Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс


Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата12.06.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

11. Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз.
А) Төкен бай үш күн өткен соң келді. 
Ә) Жүк артқан түйелер орындарынан тұрды.
Б) Сүрініп кетіп, құлап қала жаздады.
В)  Ертеңіне  ауыл  таң  бозарар-бозармастан  ұйқыдан 
оянды. 
Г) Ол Дәржан ағасының қасында үш жыл жүрді.
12. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Бану бұл жолы сөз қосқан жоқ. 
Ә) Жүзуден алдына жан салмайды.
Б) Желкілдеген ту алып.
В) Су – тіршілік көзі. 
Г) Руыңды білесің бе?
13. Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз.
А) Біл, қыл, де;        Ә) Де, ет, жазда, е;
Б) Бұқ, ат, сөйле;     В) Жазда, ерт, кес, сыз; 
Г) Е, ет, тын, жу.
14. Нақ осы шақты көрсетіңіз.
А) Бұл су ағып жатқан арыққа беттеп жайылды.
Ә) Үйір бұған қайырылмайды.
Б) Бұлар кілт бұрылып, ауылға тартты.
В)  Жер  астынан  ескен  суық  желдің  лебі  күшейіп 
барады. 
Г) Әмірші сол орынында мелшиіп тұр.
15. Етістіктің бұйрық райын анықтаңыз.
А) Ана мәселені ерекше көрсетіңіздер.
Ә) Мұны Салиха апай күтіп тұр екен.
Б) Бұдан әрі сөз қозғағысы келмеді.
В) Қазақтар туралы ештеңе естімепті. 
Г) Сөйткенше Оспан сырттан кіріп келді.
16. Етістіктің қалау райын анықтаңыз.
А) Екі жас бақытты болғай.

117
Ә) Достары да білгендерінше айтып көрген.
Б) Не ексең, соны орарсың.
В) Мезгіл жетсе, мұз ерір. 
Г) Шеткі үйде өзінің ағасы Тәкежаннан үйреніп кепті.
17. Етістіктің бұйрық райын анықтаңыз.
А) Әли елең ете қалды.
Ә) Гүлсім шыр етіп кеп бас салды.
Б) Үлкеннің алдын кеспе.
В) Сендерді оятып жібердім бе? 
Г) Мерей Маржанға ризалығын білдірді.
18. Етістіктің шартты райын анықтаңыз.
А) Екі қошқар сүзіссе, ортасында шыбын өледі.
Ә) Досыңа достық – қарыз іс.
Б) Ерінбеген етікші болады.
В) Ұста пышаққа жарымайды. 
Г) Жыртық тесікке күледі.
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ 
1.  Күрделі бастауышты табыңыз.
А) Ерінбеген етікші болады; Ә) Күле беру ыңғайсыз;  
Б) Мейрам шахтаға кетті;      В) Бұл – Еркіннің сөзі;
Г) Ол оған күле қарады.
2. Анықтауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
А) Ел ұнатқан ұлын жасқамайды. 
Ә) Қамданған қапы қалмайды.
Б) Ұялған тек тұрмас.                     
В) Талапты ерге нұр жауар. 
Г) Қорыққанға қос көрінер.
3. Бастауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.
Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние.
А) Негізгі зат есім;    Ә) Сын есім;  
Б) Тұйық етістік;       В) Еліктеу сөз;  Г) Етістік.  

118
4. Күрделі баяндауышты табыңыз.
А) Көшеде біреу кетіп барады.      
Ә) Ұлпан бүгін көңілді.  
Б) Мұғалім сыныпқа кірді.             
В) Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
Г) Үй айналып жүгірме.  
5.  Сөйлемдегі  анықтауыштың  жасалу  жолын 
көрсетіңіз. Жемісті жұмыс жаныңды тындырады.
А) Зат есім;                     Ә) Сапалық сын есім;  
Б) Қатыстық сын есім;   В) Есімше;     Г) Есімдік.
6. Күрделі толықтауышты табыңыз.
А) Көмектес. 
Ә) Түсіне қарама, ісіне қара.  
Б) Білімнен безген бүлінер.   
В) Оқығандарды қатты құрметтейтін.
Г) Адам атаулыны ісіне қарап бағалау керек.
7. Мақсат пысықтауышты табыңыз. 
А)  Барлығынан  надан  қалмау  үшін  барлығын  білуге 
талаптанба.
Ә) Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды.  
Б) Жатқан тастың астына су бармайды.
В) Бармын деп мақтанба.
Г) Ол қуанғаннан жылап жіберді.
8. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті анықтаңыз.
А) Кейбіреуінің талабы зор.
Ә) Мұныңыз заңға қайшы келмей ме?
Б) Әңгімеміз расымен аяқталды-ау деймін? 
В) Біздің ойлағанымыз бұлай емес еді. 
Г) Әлдеқайдан гармонь үні талып естілді.
9. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Біреудің бойы аласа, біреудің ойы аласа.
А) Баяндауыш;   Ә) Анықтауыш;   Б) Пысықтауыш;

119
В) Бастауыш;     Г) Толықтауыш.
10. Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Атымның сыры өзіме мәлім.
А) Пысықтауыш;     Ә) Баяндауыш;
Б) Анықтауыш;        В) Бастауыш; 
Г) Толықтауыш.
11.  Бастауыш  қызметіндегі  жалпылау  есімдігін 
анықтаңыз.
А)  Оның  қасында  бұл  дегеніңнің  құны  керемет  емес 
пе?
Ә) Әйткенмен ешқандай қиындық көрмедім.
Б) Бәрі хабардар болып үлгерген сияқты. 
В) Олақтан салақ жаман. 
Г) Өзім дегенге өгіз қара күшім бар.
12.  Толықтауыш  қызметіндегі  болымсыздық 
есімдігін табыңыз.
А) Кімді айтса, сол келер.
Ә) Ешбір сыйлықтың керегі жоқ.
Б) Әй, мен сені ақыл айтсын деп ертіп келгенім жоқ. 
В) Мұның иесі кім болды екен? 
Г) Әлі күнге дейін ешкімге тіс жармады.
13. Анықтауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
А) Ел ұнатқан ұлын жасқамайды.
Ә) Қамданған қапы қалмайды.
Б) Ұялған тек тұрмас.
В) Талапты ерге нұр жауар. 
Г) Қорыққанға қос көрінер.
14.  Пысықтауыш  қызметіндегі  мекен  үстеуін 
көрсетіңіз.
А) Тыста отырған үлкендерге сәлем берді.
Ә) Содан бері көп жылдар өтті.
Б) Арнайы соғып, апасын ала кетті.

120
В) Ал бұл ағаштың паспорты өзгеше.
Г) Көңілім шарықтап, өзгеше күй кешкендеймін.
15.  Баяндауыш  қызметіндегі  сын-қимыл  үстеуін 
табыңыз.
А) Айнала жым-жырт, қаннен-қаперсіз.
Ә) Үш айдың ішінде әжептәуір өсіп қалыпты.
Б) Қойылған бағасы тым жоғары.
В) Күткен адамдарыңыз артта.
Г) Елдің алды бағана келген.
16. Бірыңғай анықтауышты сөйлемді табыңыз.  
А) Әдепті, мәдениетті адамның талғамы да биік.
Ә) Бүгін де, ертең де уақытымыз болмайын деп тұр. 
Б) Астана мен Алматы – еліміздің ең әдемі қалалары.
В) Ата-анасын, бауырларын сыйламағаннан без.
Г) Аңсаған арманымды көрдім, көңілім тынды.
ЗАТ ЕСІМ
1. Дерексіз зат есімді табыңыз.
А) Болат Бурабайды бұрын көрмеген.
Ә) Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді.
Б) Сен бесікте жатқанда, бала болып жыламадың. 
В) Топтанып келіп жылқыға да шапты.
Г) Екі беті алмадай қызарып кетіпті.
2. Жалқы есімдерді табыңыз.
А) Намыс, Ақтөбе, Құбылыс;
Ә) Шығарма, Кітап, Жомарт;
Б) Баба, Жетісу, Айнұр;
В) Тайбурыл, Хайуан, Қарағанды;
Г) Кәмшат, Едіге, “Қазақ әдебиеті”.
3. Етістіктен жасалған дерексіз зат есімді табыңыз.
А) Тіл байлығы – ой байлығы.
Ә) Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді. 

121
Б) Сол кезде бақыт дегенді бағалай білсемші!... 
В) Қызық еді Аянның мінезі.
Г) Қуанышыма ортақтаса келгендеріңе рахмет.
4. Жалқы есім де, жалпы есім де болатын дерексіз 
зат есімді табыңыз.
А) Ар;  Ә) Шаттық;  Б) Көңіл;  В) Қайғы;  Г) Мұң. 
5. Зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. 
Маған жауабыңыз ұнады. 
А) Анықтауыш;         Ә) Баяндауыш;
Б) Толықтауыш;         В) Бастауыш;
Г) Пысықтауыш.
6.  Табыс  септігіндегі  зат  есімнің  толықтауыштық 
қызметін табыңыз.
А) Бұған сенбегенің дұрыс болған екен.
Ә) Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Б) Апаттың алдын алу шаралары ұйымдастырылды. 
В) Бұл - сізден күтпеген жауабым.
Г) Ауылдан шыққанда күн әлі жарық болатын.
7.  Мезгіл  мәнді  пысықтауыш  қызметіндегі  зат 
есімді көрсетіңіз.
А) Парашютпен ұшақтан секіруге құмар болдым.
Ә) Одан әрірек жарқыраған теңіз жағалауы жатыр.
Б) Күтіп жүрген адамы түнде келіпті.
В) Бірде мынандай оқиға болған еді.
Г) Таңертең жинамай кеткен төсегі сол күйінде жатыр.
8. Туынды зат есімді табыңыз.
А) Тымақ – қысқы бас киім.
Ә) Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне 
ой салды.
Б)  Таңертең  Батырбек  көзін  ашып,  дереу  сағатына 
қарады. 
В) Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа  созылмайды 

122
да.
Г)  Жетектерінде  жеңіл-желпі  жүгін  артқан  жалғыз 
тайынша.
9. Күрделі зат есімді табыңыз.
А)  Тарихшы  Әбілғазының  шежіресінде  жазылған 
пікірді негізге алды.
Ә) Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерді бақылады.
Б)  Біз  сапарға  шығар  алдында  жазушы  кітапханасын 
ақтарып, біраз кеңескен едік. 
В) Біраздан кейін көзге түспей ғайып болды.
Г) Жанын жеген әлдебір ішкі күйзелісін жасырғандай.
10.  Етістіктен  жасалған  туынды  зат  есімдер 
қатарын табыңыз.
А) Күншілдік, білім;    Ә) Салауаттылық, зиялылық;
Б) Айтыс, келісім;        В) Мұнайшы, жолаушы;
Г) Жақсылы, ізгілік.
11.  Бірігу  тәсілімен  жасалған  күрделі  зат  есімді 
табыңыз.
А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Ә) Ешкімге сездірмеймін деген едім.
Б) Таңертең басталған іс-шара ұзаққа созылды. 
В) Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ.
Г) Бірталай жер жүріп барып, артына жалт бұрылды.
12.  Көптік  жалғауы  жалғанбайтын  қатарды 
табыңыз.
А) Заман, кесте, көңіл;           Ә) 2 кг алма, тары, мол;
Б) Байланыс, төбе, сандық;   В) Жілік, соқпақ, бала;
Г) Қуаныш, кезең, мәтін.
13.  Тәуелденген  зат  есімдерге  қосымшасы  өзгеріп 
жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз. 
А) Ілік, атау, барыс;              Ә) Ілік, жатыс, шығыс;
Б) Барыс, табыс, жатыс;      В) Табыс, жатыс, шығыс;

123
Г) Жатыс, шығыс, көмекес.
14.  Баяндауышы  зат  есімнен  жасалған  сөйлемді 
табыңыз.
А) Өнерліге өріс кең.
Ә) Ұстаның бізі сүйкімді.
Б) Су ішкен құдығыңа түкірме. 
В) Кемедегінің жаны бір.
Г) Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.
15.  Дерексіз  зат  есімнің  сөйлемдегі  қызметін 
анықтаңыз.
Оның  есінде  сақтау  қабілеті  де  айналасындағы-
ларды таң-тамаша қалдыратын.
 А) Баяндауыш;     Ә) Анықтауыш;   Б) Бастауыш; 
В) Толықтауыш;    Г) Пысықтауыш.
СӨЗ ҚҰРАМЫ
1. Түбір сөзді табыңыз.
А) Ақтау;               Ә) Дидар;
Б) Орманшы;        В) Қосымша;     Г) Бөлгіш.
2. Түбірдің ережесін анықтаңыз.
А) Негізгі ойды білдіретін бөлшек.
Ә) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.
Б) Жаңа мағына тудырушы бөлшек. 
В) Қосымша жалғанған бөлшек.
Г) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.
3. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Қасиеттер, парасат;   Ә) Сөздік, малақай;
Б) Әділет, дәреже;          В) Шұңқыр, домалақ;
Г) Бөлшек, жақсылық.
4. Туынды түбірлерді анықтаңыз.
А) Негізгі, мекені;        Ә) Өнім, жолдастық;

124
Б) Тәрбие, сөздер;       В) Береке, көрімдік;
Г) Елдік, баласы.
5. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Ағажан, әкетай;       Ә) Адалдық, рақымсыз;
Б) Әлдірек, кеңдеу;     В) Жүрек, нашар;
Г) Кес, кесер.
6.  Мезгіл  мәнді  пысықтауыш  қызметіндегі  зат 
есімді көрсетіңіз.
А) Парашютпен ұшақтан секіруге құмар болдым.
Ә) Одан әрірек жарқыраған теңіз жағалауы жатыр.
Б) Күтіп жүрген адамы түнде келіпті.
В) Бірде мынандай оқиға болған еді.
Г) Таңертең жинамай кеткен төсегі сол күйінде жатыр.
7. Зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз. 
Маған жауабыңыз ұнады. 
А) Анықтауыш;    Ә) Баяндауыш;
Б) Толықтауыш;   В) Бастауыш;    Г) Пысықтауыш.
8. Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Кең өріс, балық шаруашылығы.
Ә) Қағаз бастылық, қалжың бас.
Б) Дүние жүзі, бос сөз. 
В) Ала аяқ, ал қызыл.
Г) Ат спорты, ат жарыс.
9. Сын есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз.
А) Соңғы кезде ағамыз елдің гу-гуіне құлақ түретінді 
шығарды.
Ә) Топ-томпақ болған бала бейнесі көз алдымнан кетер 
емес.
Б) Сөзінің соңы міңгір-міңгір бірдемеге ұласты. 
В)  Дәл қазір той-думанның көркіне айналғандай.

125
Г)  Кемшілік  атаулыны  түп-тамырымен  жоятын  кез 
жетті.
10. Туынды зат есімді табыңыз.
А) Тымақ – қысқы бас киім.
Ә) Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне 
ой салды.
Б)  Таңертең  Батырбек  көзін  ашып,  дереу  сағатына 
қарады. 
В) Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа  созылмайды 
да.
Г)  Жетектерінде  жеңіл-желпі  жүгін  артқан  жалғыз 
тайынша.
11. Күрделі зат есімді табыңыз.
А)  Тарихшы  Әбілғазының  шежіресінде  жазылған 
пікірді негізге алды.
Ә) Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерді бақылады.
Б)  Біз  сапарға  шығар  алдында  жазушы  кітапханасын 
ақтарып, біраз кеңескен едік. 
В) Біраздан кейін көзге түспей ғайып болды.
Г) Жанын жеген әлдебір ішкі күйзелісін жасырғандай.
12.  Етістіктен  жасалған  туынды  зат  есімдер 
қатарын табыңыз.
А) Күншілдік, білім;     Ә) Салауаттылық, зиялылық;
Б) Айтыс, келісім;         В) Мұнайшы, жолаушы;
Г) Жақсылы, ізгілік.
13.  Тәуелденген  зат  есімдерге  қосымшасы  өзгеріп 
жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз. 
А) Ілік, атау, барыс;      
Ә) Ілік, жатыс, шығыс;
Б) Барыс, табыс, жатыс;  

126
В) Табыс, жатыс, шығыс;
Г) Жатыс, шығыс, көмекес.
14. Туынды сын есімді анықтаңыз.
А) Тентегін тыйған ел болар.
Ә)  Долы кісі пышақ өткізеді.
Б) Көптің ойы кемеңгер. 
В) Айлалы батыр алдырмас.
Г) Жылы орыныңды суытпа.
15. Туынды етістікті анықтаңыз.
А) Аш, төкпе;               Ә) Мұңай, жина;
Б) Білдір, тапсыр;        В) Тергіз, айттыр;
Г) Кешікпе, ақта.
СЫН ЕСІМ
1. Туынды сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.
А) - дыр, -дір;     Ә) -ша, -ше;
Б) -шы, -ші;        В) -шыл, -шіл;    Г) -ыс, -іс.
2. Туынды сын есімді анықтаңыз.
А) Тентегін тыйған ел болар.
Ә) Долы кісі пышақ өткізеді.
Б) Көптің ойы кемеңгер. 
В) Айлалы батыр алдырмас.
Г) Жылы орыныңды суытпа.
3. Туынды сын есімді қатарды анықтаңыз.
А) Жарамсақтың жолы жіңішке.
Ә) Кітап маған тақтан да қымбат.
Б) Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. 
В) Адал адам ешкімді күндемейді.
Г) Үміт жүректі қуанышқа толтырады.

127
4. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
А) Әсем, күшті, епті;
Ә) Шағын, кең, толық;
Б) Ықшам, орынды, сусыз;
В) Жайпақ, әуесқой, қызметсіз;
Г) Айтқыш, білгіш, сұлу.
5. Қатыстық сын есімді табыңыз.
А) Әрлі болғанша, арлы бол.
Ә) Кішіпейілділік – кісі көркі.
Б) Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын. 
В) Көш жүре түзелер.
Г) Жақсыға жақын көп.
6. Қатыстық сын есімді қатарды көрсетіңіз.
А) Борышқа әділ болу - ұлы іс.
Ә) Жасы үлкенді қадірлесе - құт болар.
Б) Асқан сұлулықтан аз ғана бақыт артық. 
В) Тоқ адамға семіз еттің де дәмі білінбес.
Г) Өнегелі болса - бала көрікті.
7. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
А) Ауыр;               Ә) Толықша;
Б) Сұп-суық;         В) Тым тәтті;   Г) Қайырымды.
8. Сын есімнің күшейтпелі шырайын көрсетіңіз.
А) Өнер өлкесі көсілген кең өріске ұқсайды.
Ә) Бір патшаның айдай сұлу қызы болады.
Б) Келер күн ең ауыр күннің өзі болды. 
В) Еуропаның рухани қайта өрлеу кезеңі.
Г)  Заринаның  да  Мидиялық  көркем  жігітті  ұнатып 
қалған сыңайы бар.
9. Салыстырмалы шырайды табыңыз.
А) Жағымды жаңалық;       Ә) Тұрақты баға;

128
Б) Қоңырқай өңді қыз;        В) Кішіпейіл адам;
Г) Өрнекті кілем.
10. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.
А) Бастауыш;          Ә) Анықтауыш;
Б) Толықтауыш;      В) Баяндауыш;
Г) Пысықтауыш.
11. Бастауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз.
А) Көркем дала көлбеп жатыр.
Ә) Жақсының көзіндей көремін.
Б) Ақылды ауызын жауып, ділін ашар. 
В) Қаһарлы сөз қамал бұзар.
Г) Сөз қанжардан да өткір.
12. Сын есімнен болған толықтауышты табыңыз.
А) Көрмегенге көсеу таң.
Ә) Санаулы сөз салмақты.
Б) Көрген асты көргенсіз қызғанады. 
В) Жалқау кісі – жарым кісі.
Г) Жаманға жолдас жақпас.
13.  Қатыстық  сын  есімнен  болған  баяндауышты 
анықтаңыз.
А) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
Ә) Көштің алдында көлденең түсіп Шыңғыс жатыр.
Б) Ауылымыздың жастары шетінен жігерлі. 
В) Бас болмақ – оңай, бастамақ – қиын.
Г) Күштінің қолы  ұзын.
14. Бастауыш қызметіндегі сын есімді анықтаңыз.
А) Үйрет те, ізгілікке үйрен.
Ә) Өнер сыры – өрнекте.
Б) Ән миллиондардың жүрегін біріктіреді. 
В) Поэзия ойланудан басталады.
Г) Сыпайы тоңбайды, қалтырайды.

129
Сыныптан тыс шара
Айжан ҚҰЛЖАНОВА,
Айнаш САНИЯЗОВА,
Семей қаласындағы 
№38 орта жалпы білім беретін 
мектеп-лицейінің қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінің мұғалімдері.
«ТАПҚЫР ДОСТАР» ОЙЫНЫ
(8-9-сыныптар)
Мақсаты:  оқушылардың  мемлекеттік  тілге  деген 
қызығушылығын  арттыру,  құрмет  сезімін,  мақтаныш 
сезімін  ояту.  Қазақстан  Республикасы,  қазақ  халқының 
ақын-жазушылары 
туралы 
білімдерін 
тереңдету. 
Тәуелсіздіктің 21 жылдығын дәріптеу.
Міндеті:  оқушылардың  мемлекеттік  тілде  сөйлеу 
дағдыларын  арттыру,  тіл  байлықтарын  молайту,  топпен 
бірге жұмыс істеуге үйрету.
Түрі:  сайыс  сабақ.  Әдісі:  сұрақ-жауап,  түсіндірме, 
әңгімелеу.  Көрнекілігі:  интерактивті  тақта,  үлестірме 
парақшалар, компьютер.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші:  -  Құрметті  ұстаздар,  оқушылар!  Бүгін 
біз  сіздермен  тәуелсіздіктің  21  жылдық  мерейтойына 
арналған салтанатқа жиналып отырмыз.
2-жүргізуші: - Құрметті отандастар! Егемен еліміздің 
21 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! 
XXI  ғасырда  елімізде  бейбітшілік,  тыныштық  мәңгі  
орнап, егемендігіміз ұзағынан болсын.
1-жүргізуші:  -  Көркейе  бер,  жаса,  қазақ,  даңқыңмен, 
Сарбаздардың уәде еткен антымен! Тәуелсіздік тұғырына 
 21 жыл, Қазақстан жасай берсін, гүлденсін!

130
2-жүргізуші: - Тәуелсіздік – қазақ халқының болашаққа 
ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
1-жүргізуші: - Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні 
– ең қастерлі күн.
2-жүргізуші:  -  Тәуелсіздік  келді,  міне  аңсаған, 
ұлан-байтақ  қазақ  елі  төріне.  Бүгінгі  күн  келбетіне                 
тамсанған, Еркін болған 21 жыл жүзіне.
1-жүргізуші:  -  Қазағымның  туы  бүгін  желбіреп  тұр, 
Аспаным да ашық боп елжіреп тұр. Сан ғасырлар аңсаған 
– Тәуелсіздік. Желтоқсанда тереземді қағып тұр.
2-жүргізуші:  -  Ал,  енді,  сөз  кезегі  5,  6-сынып 
оқушыларына беріледі. Ахмиев Радиф: 
Елімнің атын айтсам – Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан. 
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам – Қазақстан.
Желтоухова Наташа: Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Дүйсенбинова Камалия: 
                    Тәуелсіздік – ұраным,
           
Тәуелсіздік тұрағым,
 
 
Тәңіріме тәу етіп,
 
 
Тыныштықты сұрадым.
 
 
Дұшпандарым дауласып,
 
 
Салмасын ескі ылаңын.
Смирнова Анжелика: 
        Сарыарқаның төсінде тұр
  
Ару қала – Астана.
 
Күлім қағып көгімде тұр,
 
Азат аспан, азат күн.

131
 
Есіл ағып іргесінде,
 
Күйге толсын көшеміз.
 
Астанамен бірге біз де,
 
Ержетеміз, өсеміз.
Мухаметшин Вадиль: 
       Астанамыз шырайлы,
 
Қарсы алады жыл, айды.
 
Елбасымыз – Нұр ата,
 
Бәрімізге ұнайды.
 
Ұлы ынтымақ – ұраным,
 
Таусылмайды жыр-әнім.
 
Қазақстан – Отаным,
 
Осында мен тұрамын.
Трегубова Алена: 
       Жайқалып желегі,
 
Кеңейіп көлемі.
 
Астанам күн санап
 
Көркейіп келеді.
 
Шабытым тұр тасып,
 
Жыр мен ән шырқасып.
 
Ақордам алыстан,
 
Тұр, әне, нұр шашып!
1-жүргізуші: - ...Ал екінші бақытым – тілім менің,
 
 
      Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
 
 
      Кей-кейде тілімнен түңілсем де,
 
 
      Қасиетті тілімнен түңілмедім,- 
деп  ақиық  ақын  Мұқағали  Мақатаев  жырлағандай, 
мемлекеттік тіл күні құрметіне арналған «Тапқыр достар» 
ойынын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші:  -  Ал,  ендеше,  ойыншыларымызбен 
таныс болайық. Ойынымызға 7-8-сынып оқушыларынан 
құрылған «Бәйтерек», «Астана» топтары қатысқалы отыр. 

132
Сөз кезегі  топ мүшелеріне беріледі. 
І. Біздің топ – «Бәйтерек». Біздің ұран – «Оқы да біл, 
ойна да күл».
ІІ. Біздің топ – «Астана». Біздің ұран – «Жақсыдан – 
үйрен, жаманнан – жирен».
1-жүргізуші:  -  Дәл  қазір  топ  мүшелерінің  әрқайсы-
сымен жақын танысайық. 
Менің  атым  –  Артем.  Мен  жетінші  сыныпта 
оқимын.  
Менің  есімім  –  Аяулы.  Мен  бос  уықытымда 
семсерлесумен айналысамын.  
Мен, 
Селезнев 
Игорь,  Семей  қаласында  тұрамын.  Өз  өлкемді  сүйемін. 
Менің  атым  –  Аня.  Менің  Отаным  –  Қазақстан.  Мен 
Отанымды мақтан етемін. 
Менің атым – Коля. Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін. 
Өйткені, қазақ тілі – мемлекеттік тіл. 
Менің  атым  –  Нұрай.  Менің  өмірлік  ұстанымым  – 
«Сабыр түбі – сары алтын». 
2-жүргізуші: - Ал, енді, сөз «Астана» тобына беріледі. 
Менің  атым  –  Радиф.  Менің  ұлтым  –  татар.  Мен 
орыс мектебінде оқимын. Қазақ тілін де жақсы білемін. 
Ағылшын  тілін  түсінемін.  Менің  өмірлік  ұстанымым: 
«Көп тіл білу». 
Менің атым – Самат. Менің арманым – ғалым болу.
Менің аты-жөнім – Давыденко Диана. Менің мақсатым 
– сабақты жақсы оқып, белгілі бір мамандық иесі болу. 
Менің  атым  –  Татьяна.  Мен  ән  айтқанды  жақсы 
көремін.  Менің  аты-жөнім  –  Уақпаева  Динара.  Менің 
жұлдызнамам  –  балық.  Мен  «Өмір»  атты  теңізде  еркін 
жүзгім келеді. 
Менің атым – Рафаэль. Менің туған жерім – Қазақстан. 
Мен өз елімнің патриотымын.   
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет