Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата12.06.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-жүргізуші:  -  Бүгінгі  сайысымызға  төрелік  ететін 
әділқазылармен таныс болыңыздар.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Каримова 
Эльмира Рамазановна, Жұмаханова Назым Нұрғазықызы, 
Бахтина Айнұр Нұрбекқызы.
2-жүргізуші:  -  Ал  енді  «Тапқыр  достар»  зияткерлік 
ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: - Ойынның шартымен таныс болыңдар. 
Ойын 6 айналымнан тұрады. Әр айналымда дұрыс жауап 
берген  топқа  10  ұпай,  жартылай  жауап  берсе  5  ұпай 
беріледі.
2-жүргізуші:  -  Сонымен  ойынымызды  бастайық, 
1-айналым  «Бәйге»  деп  аталады.Ойынның  шарты: 
Қазақстан Республикасы туралы бірнеше тест сауалдары 
беріледі. Әр топқа – 3 сұрақтан.
«Бәйтерек»  тобының  сұрақтары:  1)  Қазақстан 
Республикасының  туының    авторлары?  2)  Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы? 3) 
Тудың өлшемі қанша? 
«Астана»  тобының  сұрақтары:  1)  Астана  қаласы  қай 
жылы  еліміздің  елордасы  болды?  2)  Тоқтар  Әубәкіров 
ғарышқа қай жылы ұшты? 3) Қазақстан Республикасының 
аумағы қанша шаршы шақырым?
1-жүргізуші:  -  2-айналым  «Сиқырлы  сандар»  деп 
аталады. Сендердің назарларыңа осы 20 жылдағы атаулы 
даталар беріледі. Ойынның  шарты – сол сандардың нені 
білдіріп тұрғанын айту.
І. 1991 ж. 16 желтоқсан.    1992 ж. 4 маусым.
    2006 ж. қаңтар.
ІІ. 1995 ж. 30 тамыз.    1989 ж. 22 қыркүйек.
    3 000, 1700, 2 7000.
Ал, қазір барлығымыз бір сәт тынығып, 6 «А» сынып 

134
оқушысының орындауында «Мектебім» әнін  тыңдайық. 
  2-жүргізуші: -Үлкен рахмет. Барлығымыз қошеметтеп 
қояйық.  Ойынымызды  әрі  қарай  жалғастырамыз. 
3-айналым – «Тапқыр болсаң, тауып көр». Ойын шарты: 
Таңдап алынған әріптер арқылы сұраққа дұрыс жауап беру. 
Ойынды  «Бәйтерек»  тобы  бастайды.  1)  Қазақстанның 
қаласы?  2)  Қайда  тұрасың?  3)  Бос  уақытыңда  немен  
айналысасың? 4) Қазақ тілін кімнен үйрендің? 5) Сен қай 
мектепте оқисың? 6) Семей қандай қала? 
«Астана»  тобы  жалғастырады.  1)  Қазақстан  қандай 
мемлекет? 2) Абай кім? 3) Қазақстанда қандай тұлғалар 
дүниеге  келген?  4)  Қазақстанда  қандай  ұлт  өкілдері 
тұрады? 5) Қазақтың батырларын ата? 6) Астана қандай 
қала деп ойлайсың?
1-жүргізуші:  -  4-айналым  –  «Сен  білесің  бе?» 
Бұл  айналымда  әр  топқа  ақын-жазушылардың 
шығармаларынан  үзінді  беріледі.  Сол  шығарманың 
авторын  табу.  Ойынды  әдеттегідей  «Бәйтерек»  тобы 
бастайды.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой – 
Бес асыл іс, көнсеңіз...
Бұл кімнің өлеңі?
Асан деген – бай баласы. Үсен – жарлы баласы, екеуі 
құрдас  екен.  Бір  күні  ел  көшкенде,  қыр  басында  ойнап 
жүріп,  екеуі  көштен  қалып  қойыпты.  Бір  мезгілде  үйге 
барайық деп келсе, ауыл жоқ, құр орыны жатыр.... 

135
Бұл  қай  ақын,  ағартушы-педагогтің  әңгімесінен 
алынған?
Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір 
аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған.... 
- Бұл кімнің шығармасынан?
Ал, енді, «Астана» тобының бағын сынап көрейік. 
Адамдық борышың,-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен.
Білімсіз,
Өнерсіз
Болады ақыл тұл....
- Бұл қай ақынның өлеңі?
Ақыл айтар мезгілде
Мың жасаған шалдай бол.
Қатал болар мезгілде
Шатырлаған жайдай бол.
Мейірім түсер мезгілде
Ағарып атқан таңдай бол.
Жауды бөгер кезіңде
Көлденең жатқан ордай бол.
- Бұл қай батыр-жазушының өлеңі?
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп-кетіп есен-сауын.
- Бұл кімнің дастанынан алынған үзінді?
Осымен ойынымыздың 4-айналымы да аяқталды. Қазір 
әдемі  бір  биге  кезек  берейік.  11  «А»  сынып  оқушысы 
Закарьянова  Айдананың  орындауында  «Қазақ  биін» 

136
тамашалайық.   
2-жүргізуші:  -  5-айналым  «Сөз  құрақ»  деп  аталады. 
«Тәуелсіздікке»  деген  сөздің  ішіндегі  әріптерден  жаңа 
сөз  құрастыру.  Қай  топ  көп  сөз  құрастырады,  сол  топ 
жеңімпаз атанады.
1-жүргізуші: - «Көрермендер көрімдігі». Ойыншылар 
сөздер  топтамасын  құрастырғанша,  көрермендермен 
ойын  ойнайық.  Құрметті  оқушылар,  сендерге  бірнеше 
жұмбақтар жасырамын. Шешуін тапқан  оқушыларымызға 
сыйлығымыз да бар. 
1. Айдалада ақ отау,
    Ауызы-мұрыны жоқ отау (жұмыртқа)
2. Ақ сандығым ашылды,
    Ішінен жібек шашылды (Күн)
3. Шыр-шыр етеді, құлағыңнан өтеді.
   Ұстап алсаң, сөйлеп кетеді (телефон)
4. Үсті – тас, асты – тас, ортасында – піскен ас (нан).
2-жүргізуші:  -  6-айналым:  «Сұрақ-жауап».  Бұл 
айналымда әр топ бір-біріне сұрақ қояды. 
1-жүргізуші:  -  Ал,  енді,  көптен  күткен  сәт  те  келді. 
Сайысымыз  аяқталуға  жақын  қалды.  Төрешілер 
ойынымыздың қорытындысын шығарғанша, 6 «А» сынып 
оқушысының орындауында «Қазақстан» әнін тыңдайық.  
2-жүргізуші:  -  Ал,  балалар,  Тілдер  мерекесіне           
арналған  ойынымыз  аяқталды.  Мемлекеттік  тілдің 
шынайы жанашыры болуларыңызға тілектеспін. 
 
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
 
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
 
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы – 
 
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
1-жүргізуші: - Мерекемізді Е.Хасанғалиев ағамыздың 
«Атамекен» әнімен түйіндейік.    

137
Жібек САНСЫЗБАЕВА,
Орал қаласындағы
№21 жалпы орта 
білім беретін мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
(7-сынып)
Мақсаты:  оқушыларды  туған  Отанын,  елін,  жерін 
сүюге,  құрметтеуге  тәрбиелеу.  Қазақ  тілінде  сауатты 
сөйлеу  мәдениетін  дамыту,  сөздік  қорын  байыту, 
отансүйгіштік сезімін ояту.                                
1-жүргізуші:
- Сәлем, достар, аман ба? 
  Мына бейбіт заманда,
  Қуантамын бәріңді,
  Білімдіден қалам ба?
  Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Сіздер  «Озық  ойлы  оқушы»  атты  сайысқа  келіп 
отырсыздар!
Білім сайысын ашық деп жариялаймыз!
 Ақыл – тон аңдығанға тозбайтұғын,
 Білім – кен қанша болса азбайтұғын. 
 Қатарың озып шауып бара жатса,
Арқаның  ауруы  не  қозбайтұғын,-  деп  Тұрмағанбет 
Ізтілеуов  айтқандай,  білім  сайысына  құлшынып  тұрған 
білімді оқушыларымызды шақырамыз!

138
(Ортаға қатысушылар келеді) 
1.  «Сұңқар тобы».
2. «Талапкер».
3. «Жас талап».
4. «Жұлдыздар».
2-жүргізуші:
- Өнер менен білімде
   Әркімнің өз жолы бар.
   Сайысарлық бүгінде
  Өзіндік  иелік  үнім  бар-  дегендей,  білімпаз  жастар 
өздерін  таныстырып өтсін! 
(Жеке-жеке топтар таныстырады).
1-жүргізуші:                                                                      
- Әділ қазыға ақ қазыға бер сәлем,
  Әділдікке бас иеді күллі әлем!
  Жүйрік озар сайыстарда неше бір 
  Сарапқа  сал,  әділдікпен  шеше  біл,-  дей  отырып, 
әділқазылар алқасымен таныстырайық!
2-жүргізуші: 

Сайыстың 
өту 
барысын 
түсіндіру.                                                                    
Сайыс 4 бөлімнен тұрады:
1-Бәйге.
2-Тіл – өнер.
3-Жеті  жұмбақ.                                 
(Бірінші бөлімнің шартын түсіндіру)
4-Тест  сұрақтары  бойынша  жарыс,  6  сұрақ  беріледі.                
3 жауап бар, бір жауап – дұрыс.
«Бәйге  десе  бұлқынбас  жас  болар  ма?»  деп  аңсаған 
кім?
Бірінші бөлім – «Бәйгені» бастайық! Ал, іске сәт!                                               
Сайыскерлеріміз  тапсырманы  орындағанша    кезекті 

139
Байменова Нұргүлге берейік!
Тест
1. Ең бірінші бақытым-халқым менің
... Ал екінші бақытым- Тілім менің
... Бақытым  бар үшінші –Отан деген!  
Кімнің өлеңі?
а) Мұқағали Мақатаев;
ә) Бауыржан Момышұлы;
б) Мұхтар Шаханов.
2.  Ұлы  Отан    соғысына  қатысып,  Отанымызды 
жаудан қорғаған халық батыры кім?
а) Сәбит Мұқанов;
ә) Бауыржан Момышұлы;
б) Бердібек Соқпақбаев.
3.  Абай  мен  Ыбырайдың  ізін    жалғастырған  ұлы 
ғалым, ақын, аудармашы кім?
а) Мағжан Жұмабаев;
ә) Сәбит Мұқанов;
б) Ахмет Байтұрсынұлы.
4. Аяғы бар, басы бар, 
   Арқалаған тасы бар.
а) тасбақа;
ә) бақа;
б) көлбақа.
5. Өлеңмен жазылған шығарма?
а) әңгіме;
ә) поэма;
б) повесть.
1-жүргізуші:_-_Құрғақ_жерде_сақтайсың,__Менсіз_тамақ_татпайсың.__(тұз,_соль,_а_salt)__2-жүргізуші'>1-жүргізуші:
- Кім жұмбаққа жүйрік екен?
«Тіл – өнерді» жалғастырайық!

140
Бұл  бөлімнің  шарты  –  жұмбақтың    шешуін  3  тілде                  
айту.                                                                                  
1-жүргізуші:
- Бүгін киген тоным бар                                                     
   Ертең болар қара тон.
  Қара тоным аздан соң
  Болып кетер ала тон.
                                        (Жер, Земля, а arth)
2-жүргізуші:
- Үй үстінде  ұсақ тас,                                        
  Ұстайын десем ұстатпас.
                                    (Жұлдыз, звезда, а star) 
1-жүргізуші:
- Құрғақ жерде сақтайсың,
   Менсіз тамақ татпайсың.
                                   (тұз, соль, а salt)
 2-жүргізуші:
- Қабат-қабат қаптама,
   Ақылың болса аттама.
                                    (Кітап, книга, а booк)
1-жүргізуші:
-  Көрермендер  көрімдігі  ретінде  «Мақал  –  сөздің 
мәйегі» деп көрермендерді жарыстырсақ. Осы жұмбақтың 
шешулерінен мақал-мәтел шығару  қажет.
2-жүргізуші:  -  «Жеті  жұмбақ»  бөлімінің  шарты:                                 
пәндер бойынша сұрақтарға жауап беру.
Қазақ тілі:
 1. Етістіктің райлары?
 2. Синоним дегеніміз не?

141
3. Антоним дегеніміз не?
4. Сөз таптары нешеу?
5. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
6. Қазақ әліпбиінде  неше әріп бар? (42)                        
7. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? (12)
1-жүргізуші:    
Биология:                                                                                                                            
1. Тірі  организмдерге не жатады? 
(Өсімдіктер, жануарлар, т.б.)
2. Қызыл кітапқа тіркелген жануарлар? 
(Елік, суыр, арқар, т.б.)
3. Өсімдік қалай қоректенеді? 
(Оттегімен)
4.  Жануар  мен    өсімдіктердің  айырмашылығы?                       
(жануарлар жүреді, өсімдіктер бір жерде өседі)
5. Қандай құстарды білесіңдер?
6. Тамырда қандай бөлімдер болады? 
(тамыр оймақшасы, өткізгіш, сору, т.б.)
7. Гүлдің құрылысын ата?
(аналық, аталық, т.б.)
2-жүргізуші:
Физика:
1. Пішіні мен формасын сақтайтын аққыш зат?
(СУ)
2. Жылдамдық пен уақыт көбейтіндісі?
(жол) S=V-T
3. Күнге ең жақын орналасқан  планета? 
(Меркурий)
4. Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал? 
(психрометр)

142
5. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? 
(параллель)
6. Жарық жылдамдығының шамасы неге тең?
(300000 км/сек.)
7. Координата жүйесін енгізген ғалым?
  (Дерорт)
1-жүргізуші: 
География:
1. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан? 
(Есіл)
2. Перудің астанасы? 
(Лима)
3. Ақмола облысындағы  қорық  
(Қорғалжын қорығы)
4. Дүние жүзіндегі ең үлкен бұғаз? 
(Мозамбик)
5. Ең биік сарқырама? 
(Анхель)
6. Су бетіндегі жүзіп жүретін мұз тау?  
(Айсберг)
2-жүргізуші:
- «Жорға» бөлімін  жалғастырайық.
1. Ең ащы көл .  (Қарасор)
2. Көлікті күтетін жер.
(Аялдама)
3.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілі.              
(Қазақ тілі)
4. Бөле деген кім? 
(Бір үйдің  қыздарының балалары)

143
5. 3 биді ата? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
6. Құлагер кімнің аты? (Ақан сері)
7. Күрішті аймақ?(Қызылорда)
8. Республика күні? (25 қазан)
9. Қасиетті сан? (7)
10. Қазақстанның астанасы? (Астана)
11. Сөздің ең түпкі мағына беретін  бөлшегі? 
(Түбір)
12. Жартылай тұщы, тұйық көл (Балқаш)
13. Нағашы кімнің туысы? (Ананың ағасы)
14. Көмірлі қала (Қарағанды)
15. Ең үлкен жануар? (піл)
16. Аспанда қанша жұлдыз бар? 
(саналмайды)
17. Тышқанның жауы? (Мысық)
18. Ойды қалай, немен  жеткіземіз? 
(Сөйлеммен)
19. Наурыз көжеге неше тағам салынады? ( 7)
20. Карта жинағы ( Атлас)
21. Құстың негізгі мекені? (Ұя)
22. Зат есімнің сұрақтары? 
(Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
23.  Елімнің  қамқоры  болған  адамды  не  дейміз?  
(Азамат)
24. Тілдің негізі не? (Сөз)
1-жүргізуші:
 - Шын жүйректер сыналады жарыста,
   Жарыстың ба, орта жолда қалыспа.
 Әділ қазы бағалайды Сіздерді,
 Жеңіс-мәре жақынба әлде алыс па, - демекші, ендігі 
сөз кезегін әділқазыларға берейік!

144
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бас редакторы - Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –
Казахский язык и литература в русской школе”  –
ай сайын шығатын республикалық 
ғылыми-педагогикалық жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: 
“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.  
Корректоры - Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларын-                                                           
дағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 
қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.
Басуға 02.05.2013 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68. 
Таралымы – 1510. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 
Гайдар көшесі, 123-үй.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 
бөлімдер.........................268-32-48.
Факс................................243-15-53.   
Электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru
Басылатын жері – “Према” ЖШС. 
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ
ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ
 ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”
© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -
Казахский язык и литература в русской школе»,
 №9, 2013 ж., 144 бет, Алматы.

Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет