Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 0.78 Mb.

бет1/7
Дата12.06.2017
өлшемі0.78 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі  тіл, бірі  ділің жүректегі.

                                   



Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.

   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 

   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 

       МЕКТЕБІНДЕ 

   Казахский язык и литература 

               в русской школе

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

БАСЫЛЫМ

   2001 жылдың



  қаңтар айынан        

5/2014     

МАМЫР

 

бастап шығады



РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   

ИЗДАНИЕ


АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 

ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза                 

БАТТАЛ, Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, 

Мәрия КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга                     

МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш                                     

САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 

 

 



«Білім және 

Ғылым» 

жауапкершілігі 

шектеулі 

серіктестігінің 

ай сайын 

шығатын 

республикалық 

ғылыми - 

педагогикалық 

жұрналы 

 


3

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ

Ғылыми ойлар отауы

Зәуреш ҚАЙЫРОВА.                     Оқу мен жазу, сыни тұрғыдан ойлау

                                                            технологиясы арқылы оқушылардың ауызекі

                                                            тілін дамыту.............................................................3

Күлайым ӘДІЛОВА.                      Жаңа педагогикалық технологияларды

                                                            қолданудың тиімділігі..........................................17



Гүлнар МАСАБЕК.                         Лиро-эпостық жырлар – жеке тұлғаны

                                                            дамытудың негізі..................................................24



В мире педагогики

Гулия БЕКБОЛТАЕВА.                 Новые подходы в преподавании и обучении.....32

Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті

Қарлығаш ҚҰРМАНОВА.            «Алтын сақа» ертегісі..........................................44

Тоты ЖАЛИЕВА.                            Ақан сері әндері...................................................48

Пәнаралық байланыс поштасы

Күлжамал ЖҰМАТҚЫЗЫ.          Экологиялық апатты аймақтар............................53

Айжан ӘЛІБЕКОВА.                      Туған жерімнің табиғаты....................................56

Қамажай ҚЫДЫРӘЛИЕВА.         Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары............63

Гүлнар САҒЫНДЫҚОВА.            Табиғатты қорғайық.............................................67

Әдістеме әлемінде: қазақ тілі

Раушан САҒАТБЕКОВА.               Сөздік қоры бай Қаныш Сәтбаев........................71

Жанна ЖҰЛҚАШЕВА.                  Синонимшіл адал дос..........................................74

Айсұлу НӘЛИЕВА.                         Нәтиже сабақта – қазақ отбасы...........................80

Күлбағыш КӨШКІНОВА.             Ой айтқыш Жак ив Кустоның пікірі...................91

Айгүл СЕМБАЕВА.                         Етістікті мамандық түрлері.................................95

Жұмабала ОМАРОВА.                   Тілді жетілдірген қорықтар...............................101

Алма БАЗАРБАЕВА.                       Жаңа сөздері мол Бәйтерек –  Астана..............106

Майра ОҚАПОВА.                          Іздендіретін қатыстық сын есім........................115

Анар МҰҚАШЕВА.                        Ана тілі – ұлт тілі...............................................122

Бастауыш білім бағанасы

Гүлнар КЕНЖЕБЕКОВА.             Мен не білемін?..................................................129

Әдеби кеш

Шолпан АҒМАНОВА.                    «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».............135

Сыныптан тыс тәлім

Айнұр ШӘКІРОВА.                         Мың бір мақал

                                                             жүз бір жұмбақ..................................................140



Ғылыми ойлар отауы

Зәуреш ҚАЙЫРОВА,

Ақмола облысының

Щучинск қаласындағы

№3 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

ОҚу МЕН ЖАЗу, СЫНИ  

ТҰРҒЫДАН ОЙЛАу 

ТЕхНОЛОГИяСЫ АРҚЫЛЫ 

ОҚуШЫЛАРДЫң АуЫЗЕКІ               

ТІЛІН ДАМЫТу

Қазіргі  таңда  білімге  ерекше  көңіл  бөлінгендігі 

белгілі.  Білім  негізінен  пән  арқылы  берілгендіктен, 

әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай 

кезде  болмасын,  ең  маңызды  мәселе  болып  келгені 

даусыз. Әрине, терең білім де, материалдың игеруге 

қолайлылығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде 

нәтижесіз  болды  деп  айта  алмаймын.  Технология 

мен әдістеменің мақсаты – қалай оқыту мәселелерін 

қарастыру.  Орыс  мектептерінде  өтілетін  қазақ  тілі 

сабақтарының  мақсаты  –  оқушылардың  сөздік 

қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс 

сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын 

меңгерту,қазақ  тіліне  тән  дыбыстарын  айтып,сөз 

ішінен  ажырата  білуге  үйрету.  Мен  үшін  ең  басты 


4

5

мәселе  –  оқыту  әдісін  дұрыс  таңдау.  Себебі,    жаңа 



технологияларды  меңгеру  мұғалімнің  зияткерлік, 

кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және 

басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына 

игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие 

үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Менің 

өз  іс-тәжірибемде  қолданып  жүрген  тиімді  жаңа 

технологияның  бірі  –  “Оқу  мен  жазу  арқылы  сын 

тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясы. Себебі, 

бұл  технология  жоғарыда  айтылып  кеткен  жұмыс 

түрлерін  іске  асыруға  өте  тиімді.    СТО  дамыту 

бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған 

білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Тәжірибені 

жүйеге  келтірген  –  Джинни  Л.Стил,  Куртис 

С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, 

Л.С.Выготский  теорияларын  басшылыққа  алады. 

Мақсаты  –  барлық  жастағы  оқушыларға  кез  келген 

мазмұнға  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі  ұйғарымның 

біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға  үйрету. 

Біздің  елімізге  Джордж  Соростың  ашық  қоғам 

институты, «Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген 

бұл  технология  орыс  және  қазақ  тілдерінде  мектеп 

тәжірибелеріне  ене  бастады.  «Сын  тұрғысынан 

ойлау”  ұғымы  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай 

отырып,  оның  неге  қатысты  екенін  зерттеу,  оларды 

жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра 

алу,  сол  идеяларға  қарсы  көзқарастармен  тепе-

теңдікте  ұстап  зерттеу,  оларға  сеніммен  қарау  деп 

түсіндіреді  авторлар.  СТО–сынау  емес,  шыңдалған 

ойлау.  Бұл  деңгейдегі  ойлау  тек  ересек  адамдарға, 

жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса 

дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс 

ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес 

ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жететініне 

және тіл байлықтарының дамуына көп пайдасы бар 

екендігіне  осы жобамен жұмыс жасау барысында көз 

жеткізіп  келемін.  Осы  технологияны  қолданудағы 



менің  басты  мақсатым  –  оқушылардың  ауызекі 

сөйлеу  дағдыларын  дамытып,    өтетін  тақырып 

мазмұнын тереңінен ашып, өздері ой қорытындысын 

жасай  алуға  дағдыландыру,  шығармашылыққа 

баулу.  Осы  технологияның  әр  түрлі  стратегиялары  

білім    беру    жүйесінде    нәтижеге    жеткізетіндігін  

байқадым.  Сонымен  қатар,  сынып  оқушыларының  

тілге деген қызығушылықтары мен шығармашылық  

қабілеттерін    әрі  қарай  дамытуға  көп  көмегін  тигізді.  

Шығармашылық  қабілет  әр  баланың  табиғатында  

болуы  мүмкін. Міндетім – оқушыға оның  бойында  

жасырынып  жатқан  мүмкіндіктерін   ашып  көрсету. 

Кез  келген    оқушы    мұғалімнің    басшылығымен  

орындаған    шығармашылық    жұмысының  

нәтижесінде  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  дамытады.  

Баланың    қабілеті   толық      ашылуы    мүмкін.   Егер  

бала  бойындағы  қабілетті   мұғалім  байқамаса, ол 

бала    басқа  оқушылармен    бірдей    болып    қалады.  

Сондықтан  қабілеттің  дамуына  түрткі  бола  білу  

керек. Осындай  жұмыстарды  жүргізу  әр  мұғалімнің  

шеберлігіне    байланысты.    Күнделікті    сабақта    

тапсырмаларды  қызықты  етіп  құрап,  оқушылардың    

қызығушылықпен  орындауларын   қадағалау  қажет.  


6

7

Мысалы,  мен  қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  



оқулықпен  ғана  шектеліп  қалмай,   оқушылардың 

ауызекі  сөйлеу  дағдылары  мен  шығармашылық 

қабілеттерін  дамыту  үшін  стратегияларға  қоса  әр  

түрлі   қызықты  ойындар мен сөзжұмбақтар, мақал-

мәтелдерді қолдану өте тиімді дер едім.

СТО технологиясын сабақ барысында қолдана 

отырып  ауызекі  сөйлеу  дағдыларын  жетілдіру 

тәсілдері.

Нағыз  сабақ,  ол  –  әрқашан  диалог,  іздене, 

дайындала,  үйрене,  шәкірттер  болашағын  ойлай 

жасалған  еңбек  пен  тәжірибенің  бірлігі.  Мен  өз 

тәжірибемде оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, 

ауызекі  сөйлеуге  үйрету  үшін  төмендегі  әдістерді 

жүйелі түрде қолданып келдім:

сұрақ-жауап  әдісі  –  бұл  ең  тиімді  әдіс, 

оқушылардың көру қабілеттерін ойлау қабілеттерімен 

ұштастыра дамыту;

өз ойын айту әдісі – оқушылардың ойлану, ойлау 

үрдісі  арқылы  ойын  ауызша  жүйелі  айтып  беруге 

дағдыландыру;

жағдаят  арқылы  сөйлесу  –  сөздер,  сөз  тіркес-

терін,  сөйлем  құрау,  болған,  көрген,  естіген  уақиға 

жайлы айтып жеткізу.

Мысалы: сурет бойынша әңгіме құрастыру.



баяндау  әдісі  –  оқушылардың  логикалық  ойлау 

қабілеттерін дамыту, өз бетінше сөзге дағдыландыру; 



сұхбаттасу  әдісі  –  оқушылардың  өз  ойларын 

сыртқа мәнерлі, жүйелі түрде беруге үйрету;



монолог әдісі – оқушылардың өз білім деңгейлеріне 

сай өз ойларын айтқызуға ұмтылдыру;



аударма әдісі – екі тілде де жазуды, оқуды, сөйлеуді 

үйрететін пайдалы әдіс:

1)  кейбір  жеңіл  мәтіндерді  бірден  қазақшадан 

орысшаға аудару арқылы;

2) сөздік жұмыстарын жүргізу арқылы аударту;

3)    орысшадан қазақшаға аударту біраз қиынырақ, 

сондықтан ол мұғалімнің көмегімен жүзеге асады.

Міне, осы жоғарыда көрсетілген әдістерді бүгінде  

СТО  технологиясымен  ұштастырып  қолданамын.

СТО  бағдарламасы  қызығушылықты  ояту,  ма-



ғынаны ашу, ой-толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Үйрену  үдерісі  –  бұрынғы  және  жаңа  білімді 

ұштастырудан  тұрады.  Үйренуші  жаңа  ұғымдарды, 

түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен 

толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта 

қарастырылғалы  тұрған  мәселе  жайлы  оқушы  не 

біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. 

Осы  арқылы  ойды  қозғату,  ояту,  ми  қыртысына 

тітіркенгіш  арқылы  әсер  ету  жүзеге  асады.  Осы 

кезеңге  қызмет  ететін  “Топтау”,  “Түртіп  алу”, 



“Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді 

шарлау”,  «ББҮ  стратегиясы»  деген  аттары  бар 

әдістер    жинақталған.  Қызығушылықты  ояту 

кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін 

арттыру.  Өйткені,  үйрену  –  енжарлықтан  гөрі 

белсенділікті  талап  ететін  іс-әрекет  екені  даусыз. 

Оқушы  өз  білетінін  еске  түсіреді,  қағазға  жазады, 

көршісімен  бөліседі,  тобында  талқылайды.  Яғни, 


8

9

айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, 



тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте 

қадам  жасала  бастайды.  Оқушы  бұл  кезеңде  жаңа 

білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен 

ұштастырады. 

Мысалы: қазақ әдебиеті сабағында  көбіне мынадай 

стратегияларды  қолдана  отырып,  оқушылардың 

ауызекі  сөйлеу  дағдыларын  жетілдіруге  баса  назар 

аудардым.



Қызығушылықты  ояту.        ББҮ  стратегиясы 

арқылы ой қозғау.

Тақырып: «Әдебиет – асыл сөз»

Білемін

Білгім  келеді

Үйрендім

Оқушылар  берілген  кестені  толтырып,  жаңа 

тақырып  бойынша  ой  қозғап,  өзінің  бұрынғы 

білімін еске түсіріп, сабақ соңында жаңа ақпаратпен 

толықтырады.Ойлау  мен  үйренуге  бағытталған 

бұл  бағдарламаның  екінші  кезеңі  мағынаны  ашу 

(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен 

танысады,  тақырып  бойынша  жұмыс  істейді, 

тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс 

жасап,  белсенділік  көрсетуіне  жағдай  жасалады. 

Оқушылардың  тақырып  бойынша  жұмыс  жасауына 

көмектесетін  оқыту  стратегиялары  бар.  Соның  бірі 

–  INSERT.  Ол  бойынша  оқушыға  оқу,  тақырыппен 

танысу барысында «V» – білемін, « ―» - мен үшін 



түсініксіз, «+» -мен үшін жаңа ақпарат, « ?» – мені 

таң қалдырады белгілерін қойып оқу тапсырылады. 

INSERT  –  оқығанын  түсінуге,  өз  ойына  басшылық 

етуге,  ойын  білдіруге  үйрететін  ұтымды  құрал.  Бір 

әңгіменің  соңына  тез  жету,  оқығанды  есте  сақтау, 

мәнін  жете  түсіну  –  күрделі  жұмыс.  Сондықтан 

да,  оқушылар  арасында  оқуға  жеңіл-желпі  қарау 

салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау 

жиі  кездеседі.  Мағынаны  түсінуді  жоғарыдағыдай 

ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың 

бірден-бір кепілі.Үйретушілер білетіндерін анықтап, 

білмейтіндерін  белгілеп,  сұрауға  әзірленеді.  Бұл 

әрекет  арқылы  жаңаны  түсіну  үшін  бұрынғы  білім 

арасында  көпірлер  құрастыруға,  яғни,  байланыстар 

құруға дағдыландырады.

«INSERT» стратегиясы:

Ү – білемін;

- білгеніме сәйкес емес;

+ жаңа ақпарат;

? тереңірек білгім келеді, зерттегім келеді.

Тақырып: «Ыбырай Алтынсарин».



Ү

-

+

?

Ыбырай 


Алтынсарин 

– ұлы ұстаз, 

..........

Балқожа 


бидің 

тәрбиесінде 

болған.

«Қазақ 


хрестоматиясы» 

деген 


оқулықтың 

авторы.


Отбасы 

туралы 


білгім 

келеді.


       

Тақырып  туралы  ой-толғаныс  –  бағдарламаның 



үшінші  кезеңі.  Күнделікті  оқыту  үдерісінде 

оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға 



10

11

сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз 



ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен 

айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі 

түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, 

кестесін  жасау  мақсатында  басқалардың  әр  түрлі 

кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды 

қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып 

табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру 

болашақта  қолданылатын  мақсатты  құрылымға 

жетелейді.Осы  кезеңді  тиімді  етуге  лайықталған 

“Бес  жолды  өлең”,  “Венн  диаграммасы”,  “Еркін 

жазу”,  “Семантикалық  карта”,  “Т  кестесі”  сияқты 

стратегиялар  әр  сабақтың  ерекшелігіне,  ауыр-

жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

“Венн  диаграммасы”  –  оқушылардың  сабақ 

соңында  өз ойларын қорытып шығаруға, екі заттың 

айырмашылығы  мен  ұқсастығын  салыстыра  алуға 

үйрететін,  тіл  байлықтары  мен  сөздік  қорларын 

байытатын тиімді әдістің бірі. Көбіне, сабақтарымда 

осы әдісті жиі қолданамын. 

1.  Ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиетті  Венн 

диаграммасы арқылы салыстырыңдар.



“Бес жолды өлең” стратегиясы:

Бірінші жол – тақырыпты сипаттайтын басты сөз.

Екінші  жол  –  мәтін  мағынасын  ашатын  екі  сын 

есім.


Үшінші жол – мәтінмен байланысты үш етістік.

Төртінші жол – төрт сөзден тұратын сөйлем.

Бесінші  жол  –  басты  сөзге  синоним  болатын  бір 

сөз.


Бұл  әдіспен  оқушылар  қызыға  жұмыс  жүргізеді 

әрі үнемі қазақ тілімен  пәнаралық байланыс жасап, 

грамматиканы еске түсіріп отырады. Осы аталған әдіс 

бойынша «Толағай» ертегісімен жұмыс жүргізгенде  

оқушылар төмендегі  өлең жолдарын шығарды:

1. Толағай.

2. Батыр, ақылды.

3. Ойнайды, арқалайды, көмектеседі.

4. Толағай елінің қамын ойлайды.

5. Батыр.



Еркін  жазу.  Бұл  әдісті  сын  тұрғысынан  ойлау 

жобасындағы  сабақтың  үшінші  ой-толғаныс 

кезеңінде  пайдалану  тиімді.  Мұғалім  сабақ  бойына 

қарастырылған  жаңа  ақпарат  жайлы,  одан  алған 

әсерін,  не  үйренгенін,  нені  әлі  де  біле  түсу  керек 

екенін,  т.б.  жайлы  өз  пікірін  қағаз  бетіне  түсіруді 

тапсырады.  Жазуға  уақыт  береді.  Уақыт  аяқталған 

кезде  оқушылар  өз  жазғандарымен  топ  мүшелерін 

таныстырады.  Ең  жақсы  деп  танылған  жұмысты 

ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін 

қорытуға,  оған  сын  көзбен  қарап,  ойын  түйіндеуге 

 

Ауыз  



әдебиеті       

Жазба  

әдебиет 

12

13

үйрететін  бұл  әдісті  кез  келген  сабақта  қолдануға 



болады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды 

дамыту” жобасын қолдануда менің байқағаным – бұл 

сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, 

тіл  байлықтарының  дамуына,  шығармашылығын 

қалыптастыруға  ықпал  етеді,  оқушылар  ұжымда 

бірлесіп  жұмыс  жасауға  үйренеді,  білімдері 

тереңдейді.



СТО  бағдарламасына  қатысудың  нәтижесінде 

сабақта жеткен нәтижелерім:

1. Сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.

Сабақтың жоспары:

1. Психологиялық дайындық.

2. Ой ашар.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

4. Жаңа сабақ.



І. Қызығушылықты ояту.

а) Ой қозғау.

ә) Өзіндік жұмыс.

б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)



ІІ. Мағынаны тану сатысы.

1. Топпен жұмыс.

2. Бес жолды өлең.

ІІІ. Ой-толғаныс сатысы.

ІV.Қорытынды

1. Венн диаграммасы.

    Бес жолды өлең.

2. Бағалау.

3. Үйге тапсырма.

Рефлексия.



СТО 

дамыту 

сабақтарының 

негізінде 

оқушылар арасында:

- бір-бірінің пікірін тыңдауға, ынтымақты қарым-

қатынас орнатуға;

- өзін жеке-дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

- бір-біріне құрметпен қарауға;

- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы 

шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге 

көмектесуге;

-  белсенді  шығармашылықты  ойлауға  негіз 

қаланды.

Мен  жұмыс  жасап  отырған  технология  мен 

дәстүрлі  сабақтан  шығатын  нәтижені  мына  кесте 

арқылы салыстыруға болады:



Дәстүрлі 

сабақтар: 

мұғалімнің 

әдістері, 

оқушының  іс-әрекеті,  тақырыпты  түсіндіреді, 

мазмұнын  айтып  береді,  кейіпкерлер  туралы  айтып 

береді, кейіпкерге мінездеме береді, оқулық бойынша 

мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады, 

мәтіннің  көркемдік  ерекшелігін  мысалдар  арқылы 

түсіндіреді,  мәтіндегі  негізгі  сөздерді  тауып,  айтып 

береді,  дәптерлеріне  жазады,  тақырыпқа  шығарма 

жазуды тапсырады, шығарма жазады.


14

15

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады.



RWCT 

сабақтары: 

мұғалімнің 

әдістері, 

оқушының  іс-әрекеті,  топқа  бөліп,  ой  қозғайды, 

ұжыммен жұмыс жасайды, тақырыпқа қызықтырып 

бағыттайды, мәтінмен өздері танысады, мәтіндегі ең 

құнды нәрсені анықтауды ұсынады, әр түрлі әдістер 

арқылы мәтінді зерттейді.



Кейіпкердің 

ерекшеліктерін 

тануға 

бағыттайды. Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін 

олардың  орынына  қойып,  қарайды,  салыстырады. 

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды. Әр 

түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын 

анықтайды.

Өз ойларын жазуды ұсынады. Ойларын қорытып, 

оны  қағаз  бетіне  түсіреді.  Ойларын  қорытуға 

бағыттайды. Өз тұжырымдамасын жасайды.

Менің  тәжірибемдегі  сын  тұрғысынан  ойлау 

технологиясын  пайдаланған  сабақтарды  дәстүрлі 

сабақтармен  салыстырғанда,  білім  сапасының 

өскендігін  байқауға  болады.  СТО  технологиясын 

қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдана отырып, 

тұлға  қалыптастырудың  тиімді  жақтары  өте  көп 

екендігіне көз жетті. Жалпы сын тұрғысынан ойлау 

технологиясының жетістіктері мынадай: 

1.  Оқушылар  күні  бұрын  берілген  тапсырма  мен 

де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша 

ізденеді, өз бетімен дайындалады.

2.  Оқушы  ой  қиялының  дамуына,  пікір  айтуына 

еркіндік беріледі.

3. Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға 

үйренеді.

4.  Өзгенің  пікірін  тыңдап,  оған  өз  көзқарасын             

қоса білуге үйренеді.

5. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

6. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.

7.  Әр  түрлі  шығармашылық  жұмыстарға 

дағдыланады.

8. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады.

9. Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

10. Жан-дүниесін тәрбиелейді. 

Қазіргі  кездегі  мамандық  атаулының  барлығы 

бейімділікті,  ептілікті,  шапшаңдықты,  ерекше 

ой  қызметін,  мол  шығармашылық  мүмкіндікті, 

өзін  қоршаған    түрлі    жағдайларға  тез  икемделіп 

қана 


қоймай, 

оларды 


керекті 

бағытына 

шығармашылықпен  бұра  білу  қабілеттілігін 

қажет  етеді.  Сондықтан  психологтардың  өзі  тұлға 

қалыптастырудың  қажеттілігін  тұтас  бір  кешенді 

қасиеттермен  байланыстырады.  Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  сабақтарында  СТО  технологиясы  тіл 

дамыту  мен  қатар  тұлға  қалыптастыруда  маңызы 

зор екендігіне өз тәжірибем негізінде көз жеткіздім.

Менің байқағаным бұл сабақтар баланың танымдық 

белсенділігін  арттыруға,  тіл  байлықтарының 

дамуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал 

ететіндігі,  оқушылар  ұжымда  бірлесіп  жұмыс 

жасауға  үйренетіндігі,  білімдерінің  тереңдігі,  әрі 

тиянақтылығы.  Бүгінгі  қоғамға,  мектепке  керегі  де 

осылар.  Оқытудың  осындай  жаңа  педагогикалық 



16

17

технологияларын  сабаққа  ендіру  –  бүгінгі  таңда 



әрбір  ұстаздың  басты  мақсаты  болуы  керек. 

Себебі,  елімізге  заман  талабына  сай  қалыптан  тыс 

ойлай  алатын,  шұғыл  шешімдер  қабылдай  білетін, 

белсенді,  шығармашыл  азаматтар  қажет.    Сабақта 

оқушыға  білім  дайын  күйінде  беріле  салмау  керек. 

Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге 

қызығушылығын  ояту  қажет.  Ал  ол  сұрақ  әр  түрлі 

әдіс-тәсілдер  арқылы  баланың  алдына  жан-жақты 

мақсат  қойып,  іске  асыруына  жол  көрсетеді.  Жаңа 

технология  ретінде  ең  озық  әдістерді  дер  кезінде 

игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді 

нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. 




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал