Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен



жүктеу 3.57 Kb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата09.09.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Оқулықпен  жұмыс.  Мәтінді  оқып,  мазмұны  бойынша 
сұрақтар құрастырады.
1-тапсырма. Мына сөздерге синоним  болатын сөздерді 
жазыңдар.
Ертеден – көнеден,...         Күнделікті – өмірде,...
Сезімін – ниетін,...             Тарту – шерту,...

56
2-тапсырма.    Көп  нүктенің  орнына  тиісті  жалғауларды 
қойып жазыңдар. Көмекші есімдерді табыңдар.
Қала-ның   іші              
 
аялдама-ның  арты   
Ауыл-дың  сырты       
 
төсек-тің  жаны
Көпір-дің  үсті              
  
базар-дың  маңайы
Көпір-дің  асты             
 
орман-ның  жаны
Аялдама-ның  алды    
 
жол-дың  қасы
-  Қандай  жалғаулар  жалғадыңдар?  Іші,  сырты,  үсті, 
асты, арты, жаны, маңайы, қасы сөздері нені білдіреді?
-  Дұрыс,  бұл  сөздер  орын-жайды  білдіреді  және  Ілік 
септікте тұратын сөздермен тіркеседі. Бұл - көмекші есімдер.
-  Балалар,  бүгінгі  сабақта  домбыра  туралы    көптеген 
мәлімет  алдыңдар.  Игорь  домбыра  туралы  өлең  жаттап 
келіпті, соны тыңдайық. 
- Домбыра екі ішекті, тоғыз перне                                                  
  Жарасар күйді тартып, айтсаң терме.          
  Домбыра  іші қуыс, сырты тақтай,   
  Бірақ та сөйлемейді қолың қақпай.        
  Білгенге  домбыра бір өнер екен,              
  Күткенді  бұл да тәуір көреді екен.     
  Домбыра  екі ішекті ойнап  қағам,    
  Сіздерге ән айтайын келсе шамам.
«Жұмыр қылыш» күйін оқушының орындауында тыңдау.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
   
   
 

57
Зәуре АБУОВА, 
Астана қаласындағы
№3 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
УАҚЫТ ҚҰЗЫРЫНДАҒЫ СӨЗДЕР 
СЫРЫ
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  -  уақытты  дұрыс 
қолдануға,  үнемдеуге  үйрету,  уақыт  туралы  мақал-
мәтелдермен  таныстыру,  синтаксистік  талдауды  пысықтау; 
дамытушылық - ауызекі сөйлеу дағдырларын дамыту, мәтін 
арқылы мәнерлеп оқытуға үйрету; тәрбиелік - қазақ тіліне 
қызығушылығын  арттыру,  қазақ  тіліндегі  сөз  тіркестеріне 
көңіл бөлу, өз уақытын бағалауға үйрету.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, талдау, тірек- 
сызба, әңгімелесу, ойындарды қолдану.
Түрі: аралас.
Көрнекілігі: мультимедиа,  компьютер,  суреттер,  семан-
тикалық карта, тірек-сызба, оқулық, дәптер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сыныпта кім кезекші?
- Кім сыныпта жоқ? Үйге қандай тапсырма берілді?
II.  Үй  тапсырмасын  тексеру:  аударып,  сөз  құрамына 
талдау. 
Мұғалім:  -  Біздің  жаңа  тақырыбымыз:  Уақытыңды 
бағалай біл.
Мәтінмен жұмыс. 87-бет.
А) сөздікке: Мойындамайды – не признает; 
                     Мерзім – срок;
                      Іскерлік әлем - деловой мир.
Осы  жаңа  сөздерге  морфологиялық  талдау  жүргізейік 

58
(ауызша).
Мойындамайды  -  етістік,  дара,  туынды,  болымсыз, 
ауыспалы осы шақ, ашық рай.
Мерзім - зат есім, дара, негізгі, жалпы, жансыз.
Іскерлік - cын есім, дара, туынды, қатыстық, жай шырай.
Ә) Мәтінді оқу. Не түсінгенін орысша айтып береді.
Б)  «ҚАЗЫМЫР  ОҚУШЫ»  мәтінін  тез,  мұқият  оқып, 
сұрақтарға жауап беру.
1.  Уақыт деген не?
2.  Тәулікте неше сағат?
3.  Қандай адам биіктерге жетеді?
4.  Іскерлік әлемінде қандай адамға орын жоқ?
5.  Қандай адам істі жоспарлауға үйренеді?
6.  Ненің бағасын білу керек?
В) «МЕНІ ТҮСІН». Мәтінді қарап, кітапты жапқан соң 10 
шақты сөз жаз. Мұғалімнің сөздерімен салыстыр.
III. - Қазір ассоциацияға байланысты мәтіннен алынған 
сөздермен сөйлем  құр.
 уақыт       капитал         биіктер        жалқау       тәрбиеле 
1. Адам үшін ең қымбат нәрсе - уақыт.
2 .Уақыт - әркімнің нақтылы өмірлік капиталы.
3.  Кім уақытын бағалай білсе, сол ғана биіктерге жетеді.
4  Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде 
орын жоқ.
5. Өзіңді өзің тәрбиеле.
IV. - Мәтінді оқыдық, ойнадық, аудардық. Кім мәтіннің 
мазмұнын айтып береді?
Адам  үшін  ең  қымбат  нәрсе  -  уақыт.  Ол  алтыннан  да 
қымбат.Уақыт - әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Кісінің 
іскерлігі уақытты босқа жібермеуден басталады.
Үнемі кешігіп жүретін жалқау адамға іскерлік әлемінде 
орын жоқ. Уақыттың бағасын біл.
V. - Қазір жай сөйлемдердің түрлерімен танысамыз. Тек 

59
қана бастауыш пен баяндауыштан құрылған сөйлем жалаң 
деп  аталады.  Ал,  тұрлаусыз  сөйлем  мүшелері  бар  сөйлем  
жайылма деп аталады.
а) ЖАЛАҢ   
 
ЖАЙЫЛМА
Бастауыш    
 
бастауыш
 
 
 
 
баяндауыш
баяндауыш   
 
толықтауыш, пысықтауыш 
 
 
 
 
анықтауыш
Мысалы: Уақыт өтті. 
Уақыт тез өтті.
Ә) Семантикалық карта (компьютерде)
Уақыт - әркімнің
нақтылы капиталы.
Жалаң
Жайылма
Уақыт еш нәрсені де
мойындамайды.
Уақыт жоқ.
Уақыттың бағасын біл.
 
Б)   Дәптерге:   (плакатқа   маркермен) 1.   Күн   шықты. 
2. Мен мектепке тез жиналдым. 3. Мұғалім балаларды тізім 
бойынша мектепке кіргізді. 4. Сабақ басталды.
1. (хабарлы, жақты, толымды, жалаң, тұрлаусыз сөйлем 
мүшелері жоқ).
2. (хабарлы, жақты, толымды, жайылма).
3.  (хабарлы,  толымды,  жайылма,  тұрлаусыз  сөйлем 
мүшелері жоқ).
4. (хабарлы, жақты, толымды, жалаң).

60
VI.
УАҚЫТ   
        
       зат есім                                 сын есім                 етістік
(алтын, капитал, нәрсе, жылдам, қымбат, қысқа, ұзақ, 
өтті, келді, жетті, болды.)
  VII.  -    Балалар,  біз  бүгінгі  сабақта  уақыт  туралы  көп 
әңгімеледік. Қазақ халқында уақыт туралы көптеген мақал-
мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері бар.  
1. Көзді ашып, жұмғанша. 
2. Сүт пісірімдей уақыт. 
3. Ет қайнатым уақыт.
4. Бие сауым уақыт. 
-  Ал,  енді,  экрандағы  уақыт  туралы  мақал-мәтелдерге 
назар аударайық.
1.  Уақыт  тас  екеш  тасты  да  тоздырады.  Время  камень 
точит.
2. Әр адам - өз заманының баласы. Все люди - дети своего 
времени.
3.  Кешегі күннен алыс жоқ,
     Ертеңгі күннен жақын жоқ.
     Ничто не дальше вчерашнего,
     Ничто не ближе завтрашнего.
4. Әр заманда бір көреген. Каждая эпоха рождает своих 
великих людей.
VIII. Қорытындылау.  Cендер  уақытты   қалай  бағалай-
сыңдар?
IХ. Бағалау. Үйге тапсырма беру.
 
 
 

61
Айнагүл ЖАЗИЕВА, 
Көкшетау қаласындағы 
№19 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ТІЛ ТАҒДЫРЫ - ЕЛ ТАҒДЫРЫ
  Сабақтың  мақсаты:  1.  Жас  ұрпаққа  ана  тіліміздің 
қадір- қасиетін дарыту, туған тіліміздің  тұғырының мықты 
болуына  негіз  қалаған  аға-ұрпақ өкілдерінің   еңбектерінен 
оқып үйрену, тіл тарихына шолу. Тілдің қоғамдық-әлеуметтік 
қызметін  таныстыру.  2.  Қазақ  тілінің  мәртебесін  көтеру, 
оқушыларды  тез  ойланып,  жауаптарын  тиянақты,  жүйелі 
айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу. 3. Қазақстанда 
өмір  сүретін  халықтардың  әдет-ғұрып,  тарихын,  тілін 
қастерлеп,  бүгініміз  бен  келешегіміз  үшін  бірлігімізді 
нығайту  -  басты  борышымыз  екенін  ұғындыру.  Еліміздегі 
халықтар  достығын , бірлігін нығайту.
Түрі: дәстүрлі емес, сайыс сабақ. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-
жауап, аударма, баяндау, іздену, ойын тұжырымдау,  диалог.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал-мәтел жинағы.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалімнің  кіріспе сөзі: - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 
1998  жылдың  20  қаңтарындағы  Жарлығына  сәйкес  22 
қыркүйек  «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде 
аталып  келеді.  Осыған  орай  «Тіл  тағдыры  -  ел  тағдыры» 
атты сабағымызды бастайық.
Сынып екі топқа бөлінеді: 1-топ - тарихшылар,    2-топ- 
әдебиетшілер.
Берілген  тапсырмаларға,  жылдарға  байланысты    1-топ 
сол  кездегі  тарихи  деректер,  оқиғалар,  ел  тағдыры  туралы 

62
әңгімелейді, 2-топ сол кездегі әдебиеттің, тілдің дамуы, тіл 
тағдыры туралы мағлұматтар береді.
Сабақ 6 кезеңнен  тұрады:
1. Хронологиялық шежіре
2. «Сандар сыры» ойыны, жылдар сөйлейді (диалог);
3. «Жалғасын тап» немесе « Мақал - сөздің мәйегі»;
4. Полиглот;
5. Поэзия минуты;
6.  «Атадан қалған асыл сөз». 
-  Ендеше,  «Тіл  тағдыры –  ел  тағдырын»  тереңірек білу 
үшін тарих беттеріне үңілейік.
1-кезең. Хронологиялық шежіре.
Уақыты
Оқиғалар
VII-VIII ғасыр.
1072 – 1929 ж.
1929- 1939 ж.
1940 (1941)
1957 ж.
1989 ж.
Зерттеушілер.
Араб әліпбиі.
Латын әліпбиі.
Орыс әліпбиі.
Тән дыбыстар.
Тіл заңы.
Екі топ берілген жылдар, оқиғалар бойынша әңгімелейді.
2-кезең. «Сандар сыры»  ойыны. Жылдар сөйлейді.
Берілген  сандар  бойынша  екі  топ  бір-біріне  кезекпен 
сұрақ қойып, жауап береді.
1991ж. – Тәуелсіздік алды. 
1992 ж. – Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды. 
1993 ж. – Ұлттық валюта қабылданды.
1995ж. – Конституция қабылданды.
1997ж. – Халықаралық Ассамблея ұйымдастырылды.
3-кезең. «Жалғасын тап».
Екі  топ  кезекпен  бір-біріне  мақал  жасырып,  жалғасын 
табады.

63
1) Тіл - адам ойының ....(айнасы).
2) Аңдамай сөйлеген .... (ауырмай өледі).
3) Ойнап сөйлесең де ... (ойлап сөйле).
4) Айтылған сөз .... (атылған оқпен тең).
5) Көп сөз –.... (бос сөз).
6) Көп сөз – күміс, аз сөз –. . .  (алтын).
7) Өнер алды – ..... (қызыл тіл).
8) Ашу – дұшпан, .... (ақыл – дос).
9) Жеті рет өлшеп,  ....... (бір рет кес).
10) Тіл – алтын ....  (қазына).  
4-кезең. «Полиглот». 
1. Тілі бар, үні жоқ,
    Өзін адам түсінген.
    Сөйлеп тұрған тілі жоқ, 
    Көп оқисың ішіңнен.         (кітап,  книга,  book)
2.  Көз – қорқақ,  . . . – батыр    (қол,  рука,  hend)
3.  Адамды адам еткен не?        (еңбек,  труд,  work)
4.  Аяғы біреу, қолы жоқ, 
     Шиыр- шиыр жолы көп.
     Өзі сөйлей білмейді 
     Салған ізі сөйлейді.            (қалам,   ручка, pen)
5.  Бетін адам ашады,
     Білім нұрын шашады.    (кітап, книга,  book)
5-кезең.  Поэзия минуты. «Ана тілі», «Қазақ тілі» туралы 
мәнерлеп өлең оқу сайысы. 
6-кезең.  «Атадан  қалған  асыл  сөз».  Ұлы  адамдардың, 
ақын, жазушылардың тіл туралы айтқан асыл сөздерін жатқа 
айту, мағынасына тоқталу.
Қорытынды.  Бағалау. 

64
Раушан  ХАСЕНОВА,                                                                                                                                    
                                                                Е.Ш.Шайкин атындағы 
№3 Сергеевка орта мектебінің
                                                                      қазақ тілі мен әдебиеті
 пәнінің мұғалімі.
                                          Солтүстік Қазақстан облысы,
                                                                 Шал ақын ауданы.
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫНДА 
- МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ 
ЖОҒАРЫ ОРГАНДАРЫ
(11-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  -  оқушылардың 
мемлекет  туралы,  етістіктің  шақтары  бойынша  алған 
білімдерін  нақтылау,  жүйелеу,  жинақтау,  қайталау.  Талдау 
жұмыстарын  жүргізу;  дамытушылық  -  өз  ойларын  еркін 
жеткізе  білуге  дағдыландыру,  ауызекі  сөйлеу  дағдысын 
жетілдіру, оқушының дүниетанымын кеңейту, ауызша ойлау 
мен  сөйлесу  дағдысын  қалыптастыру,  сөздік  қорын,  тіл 
байлығын  дамыту;  тәрбиелік  -  туған  жеріне,  еліне  деген 
сүйіспеншілігін  арттыру,  оқушылардың  ұйымшылдық 
қабілетін жетілдіру.
Түрі: аралас сабақ, сұрақ-жауап, іздену, ойлану.
Әдісі:  кластер құрастыру, бес жолды өлең жазу, ассоциация 
стратегиясы,  мәтінмен  жұмыс,  СКТ  технологиясы,  сұрақ-
жауап әдісі, талдау.
Пәнаралық байланыс: тарих, құқықтану.
Типі: топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Көрнекілігі: Ата заң, сөйлемді кластер, кеспе қағаздар, 
деңгейлік тапсырмалар, слайдтар.
   
  
 

65
Сабақтың барысы:   
      1-слайд. ЭПИГРАФ.  
Күннің көзі күлімдеп кең даламда,
Құдіретін танытқан бар ғаламға!
Алатаудай асқақтап тұрған биік
Қазақстан - жұмақ қой күллі адамға!        
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысы, даярлығы тексеріледі. 
/Сынып 3 топқа бөлінген/
-  Бүгінгі  сабақта  мемлекеттік  биліктің  жоғары 
органдарымен танысамыз, етістіктің шақтарын қайталаймыз 
және кешенді  талдауларды жасаймыз.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
1.  Қабылдау,  атқару,  күзету  сөздерін  3  шақта  жіктеу, 
талдауларды қайталау.
2. - Балалар,  біз ҰБТ-ға дайындалуымыз керек, сондықтан 
терминологиялық диктант өткіземіз.
«Сен білесің бе?» (ауызша) 
- Мағынасы қарама-қарсы сөздер. (антоним)
- Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғануы арқылы 
жасаланады.(туынды түбір)
- Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі. (түбір)
- Мағынасы бір-біріне жуық сөздер. (синоним)
- Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа. (омоним)
- Фонетика нені зерттейді? (дыбыстарды)
-  Дауысты  дыбыстар  тілдің  қатысына  қарай  қалай 
бөлінеді? (жуан-жіңішке)
- Біреудің сөзінің өзгеріссіз берілуі (төл сөз)
- Ер - елінде, (гүл - жерінде)
- Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)
- Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
- Туған жердей жер болмас, (туған елдей ел болмас)

66
- Отан - оттан да (ыстық) 
    2-слайд.    «Отан  -  оттан  да  ыстық»  деген  мақалды 
қалай түсінесіңдер?                                                                                                
Балалар «Отан» сөзіне  фонологиялық   талдау жасайды. 
Бір оқушы тақтада орындайды. 
-  Дәптерлеріңізде  «Қазақстан»    сөзіне  талдау  жасаңыз.  
(Спикер тексеріп береді).                                                                                           
3-слайд. Фонологиялық талдау (ауызша)
                                      Отан 
1.  Айтылу,  жасалу,  жазылу  жолдарына  қарай:  жуан 
буынды  сөз.  Себебі,    сөздің  құрамындағы  дауысты                                            
дыбыстар - жуан дауысты дыбыстар. 
2. Буын. Бұл сөз О - тан    болып екі буынға бөлінеді.                      
(ашық  буын  және  бітеу  буын).  Себебі,  сөздің  құрамында 
екі дауысты дыбыс бар.  О - ашық буын. Себебі, о буыны 
жалғыз  дауысты  дыбыстан  тұр;  тан  -  бітеу  буын.  Себебі, 
буын    дауыссыз  дыбыстан  басталып,    дауыссыз  дыбысқа  
аяқталып тұр.
3.  Тасымал.  Отан  сөзі  екі  буыннан  тұрғанымен                                          
тасымалданбайды.  Себебі,  жалғыз  дауысты    дыбысты                                         
жолдың екінші жағына қалдырып кетуге болмайды.
4.  Екпін.  Қазақ  тілінде  сөз  екпінінің  орны  біршама                  
тұрақты.  Бұл  сөзде  екпін  тан  буынындағы  а  дауысты                                         
дыбысына түседі.            
5. Буын үндестігі жоқ. Себебі, бұл - түбір сөз.
6. Дыбыс үндестігі жоқ. Себебі,  бұл - түбір сөз.
III. Жаңа тақырып.  
Кіріспе сөз: - Сонымен, балалар, Отан дегеніміз - адамның 
туып  өскен  жері,  туған-туысқандарымен,  жақындарымен 
бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың 
Отаны - Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан - егеменді, тәуелсіз мемлекет.

67
4-слайд«Ой толғаныс» стратегиясы. 
- Балалар, сабағымыздың эпиграфына назар  аударыңыз-
дар:  «Күннің көзі күлімдеп кең даламда,
Құдіретін танытқан бар ғаламға!
Алатаудай асқақтап тұрған биік
Қазақстан - жұмақ қой күллі адамға!»
Қандай ой келеді?
-  Қазақстанымыз  бүкіл  әлемге    биіктен  көрінсін  және 
елімізде бірлік, ынтымақ бар деген ой келеді.
5-слайд.    1-2  желтоқсанда    Астанада  ЕҚЫҰ  
(Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  жөніндегі 
ұйымының)  Саммиті    Қазақстанның  төрағалығымен  
өтті.
ЕҚЫҰ  Саммиті-барша  Қазақстандықтардың  жетістігі 
мен  мақтанышы.  Маңызды  мәселелерді  талқылау  үшін 
Қазақстан Астанасына 56 мемлекет, 69 халықаралық ұйым 
жетекшілері,  500-ден  астам  үкіметтік  емес  ұйым  өкілдері 
мен 1000-аса журналистер келді.
ЕҚЫҰ-ның  ұраны:  Сенім.  Дәстүр.  Ашықтық.
Толеранттылық.
ОБСЕ - ЕҚЫҰ
Дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
Мұғалімнің  сөзі:  -  Бүгінгі  сабақта    Қазақстан  туралы 
білімдерімізді  тереңдетеміз,  осы  тақырып  бойынша 
әңгімелесеміз және етістіктердің шақтарын қайталаймыз.
Қазақстан  Республикасы    қай  жүйеге  негізделген 
мемлекет? (Президенттік басқару)
-  Ендеше,    жаңа  сабақты  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзімен 
бастаймыз.
6-слайд.  «Еліңнің  ұлы  болсаң,  азаматтық  намысың 
болса, жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!». 
                                                                  (Н.Назарбаев)

68
-  Бұл  сөздерді  қалай  аударасыздар?  Осы  сөздерді 
дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
-  Жердің  де,  елдің  де  иесі  сендерсіңдер,  сондықтан  да 
мемлекет  туралы,  мемлекеттік  белгілер  туралы  жақсы 
білулеріңіз керек.
Ассоциация
-  Балалар,  мемлекеттің  белгілері  дегенде  қандай 
ассоциациялар келеді? 
-  Мемлекет    туралы  жақсы  білесіңдер.  Дегенмен, 
білімдерімізді  тереңдету  үшін  мәтінмен  танысайық.  (57- 
беттегі 3-тапсырма).
7-слайд. Мәтінмен жұмыс: мәтінді түсініп оқып, жаңа 
сөздерді сөздікке жазып алыңыздар.
Сөздік:
Билік – власть;                                         
Тағайындайды – назначает;
Атқарушы – исполнитель;           
Басқарма – управление;
Мәжіліс – заседание;              
Жергілікті – местный; 
Тұрақты – постоянно;               
Саналады – считается;
Сайлайды – избирают;           
Тарату – распускать;     
Басым көпшілігі – большинство.
Егемендіктің  маңызды  белгісі  -  мемлекеттік  биліктің 
жоғары органдарының болуы. Қазақстан Республикасының 
Конституциясы мемлекеттік билікті бөлу принципін бекітті. 
Мемлекеттік билік үш буынға бөлінеді:
1. заң шығарушы;
2. атқарушы;
3. сот.
Заң шығару қызметін Парламент атқарады.

69
Парламент екі палатадан тұрады: Мәжіліс және Сенат.
Олар  тұрақты  қызмет  істейді.  Мәжіліс  депутаттарын 
азаматтар тікелей сайлайды. Сенат депутаттарының басым 
көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын 
Президент тағайындайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде 
атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың 
жүйесін  басқарады.  Атқарушы  органдардың  жүйесіне 
министрліктер,  мемлекеттік  комитеттер,  комиссиялар,  бас 
басқармалар және жергілікті атқарушы органдар –облыстық, 
қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер жатады.
Сот  билігін  Жоғарғы  Сот,  облыстық,  аудандық  соттар 
жүзеге  асырады.  Аталған  органдар  біртұтас  мемлекеттік 
биліктің буындары болып саналады.
Парламент  Үкіметті,  ал  Президент  Парламентті  тарата 
алады.
IV.  Жаңа сабақты бекіту.
1. Сабақтың алдында біз үш топқа бөліндік:
I топ - заң шығарушы
II топ - атқарушы;
III топ - сот.
8-слайд.  Сызба бойынша әр топтың спикері  өз қызметі 
туралы  әңгімелеп береді.
V.  Грамматикалық тақырыпты қайталау.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.  
Жақсы. Балалар, мәтіндегі асты сызылған сөздер қай сөз 
табына жатады? Етістік деген не? Етістіктің шақ категориясы 
қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
9-слайд.
-  Деңгейлік  тапсырмаларды  орындау  үшін  біз 
семантикалық картаны толтырамыз.
  

70
  III деңгей.  Семантикалық карта.
Етістік
          
 Өткен шақ
    
 Осы шақ
Келер шақ
Сайлау
Бұрын-
ғы
Же-
дел
Ауыс-
палы
Ауыс-
палы
Нақ 
осы 
шақ
Ауыс-
палы
Бол-
жал-
ды
Мақ-
сат-
ты
I жақ
+
+
+
II жақ
+
+
II жақ
+
+
III жақ
+
+
(Оқушыларда)
I топ - заң шығарушы.      
Оқушының аты-жөні
Етістік
               Өткен                                           шақ
Сайлау
Бұрынғы
Жедел
Ауыспалы
 I жақ
II жақ
II жақ
III жақ
II топ – атқарушы.         
Оқушының аты-жөні
Етістік
                Осы                                                шақ
Сайлау
Ауыспалы
Нақ осы шақ
I жақ
II жақ
II жақ
III жақ
III топ – СОТ.   
Оқушының аты-жөні
Етістік
               Келер                                                  шақ
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 3.57 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет