Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен



жүктеу 3.57 Kb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата09.09.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Райгүл МҰҚАШЕВА,
Шығыс Қазақстан облысының 
Тарбағатай ауданындағы
Ақжар ауылының
М.Әуезов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
БІЗ БІЛЕТІН МҰХТАР ӘУЕЗОВ
Сабақтың  мақсаты:  қазақ  халқының  ұлы  жазушысы 
жайлы  мәлімет  беру.  Ұлы  жазушының  шәкірті  болған 
ұстаз  Егінбай  Ақашұлының  Мұхтар  Әуезов  туралы 
естеліктерімен  танысып,  М.Әуезов  жайлы  білімдерін 
тереңдету.  Кітапханашылардың  ұйымдастыруымен  Мұхтар 
Әуезов  шығармаларымен  танысу.  Әдебиетті  сүйе  отырып, 
адамгершілікке,  ізгілікке  тәрбиелеу.  Көрнекілігі:  «Біз 
білетін Мұхтар Әуезов» атты буклет, жазушының өмірі мен 
шығармашылығына байланысты көрме - бұрыш, М.Әуезов 
жайлы жазылған плакат. Түрі: кездесу сабақ.
Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Құрметті оқушылар, қонақтар 
мен ұстаздар, бүгін біз ұлы жазушы Мұхтар Әуезовті еске 
аламыз.  Кездесу  сабағымызға  Мұхтар  Әуезовтің  шәкірті, 
ұлағатты  ұстаз  Егінбай  Ақашұлын,  Ақжар  ауылдық 
кітапханасының аға кітапханашысы Дүйсекенова Мәрияны, 
М.Әуезов атындағы орта мектептің кітапханашысы Рахатова 
Бақытгүлді,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі 
Токимова Шәмшібануды шақырып отырмыз. 
-  М.Әуезов  жайлы  не  білеміз?  Сөз  кезегі  11-сынып 
оқушыларына беріледі.
1-жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! 
Бүгін  бізде  -  жарқын  мереке!  Бүгін  -  қазақ  халқының  ұлы 

42
перзенті,    жазушы,    оқымысты     әрі     қоғам    қайраткері 
М.  Әуезовтің  туған  күні.  Өзінің  данышпан  ойымен  қазақ 
халқының тарихи тағдырын шығармаларымен қамтып, оны 
әлемнің  басқа  халықтарымен  байланыстырған  адамның 
еңбегі орасан зор.
2-жүргізуші: - Халық болып асқар биік шыңдары,
                          Танытам деп таудай биік тұлғаны,
                          Ұлы бабам өз өмірін сарп етіп,
                          Туған халқын жүрегімен жырлады.
Жылдар өтіп, ғасыр жатты сан алда,
Жұмсай алмай бабам семсер қамалға,
Өз жүрегін, өз қаламын сермеді
Танытам деп қазақ халқын ғаламға.
                          Бабам Мұхтар, қасиетіңе бас ием,
                          Найзағайдай тілің өткір, жасын ең.
                          Құдіретіңмен арамызда мәңгілік 
                          Жасай бергін, жасай бергін ғасырмен!
1-жүргізуші: - Қар басқан заңғар шыңды көріп пе едің
                          Көрген сайын келетін еліктегің?!
                          Мұхтар-дана, өзіңді шыңға балап
                          Жөн болар жыр нөсерін төгілткенім.
Бүгінгі күн - жалғасы кешегінің,
Ойлаумен өткен кезді кешемін мұң.
Жан сырыңды ұғыну жүрегімен -
Мақсаты болса керек өсер ұлдың.
                          Өзіңді жоқ деуге осы қия ма адам?
                          Із қалар сіздей дана ғұламадан.
                          Өшпейтін тасқа түскен таңбадай боп
                          Бейнеңіз жүрегіме ұялаған!
2-жүргізуші  М.Әуезовтің  өмірі  мен  шығармашылығы 
жайлы оқиды.
1-жүргізуші  М.Әуезовтің  Семейдегі  қызметі  жайлы 
мәлімет береді.

43
ІІ бөлім.
1. Мұғалім ұлы жазушы М.Әуезовтің үздік шәкірті болған 
Егінбай Ақашұлының өмірбаян деректерімен таныстырады. 
М.Әуезовпен  бірге  түскен  фотосуреттері  көрсетіледі. 
Ұлағатты  ұстаздың  «Мейірімді  ұстаз»  атты  естелігі 
оқылады. «Інім Егінбайға, сынап оқы деп сыйладым» деген 
қолтаңбасы  жазылған  «Әр  жылдар  ойлары»  деген  көлемді 
зерттеулері жарияланған үлкен еңбегі көрсетілді.
2.  Сөз  кезегі  Ақжар  ауылдық  кітапханасының  аға 
кітапханашысы Дүйсекенова Мәрияға беріледі. Кітапханашы 
М.Әуезовтің  «Қилы  заман»  шығармасына  жүріп  жатқан 
акция  жайлы,  шығарма  жайлы  оқушыларға  терең  ойлы 
мәлімет берді.
3.  М.Әуезов  атындағы  орта  мектеп  кітапханашысы 
Рахатова  Бақытгүл  мектеп  кітапханасындағы  М.Әуезовтің 
барлық шығармаларымен қысқаша таныстырып шықты.
4.  Қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінің  мұғалімі  Токимова 
Шәмшібану  оқушыларға  Ғабит  Мүсіреповтің  шығармалар 
жинағынан  «Достар  қалжыңы»  топтамасындағы  М.Әуезов 
жайлы  жазылған  достарының  жылы  лебіздерімен 
таныстырды.
Мұғалім:  -  О,  ұлы  дәстүрмен  кең  әдеби  арнаны 
жалғастырушы Мұхтар аға! Сіздің бүкіл болмыс-бітіміңізге, 
ең  алдымен,  үлкен  жүрегіңізге  рахмет  айтамыз.  Дархан 
даламыздың  ерен  ой  өлкесі,  терең  толғанысы,  шалқар 
шабыты, зор бақыты тек бір ғана сіздің кең мандайыңызға 
сыйып тұрғандай. Сіздің ұшқыр қаламыңыздан қазағымның, 
Ұлы  Абайдың,  сол  дәуір  адамдарының  тағдыры  қайта 
тірілді.  Сондықтан  да  сіздің  шығармаларыңызға  одан  ары 
терең бойлай береміз.  Бүгінгі сіз туған күн «Мың өліп, мың 
тірілген» қазақтың да қайта туған күні, аса қадірлі мәртебелі 
Мұхтар  аға!  Абайдан  Мұхтарды,  Мұхтардан  Абайды 
бөліп  айту  еш  мүмкін  емес.  Ұлы  ойшыл  Абайдың  өмірі 

44
мен  ақындық  жолы  Мұхтар  шығармаларындағы  айтулы 
еңбектерінің бірі болып саналады.
- Нұры болып жаралған туар айдың,
  Жетпегендей сәулесі күн арайдың,
  Жарқыратып халқына сыйға тартқан
  Қазынасын ақтарып ұлы Абайдың!
                Үміт артқан келер күн таңдарына,
                 Қол созған алыс арман заңғарына,
                 Көзі ашық, көкірегі ояу жанның 
                 «Абай жолы» айналды бағдарына!
2-оқушы М.Әуезовтің ауруханадан жазған соңғы хатын 
оқиды.
1-жүргізуші: - Дүбір салып төсіне нұр даланың
                          Естілген-ді өзгеше бір дара үн.
                          Қарасөздің хас жүйрік Құлагері -
                          Күтіп алды мәреден қыл қаламын.
Көңілдерді алуан ой тұрды тербеп
Парасаттың көгінде жарқыраған.
Жарық жұлдыз ерекше шықты өрлеп
Шалқарында шабыттың шарықтаған!
                          Қыран болып қияда қалықтаған
                          Дара туған перзентін Мұхтар сынды
                          Ұмытпайды ешқашан халық – данам!
Мұғалім:  -  Осымен,  «Біз  білетін  М.Әуезов»  атты 
кездесуіміз аяқталды. Назарларыңызға көп-көп рахмет!
   
   
 

45
Білім негізі - бастауышта
Сұлушаш РЫМБЕКҚЫЗЫ,
Қарағанды облысының
Абай ауданындағы
Топар кентінің
«Айналайын» балабақшасының
          қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
ТӨЛ ДЫБЫСТАРҒА ҚАТЫСТЫ 
ҚЫС КЕЛБЕТІ
Мақсаты:  білімділік  –  қыс  мезгілінің  көрінісі  туралы 
білімдерін тереңдетіп, қорытындылап бекіту, сөйлем құрап, 
әңгімелей білуді жалғастыру, сұрақты түсініп жауап беруге, 
қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету, қойылған 
сұрақты түсініп жауап беруге жаттықтыру; дамытушылық - 
ойлау,  есте  сақтау,  шығармашылық  қабілеттерін,  баланың 
монологты  және  диалогты  сөздерін,  сөздік  қорын  дамыту; 
тәрбиелік  -  нақты  нәтижеге  жету  үшін  достарымен 
топта  келісіп  жұмыс  істеуге,  қазақ  тілін  үйренуге  деген 
қызығушылыққа тәрбиелеу.
Мотивация:  «Алтын  сақа»  ертегісіндегі  бала  асығын 
жоғалтып алды, оған қалай көмектесеміз?
Сөздік жұмыс: қар жауды, күн суық, аяз, боран, мұз, қыс 
мезгілі,  ағаш  қыста  ұйықтайды,  қоянның  түсі  ақ  болады, 
қысқы киім киеміз, т.б.
Көрнекілік: сызба, алгоритм, қола, күміс, алтын сандық 
үлгілері,  алтын  сақа,  жеке  сызбалар,  қарындаш,  ұлпа  қар, 
хат.
Әдіс-тәсіл: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қазақ халқының ертегісі 
«Алтын сақаны» оқу, балаларды екі топқа бөлу.

46
Сабақтың барысы. 1. Мотивация:
- Балалар, біз неге жиналып тұрмыз?
-  Асығын  жоғалтқан  балаға  асығын  табуға  көмектесуге 
жиналдық.
- Көмектесе аласыңдар ма?
- Көмектесеміз! 
2.  «Қыс  туралы  сөз  білесің  бе?»  дамытушы  ойыны 
ойналады.
Қыс мезгіліне байланысты жеке сөздерді айтады: қар, қыс, 
мұз, суық, аяз, боран, қырау, т.б.
3. Мұғалім: - Балалар! Бізге мыстан кемпір хат жазыпты. 
Онда  былай  делінген  екен:  «Алтын  сақаны  алтын 
сандықтан  табасыңдар,  сандықты  ашу  үшін  қыс  туралы 
бірнеше тапсырма орындауларың қажет».
Тапсырмалары қандай екен?
-  Мыстан  кемпір  жыл  мезгілдерінің  бәрінің  орнын 
ауыстырып жіберген екен.
4. Бірінші сызбаны тақтаға ілеміз.
- Бұл сызба нені білдіреді?
-  Жыл мезгілін.
«Ұлпа қарлар» тобы жыл мезгілдерін ретімен атайды. 
- Қазір - қыс мезгілі, одан кейін көктем келеді. Одан соң 
жаз, күз мезгілдері келеді. «Аққала» тобы жыл мезгілдерінің 
түстерін атайды. 
-  Қыс  мезгілі  ақ  түсті.  Көктем  -  жасыл.  Жаз 
-  қызыл.  Күз  –  сары  (шағын  топтар  арасындағы 
байланыс).  Сызбаны  ретімен  орналастыру  қажет. 
Қола  сандық  ашылмады,  балалар.  Тағы  да  қыс  туралы 
білетінімізді айтайық. 
5. Екінші сызба – Ауа райы.
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Күн суық, аяз болады.
- Қар жауады.

47
- Суық жел соғады.
Боран соғады. Балалардың жауабынан кейін қола сандық 
ашылып,  ішінен  күміс  сандық  ашылады.  Алтын  сандыққа 
жету үшін тағы да жұмыс істеуіміз қажет.
6. Үшінші сызба - Өсімдіктер.
І топ  ағаш түрлерін, белгілерін айтады. 
- Қайың, қарағай, шырша, терек, емен.
II топ етістікті сөйлемдер айтады. 
- Ағаштар қыста қандай өзгеріске ұшырайды? 
- Ағаштарда жапырақ болмайды.
7. Төртінші сызба - Жануарлар.
І  топ    жануарлар  аттарын,  қыста  қандай  өзгерістерге 
ұшырайтындарын айтады.
II топ қыстап қалатын құстарды атайды. 
- Балалар, сендер жабайы аңдар туралы жұмбақ білесіңдер 
ме?  Әр  топтың  топ  басшысы  жұмбақ  жасырады,  басқа 
балалар шешеді. 
Жұмбақ:
1. Орманда тұрады, өзі бір қу
   Жүрген жері - айқай да шу.        (түлкі)
2. Өзі қорқақ, көзі қыли
    Екі түрлі тон киеді.                   (қоян)
Жұмбақ жауаптарының суреті конверт сыртында болады.
Оның ішінде тағы да бір тапсырма бар екен.
-  Жұмбақтың  жауабында  қазақ  тілінің  төл  дыбыстары 
жазылмаған екен, оны әр топтың топ басшысы жазып, оқып 
берсін. Тапсырманы орындайды.
8. Бесінші сызба - Ойнаймыз, айтамыз.
Сергіту сәті: - Тұрыңдар, балалар, сырғанақ тебеміз,
                           Құрыспай, құрыштай шынықсын денеміз!
                          Биалай, қолғап киеміз бәріміз.
-  Ойнадық,  қыста  не  киетінімізді  айттық.  Отырайық. 
Мыстан  кемпірдің  тапсырмаларын  орындап,  алтын 

48
сандықты  аштық.  Алтын  сандық  ашылған  кезде  жағымды 
әуен естіледі. 
9. Алтыншы сызба - Көңіл-күй.
 Осы көңіл-күйіміз бізге қыс туралы әңгіме құрастыруға 
көмектеседі.  (Әр  топ  сызба  арқылы  қыс  туралы  әңгіме 
құрастырады). Балалар  әңгімесінен  кейін  алтын  сандық  
ашылып,   ішінен  алтын   сақа шығады.
Сабақты қорытындылау.
Мұғалім:  -  Сендердің  сабаққа  белсенді  қатысқандарың 
үшін ертегіге шақыру қағазын беремін. Балалар қонақтарға 
Ақмарал ЛЕСОВА,
Алматы қаласындағы
№22 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ТІЛ ДАМЫТАТЫН МЕНІҢ ДОСЫМ 
(2-сынып)
Сабақтың мақсаты: а) жаңа тақырыпқа қатысты сөздер 
мен сөз тіркестерін меңгерту, олардың дұрыс айтылуына мән 
беру;  ә)  өтілген  материалдарды  қайталау  арқылы  тілдерін 
дамыту;  б)  сыныптастарымен  достық  қарым-қатынаста 
болуға, достықты бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ- жауап, ойын элементтері.
Көрнекілігі: киіз үй, қуыршақ әже, магнитті тақта, суреттер.
Пәнаралық байланысы: этнопедагогика, әдеп, тарих.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
   
   
 

49
шақыру қағазын таратады. Қонақтармен қоштасу.
а) Сәлемдесу.
ә) Түгелдеу.
б) Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, аудару.
в) Тіл дамыту сәтін өткізу. 
II. Үй тапсырмасын сұрау. 
III. Жаңа сабақ. 
1. Кіріспе:
- Балалар, бүгінгі сабағымызда біздер жаңа тақырыппен 
қатар өткен сабақтарымызды да еске түсіретін боламыз және 
де сабағымызға бүгін қонақ келді. Ол кім дейсіңдер ғой? Ол 
- ақ әжеміз. Балалар, әже дегеніміз кім?
-  Әже  дегеніміз  -  мейірімді,  ақылды  адам.  Ол  ертегі 
айтады.
- Иә, жарайсыңдар, міне, сол әже бүгін сендердің қазақ 
тілін  қаншалықты  сүйіп  оқитындықтарыңды  тексеруге 
келді. Олай болса, сендер бүгін сабақта мемлекеттік тілімізді 
қандай  деңгейде  меңгеріп  жүргендеріңді  көрсетеді  деп 
ойлаймын.
2.  «Менің  досым»  тақырыбында  шағын  әңгіме  құрап 
жазамыз.
Менің досым бар. Оның аты - Үсен. Ол екінші сыныпта 
оқиды. Ол- жақсы , ақылды бала. Үсен екеуіміз аулада бірге 
ойнаймыз.  Сабаққа  да  бірге  дайындаламыз.  Үсен  -  жақсы 
дос.
 З. Жаңа сөздермен танысу: 
Дос - друг;
Жақсы -  хороший;
Ақылды – умный;
Бірге – вместе;
Дайындаламыз – готовимся.
4. Балаларға киіз үй туралы мәлімет беру.
-  Қонаққа  келген  әжелерің  шаршаған  болар.  Ендеше 
әжемізді  киіз үйге кіргізелік. Ол үшін, ең алдымен, киіз үйді 
өзіміз құрамыз.

50
Шаңырақтың  тапсырмасы:  Қосымшаларды  қайталау. 
Төмендегі  сөздерге  -қа,  -ке,  -ға,  -ге  жалғауын  жалғап 
жазыңдар:  мектеп,  ауыл,  қала,  Астана,  Атырау,  газет, 
орындық, әке.
Уық тапсырмасы: сөздерді дауыстылардың жіктелуіне 
қарай топта.
Дос, ел, ара, Асқар, тақта, шаңғы, кілем, жапырақ, тиін, 
қасқыр, керік.
Жуан сөздер.                             Жіңішке сөздер.
Кереге тапсырмасы: сұраулы сөйлемдер құрастыр.
1. Мен мектепке барамын. (Мен қайда барамын?)
2. Менің досым жақсы оқиды. (Менің досым қалай оқиды?)
3. Асан ауылда тұрады. (Асан қайда тұрады?)
Есіктің  тапсырмасы:  қосымшаны  дұрыс  тап.
1 . Менің  дәптер         ің                        2. Менің дос       ыңыз
   Сенің  дәптер     ім                           Сенің дос      ың
   Сіздің   дәптер    і                            Сіздің дос      ы
   Оның    дәптер    іңіз                        Оның дос       ым
Киіз үйді сәтті құрап, Әжемізді төрге шығарамыз.
IV. Сергіту сәті.  Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, 
                               Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
                               Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, 
                               Болашағым, бақытым, дара тілім.
V.  Дәптермен жұмыс. VI.  Сабақты қорыту:
А) Шашу, яғни, сұрақтар қойып сабақты бекіту, қорытындылау:
1. Бір аптада неше күн бар?
2.     Көктем айларын ата.
3.  Бір айда неше апта бар?
4. Бір жылда неше мезгіл бар?
Әженің шашуын тарату. 
Ә) Әділ бағалау, мадақтау.
Б) Үйге тапсырма: 1. Өтілген тақырыпқа қатыстырып 3 
лепті сөйлем құрап жазу; 2. Өз досы туралы шағын әңгіме 
айта білу.

51
Айнұр ШАКИРОВА,
Алматы қаласындағы
№27 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ОЙ-ӨРІСТІ КЕҢЕЙТКЕН ВОКЗАЛ
(4-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –    вокзал  туралы 
білімдерін  толықтыру,  жаңа  сөздермен  жұмыс  жүргізу, 
оқушылардың  білімдерін  кеңейту;  дамытушылық 
–  оқушылардың  ой-өрісін,  сөздік  қорын  молайту.  Өз 
беттерінше  жұмыс  істеуге  бағыт-бағдар  беру.  Ауызекі 
сөйлеу  тілдерін  дамыту;  тәрбиелік  –  оқушыларды  туған 
жерін,  Отанын  сүюге,  мемлекеттік  тілді  құрметтеуге,  тілді 
меңгеруде белсенділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Түрі:  бастапқы  жаңа  білімді  оқып  үйрену  және  есте 
сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері. Көрнекілігі: интерактивті 
тақта, қима қағаздар, түрлі-түсті суреттер, плакат.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу;               ә) Әнұранды орындау;
б) Кезекшімен сұхбат;   в) Оқушылардың назарын сабаққа 
аудару;  г) Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Тіл дамыту сәті:  1. Қазір қай жыл мезгілі?
2. Көктемде күн қандай болады?
3. Көктемде қандай мерекелер бар?
4. Көктем айларын кім атап шығады?
5. Қазір қай ай?
6. Бүгін сәуірдің нешесі?
7. Аптаның қай күні?

52
(Оқушыларға  дәптерлерін  ашқызып,  күннің  ретін 
жазғызу).
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
- Қазақстанның әйгілі спортшыларын атаңдар.
-  Қазақстанның  әйгілі  спортшылары:  Қажымұқан 
Мұңайтпасов,  Жақсылық  Үшкемпіров,  Серік  Қонақбаев, 
Ермахан  Ыбырайымов,  Бекзат  Саттарханов,  Ольга 
Шишигина, Василий Жиров, Александр Винокуров және т.б.
Қайталау жұмысы. «Ойды жалғастыр» ойыны.
Бірінші  партада  отырған  оқушы  кез  келген  тақырыпқа  
бір сөйлем айтады, келесі оқушылар жалғастырады.
III.  Жаңа  сабақ.  Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:  -  Балалар, 
бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы  –  «Ой-өрісті  молайтқан 
вокзал».  Алматы  қаласында  екі  теміржол  вокзалы,  екі 
автовокзал  бар.  Теміржол  вокзалынан  түрлі  пойыздар 
жүреді,  ал  автовокзалдан  көптеген  автобустар  жан-жаққа 
сапар  шегеді.  Жолаушылар    кассадан  билет  сатып  алады. 
Вокзалда, пойызда, автобуста қатты сөйлесуге, қатты күлуге, 
қоқыс тастауға болмайды. Әрбір адам қоғамдық орындарда 
өзін  әдепті,  мәдениетті  ұстау  керек.  Осыған  байланысты 
қазақ халқында:  «Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала», - деген мақал бар.
Сөздік жұмысы. 1. Интерактивті тақтадан жаңа сөздер 
көрсетіледі:
Темір жол – железная дорога;
Жолаушы – пассажир;
Жолсерік – проводник;
Жүк қоймасы – багажное(ый) отделение (склад);
Пойыздардың жүру кестесі – расписание поездов;
Жүк вагоны – богажный вагон;
Жүрдек пойыз – скорый поезд.
2. Мұғалім жаңа сөздерді оқиды, оқушылар қайталайды.
3.  Оқушылар  жаңа  сөздерді  сөздік  дәптерлеріне  жазып 
алады.

53
Мәтінмен жұмыс. Интерактивті тақтадан мәтін шығады, 
мәтінде  көмекші  сөздердің  орнына  көп  нүкте  қойылған. 
Оқушылар  кезектесе  отырып  көп  нүктенің  орнына  керекті 
көмекші есімдерін қойып оқиды.
Сергіту сәті:  Қолды белге қояйық,
                         Басты оңға бұрайық,
                         Басты солға бұрайық.
                         Бір отырып, бір тұрып,
                         Бір отырып, бір тұрып,
                         Біз демалып қалайық.
3-тапсырмадағы  сөздерді  қатыстырып  сөйлемдер  құрап 
жазу.
Купе, плацкарт сөздеріне көптік жалғауын жалғап жазу.
Вокзал, вагон сөздерімен сөз тіркестерін құрастыру.
Теміржол,  жүк  вагоны  сөз  тіркестерімен  сөйлемдер 
құрастыру.
Жолаушы, жолсерік сөздерін жіктеу.
Пойыз, билет сөздерін тәуелдеу.
IV.  Жаңа  сабақты  қорытындылау.  Сызба  арқылы 
сабақты  қорытамыз.  Оқушылар  сабақта  түсінгендерін  осы 
сызбаны толтыру арқылы қорытады.
 
V. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға тиісті бағаларын 
қою, түсініктеме беру.
VI. Үйге тапсырма.
94-бет,  4-тапсырма.  Сөз  тіркестерімен  сөйлемдер 
құрастыру. Жаңа сөздерді жаттау.
 
Вокзалда 

54
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Айнаш АҚБАСОВА,
 Семей қаласындағы
Озерки ауылының 
«Озерки жалпы білім беретін
 мектебі» мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті
 пәнінің мұғалімі. 
КӨМЕКШІ ЕСІМДЕРДІ 
СӨЙЛЕТКЕН ДОМБЫРА
(11-сынып)
Мақсаты:  ата-бабаларымыздан  мұра  ретінде  қалған 
домбыраны қадірлеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:  1.  Оқушылар  мәтіннің  мазмұнын  түсініп, 
мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, практикалық 
жолмен көмекші есімдердің қызметін меңгереді;
 2. Сөз қорын молайтады, мәнерлеп оқуын, ауызекі сөйлеуін 
дамытады; 3. Қазақ музыкасын сүйсіне  тыңдауға  тәрбиеле-
неді. Типі: интеграциялық сабақ.
Түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.
Көрнекіліктер:  ұлттық  аспаптар  (домбыра,  қобыз, 
асатаяқ, қоңырау, сыбызғы) және суреттері.
Әдіс – тәсілдері: «Бесжолдық өлең», мәнерлеп оқу, сөздік 
жұмысы, жаттығу жұмысы, күй тыңдау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.  Асылбек  Еңсеповтың  орындауындағы 
«Қөңіл толқыны» күйі тыңдалады.
- Сіздер А.Енсеповтың «Көңіл толқыны» күйінен үзінді 
тыңдадыңыздар.  Осы  күй  қандай  музыкалық  аспапта 

55
орындалды?
- Домбырада.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
-  Бүгінгі  сабақта  ата-бабаларымыздан  мұра  ретінде 
қалған,  әрбір  қазақ  отбасында  қадірлі  орында  тұратын 
ұлттық аспаптардың бірі - домбыра туралы айтамыз.     
- Ұлттық музыкалық аспаптар өте көп. Мысалы: адырна 
–  көп ішекті музыкалық аспаптардың бірі. Асатаяқ – сілку 
арқылы үн шығаратын музыкалық аспап. Дауылпаз – ұрып 
ойнайтын  музыкалық  көне  аспаптың  бірі.  Жетіген  –  жеті 
ішекті  шертпелі  музыка  аспабы.  Желбуаз  –  үрмелі  аспап. 
Қылқобыз  –  екі  ішекті  ысқышпен  ойналатын  аспаптың 
бірі.  Сақпан  –  сілкімелі  аспап.  Шаңқобыз  –  бітімі  бөлек, 
ойналуы ерекше музыкалық аспап. Қоңырау – сылдырмақты 
музыкалық аспап. Домбыра – қазақ халқының арасына өте 
ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті 
шертпелі музыкалық аспаптардың бірі.
   Сөздікпен жұмыс:                               
Қос ішекті – двухструнный;                 
Сезім – чувство;       
Тиек - струнная подставка;             
Пернелер- струны;
Қарағай – сосна.
Киелі аспап  - домбыра туралы толық мәлімет алу үшін  
сөз ән-күй пәнінің мұғалімі М.Қ.Қасеновқа  беріледі.
 Ол домбыраның бөліктері туралы толық мәлімет береді.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 3.57 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет