Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен


Мұғалім: - Ж.Жабаевтың алғашқы өлеңдерінің тақырып- тары қандай? 1-әдебиетші: -



жүктеу 3.57 Kb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата09.09.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мұғалім: - Ж.Жабаевтың алғашқы өлеңдерінің тақырып-
тары қандай?
1-әдебиетші: - Жасынан халқының қасірет шеккен ауыр 
халін  жырға  қосты.  Хат  танымаған,  алайда  ел  аузындағы 
жырларға құлақ салып, Сүйінбай, Майлықожа сияқты халық 
ақындарының өлеңдерінен үлгі алды. 
Алғашқы  өлеңдері  «Сараң  бай»,  «Жылқышы»,  «Кедей 
күйі»  өлеңдерінде  бай  тұрмысы  мен  кедей  тұрмысындағы 
айырмашылықты көріп, кедейдің ауыр өмірі суреттеледі.Бай 
жақсы өмір сүреді. Кедей таңнан кешке дейін мал соңында 
жүріп,  бір  айранға  да  қарны  тоймайды.  «Мәңке  туралы», 
«Қалиға»,  «Сәт  сайланарда»,  т.б  өлеңдерінде  байлардың, 
болыстардың  парақорлығын,  халыққа  жасаған  қиянатын 
аяусыз әшкерелеп отырған.
Мұғалім: - Ж.Жабаевтың сатиралық өлеңдері туралы кім 
тоқталып өтеді?
2-әдебиетші: -  Ж.Жабаев - үлкен  сатирик. «Кәрібайдың 
төбеті»  өлеңінде  Кәрібай  деген  байдың  иті  өледі.  Бай 
ақындарды жинап, «итімді мақтап өлең айтыңдар, сыйлық 
беремін»  дейді.  Жолаушылап  жүрген  ақын  осы  оқиғаның 

27
үстінен  шығады.  Жамбыл  өзге  жиналған  ақындардай  бай-
ды мақтамайды, керісінше, оның дәулетіне мастанған, елді 
тонаған  қылығын  күлкі  етеді.  Жағымпаздық  көрсеткен 
ақындардың қылығын мазақ қылады.
Мұғалім: - Ж.Жабаевтың айтыскерлігіне кім тоқталады?
3-әдебиетші:  -    Ж.Жабаев  –  айтыстың  асқан  шебері. 
Айтыс  –  қазақ  халқының  аса  құрметтейтін  сүйікті  сөз 
өнері.  Жамбыл,  Құлмамбет,  Досмағамбет,  Сарбас  сияқты 
көптеген атақты ақындармен айтысқан және бірде-біреуінен 
жеңілмеген.
Айтыста ақындар білімділігін,сөзге шешендігін таныта-
ды. Байлардың теріс қылықтарын шенейді.
Үлкен  бір  айтыста  Құлмамбет  тоғыз  ақынды  қатар 
жеңеді.  Жамбылды  айтысуға  шақырады.  Осы  айтыста 
Құлмамбет өзінің шыққан елінің байларын мақтап, Жамбыл-
ды «кедейсің»деп кемітеді. «Мен–ақсұңқар, сен-тауықсың» 
дейді. Жамбыл қарап қалмай, қайырымсыз байларды айтпай, 
«елді  қорғаған  байларды,  ел  бірлігін  сақтаған  адамдықты 
айт» деп Құлмамбеттің бетін қайтарады. Жамбыл Сұраншы, 
Саурық  сияқты  елін  жаудан  қорғаған  батырларды  ардақ 
тұтып, өзінің Құлмамбеттен парасатының биік екенін таны-
тады. Айтыста Жамбыл жеңеді. Жамбылдың Құлмамбетпен 
айтысы ерекше бағаланады.
- Бейнетаспаға назар аударайық. Құлмамбет пен Жамбыл 
айтысынан үзінді көрсетіледі.
Мұғалім:  -  Ж.Жабаевтың  1916  жылғы  оқиғаға  байла-
нысты қандай өлеңдері бар? Ал, ендігі кезекте тарихшыларға 
сөз беріледі. 
- Жамбыл жырлары елінің тарихымен тығыз байланысты. 
Екі ғасыр куәсі болған ақын өз көзімен көрген шындықты 
жырлады.  Ел  басына  түскен  ауыр  күндері  халыққа  күш 
беретін, патша ісін әшкерелейтін өлең жазды. 1916 жылғы 
ұлт-азаттық  көтерілісте  халқымен  бірге  болады.  «Зілді 

28
бұйрық», «Патша әмірі тарылды», «Халық кегі» өлеңдері - 
соның дәлелі.
 «Патша әмірі тарылды» өлеңінде 19-31 жас аралығындағы 
қазақ жастарын солдатқа алу туралы жарлығына халық на-
разы  болып,көтеріліске  шығады.  Бұл  өлеңде  ақын  халық 
мұңын жырлайды.
3-әдебиетші:  -  Жамбыл  жырлары  отансүйгіштік  рухқа 
бай.Ақынның  Отанды,  елді,  туған  жерді  ардақ  тұтып,  оны 
сүюге  шақыратын  жырларының  ішінде  дастандары  ерек-
ше  орын  алады.  Ол  «Сұраншы  батыр»,  «Саурық  батыр», 
«Өтеген батыр».
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармашылығы ту-
ралы кім толықтырады?
1-тарихшы: - Тарихқа көз жіберсек, Жамбыл атамыздың 
Отанға  деген  сүйіспеншілігін  Ұлы  Отан  соғысы  болып 
жатқан кезде шығарған өлеңдерінен білеміз.  Жүз жасаған 
ақын  ел  басына  түскен  ауыр  қайғы  -  Ұлы  Отан  соғысын 
көреді.  Фашистер  қоршауға  алған  Ленинград  қаласының 
тұрғындарына «Ленинградтық өренім» өлеңін арнады. Бұл 
өлең қоршауда қалғандарға, жауынгерлерге үлкен рух бер-
ген. Ақын жыры достықтың әнұранына айналды.
 «Ленинградтық өренім» өлеңі туралы орыс ақыны Про-
кофьев  былай  деп  жазды:  «Ленинградтық  өренім»  өлеңі 
жарияланған  кезде  қоршауда  қалғандарға  азық  жоқ,  суық, 
жаудың  оғы  үздіксіз  жауып  тұрды.  Осындай  қиын  кезде 
бұл өлең ерекше күш берді. Жыр плакат болып көшелерде 
ілінді.  Сол  плакатты  оқысып,  үймелесіп,  көздерінен  жас 
тамшылаған талай адамдарды көрдім»,- дейді. «Немістердің 
самолеттері  бомбалап  жатқан  кезде,  бомбадан  тығылудың 
орнына, Жамбыл жыры басылған газетті сатып алу үшін ке-
зекте тұрған талай адамдарды көрдім»,- дейді.
2-тарихшы: - Жамбыл атамыз көптеген ұлы адамдармен 
жүздесіп, ақыл-кеңес бере білді.

29
 
2-тарихшы: - С.Мұқанов пен Б.Момышұлы Ж.Жабаевтың 
ақ батасын алуға барады. Атамыз келген кісілерді қонақ етіп 
қарсы  алып,  ақ  батасын  береді.    Б.Момышұлы    соғыстан 
аман-есен оралып, батыр атағын алады. 
3-тарихшы:  -  Қазақстанның  халық  ақыны  Ж.Жабаев 
1938 жылы 24 маусымда Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депу-
тат болып сайланады.
- 1940 жылы халық ақыны Ж.Жабаев Мәскеуге төртінші 
рет сапар шегеді.
4-тарихшы: - Ақын мұрасы қазақ халқы үшін әрқашан 
қымбат.  Оның  ақындық  еңбегі  аса  жоғары  мемлекеттік 
марапаттарға  ие  болды.  Жамбыл  шығармалары  орыс  тілі 
арқылы  бүкіл  әлемге  тарап,  ақын  «ХХІ  ғасыр  Гомері» 
атанды.  Ақынның  шығармалары  толық  басылып  шықты. 
Ақынның  жүз  елу  жыл  толуын  ЮНЕСКО  ұйғаруымен 
бүкіл дүние жүзі тойлады. Мерейтойына арнап кинофильм 
түсірілді. Ж.Жабаев атында  бір облыс,бір қала,бірнеше ау-
дан бар. 1938-1997 жылдары Тараз қаласы Жамбыл есімімен 
аталды.  1939  жылдан  бері  ақын  есімін  Жамбыл  облысы 
иеленіп келеді.
ІІ кезең. Үш топқа тапсырма беріледі. 
 
Жамбыл шәкірттері 
Мәлік 
Ғабдуллин 
Бауыржан 
Момышұлы 
Сәбит Мұқанов 
Күләш 
Байсейітова 
Дина 
Нұрпейісова 

30
І топ-биографтар.
 
ІІ топ-әдебиетшілер.
ІІІ топ-тарихшылар.
 
Жамбыл 
Сүйінбайдың 
шәкірті,жүз жасаған 
бәйтерек. 
Екі ғасыр куәсі, айтыскер 
жыршы, шешен. 
 
 
Отаншыл,халық қамын 
ойлаған азамат. 
Жыр алыбы, ХХІ ғасыр 
Гомері, сатирик, ақын. 
 
Жамбыл               
айтыстары 
Айкүміспен, 
Майкөтпен. 
Сарбаспен. 
Досмағанбетпен, 
Құлмамбетпен. 
Бөлтірікпен. 
 
Жамбыл 
шығармаларын 
қандай кезеңдерге 
бөлуге болады? 
Кеңестік дәуір. 
1916 ж. ұлт-азаттық 
көтеріліс кезіндегі. 
Ұлы Отан соғысы 
кезіндегі өлеңдері. 
Революцияға дейінгі 
өлеңдері. 

31
Сабақтың келесі кезеңінде «Поэзия сәтіне» кезек береміз. 
Әр топтан бір оқушы  ақынның ұнаған өлеңдерін жатқа ай-
тады.
Интерактивті  тақтада  өлең  жолдарынан  үзінді  беріледі. 
Оқушылар  өлеңнің  тақырыбын,    қай  кезеңде  жазылғанын 
айтады.
1.  - Оқымаймын молдадан,
        Не оқытпақшы ол маған?
        Бала келсе сабаққа
        Жем дәметкен дорбадан.    (Шағым).
2.  - Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,
       Салқын күзде бір жылы үйді білмей.
       Сахарада салақтап күндіз-түні,
       Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.
3. - Білемін, өмірлерің тұрар жайнап,
       Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.
       Ай, жұлдыз, Күннің көзі, жел менен су-
       Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
4. - Өлең мен сөзді дос қылып,
      Құрамын ақын санатын.
      Жапаның ұлы ақын боп,
      Жақсы істепті дер, әке.
Интерактивті 
тақтадан 
Жамбыл 
ескерткіші 
көрсетіледі.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.

32
Зәуреш НҰРЫМОВА,
Шымкент қаласындағы
Ұлықбек атындағы
№3 жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ
Сабақтың  мақсаты:  М.Дулатұлының  өмірбаяны  мен 
шығармашылық  қызметімен  таныстыру,  оқушылардың  тілін 
дамытып,  өзіндік  ізденістерін  жетілдіру.  Шығармашылық 
жұмыс  жасауға  ынталандыру,  ақынның  шығармаларына  деген 
қызығушылығын  тудыру.  Шығармалары  арқылы  адамның  ең 
жақсы қасиеттерін көрсете отырып, бойларына дарыта тәрбиелеу.
Көрнекі  құралдар:  ақынның  портреті,  өмірбаяны  мен 
шығармашылығына арналған бүктеме, сөзжұмбақ.
Әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
 Оқушыларды төрт топқа бөліп, редакция алқасын құру.
1-бөлім: Әдеби бөлім.
2-бөлім: Мәдени байланыстар және өнер бөлімі.
3-бөлім: Аударма бөлімі. 
4-бөлім: Хаттар бөлімі.
ІІ. Әр бөлімнің дайындаған тапсырмалары:
1.  Әдеби  бөлім  -  Міржақып  Дулатұлының  өмірбаяны  мен 
шығармашылық қызметі туралы.
2. Қызықты адаммен сұхбат ойыны  (Міржақып Дулатұлының 
қызы Гүлнармен сұхбат).
З.  Мәдени  байланыстар  және  өнер  бөлімі  -  Міржақып 
Дулатұлының  әдеби  мұрасы  туралы.  («Оян,  қазақ»,  «Сұлу 
қызға», «Таза бұлақ», «Шағым» өлеңдерін оқу, талдау).
4.  Аударма  бөлімі  -  А.С.Пушкиннің,  М.Ю.Лермонтовтың 

33
аударма өлеңдерін жатқа оқу («Гүл», т.б. өлеңдері).
5. Хаттар бөлімі - редакцияға келіп түскен хаттарға жауап береді. 
Викториналық сұрақтың шешуін табады.
Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:  -  Құрметті  оқушылар,  бүгін  біз 
сабақта  қазақтың  ұлы  ақыны  Міржақып  Дулатұлының  өмірі 
мен  шығармашылық  қызметіне  тоқталамыз.  Сондықтан  да  біз 
сабақта  ұлы  ақынға  арнап  төл  жұрналымызды  шығарамыз. 
Бүгін  сабақта  редакция  алқасы  бірнеше  бөлімдерге  бөлініп, 
кеңесшілер  қызметін  атқарады.  Ең  алғашқы  сөз  әдебиет 
бөлімінің кеңесшісіне беріледі.
1.  Әдебиет  бөлімнің  кеңесшісі  М.  Дулатұлының  өмірбаяны 
мен  шығармашылық  қызметі  туралы  баяндайды:  Міржақып 
Дулатұлы  1885  жылы      25  қазанда  бұрынғы  Торғай  облысы, 
Торғай  уезіне  қарасты  Сарықопа  болысында  туған.  Әкесі 
Дулат  әжептеуір  ескіше  оқыған,  өз  дәулеті  өзіне  жетерліктей 
дөңгелек қана шаруасы бар адам болса керек. Балаларының 
үлкені  Асқарды  әуелі  мұсылманша,  сосын  орысша  оқытып 
үлгірген  Дулат  кіші  баласы  Міржақыпты  да  сол  дәстүрмен 
ауыл молдасына береді. Екі жыл азап шеккеннен басқа ештеңе 
ала  алмағаннан  кейін  әкесі  оны  молдадан  шығарып  алып, 
ауылдық мектепке береді. 
Сөйтіп,  екі  жасында  шешеден,  12  жасында  әкеден  жетім 
қалған жасөспірімнің бұдан былайғы тәрбие қамқорлығы Асқар 
ағасының мойнында қалады.1897 жылы ол Торғай қаласындағы 
екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, 
1902  жылы  оны  ойдағыдай  бітіріп  шығады.  Содан  6-7  жыл 
бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады.
1904 жылы Міржақып алыста ұзақ сапарға аттанып, сол кезде 
Арқадағы  қазақ  оқығандарының  бас  қосатын  бір  орталығы  - 
Омбы    қаласына     тартады.     Онда     белгілі     ақын,    ғалым 
А.Байтұрсынұлымен  танысып,  бұдан  былайғы  өмірін 
онымен  бірге  өткізеді.  Қазақ  Конституциялық-демократиялық 
партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары 
қатарында 1906 жылы Петерборға барады. Осында 1907 жылы 

34
«Серке» газетінде өлеңі басылады.
3-4  оқушы  «Міржақып  Дулатұлы»  мәтінінің  мазмұнын 
әңгімелейді. 
Мұғалім: - Сонымен, әдеби бөлімнің кеңесшілері ақынның 
өмірбаяны мен шығармашылық  қызметіне қысқаша тоқталып өтті. 
М. Дулатұлы кім болған екен?
Оқушы: - Ұстаз, әйгілі қоғам қайраткері, ақын, қазақ халқының 
тұңғыш романисі, аудармашысы, ғалымы болған.
Мұғалім: - Ендеше жұрналдың атын қалай қоямыз? 
Оқушы: - «Азамат ақын» деп қояйық.
Мұғалім: - Иә, біз азамат ақын өмірінен үзінді тыңдадық, 
енді «Қызықты адаммен сұхбат ойынын» бастаймыз. Бүгін бізге 
қонаққа тілші келіп отыр. Тілші Міржақып Дулатұлының қызымен 
сұхбаттаспақшы. 
Тілші:  -Біздің  бақытымызға  орай,  Міржақып,  Шәкәрім, 
Ахмет,  Мағжан,  Жүсіпбек  шығармалары  қайтадан  оралып, 
әдебиетімізді бір белеске көтеріп тастады. Сіздің әкеңіз туралы 
көбірек  білгіміз  келеді.  Ол  кісінің  өзі  туралы,  айтқан  қызықты 
әңгімелері туралы есіңізде бар ма? 
Г.Міржақыпқызы:  -  Тұңғышы  болғандықтан  ба,  әйтеуір 
мені әкем көп еркелететін.  Өзінің  балалық  кезі  туралы  айтқан 
әңгімелері  әлі  күнге  есімде.  Соның  біреуін  айтып  берейін. 
Әкемнің  бала  кезінде  аппақ  қозысы  болыпты,  ал  досынікі 
қап-қара  қозы  екен.  Досы:  «Әй,  Міржақып,  сенің  қозың  неге 
аппақ?»- деп сұрапты. Оған әкем: - «Өзің қызық екенсің, соны 
да білмейсің бе? Қоңыраулының мұзын ойып, суға түсірсең 
аппақ болады»,- деген екен. Аңқау досы оның айтқанын істеймін 
деп қозысынан айырылады.
Тілші: - Әкеңіз аңшылықты сүйген екен. Сол туралы айтып 
кетсеңіз. 
Г.  Міржақыпқызы:  -  Әкем  мерген  еді.  Аңға  барған  сайын 
әкелетін  құстары  30-40-тан  кем  болмайтын.  Құрдастары:  -  «Әй, 
Міржақып,  мынаның  бәрін  өзің  атқан  жоқсың.  Жолда  сұрап 
алғансың ғой»- деп қалжыңдайтын. 

35
Тілші:  -  Ахмет  Байтұрсынұлымен  көрші  тұрыпсыздар.  Сол 
туралы есіңізде қалды ма?
Г. Міржақыпқызы: - Иә, есімде. Әкем атып әкелген құстардың 
дәмін  татпай  тұрып,  қымбатты  атекем  Ахаңның  үйіне  сыбаға 
беретінбіз. Оны апаратын мен едім. «Мені қызым асырайды,»- 
деп атекем мәз болып, рахметін айтатын. 
Тілші: - Гүлнәр Міржақыпқызы, қызықты әңгімеңіз үшін сізге 
көп-көп рахмет!
Мұғалім: - Сіздерге де   рахмет!   Алғысымызды  оқырман-
дарға жолдасақ, қателеспейтін шығармыз. Себебі, редакцияға көп 
хаттар түсіпті.  Хаттар бөлімі өз беттерінше жұмыс істей берсін. 
Келесі сөзді мәдени байланыстар және өнер бөліміне береміз. 
Ұлы ақынның әрбір қырын зерттейік.
Мәдени байланыстар және өнер бөлімінің кеңесшісі:
-  Енді  М.Дулатұлының  әдеби  мұрасына  тоқталайық. 
Ақынның  төңкерістен  сегіз  жыл  бұрын  шыққан  алғашқы 
жинағының  жалпы  идеясы  мен  онда  топталған  өлеңдерінің 
негізгі мазмұны «Оян, қазақ!» деген атынан-ақ көрініп тұр. 
«Оян қазақ!» өлеңінен үзінді оқылады. 
Кеңесші: - Дулатов ақындығының алтын жалауындай, туған 
елі  үшін  бүкіл  өмірін  құрбан  етуге  сәт  сайын  дайын  тұрған 
күрестердің  бейнесіндей  болып  ел  аузында  жатталып  қалған 
«Шағым» атты өлеңі.
«Шағым» өлеңінен үзінді оқылады.   
Кеңесші: - Ақын дарынында асқақ екпінмен бірге жүрек 
пернесін  дір  еткізер  нәзік  сезімге  толы  жұмсақ  лиризм  де 
табылады.
 «Сұлу қызға» өлеңінен үзінді оқылады. 
«Таза бұлақ» романынан сахналық көрініс көрсетіледі.    
Кеңесші:  -  Сонымен,  қазақ  халқының  аяулы  азаматы 
Міржақып  Дулатұлы  қаламынан туған әлеуметтік өмір, экономика, 
мәдениет,  әдебиет,  тарих,  дін  мәселелері  туралы  мақалалары, 
оның журналистік, сыншылдық және тағы да басқа өлеңдері 
дарынына айғақ болды.

36
Міржақыптың  «Есеп  құралы»,  «Оқу  құралы»,  оқулықтары 
оқу-білім,  табиғат,  жан-жануарлар,  өсиет-ақыл,  мейірімділік,  т.б. 
тақырыптардағы шағын әңгімелерінен ұлы адамның педагогтік 
қасиетін танимыз.  
Кеңесші:  -  Міржақып  өлеңдері  өнер-білімге  шақырады. 
Оның өлеңдері ағартушылық идеяға, өсиет, ақыл-кеңеске толы. 
Мұғалім: - Ендігі кезекті аударма бөліміне берейік.
Аударма бөлімінің кеңесшісі: -  Ана тілінің  тұнығынан  еркін 
сусындаған    Міржақып  Пушкин,    Лермонтов,  Крылов,  Шиллер 
сияқты сөз зергерлерін де қазақ тілінде тамаша сөйлетті. 
Кеңесші А.С.Пушкиннің «Гүл» өлеңінің аудармасын оқиды. 
- Кітаптың арасында ұмытып қалған
  Иіссіз кепкен гүлді көзім шалған. 
  Тоқталып біразырақ сонда менің 
  Мінеки қиялдарым ойыма алған:
  Қайда өстің? Қай уақытта? Қайсы жазда? 
  Кескен кім? Көгердің сен көп пе, аз ба? 
  Жақынның яки жаттың қолыменен 
  Салындың не себептен сен осында? 
Келесі  М.Ю.Лермонтовтан  аударған  «Бақытты  бала» 
өлеңі оқылады.
Бақытты бала,
Бесікте еркін өседі.
Ер жетсе: қара дүние
Тар деседі...
Міржақып  аударма  саласында  түпнұсқа  әуенін  бұзбай 
аударған шебер ақын.
 Мұғалім: - Хаттар бөлімінің жұмысына көңіл аударайық.
1-хат.       
Кеңесші: - Редакцияға мынадай хат түсіпті. Мазмұны:
Құрметті  редакция!  Сіздердің  Міржақып  Дулатұлының 
шығармашылығына  арналған  викториналық  сайысқа  қатысқым 
келеді.  Осыған  орай  мен  ақынның  бір  өлеңін  жолдап  отырмын. 
Оқырмандарға қояр сауалым: өлеңнің атын табу:

37
Білесіз, дүние жүзі толған халық,
Олардың арасында бар көп парық.
Алты айлық алыс сапар аралары,
Тұрады бір-бірінен хабар алып.
Шашатын сол хабарды.... 
Хал-жайын, шаруаларын түгел жазып.
Жетеді күн батысқа жұмасында, 
Оқиға күншығыста болған анық.      (Шешуі:  «Газет-жұрнал».)
2-хат. Сұрақтарға жауап беріңіз: 
1. Махаббат лирикасына арналған өлеңінің аты.
2. Омбы қаласында кіммен танысты?
3. Бес арысты ата. 
3-хат. Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.  Міржақып  Дулатұлы  жазған  қазақтың  тұңғыш  романы  қалай 
деп аталады және қай жылы жарық көрді? 
2.  Бастауыш  сынып  оқушыларына  арнап  қандай  оқулықтар 
жазды?
3. Ақын қай жылы ақталды?
Оқушылар берілген сұраққа жауап береді.
  Мұғалім:  -  Біздің  ең  алғашқы  төл  жұрналымыз  қалай  шықты 
екен?
Сөз осы жұрналдың бас редакторы....   (оқушыға беріледі)
Бас редактор жұрналдың мазмұнымен таныстырады. 
Мұғалім:  -  Жұрналдың  соңғы  бетіне  сөзжұмбақ  жасырып, 
шешуін табамыз және ақынға арнап өлең шығарамыз. 
Келесі ойын «Өлеңді жалға!» деп аталады. Әр бөлім өз бетінше 
өлең шығарады (4-5 минут).
Міржақып қазақтың біртуар азаматы,
...               ...                     ...                   ...
...               ...                     ...                   ...
Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үй  жұмысы.  «М.Дулатұлы  –  патриот  ақын»  атты  тақырыпқа 
шағын шығарма жазу.

38
Әдеби кеш
С. СЫЗДЫҚОВА,
Астана қаласындағы
                                                     №3 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
                                                         
ПОЭЗИЯ – ЖҮРЕК ТІЛІ
Мақсаты:    оқушыларды  ақиық  ақынның  поэзиясымен 
таныстыру.  Білімдерін  пысықтау,  терең  ойлауға,  ауызекі 
сөйлеуге,  мәнерлеп  оқуға  дағдыландыру.  Оқушыларды 
өз  беттерімен  шығармашылықта  жұмыс  істеуге,  ақын 
шығармаларының тәрбиелік мәнін ашу арқылы туған жерін, 
туған  елін,  тілін  сүюге  баулу.  Әдісі:  іздендіру,  баяндау, 
салыстыру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау. Көрнекілігі: 
М.Мақатаев суреті, нақыл сөздер.
Сабақтың  барысы:  -  Құрметті  қонақтар,  ұстаздар 
«Поэзия – жүрек тілі» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат 
етіңіздер.
- Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,
  Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар,
  Тату-тәтті бармысыңдар,
  Армысыңдар,  Адамдар!  –  деп  Мұқағалидің  сәлемдесу 
салтымен амандасайық. Қош келіпсіздер, өнер сүйер қауым!
- Әлем – дархан, саялаңдар,
  Бәріне де орын бар.
  Қорған емес, салтанатты
  Сәнді сарай соғыңдар.
-  Ей,  адамдар,  сендер  тату,  сендер  тату  болыңдар!-
деп  жырлап  өткен  ақын  М.Мақатаев    1931  жылы  Алматы 
облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Тума дарын 

39
Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталып, өзі сүйген 
Алматыда аяқталған еді.
«Менің анкетам»
Биыл Мұқағали Мақатаев 80 жасқа толды. «Мені сөзге, 
жырға үйір еткен, халық сүюге тәрбиелеген әжем» - дейді 
ақын.
- М.Мақатаев – драматург, сатирик, жазушы, ұстаз, тілші. 
Оның  «Армысыңдар,  достар»,  «Қарлығашым,  келдің  бе?», 
«Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», 
«Өмір-өзен»,  «Сенің  көзің»,  т.б.  көптеген  өлеңдер  жинағы 
бар.
 «Үш бақытым» өлеңін оқу.
Сүйікті балаларым менің!- дейді ақын өз күнделігінде 
-  Ақылсыз  болмаңдар.  Өмір  толы  қауіп,  абай  болыңдар! 
Өмірдің  әрбір  құбылысына  ақылмен  қараңдар.  Шегі  жоқ 
мейірбан, жұмсақ болмаңдар! Бір сөзбен айтқанда сүйе де, 
жек көре де біліңдер, бірақ әрқашанда адам қалыптарыңда 
қалыңдар.  Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой 
мені!
«Сәби болғым келеді» өлеңі оқылады.
М.Мақатаевтың  әр  тақырыпқа  жазған  ақыл-нақыл 
сөздерін оқу.
М.Мақатаев күнделігінен, 12 ақпан 1976 жыл.
«Ескі ауру. Аурухана. Емдеу. Ауруым менің оңай болмаса 
керек. Егер дәрігерлер диагнозды дұрыс қойған болса, онда 
мені тек бір сиқырлы күш қана сақтап қалады. Бұл жолы 
шынында  да  ауру  екенімді  мен  өзім  де  ұғындым.  Қатты 
жүдедім. Көңіл-күйім нашар. Шаршадым, бүкіл өне бойым 
сырқат».
Өмірінің  соңғы  күндері  қайта-қайта  ауруханаға  түсе 
бергенін  күнделігінен  оқып  білуге  болады.  Өмір  бойы 
«Поэзия  –  мен  үшін  жанымның  шырылы»  деп  шырылдап 
өткен  ақынның  өмірінің  соңғы  жылдары  ел  аман,  жұрт 

40
тынышта қуғын-сүргінмен өткен. Соның нәтижесі  ЖҮРЕК 
АУРУЫНА әкеп соқтырды.
«Жоқ, дәрігер» өлеңі оқылады.
Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
  Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
  Азамат, ірі ақын, ұлы ақын болып,
  Қайта туған ұлыңды қарсы ал, ҚАЗАҚ!
«Поэзия  –  үміт  сенімі,  жүрек  дірілі,  жан  тынысы, 
ашынған  құмарлық  сезімнің  бораны  мен  толқыны,  шексіз 
сезімге  толы  махаббат,  тәтті  қамығу,ләззат  таба  егілу, 
өмір бақи айнымас, еш мезгілде тояттамас құмарлық!»
-  Енді  Мұқағали  поэзиясымен  қалай  сырласқанын 
көрейік.
«Поэзия»өлеңі оқылады.
Бәрін  берген,  барын  төккен,  қазақ  поэзиясының  асыл 
қазынасын өз жырымен толықтырған - Мұқағали Мақатаев.
Біз оның қасиетті жырының алдында: «Қош, бізге мақтан 
болған, бұдан былай да мақтан бола беретін ақыным» деп 
басымызды иеміз.                 
   - Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
     Жыр жазсам, оған, жұртым, елеңдестің.
     Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
     Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! - дегені рас еді.
Шынында да, Мұқағалидың өлеңдері де, өзі де ешқашан 
өлмек емес.
«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.
-  Осымен    «Поэзия  –  жүрек  тілі»  атты  әдеби  кешімізді 
аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
   
   
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет