Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата12.06.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Молда:
- Шырағым, ренжітпе атаңызды,
  Бұзбаңыз Құдай дескен батаңызды.
  Сүннетін Пайғамбардың қабыл қылмау –
  Зор күнә, мен айтайын қатаңызды.
Қамар:
- Пайғамбар тең емеске бар деген жоқ,
  Зар жылатып бес қара ал деген жоқ.
  Шал болсын, пасық болсын, сасық болсын,
  Сата бер, әйел заты – мал деген жоқ.
Молда:
- Ата-анаң сені өсірді қандайыңнан,
  Асырады ас кетірмей таңдайыңнан.
  Әуелде бір Алланың жазуы сол,
  Шал болса да, бара көр маңдайыңнан.

64
Қамар:
- Ай, молда, түзушілік қайда қалды,
  Жазып па Құдай бізге сасық шалды?
  Құдай тұрсын, ынсапты пендесі де
  Қоса ма қу ағашқа өрім талды?
Молда:
- Тәуекел, бекем байла беліңізді!
  Түсірме бүлгіндікке еліңізді!
  Пәленшенің баласы солай демей,
  Сөкпеңіз Құдай қосқан еріңізді!
Қамар:
- Қызыл жібек тәнімді жүн қылмаймын,
  Жарқыраған күнімді түн қылмаймын.
  Неке қияр ала алмай қаласың деп,
  Шалға барып басымды күң қылмаймын.
  Батады деп қорықпаймын елім дауға,
  Тым болмаса бермеді дені сауға.
  Мені аяса, мал үшін жылатпасын,
  Бермесін опсырайған обыр жауға.
Молда (ашуланып):
- Көп сөзді қой, су әкел, неке оқимын,
  Аятыл күрсі, алхамды жеті оқимын.
  «Бысмылла» деп ішіне ақ күміс сал,
  Бір-бірін сүйгендей ғып жеке оқимын.
Қамар:
- Бола ма ризасыз неке дұрыс?
  Ұялмастан айтасың неге бұрыс?
  Дуала, мейлің үшкір, мейлің түкір!
  Бақыр, шақыр, болмасқа кеткен бұл іс.

65
Молда:
- Үндеме, дұрыс-дұрыс, дұрыс-дұрыс,
  Өз мойныма обалы болса бұрыс.
  Бұзылған бадбақыттың бұзық сөзін
  Біздерге жарамайды тыңдап тұрыс.
Қамар:
- Тыңдамасаң, әрі кет мыңқылдамай,
  Жүк артқан өгізге ұсап ыңқылдамай.
  Жерді қап, жемтігіңді жегір, молда,
  Неке қияр алам деп қыңқылдамай.
Молда:
- Шырағым, ашуланба, жай бір сөзім.
  Монтандығым болмаса егер, шықсын көзім!
  Араңа мұсылмандық айтамын деп
  Бәлеге қалдым, міне, менің өзім.
Қамар:
- Сөзіңді естімеймін, кетші, молда,
  Өлемін оған бармай осы жолда.
  Осының бәрін қылған Оспан ағам,
  Жібермес, Құдай білер, көздің жасы.
Молда (төмен қарап, көзіне жас алады):
- Қайтесің, шал болса да, малы бар шал,
  Мал болған соң, ауызында балы бар шал,
  Сен – бұлбұл, ол қара құс болса-дағы,
  Қосатын сені өзіне халі бар шал.
  Шырағым, бәрі де рас айтқан сөзің,
  Өртеді іш-бауырымды жасты көзің.
  Қайтейін, аясам да амалым жоқ,
  Әркімнің көз ұшында жүрмін өзім, - дегенде далаға 

66
шығарып жіберіп, 
Нұрым мен Оспан:
Тепкіле! Тепкіле!  
Молда қашып құтылады.
Омар: 
-  Асыл  туған  қарағым,  данышпаным!  Қара  басым 
қанға  боялып,  малым  жауға,  басым  дауға  таланса  да, 
сені ренжітпейін, бермейін, бермейін, қарағым, асылым, 
құлыным, жұлыным! – деп өкіріп жылап Омар жатыр.
Оспан: 
- Мұның не, ұят емес пе?
Омар: 
-  Өзіме  де,  саған  да  пышақ  саламын.  Түбіме  жетіп, 
тұқымымды құртайын деп жүр екенсің!
Оспан: 
-  Ісіміздің  жайы  мынадай  болды.  Әлгі  жынды  неме, 
баласы жылаған соң, қимай жүр. Қазір бәрімізге пышақ 
салып алудан тайынбайды. Жәукенің шала қазақ баласы 
қыларын  қылып  болған  соң,  өз  ұятын  біліп,  қашып 
кеткенін  көрмеймісің?  Қап!  Бұл  жолы  қайтайық,  кейін 
білерміз.
Нұрым (қасындағылар): 
- Мұндай қорлықты қайда көріп едік?
Ақсақал: 
- Бұл жолы жердің үстімен келіп, астымен қайттыңыз. 
Дуалап  қойған  ғой.  Ендігі  келгеніңізше,    бәрін  көндіріп 
қоямыз. Көңіліңізге ешнәрсе алмай  кетіңіз, мырза!
Нұрым (ызаланып): 
- Әй, бәлем-ай, сені ме?
Жұрт: 
-  Ойбай,  Омардың  соры  қайнады,  тәтті  аузының                    

67
дәмін кетірді ғой.
Қалтан мен Оспан:
-  Ал,  шоқынды,  түбіме  жеттің!  Қане  мықты  болсаң, 
бермей ұстап тұршы, көрейін. Қияметке дейін көрмеймін.
Омар: 
-  Құдайға  тапсырдым.  Көрмесең,  көрге  көміл, 
жауыздар!
Біраз күн өтеді.
Омар: 
- Құдай жеткізер, Қасен ағаң да келер,  қарағым!
Ұйықтап  жатқан  Қамар  шошып  оянады.  Әкесін  қан 
қылып сабаған.
Омар: 
- Ойбай! Кісі! Қарағым, Қамар!  Ойбай, ойбай өлдім.
Нұрым: 
-  Бәлем,  бермейтін  мықты  неме  ғой!  Көрейін  мұның 
сотын!  Әлгі  мені  сүймеймін  деген  дүзіқара  қаншығы 
қайда? Тигіз менің қолыма.
Жігіттер: 
- Жүр! Неге тұрсың?
Қамар  бар  пәрменімен  секіргенде  басын  соғып, 
шалқасынан құлайды.  Ессіз жатқан Қамарды алып кетті.
Жұрт: 
-  «Нұрекең  жүз  кісімен  өзі  барып,  Қамарды  әкепті, 
бірақ айла болса керек. Қамар үйінен шыққаннан талып, 
әлі  есін  жимаған,  әлсін-әлсін  аузына    келгенін  сөйлеп, 
шатаса береді дейді».
Басқа  жұрт:  Өйдай,  қайырлы  болсын.  Ой,  сабазың! 
Жарайсың! Сол керек еді...  Қоса ағар!
Нұрым: 
- Омин, омин! Ас та төк! 

68
Нұрым аймалап жақындай бергенде, өлейін деп жатқан 
Қамардың  қиналғандағы  жан  дауысы  бүкіл  халықты 
түршіктірді. Қамарды ауру деп емшілер қаптап кетті.
Қамар: 
- А, Құдай, енді мені күйгізбей ал!
  Жауыздың суық тәнін тигізбей ал!
  Антым бұзбай алдыңа мен барайын,
  Ахметтен басқа жанды сүйгізбей ал!
Жұрт: 
- «Әне, дуа! Көрдің бе?»
Омар  қыздың  қасында  болды,  қаладан  доктор               
алғызды.
Доктор: 
- Емдейтін уақыттан өтіпті. Апыр-ай! Чахотка болғанда 
да  біртүрлі  қуаттысы  екен,  болса  –  бір-екі  айлық  қана 
өмірі  болар.  Шатасатыны  –  қорқып,  жүрегі  ұшқандық. 
Емдетпей, күтсе, онысы басылады.
Жұрт: 
-  Ойбай,  доктор  былшылдайды,  түк  те  білмейді.             
Әбілда ишанға  бақтыру керек.
Нұрым: 
-  Тақсыр,  мынадай  бір  мүскіліміз  болып  тұр.  Сәті  
түсіп, жазылып кетсе, жанымнан өзге қалғаныңыз сіздікі.
Ишан: 
- Иншалла, анау күнгі түсім теріс емес еді.
Жұрт:
-  Жарықтық,  әулиелердің  дауысын  қарасайшы, 
бүркіттің дауысындай саңқ-саңқ етеді.
Ишан: 
-  Аурудың  иесі  арамызға  көк  өгіз  болып  келіп  жүр  
екен, әйтеуір, қудым.

69
Енді бір ишан: 
-  Апыр-ай,  дуа  бойына  әбден  сіңісіп  кеткен  екен. 
Жүрегіне  жетуге  аз  қалыпты.  Оны  емдеу    үшін  жеті            
жылдық  қойдың  өкпесі,  сары  ешкінің  қарынымен  жеті              
күн емдеу керек.
Қамар бірдеңе дейін десе,
Молда: 
- Әне, дертінің иесін ерегістірді.
Ишан: 
-  Апырым-ай,  дертінің  иесі  күшті  екен.  Менімен 
алысып,  қара  кездігін  тығып  алғанын  көрдіңіз  бе?  
Әйтеуір, сіз арашаламағанда...
Екінші молда: 
-  Ие,  түндегі  ме?  Ол  маған  неше  күндей  келіп  бата 
алмай  жүр  еді.  Соңғысының  атын  аңғара  алмадым, 
бастапқыларының  аты  Әмина,  Сәлима,  Халима  ма  еді,- 
деп  қағазға  аттарды  жазып  «күйдірейік,  бәтшағар 
дұшпандарды».
Біреу: 
- Қожекең қарағалы өңі тәуір.
3-Ишан:
-  Әйтеуір,  сіздің  шақырып,  біздің  келгенімізге  қарай 
бабаның кәрі аруақтары жар болды. Кейінірек Көңілбай 
бақсыны  шақырып,  бір-екі  оқытып  алыңыз.  «Оны  үйге 
кіргізбе,  кесапаты  бар»,-  деп  Нұрым  жеккөретін  1-2 
адамды айтты.
Шындығында, Қамар, тіпті, нашарлап қалған еді.
Көңілбай бақсыны алдырды.
Көңілбай: 
- Қамардікі үйірлі жын. Әуелі, жындарымды шақырып, 
аруақтарымды  жинап  үш  күн  ойнаймын.  7  қуыршақ,  7 

70
қара тікен тұз, үш жылғы қара ешкінің сүйегімен зиратты 
айналамыз.  Жылайды,  жалынады,  аяушы  болмаңдар, 
бәрін қылдыратын – жын.
Қамар оны қасына жолатпай шырылдай бастады.
Көңілбай: 
-  Әне,  Құдай  берді!  Жазылайын  деп  тұр.  Иншалла!                 
Екі қолын артына таңып байлап қою керек. 
Енді қамшыны ала салып, өзін-өзі ұрып: «аруақ, аруақ» 
деп айқайлайды.
Қамар: 
-  Әй,  ағайындар!  Мынадай  қорлықты  көрсеткенше, 
жанымды  қинамай  өлтіріңдер.  Болмаса  қолымды 
босатыңдар, өзім өлейін.
Жұрт: 
- Апырым-ай, мына бақсыға ерегесуін қарашы!
Көңілбай:
- Ақ боз атты қасында,
  Әуей көгі басында,
  Анау кірді миыңа,
  Жүректегі жиынға.
  Аруақ жәрдем бермесе, 
  Істің түбі барады
  Шама келмей қиынға,- деп Қамарды басқа да, көзге  
де ұрғылайды.
Қамшыға  шыдамаған  Қамар  жалына  бастады.  Оған 
өңкей мисыз өгіздер: 
- Әйда-ай! Құдай берді. Қамар жазылды. Біздің бақсы 
дерттің иесін жеңді.
Бақсы: 
- Ә, солай ма? Сүйтуші еді ғой, баяғыда, - деп күлің-
кіреп, шаршаған адам болып:

71
Айналайын, аруақ-ау!
Толғанайын, аруақ-ау!
Жан қысылған кезінде,
Қолға алайын, аруақ-ау!
Жұрт  сенген  сайын,  «мен  бүгін  пәленмен  алысып 
шықтым, бүгін ұйықтамадым»,- деп өтірікті зымыратты.
Жұрт: 
-  Бейшараның  бақыты  бар  екен,  Ахметке  барса                          
несін беріп қарататын еді?
Үшінші күні Нұрым Қамарды көтеріп алып, зияратқа 
кетті. Екі аттыны көреді. Ол Омар мен Ахмет екен. Ахмет 
Қамарды көрмекші еді, екеуін сөйлестірмей, көтеріп алып 
кетті.
Үйге келгенде Ахмет өз көзіне сенбей:
-  Ой,  пірім!  Алла-ай!  Мынау  Қамар  ма?  Қамаржан 
ба?  Қалқажан  ба,  шын  сол  ма?-  деп  киімін  шешпестен 
Қамарды жастығымен құшақтап, өкіріп жылай бастады.
Нұрым: 
Не болды? Енді жазылып келе жатқанда, тағы ауруы 
ерегесіп кетеді.
Қамар  есін  жиып,  Ахметті  көрді,    өз  көзіне  сенбей 
тұрайын деп еді, күші жоқ екен. Қолын жүрегіне апарып, 
жылай бастады.
Омар: 
-  Қой,  қарағым,  қиналып  қаласың  ғой,  -  деп  көзін  
сүртіп еді.
Қамар: 
-  Аға,  тұра  тұршы!  Жан  досым,  Ахметпісің, 
жанымбысың!  Қайда  жүрдің?  Қайдан  келдің?  Қарағым 
дейтін Қамарыңды көруге келдің бе? Міне, көр, көр!

72
- Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар,
  Амалсыз бәріне де көнген Қамар.
  Айдай әлем аузының суын құртып,
  Арманда арсыздардан өлген Қамар.
  Құдайға бүгін алса арманым жоқ,
  Түксиген түк сақалға барғаным жоқ.
  Қорлықта қосыла алмай  кетсем-дағы
  Әйтеуір, жүзің көрмей қалғаным жоқ.
Қамар:
-  Уай,  дүние!  Арманда  кеткен  қыршын  жаным-
ай!  Қазаққа  мұнан  былай  жарық  көрсет!  Қанағат  бер, 
Құдайым-ай!
Ахмет:
- Кетіп ем күйік қылмай сенен қашып,
  Шыдамай, тағы келдім жаным ашып.
  Артында алты қырдың жүрсем-дағы,
  Өртедің іш-баурымды, қайран ғашық.
  Сені кім отқа салған шырылдатып,
  Қойыпты тамағыңды қырылдатып.
  Құтырған көк төбеттей арс-ұрс етіп,
  Бақсыны кім әкелген ырылдатып.
  Келіп ем көзі барда көрейін деп,
  Көрген соң, күйігіңнен өлейін деп.
  Шыдамай бұл қорлыққа мен отырмын,
  Өзімді сенен бұрын көмейін деп.

73
Нұрым:
-  Тұр,  шықшы!  Сүйреп  шығарыңдаршы!  Дуаны            
қылып-қылып, сиқырлап, сенен өшімді аламын.
Ишан:
-  Дерттің  иесі  ерегесіп  кетті.  Айттым  ғой,  ешкімді 
кіргізбе деп
Ахмет: 
-  Бес  минут  мұрсат  беріңдерші!  Өзім  де  шыққалы 
отырмын. Тым болмаса арыздасып, көңілімізді басалық.
Нұрым:
- Арыздасатын мұның несі еді? Ұр итті! Байла!
Қамар:
-  Жан  достым,  қайда  кеттің?  Менен  қаштың  ба? 
Көзіңнен жөнелт!
Жұрт: 
-  Шырағым,  бағанадан  бергің  де  жетті.  Шыға  ғой, 
Нұрекеңнің ашуы басылсын!
Бақсы:
- Шыға ғой деп жалынатын не бар? Мұны да бірдеңе 
ерегестіріп  тұр.  Дәдесін  қолына  берейін!–  деп  қам-  
шысын алып, әбден ұрды. 
Ахмет пышақты ала салып, бақсыға салды. Нұрымға 
да  тиді,  бірақ  арашалап  келушілерді  пайдаланып                                    
қашып кетті.
Ахмет: 
-  Қарағым,  Қамар,  міне  сенің  үшін  жаным,  қасықтай 
қаным,  қош!  –  дегенде  артынан  екі  сойыл  тиіп  арманда 
жүріп кетеді.

74
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Зәуреш ҚАЙЫРОВА,
Ақмола облысының
Шортанды қаласындағы
№3 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
БҰЛ ҚАЙ КЕЗДЕ БОЛАДЫ?
Сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  білім,білік 
дағдысын  қалыптастыру,  ой-өрісін,  тілін  дамыту,  сөздік 
қорын байыту.
Міндеттері: білімділік – сын есім және сын есімнің 
жұрнақтарын  практикалық    жолмен  пысықтау,  өз 
беттерінше  жұмыс  жасау  дағдысын  қалыптастыру,  тілін 
дамыту;  дамытушылық  –  тақырып  арқылы  оқушы-                                                                                                             
лардың  танымдық  қабілетін,  сыни  тұрғысынан 
ойлау  қабілеттерін  дамыту,  ізденіспен  жұмыс  істеуге 
жұмылдырып,  шығармашылық        белсенділіктерін     
арттыру;  тәрбиелік  –    білімге,  тілге,  пәнге  деген 
қызығушылығын  арттыру,  ұжымшылдық,  ізденім-                                                                       
паздық, жауапкершілік  қасиеттерін тәрбиелеу.
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдістері:  ой  қозғау,  Венн 
диаграммасы,  топтық  жұмыс,  сұрақ-жауап,  әңгімелеу. 
Көрнекілігі: 
суреттер, 
түрлі-түсті 
қағаздар,                         
флипчарттар,  слайдтар.  Пәнаралық  байланыс:  орыс 
тілі, сурет сабағы, әдебиет.

75
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезені:
а) Сәлемдесу.
ә\  Психологиялық  дайындық  (бір-біріне  жылы  сөз 
айту)
ә) Кезекшінің мәлімдеуі:
- Сыныпта кім кезекші?
-  Кім сыныпта жоқ?
-  Қазір қай сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
-  Қазір қай ай?
- Желтоқсан қыстың нешінші айы?
- Бүгін желтоқсанның нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Үйге қандай тапсырмалар берілді?
б) Сыныпты топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
- Сын есім дегеніміз не? (ережені айтып беру).
-  Тақтада  жұмыс    (сын  есімнің  жұрнақтарын 
меңгергенін тексеру).
Әр  топтан  бір  оқушы      шығып,  тиісті  жұрнақты                   
қойып береді және бір – бірін тексереді.
1-топ                     2- топ                       3- топ
Қыс...(қы, кі)        Жаз...(ғы, гі)        Күз...(ғы,гі)
Қала...(лық, лік)   Әке...(лік, лық)    Шетел...(дік, дық)
Тау...(лы, лі)          Өнер...(лі, лы)     Көл...(ді, ды)
Ақыл...(сыз, сіз)   Ұлт...(ты, ті)        Білім... (сіз, сыз)
Орман..(ды, ді)    Жолдас...(тық, тік) 
                                                          Туысқан...(дық, дік)
- осы сөздермен сөз тіркестерін  құрастыру;
- сөйлем құрастыру.

76
Ойқозғау.
Тақтаға түрлі-түсті қағаздар іліп қою.
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар? Атап беріңдер.
-  Сендер,  осы  түстерді  көргенде    қандай  жыл              
мезгілдерін елестетесіңдер? 
- Неге?
Оқушылардың жауабы.
Жұмбақ шешу арқылы мәселені шешу.
- Жел соғады, ағаш оңға, солға майысады, қар жауады, 
Бұл қай кезде болады?
- Дұрыс, қыста. Бүгінгі тақырыбымыз: «Бұл қай кезде 
болады?». Сендер     дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен 
айды, тақырыпты жазыңдар.
Сурет бойынша жұмыс.
Тақтаға «Қыс» тақырыбына сурет іліп қою.
- Балалар, суретте қай жыл мезгілі  көрсетілген?
- Суретте не салынған?
- Қыс мезгілінің айларын атап беріңдер.
- Желтоқсан айында қандай мерекелер болады?
- Балалар, қыста ауа райы қалай өзгереді?
- Табиғатта қандай өзгерістер болады?
Сергіту сәті.  
Оқулықпен жұмыс:
- 85-беттегі жаңа сөздермен жұмыс;
- мәнерлеп оқып, хормен қайталау;
- сөз тіркестерін құрастыру.
Топтық жұмыс.
Оқушылар  флипчартқа  өз  ойларын  салып,тақтаға 
шығып қорғайды.

77
1-топ:    а)      «Қыс»  сөзіне  тірек-сызба  құрастырып, 
әңгімелеу;
ә)   86-беттегі сурет бойынша жұмыс (әңгіме дайын-
дау).
2-топ:      а)    «Қыс»  тақырыбы  бойынша  сурет 
салып,әңгімелеу;
ә)    86-беттегі  сурет  бойынша  жұмыс  (диалог  дайын-
дау).
3-топ:        а)      «Қыс»  тақырыбына  диалог    құрастыру 
(Ақшақар мен  Аяз  атаның әңгімелеуі);
ә)  «Қыс» тақырыбына тест құрастыру (5 сұрақ).
Қорытынды.
Сабақты Венн диаграммасы бойынша қорыту.
                      Жаз                            Қыс                                      
                 
                                                
Бағалау: 5- 4- 3
Үйге: 
1) 86-беттегі 1- тапсырманы жаттау.
2)  86-беттегі  2-тапсырма,  жұмбақтарды  көшіріп             
жазып, шешу.
3) 85-беттегі жаңа сөздерді жаттау.
Рефлексия:
- Бүгінгі сабақ  ұнады ма? Несімен?
 

78
Ботакөз ОМАРОВА, 
Павлодар облысының 
Екібастұз қаласындағы 
№ 10 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ 
ГРАММАТИКАЛЫҚ  
ТАПСЫРМАСЫ
Сабақтың  мақсаты:  тақырып  бойынша  сөйлеу 
дағдыларын  қалыптастыру.  Міндеттері:  білімділік 
–  лексикалық  тақырып  бойынша  ақпараттық- 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастыру, 
білімдерін  толықтыру;  дамытушылық  –  сөздік  қорын 
байыта отырып, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту, 
ой-өрісін  кеңейту,  танымдық  қабілеттерін  дамыту;      
тәрбиелік  –  ақпараттық  технологиямен  жұмыс  істеу 
мәдениетіне тәрбиелеу.
Типі:  жаңа  білімді  меңгерту.  Түрі:  ұжымдық,             
жұптық,  топтық  түрде  бірлесіп  білім  алу.  Әдісі:            
көрнекілік,  сұрақ-жауап,  іздендіру,  дәлелдеу,  әңгімелеу. 
Көрнекілік: суреттер, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Ой шақыру.
І. Жаңа тақырыпқа шығу.
- Ұялы телефон дегеніміз не? 
- Сендер ұялы телефон қолданасыңдар ма?
- Ұялы телефон арқылы интернетке шығуға болады ма?

79
ІІ. Оқылым. Мәтін.
Мен  ұялы  телефонды  сабақ  уақытында  сөндіріп 
қоямын. Себебі кездейсоқ қоңырау түсуі мүмкін. Ондайда 
мұғалім ескерту жасайды. 
Менің  ұялы  телефонымның  фотоаппараты  және 
бейнекамерасы  бар.  Әдемі  сәттерді  суретке  түсіремін, 
бейнекамераға жазамын. 
Телефонмен достарыма смс, ммс жіберемін. Ұялы те-
лефонмен кейде интернетке кіремін. @ mail-ды жазып, өз 
«Әлеміме» де кіремін. Электронды поштамды тексеремін. 
Ұялы телефонның қызметі қымбат. Сондықтан мен ұзақ 
сөйлеспеймін.  Жақында  телефоныма  агент  орнаттым. 
Ал  агент  аркылы  сөйлескен  арзан.  Телефон  арқылы 
достарымды кез келген жерден тауып аламын.
Ұялы телефонды ұзақ пайдалануға болмайды. Себебі 
оны  ұзақ  пайдалану  уақытыңды  алады,    шаршатады. 
Уақыттың қалай өткенін байқамай қаласың. 
ІІІ. Мәтін бойынша тапсырма. 
1. Әр оқушыға мәтінді ішінен бір рет оқу ұсынылады. 
2.  Оқушылардың  мәтінді  түсінгендерін  тексеретін 
жұмыстар  орындалады.  Тақтаға  мынадай  сөйлемдер 
жазылады:    Ұялы  телефонды  сабақ  уақытында 
сөндіріп  қоямын;    Жақында  телефоныма  агент  ор-
наттым;  Ұялы телефонды  ұзақ  пайдалануға  болмайды. 
Оқушы осы сұрақтарға нақты жауап берсе,  мәтінді дұрыс 
түсінгені. 
3. Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын анықтаңдар.
№ Сөйлемдер
дұрыс бұрыс
1. Мен ұялы телефонды сабақ 
уақытында сөндіріп қоймаймын.
2.
Менің ұялы телефонымның 
фотоаппараты және бейнекамерасы 
бар.

80
3. Ұялы телефонмен  интернетке кіре 
алмаймын.
4. Телефон арқылы достарымды кез 
келген жерден тауып аламын.
5. Ұялы телефонды ұзақ пайдалануға 
болмайды.
4.  Топтық  жұмыс.  Әр  топ  бір-біріне  3-4  сұрақ                           
қойып, жауап береді.
ІV. Грамматикалық тапсырма.
1. Мәтіннен мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап. 
2. Мәтіннен неологизм  сөздерді тап.
3.Жіктік жалғаулы етістіктерді табыңдар.
V тапсырма. 
Рөлдік ойын. 1-топ. Телефонмен сөйлесу. 
Қатысушылар:  оқушы  және  сабаққа  келмеген 
сыныптасы. 
Сұрақтар:  
1) Сен сабаққа неге келмедің?
2) Қалай ауырып қалдың?
3) Емханаға бардың ба?
4) Дәрігер қандай ем берді?
2-топ.
Мәтіннің мазмұны бойынша тест құрастырады.
3-топ. 
«Ұялы телефон» тақырыбына эссе жазады.
VI тапсырма.
І топ. Синквейн жазады. Ұялы телефон.
ІІ  топ.  Венн  диаграммасын  құрастырады.  Ұялы 
телефон. Электронды пошта.
ІІІ топ. Тірек-сызба.               

81
   
   
 
Ұялы телефон
Рефлексия:  Сабақта не туралы білдік?
Үйге:  1.  Мәтінді  мазмұндау;  2.  «Болашақтағы    ұялы 
телефон» тақырыбына эссе жазу.
 
Венера СУФИЯНОВА,
Петропавл қаласындағы 
«№ 26 мектеп-балабақша» КММ-ның  
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
МАМАНДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 
СӨЗДЕР
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік    «Мамандыққа 
қатысты  сөздер»  тақырыбына  байланысты  сөздерді 
еске  түсіру,  сұрақ-жауап  және  әр  түрлі  тапсырмаларды          
орындау  арқылы    сөйлеу  тілдерін    дамыту;  дамы-
тушылық  –  оқушылардың  ойлау,  сауатты  сөйлеу, 
мәнерлеп оқу,мәтінмен жұмыс  істеу дағдыларын дамыту; 
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет