Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен



жүктеу 3.57 Kb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата09.09.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

МАҚТАДЫ ДА ДАТТАДЫ
Жұбан Молдағалиевке бір күнә әріптесі телефон соғып:
- Жұбан, “Ажар” деген поэмаңды оқыдым, жақсы екен,- 
депті.
- Оу, ағасы, ол менікі емес, Тұманбайдікі ғой.
- Ә, иә, кемшіліктері де жоқ емес...
(...Деген екен! Төртінші кітап. А., “Өнер”, 1992 ж., 42-бет.)
   
   
 

12
Тиімді әдіс- баршаға ортақ
Гауқар ЖҮСІПОВА,  
Павлодар қаласындағы 
  
№ 41 жалпы орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ 
САБАҚТАРЫНДА 
ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Қазіргі  кезде  білім  беру  саласында  көптеген  өзгерістер 
болып  жатыр,  сондықтан  оқушылардың  білім  сапасын 
көтеру  жолдарын  табу  -  әр  ұстаздың  кәсіби  тәжірибесіне 
байланысты. Әр ұстаз жаңа инновациялық технологиялармен 
танысып,  саралап,  дұрыс  таңдап  алуды  көздейді.  Уақыт 
талабына  сай  басты  мәселе  -  қазақ  тілі  мен  әдебиетін 
компьютерлендіру деп санайды. Бұл өзекті мәселені шешу 
үшін  әр  мұғалімнің  арнайы  дайындығы  жоғары  дәрежеде 
болуы қажет екенін түсінеді.
Біріншіден, барлық сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті 
пәндерін компьютерлендіріп, WINDOWS бағдарламаларын 
пайдаланып,  соның  нәтижесінде  оқушының  пәнге 
қызығушылығын арттыруға жаппай жұмыс жасау керек деп 
ізденеді.
Екіншіден, әр мұғалім интерактивті тақтаны сабақтарда 
жиі  пайдалану  керек,  себебі,    интерактивті  тақтаның 
мүмкіндігі  сабақ  үстінде  өте  мол.  Интерактивті  тақтамен 
жұмыс  істеуде  ACTIVSTUDIO  бағдарламасын  сабақта 
дидактикалық  құрал    ретінде  пайдаланған  жөн.  Әсіресе, 

13
оқушыларды  жаңа  сөзбен  таныстырған  кезде  ақпараттық-
коммуникациялық  технологияның  атқарар  рөлі  зор 
екендігіне  көзім  жетті.  Мысалы,  6-сыныпта  «Менің 
мектебім» немесе «Менің сүйікті жануарым» сабақтарының 
ұйымдастыру  кезеңінде  «Сөйлеу  сөзден  басталады»  деп 
сөздік жұмыстарын жүргіземін.
Тақырып  бойынша  кім?  не?  деген  сұрақтарға  жауап 
беретін  сөздерді  екі  бағанға  жазғызамын.  Құлаққап 
арқылы  тыңдатамын,  аудармасын  тапқызып,  заттарды, 
жануарларды интерактивті тақтада көрсетемін және дұрыс 
жазу,  дауыстау  жолдарын  да  беремін.  Оқушылар  осы 
сөздермен  сөз  тіркестерін,  сөйлем  құрастырады.Сұрақ-
жауап  арқылы  диалог  немесе  шағын  шығарма  жазады. 
Сабаққа қоятын ұраным: «Бір ауыз сөз болса да дауыстап 
айт.  Ең  бастысы  -  үнсіз  қалма!»  Ендеше,  жаңа  сөздерді 
еске сақтап, пайдалануда интерактивті тақтаның “нысанды 
өңдеу”,“перде”,  “прожектор”сынды  мүмкіншіліктері  өте 
қолайлы.
   
  
 
   
   
 
   
   
    
 

14
«Зергерлік  бұйымдар»    сабақтың  көрнекілік 
топтамалары. 
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал - 
компьютер екенін баршамыз түсінеміз. Компьютермен оқыту 
–  оқушылардың  өз  бетімен  іздену  жұмысының  өте  тиімді 
түрі.  Оқушылардың  өздігінен  білімденуі  үшін  қосатын 
мультимедиалық мүмкіндіктері орасан. «Мультимедиа – бұл 
компьютердің аппараттық жабдықтамасы және бір уақытта 
мәтінді,  суреттерді,  дыбысты,  бейнежазбаны,  музыканы 
және  анимацияларды  қолданатын  бағдарламалар».  [3]. 
Мультимедия  кабинетінде  оқушылар  микрофонмен  жұмыс 
істеуді үйренді. Мысалы, сөздер, сөз тіркестерді, сөйлемдерді 
тыңдап, өздері қателерін түзеуді үйренді.
   
  
 
   
   
 
   
  
 

15
Мәтінмен жұмыс.
Адамзат  қауымы  телефон  байланысын  ғасырдан  аса 
қолданып  келеді.  Соңғы  кездерде  ұялы  телефон  қазіргі 
өмірдің  ажырамас  бір  бөлшегіне  айналып  отыр.  Ұялы 
телефонсыз  іскер  адамдар  түгіл,  үйде  отырған  шаруа 
әйелдері,  қажет  болса,  балалар  да  өз  мүмкіндіктерінің 
шектеулі екенін байқайды. Қызық жағдай, ата-аналары осы 
балаларға ұялы телефон сияқты арзан емес «ойыншықты» 
сатып  алғанда  оларға  тигізетін  салдары  туралы  ойланама 
екен?  Ұялы  телефондарды  үнемі  пайдаланудың  зияны  көп 
пе әлде пайдасы көп пе?  
Алғашқы  ұялы  телефондарды  1973ж.  Моторола 
компаниясы шығарған деп есептеледі,  яғни, ұялы байланыс 
отыз    жылдан  аса  уақыт  қолданылып  келеді.  Қазіргі  ұялы 
телефондар 100 грамнан аспайды, сондықтан да телефонды 
әрдайым өзімен ұстап жүру мүмкіндігі туады.
Зерттеушілердің  дәлелі  бойынша:  күнделікті  көп  уақыт 
ұялы  телефондармен  сөйлесу-күні  бұрын  мидың  ескіруіне  
әкеледі, әсіресе, он сегіз жасқа толмаған балаларда қатерлі 
ісік ауруларының пайда болуына да әсер етеді. 
Телефонды  үнемі  ұстап  жүру  адам  денсаулығына 
зиянын тигізе ме? Осыған байланысты пікірлер бір-бірімен 
үйлеспейді. Сіздер қалай ойлайсыздар? 
Деңгейлік тапсырмалар
 II деңгей.
1. Еркін жазу.
Ситуациалық диалогтар құрастыру.
«Ұялы телефондар» тақырыбына еркін ой – толғау.
Берілген  тақырыптар  бойынша  өзара  әңгімені 
жалғастыра сөйлесу.

16
2. Венн диаграммасы.
Ұялы телефон
   Пайдасы                                                           Зияны
Мен     өз  тәжірибемде  бастапқы  жылдары   интерактивті  
тақта  мен  мультимедия  кабинетін  тек  оқушылардың 
танымдығын  дамыту  үшін  пайдаландым.  Себебі, 
көрнекілік  құралдар  орнына  интерактивті  тақтада 
көрнекілік  топтамаларын  көрсету  арқылы  оқушылардың  
қызығушылықтарын  оятып,  қызықтырдым.  Ал,  сосын 
оқушыларға  интерактивті  тақтада  керекті  сызбаларды, 
кестелерді  толтыруды  үйреттім.  Қазір  осы  жұмыстар 
арқылы  салыстыру,  қорытындылау,  қорғау  жұмыстарын 
өздері жүргізеді. WS EXCEL бағдарламасы бойынша ақын-
жазушылардың  өмірі  мен  шығармаларын,  сазгерлердің 
күйлерін  тыңдату  арқылы  мәнерлеп  оқуды,  эстетикалық 
тәрбиені қалыптастыруға болады. Компьютердің көмегімен 
әр түрлі бақылау жұмыстарын, оқушының білімін объективті 
бақылауға  болады,  бұл  жұмыстарды  оқушылар  өздері 
орындауға қабілеттері бар.
Оқушылар  көрнекі  құралсыз  тек  ауызша  айтылған 
анықтаманы  түсінбейді,  түсінбеген  нәрсені  тыңдамайды, 
содан  барып  сабаққа  деген  ынта  жоғалады,  сол  себепті 
интерактивті тақтаның атқаратын рөлі маңызды.Сондықтан 
да  тірек-сызбаларды    сабақта  қолданудың  пайдасы  зор. 
Тірек-сызбаларды оқушылар интерактивті тақтада сызғанды 
өте  ұнатады.  Тест  тапсырмаларын  бергенде  нәтижелері 
электронды түрде бағаланып, өзімнің тексеру жұмысымды 
да  жеңілдете  түседі.  Мысалы,  биылғы  оқу  жылы    ҰБТ 
 

17
көрсеткіштері де өте жоғары болды, топтағы 16 оқушының 
үшеуі «4» деген баға алса, 13 оқушы  «5» деген баға алды. 
Сонымен,  тұлғаның  танымдық  қызығушылығын  оятып, 
белсенділіктерін  арттыруда,  компьютер  арқылы  тест 
тапсырмаларын орындауда,  уақытты үнемдеуде интерактивті 
тақта оңтайлы.
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  сабақта  интерактивті 
тақтаны  пайдалану  оқушыларды  ынталандыратыны 
байқалды,  сондай-ақ  аудио-бейнематериалдарды  дайындау 
мен  қолдану  да  ақпараттық  ресурстар  арқылы  іске  асады. 
Оны тиімді пайдалану үшін POWER POINT бағдарламасы 
немесе Интернет жүйесі арқылы қажетті сурет, көріністерді 
алып,  тақтадағы  фотоаппаратты  пайдалана  флипчарт 
кітапханасын  толтыру  қажет.  Бүгінгі  күні  оқушылар 
Интернет жүйесінде жұмыс істегенді ұнатады, себебі, көмегі 
көп.  Ғалым  Ахмади  Есжанов:  «Ақпараттық  ресурстар  оқу 
процесінің қарқынын күшейту, оқытуды тұлғаландыру және 
мектеп  оқушыларының  білімдерін  тексеру  мен  бағалау, 
есепке  алу  сияқты  және  т.б.  мұғалімдердің  көп  уақытын 
алатын жұмыстарын ішінара автоматтандыру құралы ретінде 
пайдаланылады» дейді. [2]. 
Қазіргі  ақпараттандырылған  ғасырда  оқушы  өз 
оқытушысынан  сәл  алға  шығып  кеткені  рас.  Оқушылар 
компьютер  жағдайын  толық  біледі,  Интернет  қорын 
пайдаланады.  Бірақ  Интернет  қорында  қазақ  тілінде 
мәліметтер  аздау, сол себепті біраз ұсыныстарым бар:
- Интернет қорын молайту(ол үшін республика көлемінде 
сайыс өткізуге болады);
-  мектепке  жаңадан  келген  жас  мамандар  компьютер 
және  интерактивті  тақтамен  жұмыс  жасауы  100%  болса, 
менің  ойымша,  сонда  ғана  біз  қазіргі  заман  талабына  сай 
мемлекетіміздің дамыған, ақпараттандырылған, жан-жақты 
тұлғаны тәрбиелей аламыз; 

18
-  әр мектепте интерактивті тақтаны (міндетті түрде) қазақ 
тілі кабинеттеріне орнату ;
-  қазақ тілі «сынып комплекттерінің» санын көбейте түсу. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  М.М.Жанпейісова.  Модульдік  оқыту  технологиясы 
оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002 ж.
2.  А.Есжанов.  Электрондық  мультимедиа:  ресурстары 
мен құралдары. // «Қазақстан мұғалімі» газеті. № 7-8, 6-бет.
3. Н.Ермеков, Н.Стифутина. Информатика: жалпы білім 
беретін  мектептің  7-сыныбына  арналған  оқулық.  Алматы: 
«Атамұра», 2003 ж.
4. «Педагогикалық альманах» жұрналы. №3, 2009 ж. 
5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы. №6, 2004 ж.
Айжан ЧАЖАЕВА,
Өскемен қаласындағы
№34 дарынды балаларға арналған
мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР 
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ 
ТІЛІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бүгінгі білім беру жүйесі қоғамдық дамудың өлшемі мен 
сол  қоғамның  негізін  құрайтын  басты  тетіктерінің  біріне 
айналды. Ғылымның қай саласы болмасын ұстаз қауымының 
алдына  үлкен  міндеттер  жүктейді.  Сол  міндеттердің 
бастысы – білімі мен ғылымы қарыштаған бүгінгі заманда 
өз шәкірттерінен бәсекеге қабілетті елге тұлға даярлау. Тұлға 
   
   
 

19
деген кім? Тұлға – еліне бәйтеректей сая бола алатын азамат. 
Яғни,
Жеке тұлға тәрбиелеу – ұлы міндет, үлкен жауапкершілік. 
Бұл  қазіргі  таңда  білім  ғана  емес,  ұстаздың  жеке  басына 
да жүктеліп отырған шақта, «Ұстаз қандай болуы керек?»- 
деген сауал туындайтыны сөзсіз. «Бала – тар ойлы ақымақ 
болса  кінәлі  емес,  тәрбиеші  жазалы»,  -  деп  М.Жұмабаев 
айтқандай,  жалпы  білім  алуға  өзіндік  көзқарасы  бар,  ойы 
жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім 
жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты, бүгінгі заманға сай 
педагог қана қалыптастыра алады.
Тұлғаны  қалыптастыруда  білімнің  сапалы,  тәрбиенің 
саналы  болуы  шарт.  Осы  міндет  мұғалімнің  өз  пәнін 
оқушыға  тыңғылықты  меңгертумен  астасып  жатыр. 
Еліміздің  ертеңі-бүгінгі  ұрпақ  десек  немесе  «Мемлекеттік 
тіл – мемлекет құрушы ұлттық тіл» - деген Н.Ә.Назарбаевтың 
сөзін  ескерсек,  егемендіктің  елдігін  көтерер  тұлғаны 
қалыптастыруда мемлекеттік тілді меңгерту – басты міндет 
болып есептеледі. Сондықтан, әсіресе, оқу-тәрбие ісі орыс 
тілінде  жүргізілетін  мектептерде  қазақ  тілі  мұғалімдеріне 
 
 
ТҰЛҒА 
 
Білімді, білікті маман 
Шығармашылықпен 
жұмыс істей алатын 
адам 
Өзі және қоғам үшін 
өзін-өзі іс жүзінде 
көрсете алатын адам 
Адамгершілігі жоғары, 
мәдениетті жан 
Қазақстанның 
бәсекеге қабілетті 
патриот азаматы 
Ертеңгі ата-ана, 
тәрбиеші 
Өмір сүруге, қоғам 
өзгерісіне бейім жан 
Денсаулығы мықты, 
рухани бай жан 

20
жүктелетін  жауапкершілік  аз  емес.  Бұл  тұрғыда,  ең 
алдымен, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру 
қажеттілігі  туындайды.  Сабақ  пен  сыныптан  тыс  жұмыс 
бірінен-бірі  алшақ  жатқан,  өзара  байланыссыз  шара 
емес,  бірліктегі  біртұтастық  болғандықтан  пәнге  деген 
қызығушылықты  арттыруды  пән  бойынша  сыныптан  тыс 
жұмыстарда  жетілдіруге  болады.  Сыныптан  тыс  жұмыс 
арқылы  оқушының  сөйлеу  қабілеті,  ұшқыр  ойды  жүйелі 
түрде жеткізе білу шеберлігі қырлана түседі.
Сондай-ақ,  сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушыларға 
халықтық  және  дене  тәрбиесін  беруге,  олардың  демалуын 
ұйымдастыруға,  бос  уақытын  мәдени  жұмыстарға  арнауға 
мүмкіндік береді.
Нәтижелі білім сапасының бір бөлігі болып есептелетін 
сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру    үшін 
оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру 
керек.
Танымдық қызығушылық көрсеткіші:

Білім алуға және оны меңгеруге тырысуы;

Танымдық  үрдісі  мен  танымдық  іс-әрекеттерінің 
эмоционалдық көрініс табуы;

Танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;

Бос уақытын пайдалану сипаттамасы;

Танымдық  белсенділіктің  жалпы  сипаттамасы  – 
жаңаны білуге ұмтылысы;

Қоршаған  ортадағы  құбылыстар  мен  объектілерге 
қатынасы;

Мектепке және оқуға жағымды көзқарасы.
Ұстаздар қауымы оқушылардың жас ерекшелігін ескере 
отырып, тұлғаны дамытуға арналған тәрбиелік сыныптан тыс 
іс-шараларға көңіл бөлуі қажет. «Іс-шара қандай болу керек» 
дегенде, баланың өзін түрлі рөлдерге енуін қажет ететін, бір-
бірімен  байланыстырып,  қызығушылығын  дамытып,  жаңа 

21
ұғымдармен  таныстыратын  ойын-сабақтар,  сыныптан  тыс 
жұмыстарды айтуға болады. Әсіресе, өзге тілді оқушыларға 
мемлекеттік  тілді  меңгертуде  мына  шараларды  жүргізудің 
тиімділігі мол:
- рөлдік ойындар (ертегілер елінде, қуыршақ театры);
- пәндік апталықтар;
-  мерекелік  ертеңгіліктер  (тілдер  мерекесі,  тәуелсіздік 
күні, наурыз мерекесі, т.б.);
- байқаулар (қыз сыны, жігіт сұлтаны);
-  топтық  сайыстар  (мың  бір  мақал,  жүз  бір  жұмбақ, 
қазақшаңыз қалай?,  алтын қақпа, алтын сақа, т.б.);
- білгірлер сайысы (XXI ғасыр көшбасшысы);
Бұл шаралардың өзі бір-бірімен тығыз байланыста болуы 
керек.
Бастауыш сынып оқушылары – ашық мінезді, адал, сенгіш, 
тәртіпті,  еліктегіш,  айтқанды  бұлжытпай  орындаушылар. 
Дамудың  осы  кезінде  бастауыш  сынып  оқушыларымен 
рөлдік  ойындарды  қалыптастыратын  сыныптан  тыс 
жұмыстарды  атауға  болады.  Мысалы,  «Ертегілер  елінде», 
«Қуыршақ театры». Бастауыш сыныптар рөлге ене отырып, 
диалог құруға дағдылана алады. Әркез өз жауаптарын дұрыс 
екпін  түсіре,  интонациямен  сөйлеу  дағдысымен  жеткізе 
алады.
Пәндік  апталықтарға  барлық  сынып  қатысатындықтан, 
мұнда да сайыстарды енгізуге болады. Мұнда оқушылардың 
жас  ерекшеліктерін  ескере  отыруды  ойдан  шығармаған 
абзал.  Апталықты  сынып  жетекшілерімен  бірлесе  отырып 
жүргізу оң көрсеткіштерге қол жеткізеді.
1-4-сыныптар  үшін  сурет  сайысы,  оны  қазақ  тілінде 
қорғау; мәнерлеп оқу сайысы,  композициялық қойылымдар, 
т.б.
5-7-сыныптар  үшін  «Мемлекеттік  тіл  -  тұғырың», 
«Мемлекеттік  тіл  –  мемлекет  құрушы  ұлттық  тіл» 

22
тақырыптарында  қабырға  газеттерін  шығару,  оны  қазақ 
тілінде қорғау.
8-9-сыныптар  үшін  мемлекеттік  тіл  тақырыбында 
тақырыпқа  сай  жоба  жұмыстарын  қорғау,  «Үздік 
шығармашылар» сайысын өткізу тиімді. 
10-11-сыныптар үшін «Мемлекеттік тіл» тақырыбында ой 
қорыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту; бәсекеге қабілеттілікті 
арттыру мақсатында түрлі пікірталастардың маңызы орасан 
зор.
Мерекелік  ертеңгіліктерде,  мысалы,  Тілдер  мерекесіне 
мынадай  шараларды  өткізуге  болады,  бұл  шараны  орыс 
тілі  және  ағылшын  тілі  пәні  мұғалімдерімен,  сынып 
жетекшілерімен бірлесе отырып орындаған дұрыс:
- Шығармашылар байқауы:  «Тілі басқа, тілегі бір...»,
                                                 «Тіл – достықтың кепілі»   
                                                 5-8-сыныптар;
- Полиглоттар сайысы:         1. Бір өлеңнің бірнеше 
                                                тілдегі нұсқасын оқу;
                                                2. Берілген мәтінді қазақ
                                                тіліне аудару;
- Әндер байқауы:                  Оқушы жасына шек 
                                                қойылмайды;
- Сынып сағаттары:              Барлық сыныптар,  мақсаты: 
                                                Үштілдікті жүзеге асыру;
- Пікірталас:                          9-11-сыныптар, тақырыбы:
                                                   «Үштілдік ұстанымы  қажет пе?».
Тәуелсіздік  күніне  арналған  сыныптан  тыс  шаралар 
мемлекеттік  рәміздермен,  тәуелсіздікке  жетудегі  тарихи 
жолдарды ұмыттырмау мақсатындағы жұмыстар.
Наурыз  мерекесі,  т.б.  Ұлттық  мерекелерде  салт-
санамен, ұлттық дәстүрмен байланыстыра өткізілетін «Қыз 
сыны»,  «Жігіт  сұлтаны»,  т.б.  байқауы  қазақ  тіліне  деген 
қызығушылықты арттыруда маңызды рөл атқарады.

23
Пәнге  деген  қызығушылықты  арттыруда  және  бәсекеге 
қабілеттілікті  қалыптастыруда  ерекше  орын  алатын 
сыныптан  тыс  жұмыстардың  бірі  –  топтық  жұмыстарға 
құрылған сайыс түрлері. Жоғарыда көрсетілген мемлекетке 
сая болар «Бәйтеректің» тамыры – мектеп пен ата-ана болса, 
бұл  орайда  мектеп  пен  ата-ананың  бірлесе  жұмыс  істеуі  – 
ықпалды әрі игі істердің бірі екені белгілі.
Мәселен,  «Мың  бір  мақал,  жүз  бір  жұмбақ»  сайысын 
алайық. Бастауыш сыныптар үшін екі сыныптың арасында 
өткізуге болады. Мұнда іріктелген белгілі оқушылар тобы өз 
ата-аналарымен бір топ болып сайысқа түседі.
Ал,  жоғары  сыныптар  үшін  ата-аналардан  жеке  топ, 
оқушылардан жеке топ құрып, өзара бір-бірімен сайыстыру 
қызығушылықты оятары сөзсіз. Мұның тағы бір тиімділігі – 
үйдегі «мұғалімнің» де пәнге деген қызығушылығы артады. 
«Алтын  қақпа»  мен  «Алтын  сақа»  ойындары  сөздердің 
мәнін  ашуға  бағытталады.  Бұл  шара  «Түсіндірмелі» 
сөздікті  басшылыққа  алып  жүргізілетіндіктен,  оқушының 
ізденімпаздығын дамытады. Ізденіс арқылы оқушының есте 
сақтау қабілеті жетіледі.
«Қазақшаңыз  қалай?»  ойынына  тақырыптар  бойынша 
білімдерін  тексеру  мақсатында,  тереңдету  тұрғысында 
«XXI ғасыр көшбасшысы» білгірлер сайысы ұтымды орын 
алады. Мұнда қазақ тілі, әдебиет пәндері бойынша сұрақтар 
қойылады.
Осындай  жүйелі  жұмыс  нәтижесі  оқушының 
дүниетанымын  кеңейтіп,  пәнге  деген  ынтасы  мен 
қызығушылығын  арттырады,  олар  өз  беттерімен 
шығармашылықпен 
жұмыс 
 
істеуге 
төселеді. 
Шығармашылықпен  жұмыс  істей  алатын,  мемлекеттік 
тілді  меңгерген,  өз  ойын  еркін  жеткізе  алатын  оқушыдан 
еліміздің елдігін көтерер, келешекте оған сая болар тұлғаның 
қалыптасатыны анық.

24
Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
Гүлнәр ЖОТАБАЕВА, 
Астана қаласындағы
 №62 мектеп-лицейдің
 қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ЖҮЗ ЖАСАҒАН БӘЙТЕРЕК
(11-сынып)
Мақсаты:  білімділік  -  Ж.Жабаев  шығармашылығын 
тереңірек зерттеу, өмірі туралы мағлұмат беру. Өлеңдерінің 
мәнін  ашып  меңгерту,  жатқа  айту;  дамытушылық  - 
оқушылардың  көпшілік  алдында  баяндама  жасап,  әдеби 
тілде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; тәрбиелік -  
ұлы адамдар өмірін үлгі ету, қалдырған мұрасын құрметтей 
білуге  баулу,  өз  Отанын  сүйе  білетін  отаншыл  ұрпақ 
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ж.Жабаев суреті, шығармалар жинағы, бей-
нетаспалар, интерактивті тақта, СТО стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі.
Сынып  үш  топқа  бөлінген:  биографтар,  тарихшылар, 
әдебиетшілер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, сабаққа 
дайындығын тексеру).
1.  Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:  -  Қазақ  халқының  жүз 
жасаған  бәйтерегі  –  Ж.Жабаев  атамыздың  өмірі  мен 
шығармашылығы бойынша өткенімізді қорытындылаймыз. 
Бүгінгі сабағымыз екі ғасыр куәсі, ХХІ ғасыр Гомері атанған 
атамызға арналады.

25
-  Кім  Жамбыл  атамыздың  балалық  шағына  зерттеу 
жұмысын жүргізді?
 Сөз биографтарға беріледі. (Жамбылтанушылар)
1-биограф:
Қақаған қар аралас соғып боран,
  Ел үрей,көк найзалы жау торыған.
  Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
  Жамбыл  деп  қойылыпты  атым  содан,  -  деп  ақын  өзі 
жырлағандай, Ж.Жабаев 1846 жылы  ақпан айында Жамбыл 
облысы, Мойынқұм ауданында Жамбыл, Хантау деп атала-
тын  таулардың  баурайында  туған.  Өзінің  айтуынша,  оған 
осы Жамбыл тауының аты берілген екен. Әкесі кедей болып, 
Жамбыл  бала  кезінен  мал  бағады.  Ол  домбыра  тартып,  ән 
салуды  ерте  үйренеді,  өлең  шығарып,  ел  назарына  ілігеді. 
Сарыбай деген туысы Жамбыл  қожайынына мал  беріп, мал  
бағудан босатады, балаға бостандық әпереді.
 Сөйтіп,  Жамбыл ақындық жолды таңдайды. Ол он үш жа-
сында әкесі Жабайдан ақындық жолға түсуге рұқсат сұрайды. 
«Әкеме» деген өлең шығарады.
2-биографқа сөз беріледі (интерактивті тақтадағы тірек-
сызба бойынша әңгімелейді).
 
Нағашысы Канаданнан 
қобыз үйренген. 
М.Әуезов қойған аты -  
«Гомер». 
13 жас. «Шағым» 
өлеңі. 
Феномен-Феникс 
Ғ.Мүсірепов. 
50 күй шығарған, 
соның бірі - 
«Қалипа-Қалыш» 
күйі. 
Жамбыл - жыршы. 
«Көрұғлыны» 15 күн, 
 «Мың бір түнді» 
3 күн, 3 түн
 
жырлаған. 
Жамбыл 

26
Мұғалім: - Ж.Жабаев кімнен бата алған?
3-биограф:  -  Қазақ  халқында  өнер  жолына  түскен  жас 
ақын  атақты  адамдардан  бата  алуға  тиіс  болған.  Жамбыл 
да сол дәстүр бойынша Жетісу өңіріндегі атақты Сүйінбай 
ақыннан  бата  алған.  Жамбыл  өлеңдері  Сүйінбайға  қатты 
ұнайды. Содан соң ол жас Жамбылға бата беріп, ақындық 
өнерге үйретеді.
Ұстазы  оған:  -  «Сенің  өлеңдерің  ақиқат  пен  әділдікті 
айтатын  болсын»,-  дейді.  Жамбыл  ұстазын  өмір  бойы 
құрметтеп өтеді. Сүйінбайға арнап «Менің пірім - Сүйінбай» 
атты өлең шығарады.
«Жаныс  ақынға»  атты  өлеңін  оқушы  мәнерлеп  жатқа 
оқиды.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 3.57 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет