
- Торғай, сауысқан, қарға, құр.
- Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасаймыз? 
- Үйшік жасаймыз.
- Жем береміз.
- Көктем жаршысы деп қай құсты айтамыз?
- Қараторғай.
- Құстардың қандай пайдасы бар?
- Олар зиянды жәндіктерді жейді. Тышқанды жейді.
- Ең алдымен қандай құстар ұшып келеді?
- Тырна, көкек, қарлығаш, тоқылдақ.
- Дұрыс, құстар туған жерге топ-топ болып келіп жатады. Күзде 
қалай топ болып ұшса, көктемде сол топпен қайтып келеді. Жолда 
көп қиындықтар көреді, жыртқыш аңға жем болады. Күзде кеш 

85
кеткені ерте, ерте кеткені кеш келеді. Сондай қиындықпен келген 
құстарды қалай қарсы аламыз?
- Ұя жасаймыз.
- Қандай тақпақ білесіңдер?
Көктем де келді жадырап, 
   Құстарын ертіп қасына. 
   Достардың жайын жадыма ап,
   Үй салдым терек басына.
-  Кішкентай болсын ол мейлі,
   Үй салдым жайлы орынға
   Бұл үйге мысық келмейді,
   Жетпейді оның бойы да.
 Үй салдым құстың алдынан,
   Болсыншы ол - өмір панасы. 
   Өзімдей сәби балдырған 
  Өссінші құстың баласы.
-  Өте  жақсы.  Құстарды  біз  осылай  ұя  жасап  қарсы  аламыз. 
Құстар туралы тағы не білесіңдер?
Сен білесің бе?
Жер шарында 100 млрд. құс тіршілік етеді.
- 9 мыңға жуық түрінің 700-і біздің елімізде мекендейді.
-  Құстар  2-3  шақырым  биіктікте,  60-70  км  жылдамдықпен 
ұшады.
- Оңтүстік елдерден құстардың 200-ге жуығы біздің елімізге 
ұшып келеді.
- Дүниедегі ең кіші құс - колибри.
- Дүниедегі ең үлкен құс - африка түйеқұсы.
- Алматы хайуанаттар бағында құстардың 146 түрі бар.
- Дүниедегі ұша алмайтын құстар - пингвин мен түйеқұс.
-  Пингвиндер Антарктидада мекендейді. Пингвиндер жерде 
жай жүреді, суда тез жүзеді.
Енді құстарды сипаттап беріңдер.
Құстардың өз тіршілігі үшін тұмсығының пайдасы көп.
-  Тоқылдақтың  тұмсығы  өткір,    мықты  болады.  Ағашты  тесіп,  

86
құрттарды теріп жейді. Ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды.
- Бүркіт - көк күмбезінде қалықтап ұшқан қыран  құс.
Бүркіттің  тұмсығы  өте  мықты.  Ол  өзінің  тұмсығымен 
ұстаған аң-құстардың  етін жұлып жейді.
-  Бірқазанның  тұмсығы  үлкен.  Ол  тұмсығын  кең  ашып, 
балықтарды бір-ақ толтырып  жеп алады.
- Қарлығаш - құстың сүйкімдісі. Өте еңбекқор құс. Ұясын 
адамдар үйінің маңына салады. Бір қарлығаш жаз бойы 500 
мыңнан 1 млн-ға дейін  зиянды жәндіктерді жояды.
- Сауысқан  -  қыстап  қалатын  құстың  бірі.  Сауысқанның 
құйрығы ұзын, түсі қара ала. Қазақстанның барлық жерінде 
кездеседі.
- Көгершін - көк, сұр, қоңыр, ақ түсті болады. Көгершіндер 
Қазақстанның  барлық  жерінде  кездеседі.  Ол  Бейбітшілік 
құсы деп есептеледі.
«Ақ көгершін» әні орындалады.
-  Енді,  тапсырмалар  орындайық.  Тақтада  құстардың 
суреттері  ілулі тұр, олардың қалай дыбыстайтыны жазылған. 
Қай құс қалай дыбыстайды, соны табыңдар.
Қарға  шырылдайды.
Сауысқан сайрайды.
Торғай қарқылдайды.
Бұлбұл шаңқылдайды.
Бүркіт шықылықтайды.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 3.57 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет