Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс


IV.  «Топтастыру»          стратегиясы



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата12.06.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

IV.  «Топтастыру»          стратегиясы.    Бүгінгі  
сабағымызды  қорыта келіп тірек-сызбаны толтырайық.
“Отаншылдық  ұлы қасиет”   батыл, қайсар, өжет
дегенді қалай түсінесіңдер?     ұлтжанды, намысқой,
                                                    бауырмал, қадірлі, 
                                                     ардақты, ұстамды.
V. Қорытындылау.
1)  Тест  тапсырмаларын  орындау;  2)    Біздің  тілегіміз  
–  тыныштық,  бейбітшілік.  Еліміздің,  жеріміздің  тұтас-
тығын  аман  сақтау,  көп  ұлтты  мемлекетте      тату  тәтті            
өмір сүру, әр азаматтың борышы деп білеміз.
3) Үйге тапсырма: реферат жазып келу.

100
Ойын - ойдың өрісі
Алмагүл ЖОЛДАСОВА,
Майя ШӘКЕНОВА,   
Павлодар қаласындағы
№ 24 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдері.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ 
ОЙЫН ТҮРЛЕРІ
Қазақ  тілі  пәні  қазіргі  уақытта  өзге  ұлт  өкілдеріне 
балабақшадан  бастап  оқытылып  келеді.  Мемлекеттік 
тілді  оқыту,қазақ  тілін  құрметтеу  сезімін  қалыптастыру 
ұстаздардан  үлкен  еңбекті  қажет  етеді.  Сабақтың 
қызықты  өтуі  үшін  мұғалімдер  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерін 
қолданады. Соның   ұтымды бір түрі 
 ойын арқылы тіл 
дамыту  болып  табылады.  Ойын  –  оқушы  білімін  берік 
меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін өз орынымен 
қолданып, мұғалімдер оқушылардың білімге, пәнге деген 
қызығушылығын арттырады. Енді бірнеше ойын түрлерін 
айта кетейік:
1. «Үнсіз қимыл» ойыны. Бір оқушы әр түрлі қимылдар 
көрсетіп, қалған сөздерді басқа оқушылар атап отырады.
Мысалы: отырды, секірді, жүрді, қолын көтерді, т.б.
Бұл ойын оқушылардың сөздік қорын байытады.
2. «Сөз жарысы» ойынын кез келген тақырыпты өткен 
кезде,  нәтиже  сабақта  ойнауға  болады.  Мысалы,  «Азық 
түлік» тақырыбын өткен кезде үш оқушы тақтаға шығып 
сөздер  жазады.  Бір  оқушы  сүт  тағамдарын  жазады, 
екінші оқушы сусын түрлерін жазады, үшінші оқушы ет 
тағамдарын жазады, кім бірінші болып жазып бітірсе, сол 
оқушы жеңімпаз болады.
3. «Артық сөзді тап». Мұғалім оқушыларға бір қатар 

101
сөздер  береді.  Ойынның  басты  шарты  –  әр  қатарда  бір 
артық сөзді табу. Мысалы: мысық, ит, қой, ешкі, түлкі.
Күз, қыс, көктем, желтоқсан, жаз
Тәуелсіз, ата, қарындас, сіңлі, нағашы.
4.  «Сөзден  –  сөз  тіркесіне,  сөйлемге»  оқыта-үйрету 
ойыны.  Бұл  ойын  арқылы  оқушылардың  сөзден  сөз 
тіркесін, сөйлем құрай алу дағдылары қалыптастырылады. 
Мысалы:  мұғалім    Қазақстан  деген  сөзді  айтады,   
оқушылар  алдымен  осы  сөзбен  сөз  тіркесін,  сөйлем 
құрастырады.
5. «Ойлан, тап» ойыны. Мұғалім «кім?» деген сұрақ 
қойғанда,  оқушылар  әже,  ата,  сіңлі  деп  жауап  беруге 
тиіс.  Мұғалім  «қайда?»  деп  сұрақ  қойғанда  мектепте,                                   
үйде, мұражайда деп мысал келтіреді.
6.  «Тақырыптық  сөздер»  оқыта-үйрету  ойыны.
Лексикалық  тақырыптарды  пысықтау  кезінде  жиі 
қолданылатын  ойын  түрі.  Оқушылар  шеңбер  жасап, 
дөңгелене  тұрады.  Мұғалім  басты  тақырыпты  айтады. 
Мысалы,  мұғалім  «Күз»  десе,  оқушылар  осы  тақырып 
бойынша сөздерді атап шығады.
7.  Адасқан  сөздер.  Бірінші  және  екінші  бағанда 
берілген буындардан тоғыз сөз құра.
ай                              ші
ки                              на
ой                              ім
би                              ың
түй                            яз
пи                              ме
үй                              мақ
тай                            шік
қай                            лақ
қи                              лық
сый                           яр            

102
Білім негізі – бастауышта
Райхан БЕРДІБЕКОВА, 
Алматы қаласындағы 
№132 мектеп-гимназияның 
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
МЕН НЕНІ ҮЙРЕНДІМ?
(1-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқу  құралдары 
тақырыбы бойынша, өтілген материалды қайталау; сұрақ 
қоюға,  дұрыс  жауап  беруге  үйрену;  дамытушылық 
  логикалық  ойлау,  сөйлеу  қабілетін  арттыру,  ауызекі  
сөйлеу  тілін  дамыту,  сөздік  қорын  байыту;  тәрбиелік 
–  тілге  құрмет,  айналасындағы  заттарды  дұрыс  атауға, 
ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Түрі:  қайталау.  Көрнекіліктер:  интерактивті  тақта, 
слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Амандасу,                           Арайланып таң атты,
ә) Ауыз екі сөйлесу.              Алтын шапақ таратты.
                                                Қайырлы таң, балалар!
                                                Аман Отан-анамыз,
                                                Аман Ата-анамыз,
                                                Қайырлы күн, балалар!
- Балалар, көңіл күйлерің қалай?
Сұрақ-жауап: 
1. Қазір қай жыл мезгілі?
2. Көктем айлары қай айлар?
3. Көктемде күн қандай болады?

103
- Жақсы, рахмет. Көктем туралы кім тақпақ біледі? 
Көктем келді балалар!
Айналаға қараңдар.
Қызыл, сары гүлдерді,
Бәрің бірге санаңдар.
Бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы:  «Мен  нені 
үйрендім?»
Өткен 
тақырыптар 
бойынша 
сабағымызды 
қайталаймыз.  Қазір,  балалар,  менің  қойған  сұрағыма 
сендер дұрыс жауап беруге тырысыңдар. Ал, бастайық:
1. Оқу құралдарын қайталау.
Тақтада  оқу  құралдарының  суреттері  көрсетіліп 
тұрады.  Суретке  қарап,  аттарын  атау:  күнделік,  қалам, 
қарындаш, дәптер, өшіргіш, сызғыш, желім, қайшы.
- Жақсы, оқу құралдарын қайталап шықтық.
2. Сөзжұмбақ шешу. 113-бет.
Оқушы  тақтамен  жұмыс  жасайды,  сөзжұмбақты 
шешеді.
- Балалар, берілген сөздермен қандай сөзтіркес жасай 
аламыз? 114-бет. 
Жаз – пиши;
Сыз – черти;
Өшір – сотри. 
Оқушылар  алдарында  жатқан  оқу  құралдарымен                 
сөз тіркестерін құрастырып айтады:
Немен?
1. Қаламмен жаз.
2. Сызғышпен сыз.
3. Өшіргішпен өшір.
4. Қайшымен қи.
Сызғыш  туралы  қандай  жаңылтпаш  білеміз,  кім 
айтады?

104
«Сары  сызғыш  –  қара  сөмкеде,  қара  сызғыш  –  сары 
сөмкеде».
- Оқу құралдарының ішінде ең көп не?
-  Дұрыс,  балалар,  ол  –  қарындаштар.  Ал,  енді,  бір- 
бірімізге  сұрақ  қойып  жауап  алайық.  Сенде  қандай 
қарындаш бар? Сен онымен не істейсің? 
- Лиза, сенде қандай қарындаш бар?
- Менде қызыл қарындаш бар, мен онымен қызыл гүл 
саламын.
Гүл туралы тақпақты кім айтады? 117-бет
- Вика, ал сенде қандай қарындаш бар? 
-  Менде  қоңыр  қарындаш  бар,  мен  онымен  кірпінің 
суретін саламын.
- Ал сенде қандай қарындаш бар, Руслан?
-  Мен  қара  қарындашты  жақсы  көремін,  онымен 
машинаның суретін саламын.
-  Балалар,  қарындаштар  туралы  қандай  тақпақ 
білесіңдер? 
4-тапсырма, 117-бет.
Бір үйде бар көп бала:
Біреуі – көк бала,
Біреуі – қызыл бала,
Біреуі – сары бала. 
Сергіту сәті.
Сандарды қайталап, сергіту сәтін орындаймыз.
1-Амандасу.
2-Иық түйістіру.
3-Арқа жабыстыру.
4-Қолмен шапалақтау.
Сергіту барысында сандардың орынын ауыстыру.
-  Балалар,  қазір  дәптерімізді  ашып,  тапсырмаларды 
орындайық:

105
1-тапсырма.  Суреттердің  орынына  керекті  сөздерді 
жазып, сөйлемді толықтырып, жазуды үйренеміз.
2-тапсырма. Сұрақпен жауапты сәйкестендіріңдер.
-  Балалар,  сөздерді  дұрыс  және  көркем  жазуды 
үйренейік.
Жазу  дәптерлеріңдегі  тапсырмаларды  орындап 
болсаңдар,  назарымызды  алдарыңда  тұрған  суретке 
аударайық.
1-сұрақ: Бұл не?
2-сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?
3-сұрақ: Бұл көктемнің қай айы?
- Жақсы, сұрақтарға толық жауап бердіңдер.
Балалар, осы сөзбен әр түрлі сөз тіркесін құрастырайық.
Қазақша-орысша аудару:
Әдемі сурет-Красивая картина;
Үлкен сурет-Большая картина;
Қызық сурет-Интересная картина;
Көктем туралы сурет-Картина о весне.
- Өте жақсы, өздерің қазақ тілінде білетін жаңа сөздерді 
жақсы қолдана алдыңдар.
-  Ал,  енді,  кім  сурет  арқылы  сұрақ-жауап  құрастыра 
алады?
Тақтамен жұмыс:
Мынау не? Мынау – сурет.
Мынау қандай сурет? Мынау – әдемі сурет.
Сен не саласың? Мен әдемі сурет саламын.
-  Ал,  балалар,  бүгін  «Мен  нені  үйрендім?»  атты 
сабағымызды қорытындылайық:
1. Оқу құралдарын қайталадық;
Партада  не  бар?  (Әр  қатардан  бір-бір  оқушының 
жауабын тыңдау);
2. Сөзжұмбақ шештік;

106
   
   
 
3.  Оқу  құралдарымен  сөз  тіркесін  құрастырдық 
(Мысалы: қаламмен жаз; қайшымен қи);
4. Сұрақ-жауап (Менде қандай қарындаштар бар?);
5. Жазу дәптерімізде тапсырма орындадық;
6. Суретке сұрақ қойдық;
7. Сурет арқылы сұрақ-жауап құрастырдық;
8. Тақтамен жұмыс жасадық;
9. Өлең, тақпақ айттық.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Ал, енді, балалар, үйде салған суреттеріңді көрсетіп, 
соны әңгімелейік.
Үйге: түстерді қайталап келу. 
Орал ҚЫРҚАРБЕКОВА,
Алматы қаласындағы
халықаралық «Мирас» мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
БАҚТАҒЫ ҚАЗАҚША АТАУЛАР
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  өсімдіктер          
жайында  тақырыпты  тереңдете,  жан-жақты  әрі  жеңіл 
түрде  игерте  отырып  пысықтау;  дамытушылық  – 

107
балалардың  көкөніс  пен  жеміс  ағаштарының  атауларын 
қазақша  дұрыс  атап,  оларды  естерінде  сақтау  қабілет-
терін дамыту; тәрбиелік – өсімдіктер туралы білім беру 
арқылы табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, оқу, суретпен жұмыс, ойын, жаттығу. 
Көрнекілігі:  бақ  өсімдіктері      жайында  кеспе  қағаздар, 
өсімдіктерге 
байланысты 
слайдтар, 
үлестірмелі 
парақшалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу.
ә)  Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, түгелдеу.
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Үйге  берілген  «Бақшада»  тақырыбындағы  жаттығу-
лары  мен  жаңа  сөздерді  сұрап  шығу.  Интерактивті 
тақтаны  пайдалана  отырып,  бақша  өсімдіктерінің,  яғни: 
қызанақ, қияр, бұрыш, пияз, орамжапырақ, сәбіз, картоп, 
т.б. көкөністердің суреттерін  көрсетіп, олардың қазақша 
атауларын  сұрап  шығу.  Балалар  әрбір  өсімдік  атауының 
қазақшасын атайды және оның қай жерде өсетіндігін атап 
шығады.  Мысалы,  Мынау  –  қызанақ.  Қызанақ  бақшада 
өседі. Қызанақ қызыл түсті. Мынау – қияр. Қияр  бақшада 
өседі.  Қияр  жасыл  түсті.    Балалардан  бақшада  өсетін 
өсімдіктердің  орысша  және  қазақша  атауларын  жатқа 
сұрап шығу. 
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. 
Балаларға  жақсы  көремін  және  жақсы  көрмеймін 
деген сөзді таныстырып, осы сөзді пайдаланып, сөйлету. 
Тақтаға жазып көрсету. Мен  бұрышты жақсы көрмеймін. 
Мен сәбізді жақсы көремін. Балаларды өздерінің қандай 
көкөністерді  жақсы  көретіндігі  мен  жақсы  көрмейтін-
діктері  жайында  сөйлете  отырып,  тілдік  қорларын 

108
кеңейту. Екі сөздің айырмашылығына тоқталу. Болымсыз 
етістік  жұрнағының атқаратын рөлімен таныстыру. 
ІV. Жаңа сабақ.
Балаларға жемістердің суреттерін көрсетіп, «олардың 
атауларын  кім  қазақша  біледі?»  деген  тәрізді  сұрақтар 
қойылады.  Балалар  өздеріне  бұрыннан  таныс  сөздерін 
атап  шығады.  Жеміс  суреттері:  алма,  алмұрт,  шие,  өрік,                                    
алхоры, жүзім, қарақат, таңқурай. 
Енді осы жемістердің суреттері бар парақша таратылып, 
әрбір  жеміс  атауын  суреттің  астына  жазады.  Олардың 
түстерін  атап,  балалар  бояп  шығады.  Балалар:  Мынау  – 
алма. Алма қызыл және жасыл түсті. Ол бақта өседі.
Мен  алманы  жақсы  көремін.    Осы  сөйлемдерге  ұқсас 
сөйлемдер құрастырып, дәптерлеріне жазып шығады. 
Балаларға бірдей ағаш суретін тарату. Тақтаға плакат 
іліп,  осы  плакатқа  балалар  өздері  ұнататын  жеміс 
ағашының  жапырақтары  мен  жемістерін  салып,  оның 
кесінділерін  жабыстырады.  Өздері  суреттеген  жеміс 
ағаштары жайында әңгімелейді.   
V. Жаңа сабақты пысықтау.
Балаларды  екі  топқа  бөлу.  Екі  топқа  екі  плакат  беру. 
1-топқа  мынадай тапсырма: Бақшада не  бар?  2-топқа да 
осындай тапсырма беріледі. Олар осы сауалға, «Бақта не 
бар?» деген тәрізді сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы 
орындайды. Тапсырманы орындаған оқушылар тақтаның 
алдына шығып, өз жұмыстарымен таныстырады.  
VІ. Сергіту сәті.
Балаларға  «Сиқырлы  қорапша»  ойынын  ойнату.  Ол 
үшін  қорапқа    бақша  мен  бақ  өсімдіктерінің  орысша 
атаулары бар жаңа  сөздерді жасырады. Балалар қораптан 
кез келген сөз жазылған парақшаны алып, жылдам аударып 
шығуы керек. Сондай-ақ сөз тіркестерін де құрастырады.  

109
VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
 Балаларға сөзжұмбақ беру. 
Мына сызбадан жеміс және  көкөніс атауларын  тап.
Қ 
Ы 
З 
А 
Н 
А 
Қ
Н 
Қ 
Г 
А 
Р  
О 
Ф
С 
У 
И
Р 
А 
Р 
Щ 
Й 
Р 
А
И 
Ф 
Я 
И 
Р 
Р 
Р  
Ы 
З 
ш
П
Ш 
Р 
Ы 
А
Д
Ж 
Г 
А 
Л  
И
М 
И 
И 
Қ
Т 
Я 
В 
З 
Ы 
Я 
Ы 
В 
А 
А 
П 
С 
Ә 
Б 
І 
З 
Я 
А
Ч 
 Т 
М 
В 
Л 
Ұ
Д 
Э 
У 
Л
К 
Щ  
Х 
Ч 
Ы 
Р
Р 
А 
Л 
М
Ұ 
Р  
Т 
С 
В 
Ы
Ж 
Ю 
П 
А
О 
Ц
 
Д 
Р 
И 
ш
И 
Е 
П 
Т 
Ь 
Ы  
Р 
Бүгінгі сабақтағы жаңа сөздерге тоқталып өту. Балалар 
жаңа  сөздерді  атап  шығады  және  сөздік  дәптерлеріне 
жазып  алады.  Қазақтың  төл  дыбыстарын  балалардың 
анық атауларын қадағалап қайталату. 
Рефлексия:  -  Балалар,  қандай  жаңа  сөйлемдер          
құрастыра  аласыңдар?  Қандай  жемістерді  жақсы 
көретіндіктеріңді әңгімелеңдер. 

110
Білім сынағында
Бақыт СЕГІЗБАЕВА,
Алматы қаласындағы 
№130 КММ 
гимназиясының мұғалімі.
ЖУАН ЖӘНЕ ЖІҢІШКЕ 
ДАУЫСТЫЛАР
(4-сынып)
1. Сенің мемлекеттік тілің қай тіл?
а) өзбек тілі;    ә) қазақ тілі;    б) татар тілі.
2. Әр адамның өз ... болуы керек.
а) ана тілі;        ә) суреті;         б) беті.
3. Сашаның ана тілі қай тіл?
а) неміс;           ә) орыс;           б) түрік.
4. Мына сөйлемді аяқта:
Мен ана тілімді ...
а) жақсы көремін;  ә) жақсы көрмеймін;  б) сезінемін.
5. Мына сөздерді аудар:
Ана тілі –                 ұлт –
Дана тілі –              білемін –
Құрметтеймін –    өзге –
Ата-баба –             жақсы көремін –
6. Мына сөйлемді аудар. Авторын ата.
«Басқа тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!». 

111
7. Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?
а) тәуелді;      ә) тәуелсіз;   б) ұлтсыз.
8. Қазақстан қандай мемлекет?
а) құқықты;          ә) құқықсыз;   б) жалғыз.
9. Мына сөздердегі жуан дауысты дыбыстары бар 
сөздерді бір бағанға, жіңішке сөздерді екінші бағанға 
жаз.
Ана, білім, тілі, балалар, мектеп, ұстаз, сынып, парта, 
терезе, қалам, дәптер, есік, көше, бағдаршам, көлік, бар.
10. Мына сөйлемді қазақ тіліне аудар.
Мой  родной  язык,  многонациональное  независимое 
государство, я люблю Родину, моя большая семья, у меня 
есть друг.
11. Қазақ тілі сабағында не істейсің?
а) қазақша сөйлейміз;  ә) жүгіреміз;  б) сырғанаймыз.
12. Қазақ тілінде қандай буын түрлері бар?
а) екеу, біреу, бес;            ә) ашық, тұйық, бітеу;         
б) қисық, түзу, дөңгелек.
13. Мына сөздерді буынға бөліп жаз, буын түрлерін 
анықта.
Сабақ, терезе, еңбек, мұғалім, тақта, оқушы, өшіргіш, 
сөйлем, сызғыш, қоңырау.
14. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.
Қазақ тілі, Отан, білемін, ана тілі, көп диаспоралы, 
мұғалім, сабақ, жақсы.
15. Мына сөйлемдерді дұрыс құрап жаз:
- Мектебім қабатты менің үш.
- Көремін жақсы тілімді ана мен.
- Сөйлейді балалар қазақша сабақта.
16. Сен ана тіліңді кімнен үйрендің?
а) анамнан;      ә) сәбиден;   б) көшеден.

112
17. Сөйлемді жалғастыр.
Мен Отанымды ...
Қазақ тілі сабағында ...
Мен ана тілімде ...
18. Орыстың ана тілі қандай тіл?
а) өзбек тілі;    ә) орыс тілі;    б) қытай тілі.
19. Сабақта сендер не істейсіңдер?
а) кітап оқимыз; ә) тамақ ішеміз;  б) ұйықтаймыз.
20. Дұрыс жазылған сөйлемді анықта.
а) Бүгін сабағы болады қазақ тілі;
ә) Бүгін қазақ тілі сабағы болады;
б) Қазақ тілі болады бүгін сабағы.
21. Көп нүктенің орынына тиісті сөзді қойып жаз.
Оқушылар ... келді.      (кітап)
Мұғалім   ... баға қойды.         (тақтаға)
Сәуле ... оқыды.     (мектепке)
Ол ... жазды.    (күнделікке)
22.  Мәтінді  аудар.  Кім?  Не?  сұрақтарына  жауап 
беретін сөздерді бөліп жаз.
Оқушылар  сабаққа  келді.  Олар  сабақ  оқып  отыр. 
Мұғалім  оларға  сұрақ  қойды.  Сәуле  күнделігін  берді. 
Мұғалім күнделікке баға қойды.
Ол қазақша сөйледі. Оның ана тілі – қазақ тілі. Мен 
көп тіл білемін.
23. Мына мақалды аудар, түсіндір.
- Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
- Өнер алды – қызыл тіл.
24. Сұрақтарға жауап жаз.
Сен  кімді  жақсы  көресің?  Нені  үйренесің?  Кімнен 
үйренесің?
25. Біздің елде қандай ұлт өкілдері тұрады? 
Деңгейлік тапсырма.

113
I деңгей.
1. Сөйлемдерді аяқта, аудар.
Қазақ тілі ...
Өз тіліңді ...
Біздің мемлекет ...
Қазақстан ...
2. Мына сөздерді аудар.
Арым менің –           мақтанам –
Мұра –                      ұлттық –
Жаным менің –        таныстық –
3. Мақалды аяқта, аудар.
Өнер алды – қызыл ...
II деңгей.
1.  Мәтінді  оқы,  аудар.  Жіңішке  сөздерді  тауып,  бір 
бағанға, жуан дауысты сөздерді екінші бағанға жаз.
Біздің  мемлекетімізде  көп  ұлт  өкілдері  тұрады.  Олар  
өз  ана  тілін  біледі,  сөйлейді.  Бірақ  мемлекеттік  тілді 
білуге  міндетті.  Біз  мектепте  татумыз.  Үзілісте  балалар 
асық ойнайды.
Біздің  мұғалім  –  мейірімді  жан.  Біз  оны  тыңдаймыз, 
жақсы көреміз.
2. Сөздерге көптік жалғауын жалға.
Мектеп,  оқушы,  кітап,  дәптер,  терезе,  парта,  қалам, 
қарындаш.
3. Қазақ тіліне тән дыбыстарға сөз ойлап жаз.
III деңгей.
1. Сұраудың орынына тиісті сөзді жаз.
(кім?) ауылға бардым.
(кімдер?) ауылда тұрады.
(не?) маған ұнайды.
(кімдер?) сабақта қазақша сөйлейді.
(не?) қызықты өтеді.

114
   
   
 
(уақыт, балалар, мен, атам, әжем, ауыл)
2. Ашық, тұйық, бітеу буын түрлерін анықта.
Мектеп,  қалпақ,  ара,  от,  бала,  он,  еңбек,  сызғыш, 
өшіргіш, сөз.
3. «Қазақ тілі сабағында» тақырыбына сөйлесу құрап 
жаз.
Руза АҚСЫРҒАҚЫЗЫ,
Қызылорда қаласындағы
№112 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ЕТІСТІК
1. Етістікті көрсетіңіз.
А) сағат;         Ә) өмір; 
Б) сабақ;        В) күлу;     Г) және.
2. Туынды етістікті көрсетіңіз.
А) асхана;       Ә) өнерпаз;
Б) аспаз;         В) кітапхана; Г) ойлау.
3.  Көп  нүктенің  орынына  тиісті  туынды  етістікті 
қойыңыз: Ата-анаңды ... . 
А) сыйла;        Ә) баста;
Б) оқыт;          В) жаз;          Г) отыр.

115
4. Қай сөйлемде туынды етістік кездеседі?
А) Әсет ауылда туды.
Ә) М. Жұмабаев – ұлы ақын.
Б) Асылбек жақсы маман болуды армандайды.
В) Арман сабақты жақсы оқиды.
Г) Менің ағам – әнші.
5.  Көп  нүктенің  орынына  тиісті  сөзді  қойыңыз: 
Біздің міндетіміз – табиғатты ... .
А) басу;              Ә) табу;
Б) қуану;            В) қорғау;    Г) алдау.
6. Туынды етістікті анықтаңыз.
А) Аш, төкпе;          Ә) Мұңай, жина;
Б) Білдір, тапсыр;     В) Тергіз, айттыр; 
Г) Кешікпе, ақта.
7. Негізгі етістікті табыңыз.
А) Бірік;             Ә) Қысқар;
Б) Жүгір;            В) Басқару;     Г) Кеңіт.
8. Туынды етістікті анықтаңыз.
А) Сұран;           Ә) Көрін;
Б) Ойна;             В) Білдір;         Г) Тосу.
9. Болымды етістікті табыңыз.
А) Байдалы маған көже бергізбеді. 
Ә) Байдалы шал хат танымайтын.
Б) Әжібек жүгіріп барып, қарсы алдына тұра қалды.
В) Менен жақсылық күтпеңдер! 
Г) Сіздей жомарт жанды кездестірген емеспін.
10. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
А) Аққу көлге, ер елге паналайды. 
Ә) Екі қылыш бір қынапқа сыймайды.
Б) Ер шешуде, нар кешуде сыналар.
В) Алтын тыққан адам арықтап өлер. 
Г) Қазан сапырғанның да буы бар.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет