Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет6/9
Дата12.06.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

тәрбиелік  –  қазақ  тілі  сабағына  қызығушылықтарын 
арттыру, еңбекке, білімге тәрбиелеу. 
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдіс-тәсілдері:  ой  қозғау,  сұрақ-
жауап,  әңгімелеу,  мәтінмен  жұмыс,  сөздік  жұмысы, 
тапсырмалар  орындау,  диалог  құру,  интерактивті  әдіс. 

82
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, флипчарт.
Сабақтың  эпиграфы:  «Әр  адам  өз  мамандығының 
шебері болуы керек».
                                             (Н.Ә.Назарбаев). 
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.  
II. Жаңа сабақ:
Ойқозғау. 
- Балалар, бүгін сендердің  көңіл күйлерің қалай?
-    Көңіл  күйіміз  жақсы  болу  үшін  бізге  не  керек  деп 
ойлайсыңдар?    Олай  болса,  мына  сұрақтарға  жауап 
беріңдерші:
- Әдемі үйлерді кім салады? 
- Тәтті тамақтарды кім пісіреді? 
- Бізді кім емдейді?
- Балаларды кім оқытады?
- Кітапты кім береді?
- Көлікті кім жүргізеді?
(Тірек-сызбаны интерактивті тақтада көрсету). 
 
Дәрігер 
Құрылысшы  

Жүргізуші 
Мұғалім 
Кітапханашы 
Аспаз 

83
 
Осы сөздерді бір жалпы атаумен қалай атайды?
-  Бұл  сөздердің  жалпы  атауы  –  МАМАНДЫҚ  деп 
аталады.
Сабақтың  тақырыбы,  мақсаты,  эпиграфы    айтылады.
(слайд)
III. Дағдыландыру кезеңі.
1. Сөздікпен жұмыс (слайд):
Мамандық – профессия;
Наубайшы – пекарь;  
Егінші – полевод; 
Емдейді – лечит; 
Қияды – подстрегает;  
Болғым келеді – хочу стать, хочу быть; 
Ерекшелігі – особенности;
Таңдап алады – выбирает. 
(Сөздерді  өзім    оқимын,  балалар  хормен  оқиды, 
сөздерге  фонетикалық  талдау  жасалады,  сөздермен  сөз 
тіркестері, сөйлемдер құрастырылады). 
2. Мәтінмен жұмыс (Тыңдалым):
а) мәтінді мұғалім оқиды;
ә) балалар кезекпен оқиды;
б) мәтін бойынша сұрақтарға  жауап береді:
- Адамдарға мамандық керек пе? 
- Қандай мамандықтар бар? 
- Саған қандай мамандық ұнайды?
-  Біздің  денсаулығымыз,  көңіл  күйіміз    жақсы  болу 
үшін не істеуіміз керек?
-    Таза  ауада  көп  жүру  керек.  Денені  шынықтыру                
керек.    Өте  дұрыс  айтасыңдар.  Олай  болса,  денемізді 
шынықтырып, аздап демалайық. 

84
IV. Сергіту сәті.
3. Грамматика.
- Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? 
- Олар қандай жалғаулар? 
- Жіктік жалғауының неше түрі бар? 
- Жіктік жалғау неше жақта жіктеледі?
(Жалғауларын есімізге түсіреміз). 
V. Бекіту:
1. Жазылым. Дәптермен жұмыс.
Егінші және аспаз сөздері жіктеледі. (Жекеше, көпше 
түрде).
2. Айтылым.
-  Балалар,  мамандықтар  туралы  айтқанда  біз  көз 
алдымызға  не  елестетеміз  (әр  түрлі  қимылдар,  заттар). 
Олай  болса,  мамандықтың  өздеріне    қатысты  сөздерін 
жинайықшы. 
3. «Сиқырлы сөздер» ойыны  (флипчарт)
Дәрігер             Шаштараз           Наубайшы
емдейді         қияды 
 
пісіреді 
дәрі  
      тарайды   
нан 
аурухана        айна             
ұн
(Соңынан  әр  мамандыққа  қатысты  сөздерді  оқып,                
бір сөйлемнен құрайды).  
4. «Сәйкестігін тап» ойыны (флипчарт)  
Әр мамандыққа не керек екендігін айту керек, мысалы: 
- Жүргізушіге не керек? 
- Жүргізушіге  машина керек.
5. Тілдесім «Мен – саған, сен – маған» (слайд)
(Берілген суреттердің көмегімен сұхбат құрастыру). 
VI. Рефлексия (флипчарт) 

85
   
   
 
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Мамандық 
аттарын 
Мамандықтар 
адамдарға керек
Өзіндік 
ерекшеліктерін 
VII. Үйге тапсырма: 1. Мәтінді мәнерлеп оқу; 2. Бір 
мамандық бойынша жарнама жасау.
VIII. Бағалау.
IX. Қорытынды.
Сәуле ТҰРАРҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№57 жалпы білім беретін 
мектептің мұғалімі.
ЖАҢА СӨЗДЕР МЕН АДАМНЫҢ 
ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІ
Сабақтың  мақсаты:  1)  шылаудың  жазылу  ережеле-
рімен  таныстыру,  сөйлем  мен  сөз  тіркестерін  құрату, 
адамның  дене  мүшелері  туралы  айту;  2)  оқушылардың 
білімдерін  толықтыру  ойын  жинақтай  білуге  баулу, 
дамыту,  есте  сақтау  қабілеттерін  жетілдіру,  оларды 
бір  тақырып  деңгейінде  еркін  сөйлеуге  дағдыландыру, 
сауатты жазуға төселдіру; 3) ұлтжандылыққа, тазалыққа, 
табиғатты сүюге тәрбиелеу.

86
Сабақта  қолданылатын  педагогикалық  техноло-  
гиялар: АКТ, топтық жұмыс, жұптық жұмыстар.
Оқыту нәтижесі:
-  қалай,  қашан  және  қандай  сұрақтар  қою  қажет 
екендігін түсінеді;
- оқушылардың танымдық қабілеті артады;
- оқушылар өз ойларын толық жеткізуге тырысады;
- бір-бірін дұрыс түсінуге, сыйлауға ынталанады.
Түйінді идеялар:
- барлық оқушылар үшін тиісті орта қалыптастыру;
- еркін атмосфераны қамтамасыз ету;
-  балалардың  жауабын  бақылау,  жазып  алу  мен 
талқылау, сауатты оқытуға ықпал ету;
-  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығын 
арттыру,өз пікірін айтқызу.
Көрнекілігі:  интерактивті  тақта,  аудиокітаптар, 
стикер, түрлі-түсті қаламдар, флипчарттар.
Сабақтың барысы:  
Ұйымдастыру 
кезеңі: 
сәлемдесу, 
түгелдеу,  
балалардың назарын сабаққа аудару. 
«Көңіл 
күй 
қоржыны» 
смайлдары 
арқылы 
оқушылардың  көңіл  күйін,  сыныптың  эмоциялық           
ахуалын  қалыптастыру.        
-  Балалар,  бүгінгі  сабағымызды  бір-бірімізге  жақсы 
тілек айтудан бастайық. «Шаттық шеңберін» кұрайық.
Үй тапсырмасын тексеру (1, 3, 5, 7-модульдер):
А.  Барлық  оқушылардың  үй  тапсырмасын  дұрыс, 
толық және түсініп орындауын анықтау, тексеру;
Ә.  Оқушының  білімі  мен  іс-әрекетіндегі  кемшілік-
терді анықтау;
-  Балалар,  біз  қандай  грамматикалық  тақырып  өттік?             
(3, 5, 6, 7-модульдер).

87
- Шылау. 
- Ал, қандай лексикалық тақырып өттік? 
- Уақыт өлшемдері.
-  Олай  болса,  кәне,  балалар,  осы  өтілген  тақырып 
бойынша бір жұмбақ шешіп алайық. 
Таңертең төрт аяқты, 
Түсте екі аяқты, 
Кешке үш аяқты.   
Оқушылар  жауабын  дұрыс  шешті.  (Адамның  сәби, 
жігіт, қарт кезі). 
Енді таңертең, кешке, түсте бұлар нелер?
- Бұлар – уақыттар, мезгілдер.
- Ал, аяқ – адамның дене мүшесі. 
Балалар,  аяқтан  басқа  адамның  қандай  дене  мүше-                
лерін  білесіңдер?  (Бас,  көз,  қол,  құлақ).  Осыларды 
бір  сөзбен    не  деп  айтамыз?  Сонымен  сабағымыздың 
тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Топқа бөлу.
1-топ. Білімділер.
2-топ. Ақылдылар. 
3-топ. Тапқырлар.
Топтық жұмыс.
Адамның  дене  мүшелерінің  қандай  қызмет  атқара-
тынын оқушылар айтып береді. 
Оқушылардың  сөздерін  мен  толықтырып  жіберемін. 
(1, 2, 3 модульдер.)
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін. 
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін. 
- Құлақ не үшін керек?

88
- Ақыл-кеңес тыңдау үшін. 
- Тіл мен жағың не үшін керек? 
- Ақиқатты айту үшін. 
- Ал, аяғың не үшін керек?
- Шет жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Осы өлеңде шылау бар ма? (Үшін)
Қандай шылау?  (Септеулік шылау.)
Жаңа сабақ. (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 модульдер)
Топтық  жұмыс.  Мәтінді  азатжол  (абзац)  бойынша 
оқып, сұрақ дайындайды. 
Жаңа  сөздерді  меңгерту,  қайталату,  есіне  сақтап, 
сөйлем құрастыру. 
1-топ мәтінді аударады.
2-топ сұрақтар дайындайды.
3-топ мазмұнын айтады.
Ойқозғау. 
«Қызықты грамматика»
1 топ
2 топ
3 топ
оценка –
брат –
не иди –
берег –
молоток –
яблоко –
мальчик –
город –
сто –
степь –
новый –
осень –
туча –
продай –
мир –
нация –
лошадь –
привет –
Берілген 
сөздердің 
аудармасын 
жазып, 
сөз 
тіркесін,сөйлем құрастырады.
3 топ  орындап болған соң тексереміз.
Тапсырмаларды  орындап  болғаннан  кейін  сергіту             
сәті жүргізіледі:
Адамның суретін салу.
Жабдықтар: флипчарт, түрлі-түсті қаламдар, стикер. 

89
   
   
 
Үйге тапсырма: 
1-топ – 3-деңгей:
Адамның дене мүшелері туралы реферат дайындайды.
2-топ – 2-деңгей:
Жай сөйлемнен сұраулы сөйлем жасау.
3-топ – 1-деңгей:
Сұрақтарға жазбаша жауап беріледі.
Рефлексия.
Бағалау парағы.
Зарина МӘМБЕТОВА, 
Орал қаласындағы
№32 жалпы орта білім 
беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
БАСТАУЫШ ПЕН БАЯНДАУЫШ 
ҚОНАҒЫ 
 
ҚАЗАҚТЫҢ 
ДАСТАРҚАНЫ
Сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  «Қазақтың  дас-
тарқаны туралы» мәлімет беру. Міндеттері: білімділік – 

90
тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, 
тиянақтау,  грамматикалық  ұғымдарды  сауатты  әрі 
дұрыс  қолдану  дағдыларын  қалыптастыру;  тәрбиелік  – 
сауатты,  көркем  жазуға  үйрете  отырып  ұқыпты  болуға 
тәрбиелеу,  дүниетанымын  кеңейту;  дамытушылық  – 
тез ойлап,   ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, 
шығармашылыққа  баулу,  ауызекі  сөйлеуге    дағдылан- 
дыру, ой-өрісін кеңейту.  
Типі:  жаңа  сабақ.  Түрі:  аралас  сабақ.  Әдісі: 
интерактивті  оқыту  әдісі,  өзіндік  ізденіс,  сұрақ-жауап, 
бейнелеу,    баяндау.  Пәнаралық  байланыс:  орыс  тілі. 
Пәнішілік  байланыс:  лексика.  Көрнекілігі:  интерак-
тивті тақта, топшама, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сыныпты  түгелдеу,  оқу  құралдарының  толықтығы, 
оқушылардың  сабақты  бастауға  көңіл-күйі,  оқушы 
назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап  (оқушылар  интерактивті  тақтада 
көрсетілген  үстел  үстіндегі  нөмірленген  шыны-
лардың бірін таңдап, сұрақтарға жауап береді):
1. Қазақтың ұлттық тағамы не?
2. Жылқының етінен не дайындалады?
3. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?
4. Ұлттық тағамдар нешеге бөлінеді?
5. Сусындарға нелер жатады?
6. Тағамдарға нелер жатады?
ІІІ.  Жаңа  сабақ.  «Бастауыш  пен  баяндауыш               
қонағы – қазақтың дастарқаны».
Жаңа сабақ үй тапсырмасымен байланыстыра отырып 
түсіндіріледі.  Үй  тапсырмасының  сұрақтарына  жауап 

91
берген  кезде  ұлттық  тағамдар  қойылған  дастарқан 
шығады.
- Балалар, тақтада не  көріп тұрмыз?
- Бұл қандай дастарқан?
- Қазақтың дастарқанына нелер қойылады екен?
Грамматикалық тақырып  Бастауыш пен баяндауыш. 
Жоғарыда  көрсетілген  сұрақтарға  қарай  отырып, 
грамматикалық тақырыппен ережесі шығарылады.
Кім? не? кімдер? 
нелер?
Не істеді? не қылды? 
қайтті?
Қазақтың ұлттық тағамдары 
алуан түрлі.
Кім? Не? деген сұраққа жауап 
беретін сөйлем мүшесі, бір 
сызықпен сызылады.
Сыйласқанның суын іш.
Не істеді? не қылды? 
Қайтті? деген сұраққа 
жауап беріп,  бастауыштың 
іс әрекетін білдіреді. Екі 
сызықпен сызылады.
Жаңа сөздер.
Сөздікпен  жұмыс    БиС  технологиясы  бойынша 
жүргізіледі:
Дәм – еда, пища;
Аттамайды – не  перешагивают;
Ауыз тимей – не попробовав;
Дәннен жасалған – растительная;
Қуырған бидай – жаренная пшеница;
Көп күттіруге – заставить долго ждать;
Ірімшік – творог.
Мәтінмен  жұмыс  (Мәтін  оқылып  тұрлаулы  мүшелер 
табылады).
Қазақта  дастарқаннан,  дәмнен  үлкен  нәрсе  жоқ. 
Дастарқаннан  аттамайды.  Дастарқандағы  дәм,  тағамнан 
ауыз  тимей  кетуге  болмайды.  Қазақтың  ұлттық 

92
дастарқанында  тамақтардың  негізгі  үш  түрі  болады. 
Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына қазақша ет, 
қуырдақ,  қарта,қазы,жал,  жая  жатады.  Сүт  тағамдары- 
ірімшік,  құрт,  май.  Дәннен  жасалған  тағамдар    тары, 
қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары – бауырсақ, 
шелпек. 
Тамақ  ішуге  шақырғанда  тамақты  көп  күттіруге 
болмайды.
Сұрақтар:
1. Қазақта неден үлкен нәрсе жоқ?
2. Неден аттамайды?
3. Дастарқаннан не істемей кетуге болмайды?
4.  Қазақтың  ұлттық  дастарқанында  негізгі  тағамның 
неше түрі бар?
5. Олар қандай тағамдар?
6. Ет тағамдарына нелер жатады?
7. Сүт тағамдарына нелер жатады?
Грамматикалық тапсырма (топшама түрінде беріледі):
1. Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.
2. Еттен түрлі тағамдар жасайды.
Адасқан сөздердің өз орынын тап:
1. Қойылады, ең, дастарқанға, алдымен, нан.
2. Түрлі, тағамдар, жасайды, еттен.
3. Еті, өте, сіңімді, болады,жылқының.
4. Үлкен, нәрсе, дәмнен, жоқ, дастарқаннан.
5. Суын,іш, сыйласқанның.
Сөйлесім (Екі оқушы бір-бірімен өзара сөйлеседі):
- Сен тамақты күніне неше рет ішесің?
- Мен тамақты күніне төрт рет ішемін.
- Бүгін таңертең сен не іштің, не жедің?
- Мен айран ішіп, май мен нан жедім.

93
- Сенің сүйікті тамағың не?
- Менің сүйікті тамағым – қуырдақ.
- Қазақтың дастарқанының басты тағамы не?
- Қазақтың дастарқанының басты тағамы – ет.
Бекіту (бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңдер. Тест 
жұмысы).
1. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?
а) айран;                    б) ет;
ә) шұжық;                    в) қазы.
2. Қазақтың ұлттық сусынын көрсет: 
а) қымыз;                    б) сүт;
ә) шырын;                    в) су.
3. Дастарқанға ең алдымен не қойылады? 
а) сүт;                            б) қант;
ә) сусын;                     в) нан.
4. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
а) 3;                               б) 5;
ә) 5;                                в) 2.
5. Тұрлаулы мүшелерді көрсет: 
а) толықтауыш, анықтауыш;
ә) пысықтауыш, анықтауыш;
б) бастауыш, баяндауыш;
в) толықтауыш, бастауыш.
6.  Кім?  Не?  деген  сұраққа  жауап  беретін  сөйлем            
мүшесі:
а) анықтауыш; 
           б) бастауыш;
ә) толықтауыш;                в) пысықтауыш.
Үйге тапсырма: 2-тапсырма, 150-бет.
Бағалау.

94
Тиыштық ӘБЕТАЕВА,
Астана қаласындағы 
№35 мектеп-лицейінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
МАТЕМАТИКАЛЫҚ               
ДЫБЫСТЫҚ МІНЕЗДЕМЕ   
(4-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  1)  «Менің  күнделігім»  модулі 
бойынша  алған  білімдерін  тиянақтау.  Сатылай  кешенді 
талдай  отырып  дыбыстың  ерекшелігін,  олардың 
өзіндік  табиғатын  зерттеу;  2)  оқушылардың  есте  сақтау 
қабілеттерін дамыту, оқушыға фонетикалық материалды 
ғылыми түрде меңгерту; 3) сауатты түрде көшіріп жазуға
сөйлеу машығын қалыптастыруға үйрету.
Түрі: білімді бекіту сабағы. 
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, тест. 
Көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ, мақалдар.
Қолданылатын  технология:  сатылай  кешенді                 
талдау. (І деңгей).
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу, түгелдеу.
ә) Оқушыларды сабаққа дайындау.
б) Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

95
ІІ. Жаңа тақырып.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-  Тіл  білімінің  фонетика  саласы  бойынша  СКТ 
технологиясының  бірінші  деңгейін,  яғни,  дыбыстарға 
математикалық  тәсілмен  дыбыстық  мінездеме  беруді 
көрсетеміз. Бұл тәсіл оқушыларды сауатты түрде көшіріп 
жазуға,  мұғалімнің  дауыстап  талдауын  құлағымен  есту 
арқылы  санасында  тұрақтандыруға,  сөйлеу  машығын 
қалыптастыруға  үйретеді.  Оқушы  фонетикалық  мате-
риалды  ғылыми  тілде  меңгереді.  Өйткені  бұл  талдауда 
ережелердің барлығы сөйлеу тіліне келтірілген.
2.  Нәтиже  сабақ  (Модуль  бойынша  алған  білімдерін 
тексеру).
а) 1-слайд. Сөзжұмбақ шешу.
ә) 2-слайд. Суреттер арқылы топпен жұмыс.
1-топ. Суреттегі оқу құралдарымен сөйлем құру.
Дүйсенбінің сабақ кестесін жаз.  
2-топ.  Менің,  сенің  есімдіктерін  қолданып,  сурет 
бойынша сөйлем құру.
Бүгінгі күннің сабақ кестесін жаз.
3-топ.  Үшін  септеулігін  қатыстырып,  сурет  бойынша 
сөйлем құру.
Жұма күнінің сабақ кестесін жаз.
б) «Кім жылдам?» ойыны.
Мақалдарды бірінші топ бастайды, екі топтың қайсысы 
бірінші аяқтайды.
Оқу – білім қазығы, адамдықтың азығы.
Білекті бірді, білімді мыңды жығар.
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Мектеп - кеме, білім - теңіз.

96
Жақсы кітап – жан азығы.
Талант қартаймайды, білім ортаймайды.
Оқу – өмірдің сәні, тіршіліктің шамы.
в) 3-слайд. Модуль бойынша тест.
Сергіту  сәті:  «Мектебім»  өлеңін  айтып,  жаттығулар 
жасау.
4-слайд.  Дауысты  дыбыстарға  математикалық             
тәсілмен дыбыстық мінездеме беру кестесін қайталаймыз.
3.  Кітап  сөзіне  математикалық  тәсілмен  дыбыс-
тық мінездеме беру.
1-топ – дауысты дыбыстарды талдайды.
2-топ – дауыссыз дыбыстарды талдайды.
3-топ – сұрақтарға жауап береді:
-  Тілдің  қатысына  қарай  дауысты  дыбыс  неше  топқа 
бөлінеді?
- Жартылай ашық дауысты дыбыстарды ата.
- Еріндік дауысты дыбыстарды ата.
-  Дауыссыз  дыбыстар  үн  мен  салдырдың  қатысына 
қарай неше топқа бөлінеді?
- Шұғыл дауыссыз дыбыстарды ата.
- Неше мұрын жолды дауыссыз дыбыс бар?
4. Сабақты бекіту, бағалау. 
Жұмбақтар.
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. (...)
Тұрады ылғи сөреде
Іші толы – өнеге. (...)
Қабат-қабат ақ тақыр
Қатар-қатар жол жатыр. (...)
5.  Үйге:  өшіргіш  сөзіне  математикалық  тәсілмен 
дыбыстық талдау жаса.

97
Гүлсім БАЙДӘУЛЕТОВА,
Талдықорған қаласындағы
№17 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ГРАММАТИКА ЖӘНЕ ЕЛ 
ҚОРҒАҒАН БАТЫРЛАР
Сабақтың  мақсаты:  1)    қазақ  тарихында  елеулі 
орын    алған              батырлардың    ерліктері  туралы  бар 
мағлұматты пысықтау, жинақтау; 2) ойлау   қабілеттерін    
сыни    тұрғысынан    оқу   мен    жазу    арқылы   дамыту, 
грамматикалық  ерекшеліктерін  қалыптастыру,  сауатты 
жазуға  дағдыландыру;  3)    оқушылардың  бойында 
отаншылдық, елжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Түрі:  білім  жинақтау,  пысықтау  сабағы.  Әдісі:  СТО 
стратегиясы,  интерактивті  әдіс,  деңгейлік  тапсырмалар 
әдісі.
Сабақтың құрылымы:
I. Ой қозғау.
II. Мағынаны тану.
III. Қолдану.
IV. Жинақтау.
V. Топтастыру стратегиясы.
VI. Қорытындылау тест жұмысы.
Сабақтың барысы:
I. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
I. Ойқозғау. Сұраққа жауап беру:
1) Сөйлем дегеніміз не?
2) Сөйлемнің қандай түрлері бар?
3) Сөйлем құрылымына қарай қалай бөлінеді?

98
4) Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Неше түрі бар?
5) Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
II. Мағынаны тану.
1)  Батыр  деген  сөзді  қалай  түсінесіңдер?  Мағынасы 
жақын сөзді сәйкестендіріңдер?
батыр                                       ірі, зор
атамекен                                  әйгілі атақты
қолбасшы                                туған жер
белгілі                                     ержүрек, өжет
сақтап қалу                             әскер басы
ойда есте болу                        аман калу
үлкен                                       әскери ұран
жауынгерлік ұран                  көкейінде жату
III.  Қолдану.  Өткен  сабағымызды  байланыстыра 
отырып сұрақтарға жауап берейік: 1)  Батырлық дегеніміз 
не?  2)    Жоңғарларға  қарсы  күресте  атағы  шыққан  қай 
батырларды білесіңдер? 3)  Қазақ тарихында елеулі орын 
алған  батырлар  кімдер?  4)    Батыр  атағына  ие  болған 
шығыстың тұңғыш қыздары кімдер? 5)  Екі мәрте батыр 
атағына ие болған кім? 6)  Батырлық туралы қандай мақал-
мәтелдер білесіңдер?
IV. Жинақтау. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
1-деңгей – қарапайым деңгей.
1)  Берілген  сөздерді  септік  жалғауларына  қарай 
орналастырыңдар?
Атау септік 
Аңызға 
Ілік септік 
Отан 
Барыс септік 
Батырды 
Табыс септік 
Күресте 
Жатыс септік 
Найзасына 
Шығыс септік 
Халықтың 
Көмектес септік  Ерлікпен 
2) Мен қорғадым сөз тіркесін жіктеңдер.

99
2-деңгей  – орташа деңгей. 1) Көп нүктенің орынына 
тиісті қосымшаларды қойып жазыңдар.
Т.Бигелдинов  жасынан  ұшқыш  болуды  армандаған. 
Ерлігімен  елге  танылған.  Б.Момышұлы  соғыстан 
кейін  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын  алды.  Ең  зор 
ізгі  ерліктерді  Отанға  деген  сүйіспеншілік  туғызған. 
Қазақстандық жауынгерлер соғысқа қатысып, теңдесі жоқ 
ерліктер жасады.
3-деңгей  –  жоғарғы    деңгей.    Берілген  жай    сөйлем-
дерден    салалас  құрмалас  сөйлемдер  құрыңдар. 
Салаластың қай түрі екенін анықтаңдар.
1)    Білім  –  адам  үшін  ең  бағалы  іс.  Сол  білімді            
тарататын құралдардың бірі – көркем әдебиет.
2)  Ән басылды. Домбыра сазы тоқтаған жоқ.
3)    Ол  аудан  орталығына  жетуге  асықты.  Әскерден 
оның інісі келуі керек еді.
4)    Медеу  мұз  айдынында  мен  коньки  тебемін,  сен 
шанамен сырғанайсың.
5)  Көктемнің алғашқы гүлдері гүлдеді. Даланың беті 
көктей бастады.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет