Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет4/9
Дата12.06.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫ                
ДАМЫТУ – ҰСТАЗ ПАРЫЗЫ
                         Ұлттың болашағы – ұрпағында,
                         Ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында.
Еліміздің  болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдер 
қатарына  қосылу  үшін  бүгінгі  ұрпақты  тұлға  боларлық 
деңгейде  өсіріп  тәрбиелеу  керек.  Ал  жас  ұрпақты  ол 

48
деңгейге жеткізу үшін білім мазмұнына жаңалық енгізудің 
жаңа  да  тиімді  әдістерін  іздестіру  мен  оларды  жүзеге 
асыра алатын мұғалімдерді даярлау қажет.
Алдына  келген  баланы  қалыптастыруға  ықпалын 
тигізетін  ұстаз  шәкірт  бойына  тән  даралықты  қалай 
байқайды?
Дарынды оқушы – тек қана жақсы оқитын оқушы 
ма?  Бұл  пікірді  ағылшын  ғалымы  П.Торранс  зерттеп, 
мұғалімге  көп  және  қисынсыз  сұрақ  қоятын,  көбіне 
түсінбеушілік туғызатын қияли, әр нәрсеге өз көзқарасы 
бар  оқушыны  дарынды  деп  дәлелдеген.  Дарынды  бала 
дегеніміз  –  басқа  балаларға  қарағанда  мүлдем  өзгеше, 
ерекше  балалар.  Ондай  бала  білімқұмар,  қозғалмалы, 
дербес,  көңіл-күйі  әрқашан  көтеріңкі,  қарым-қатынасқа 
тез  әрі  жеңіл  түседі.  Егер  де  оны  қоршаған  адамдар 
дәл  осындай  түрде  қабылдаса,  ешқандай  қиындықтар 
туындамаушы еді. 
Дарындылықтың анықтамасы: 
1.  Іс-әрекеттің  сәтті  орындалуын  қамтамасыз    ететін 
қабілеттіліктің өзара сәйкестік сапалығын айтады;
2.  Іс-әрекеттердің  жағдайдағы  ерекшелігі  кеңінен 
қамтылған адам мүмкіндігі;
3.  Ақыл  әлеуеті  немесе  интеллект.  Оқуға,  білімге 
жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті;
4. Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет түрлері;
5.  Таланттылық  пен  адамгершіліктің  жоғары 
жетістіктерге жеткізетін деңгейі. 
Дарынды  оқушыларды  таңдау  барысында  назар 
аударатын ерекшеліктер:
1. Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды;
2.  Дарынды  оқушылардың  ішкі    сезімі  жағынан 

49
өзгешелігі:  өте  сезімтал,  ықылас  қойған  нәрсесін, 
тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады;
3.  Дарынды  оқушының  физикалық  тұрғыдан 
ерекшелігі:  дамудағы  шапшаңдық,  ақындарша  сөйлеу, 
жиі-жиі ойға берілуі, қиял күйінің басым түсуі;
4.  Әлеуметтік  тұрғыдан  ерекшелігі:  адамгершілік 
сезімдерінің  ерте  дамып,  жоғары  модальдік  қасиеттерге 
ие болуы. 
Дарындылық 3 өлшеммен анықталады:
1. Танымдық даму;
2. Психологиялық даму;
3. Физикалық даму.
Дарынды балалардың сипаттамасы: 
1. Интеллектуалдық ауқымы кең;
2. Білімділік өрісі жоғары;
3.  Ойлау  қабілеті  тұрақты,  қызығуы  мол,  кейде  бір 
іспен айналысса, тоқтай алмайды, өз ойын ерте жеткізеді. 
Дарындылықты  анықтауда  төмендегі  фактор-
ларды ескеру керек:
1. Жас ерекшелігін;
2. Тұлғалық ерекшелігін;
3. Тестілеу кезінде жағдай туғызу.
Дарынды  бала  –  өте  білімпаз.  Ол  бәрін  оқып,  біліп, 
ұстап  көргісі  келеді.  Элен  Виннер  бұл  ерекшелікті  «бі-
лімге  құштарлықтың  таусылмас  бұлағы»  дейді.  Мұндай 
білімпаздық  зерттеу  таусылмайтын  қызығушылыққа 
ұласып,  өмірін  байытуға  жол  ашады.  Балалық  шақта 
баланың  дарындылығын  байқампаздық  қабілетінен 
көруге  болады.  Олар  әрқашан  да  әр  түрлі  дәрежелі 
күрделі тапсырмаларды шешуге дайын болды. Дарынды 
балалардың  сөздік  қоры  мол,  күрделі  синтаксистік 

50
құрылымдар  құрастырады,  ойларын  ерекше  білдіреді, 
сұрақтарының  құрылымы  көңіл  аударатындай  өзгеше. 
Мұндай  балалар  балалық  шақтан  бастап  күрделі,  қиын 
кітаптар, сөздіктер, энциклопедиялар оқиды.
Жалпы,  дарынды  балалардың  бойында  қайталанбас, 
бірақ көпшілік дарынды балаларға тән ерекшеліктер көп 
кездеседі.  Бұл  ерекшеліктер  баланың  сөйлеген  сөзінде, 
ойнаған  ойынында,  ересектермен,  басқа  балалармен 
құрған  қарым-қатынасында,  танымдық  әрекетінде 
көрінеді.  Ол  ерекшеліктерді  тек  психологтар  ғана  емес, 
күнделікті  тұрмыста  балабақша  тәрбиешісі,  мұғалімдер, 
ата-аналар  оңай  байқайды.  Қалыпты  қарапайым 
балалардан дарынды балаларды ерекшелендіріп тұратын 
қасиетке  баса  назар  аударып,  педагогикалық  үдерісті 
құрғанда сол қасиеттерді ескеру қажет. 
Дарынды  балалардың  өзгеше  қасиеттерінің  ең 
негізгілерін атап өтейік:
1.  Білімпаздық  –  білгіштік-танымдық  қажеттілік. 
Бұл  ұғым  барлық  балаларға  тән.  Н.Лейтестің  ойынша, 
баланың  бойындағы  білім  құштарлықты  дұрыс  арнаға 
бағыттап жетілдірсе, онда ол қабілеттің дамуына әрқашан 
ынта беріп отырады. 
2.  Мәселеге  аса  сезімталдық.  Ешкім  көрмеген, 
байқамаған жерден мәселені табу – шынайы дарынға ғана 
тән аса маңызды қасиет.
3.  Ойлаудың  шынайылығы  (оригиналдылығы). 
Шынайылық  –  бала  салған  суреттерде,  жазған 
шығармаларда  және  де  барлық  балалық  әрекеттерінде 
байқалады.
4.  Ойлау  иілгіштігі.  Шешім  қабылдауды  тез  және  
оңай орындай алу қабілеті.

51
5.  Ақыл-ой  нәтижелілігі.  Бұл  дарындылық  та 
шығармашылықтың дамуына ықпал етеді.
6.  Болжам  жасауға  қабілеттілік.  Бұл  барлық  бала-
ларға  тән.  Алайда  дарынды  балаларда  бұл  қабілет                                                                                                                 
жарқын  көрінеді.  Олардың  болжам  жасауы  тапсырма-
ларды  шешу  барысында  ғана  емес,  сонымен  қатар     
өмірлік шынайы жағдайларда да көрінеді. 
7.  Зейіннің  жоғары  құрамалылығы.  Дарынды 
балаға  зейіннің  жоғары  құрамалылығы  тән.  Біріншіден, 
тапсырмаға  терең  үңілу  керек,  екіншіден,  таңдалған 
мақсатқа  байланысты  еш  кедергіге  қарамастан  дұрыс 
бағытты  ұстану  қажет.  Бұл  жерде  дарынды  баланың 
күрделі  және  ұзақ  орындалатын  тапсырмаға  деген 
қызығушылығы көрінеді. 
8.  Есте  сақтау  қабілеті.  Дарынды  балалар  көп   
жағдайда  айналадағыларды  өздерінің  есте  сақтау 
қабілеттерімен  таңқалдырады.  Олар  көп  ақпаратты                                               
мида сақтап қана қоймай, ол ақпаратты жүйелеп, топтап, 
құрылымдап  сақтайды.  Мұны 
мнемикалық  қабілет                 
деп атайды. 
9.  Қызығушылықтар  және  бейімділік.  Дарынды 
балалардың  қызығушылығы  кең  болғандықтан  оның 
қабілетін,  қандай  салада  болса  да,  әрқашан  дамытып, 
қолдап отыру қажет. 
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар: 
- Дарынды анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;
-  Дарынды  оқушыны  жекелей  және  топпен  оқытуға 
арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, тұрақты 
жұмыс жүргізе алуы;
-  Дарынды  оқушыны  оқытудың  нәтижесін  нақты 
бағалай білуі;

52
-  Дарынды  оқушының  ғылыми-ізденіс  жұмыста-      
рына жетекшілік жасай білуі;
-  Дарынды  оқушыны  олимпиадалар  мен  сайыстарда 
жетістікке жете алатындай деңгейде дайындай алуы;
-  Дарынды  оқушының  ата-анасына  педагогикалық-
психологиялық көмек көрсете білуі.
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім 
сапасын,  қабілеттілік  деңгейін,  іскерлік  мүмкіндігін 
анықтайтын  адам  ресурстарын  дамыту  мәселелері  күн 
тәртібіне  өткір  қойылып,  адамның  білім  мен  біліктілігі 
қазіргі  кезеңде  мемлекеттердің  бәсекеге  қабілеттілігінің 
ең  маңызды  көрсеткішіне  айналып  отыр.  Бәсекеге 
қабілетті интеллектуалдылық күші жетік маман кадрлар 
болмайынша,  әлемдік  бәсекеге  төтеп  бере  алатындай 
экономика,  білім  саласы  дамымайды.  Қай  заманда  да 
интеллектуалдық  шығармашылық  қабілеттің  негізінде 
ғана ел өркениеті өркендемек.
Қазіргі  талантты  балаларды  дәстүрлі  сабақтар 
жалықтырары  сөзсіз.  Дарынды  оқушылармен  сабақ 
жүргізу  әрекетінде  мұғалімге  үлкен  міндеттер  жүкте-
леді.  Тапсырманы  түрлендіре  отырып,  дарынды  бала                                                                                                                                  
бойындағы  қабілетті  басты  назарда  ұстау  қажет. 
Тапсырмалар  ойлануға,  талдап  жинақтауға  құрылады. 
Түпкі  нәтижеде  оқушы  өздігінен  ізденеді,  зерттеу                                                                                                 
жүргізеді,  теорияны  тәжірибе  арқылы  талдауға 
талпынады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  мен  дамыта  оқыту 
технологияларына  негізделген  сабақтар  оқушының 
қабілетін  жан-жақты  ашуға,  оқушы  көзқарасын 
қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Сабақ  үдерісіндегі 
шығармашылық  бағыттағы  тіл  дамыту  жұмыстары, 
оқылған  көркем  шығармаға  рецензия  жазу,  тақырып 

53
бойынша  мәтін  құрастыру,  ойтолғау  жазу,  үлгілі  істер 
туралы  мақала  жазу,  әдеби  кейіпкерлермен  сырласу, 
оларға  ашық  хат  жазу,  рефераттар  қорғау,  тақырыптық 
кештерде  өзіндік  көзқарасын  білдіріп,  ұсыныс,  пікірлер 
айту  сияқты  ойлау  мен  жазу  әрекеті  арқылы  оқушы 
шығармашылық    жұмысқа  төселеді.  Осындай  өзіндік 
ойлау  мен  ізденушілік  әрекеттің  нәтижесі  оқушыны 
ғылыми-зерттеушілік жұмысқа бағыттайды.
Дарынды  оқушылардың  дүниетанымын  кеңейту, 
шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік қабілеттерін 
жетілдіруде  сыныптан  тыс  жұмыстарды  жүргізудің 
маңызы  зор.  Оқушылардың  пәнге  қызығуын  оқу 
бағдарламасы  шеңберінде  қанағаттандыру  мүмкін  емес, 
сондықтан  да  сыныптан  тыс  әр  түрлі  жұмыстар  жүргі-
зіледі.  Сыныптан  тыс  жұмыстардың  маңызды  ерекше-
лігі  –  оқушылардың  шығармашылық  мүмкіндіктерін 
жетілдіру.  Дарынды  балалардың  қабілетін  дамытуда 
ізденімпаздық шаралардың маңызы зор. Атап айтқанда:  
1.  Ғылыми  баяндама  жасау,  рефераттар  қорғау,               
жоба қорғау;
2. Пәндік олимпиадалар;
3. Абай, Шәкәрім, Мұқағали оқулары;
4. Зияткерлік ойындар, дебат;  
5. Ақындар айтысы.
Осындай  бағыттағы  жұмыстар  арқылы  бала  белгілі 
бір  шеберлікке  жеткен  соң  оның  шығармашылық 
қабілеті  дамиды,  өзіндік  идеясы  туып,  үлкен  ізденіс 
пайда болады. Мұндай әрекет шығармашылыққа баулып 
, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытуға, 
қиялын  ұштауға  және  өз  бетінше  ізденуіне  мол  әсерін 
тигізеді. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу 

54
арқылы  оқушылардың  қоғамдық,  шығармашылық 
белсенділігі  артады.  Сонымен  бірге  оқушылардың  іс-
әрекетке,  нәтижеге  жетуге  сенімділігі  қалыптасады, 
шығармашылық  ой-өрісі  кеңейеді,  дербес  жұмыс  істеу 
дағдысы жетіледі.
Жас  таланттың  бойындағы  табиғат  берер  ерекше 
қабілеті,  дарындылықты  тани  білу,  оның  әрі  қарай  
дамуына  бағыт-бағдар  бере  білу  –  жауапты  іс.  Алайда 
әр  баланың  жеке  қабілетін  анықтап,  оны  сол  бағытта 
жетелеу – ұстаз парызы. Егер өз заманының озық өнегесін 
санасына  сіңіріп,  оларды  шығармашылық  бағытта  жан-
жақты дамыта алсақ, қоғам алдындағы ұстаздық парызды 
ақтаған  болар  едік.  Ендеше,  бүгінгі  таңда  ұлттық  рухы 
жоғары, білімді, дарынды ұрпақ тәрбиелеп шығару – әр 
педагогтің  алдында  тұрған  ең  маңызды  міндет  болып 
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Қазақстан  Республикасы  стратегиялық  дамуының 
2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы.
2.  С.Б.Бабаев,  Ж.К.Оңалбек.  Жалпы  педагогика.                        
А., 2006.
3.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  әдістемелік  жұрналы,            
2/2013.
4.  «Қазақ  әдебиеті  және  мемлекеттік  тіл»  ғылыми-
әдістемелік жұрналы, №4(16), 2010.
5.  «Қазақ  әдебиеті  және  мемлекеттік  тіл»  ғылыми-
әдістемелік жұрналы, №2(14), 2010.
6.  Ә.Дүйсенова.  Мұғалім  –  мектептің  жүрегі.  А.,                 
2005.
7. Қ.Жарықбаев. Психология. А., «Білім», 1993.
8. Ж.Б.Қоянбаев. Педагогика. Астана, 1998.

55
Тиімді әдіс – баршаға ортақ
Сандуғаш САМАШЕВА,
Жанар ӘЗІРБАЕВА,
Өскемен қаласындағы 
№34 мектеп-лицейдің
қазақ тілі пәнінің 
мұғалімдері.
ЖЕКЕ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ 
БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС
Қазіргі білім беру «Жалпы білім беретін мектептердің 
білім-білік  дағдыларын  біртұтас  жүйе  ретінде 
қалыптастыру  керектігін  көрсетеді.  Қазіргі  білім           
мазмұны  білім  сапасын  анықтайтын  өзіндік  тәжірибе 
әрекеті  және  оқушылардың  жеке  бас  жауапкершілігін, 
дәлірек айтқанда, білім мазмұнын анықтайтын біліктілік 
кілтін табуға талпынуымыз қажет». 
Педагогика-психологиялық  зерттеулер  мен  біздің 
педагогикалық  тәжірибеміз  балалардың  білім  және    
әрекет  икемділіктерін  әр  түрлі  етіп  көрсетеді.  Еске                                                                                                                         
сақтауда  ырғақ,  деңгей,  ойлау  бейнесінің  әр  түрлілігі 
ұзақ уақытқа дейін сақталғандығы ақыл және оның басқа 
жағдайда  тасымалдануы  баланың  жеке  тұлға  ретінде 
дамуына ықпалын тигізеді. Кез келген оқушы тек берілген 
тапсырманы  белгілі  мөлшерде  орындап  қана  қоймай, 
мұғалімнің  стандартқа  сай  талабын  іске  асыруы  керек. 
Жоғарыда айтылғандай, менің педагогикалық  әрекетімнің 
мақсаты  –  оқушының  білім  жолындағы  әрекетінің  іске 
асуы барысында жағдай жасау.

56
Мақсатымызға  жету  жолында  мынандай  міндеттер 
қоямыз:
-  оқушының  өз  қызығушылығына  қарай  алатын             
білімін жоспарлай білуі;
-  өз  оқу  дағдысын  және  оған  сай  дидактикалық 
материалдарды талдай білуі;
-  өз  білім  нәтижесін  бақылау  барысында  талдауды 
(мониторинг) пайдалануы;  
Қазіргі  жаңа  технологиялар  жүйесінің  көбі  жоба 
жұмысындағы  жеке  даму  бағдарламасы  арқылы  тиімді 
екенін  көрсетіп  отыр.  Жоба  технологиясы  зерттеу 
әрекетінің  рухани  және  белсенді  амал  әрекеті  арқылы 
оқушының  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  үлкен 
мүмкіндіктер  ашады.  Әдістеме  негізі  –  оқушылардың 
жан-жақты  дамуына,  білімін  өздігінен  құру  және 
ақпарат кеңістігінде дұрыс жол табу.  Бұл әдістеме бізді 
әр      облыстан  келген  балалардың  ортақ  мәселелерін 
шешу,  тәжірибе  барысында  алған  білімдерін  қолдануға 
мүмкіндік береді. Біздің жоба  ғылыми-зерттеу әдістемесі 
шығармашылық  белсенділікті,  жаңа  ой-пікірді,  жеке 
басының  және ұжым жауапкершілігін арттыруда құрама 
және басты бөлімі болып табылады
.
Аймақтық    компонент  облыс,  республика  көлемінде 
мынадай  жобалардың  тууына  мүмкіндік  берді.  Баланың 
табысты  оқу  бақылауына  мына  білім  қорытынды 
диагностикасы ұсынылды:
1. Бақылау жұмыстары;
2. Бағдар қағазы.
Бағдар  қағазы  оқушының  өзіндік  жол  көрсетуге, 
дұрыс  жол  таба  білуіне  көмектеседі.  Бағдар  қағазы  өз 

57
қызығушылығына  қарай  жоспарлаған  оқу  тақырыбына 
кіреді. Бағдар қағазы салынған оқу материалы нақтыдан 
–  абстрактіге,  жеңілден  –  күрделіге  жетелейді.  Бағдар 
қағазы оқушының хал-жағдайын білдіретін құрал:
1. Оқу әрекетін жоспарлау;
2.  Арнайы дағдыны дамыту үшін материал таңдау;
3.    Сыныптастарына  қарағанда,  өзінің  бір  қадам                      
алға жылжығанын көру;
4.  Ғылыми-зерттеу жұмысына кірісу.
Бұл үшін біздің мектепте бар жағдай жасалған. Міне, 
көп  жыл  бойы  шығармашылығы  мол  және  талантты 
балалар  мен  ұстаздардан  құралған    «Светоч»  ғылыми-
лицей қоғамы жұмыс атқарып келеді. Ұстаздар өздерінің 
болашақ зерттеушілеріне барлық жағдай жасаған. Жобаға 
арналған тақырыптар беріледі, оқу сабақтары жүргізіледі. 
Болашақ  зерттеу  жобаларын  балалар  жоба  әрекеті                          
және жеке бағдар арқылы өздері таңдап алады.
Өткен  жылы  «Зерде»  атты  ғылыми  жобада  қазақ                     
тілі пәнінен балалар 1-2-орындарды иеленді:
Самарханова  Диана  –  4-сынып  оқушысы,  1-орын. 
Республика көлемінде.
Тұрсынова  Гүлдана  –  2-орын,  «Жарқын  болашақ». 
Ханжарова  Виктория  –  6-сынып  оқушысы  қазақ  тілі 
пәнінен Республикалық олимпиада жеңімпазы. Облыстық 
олимпиада  жеңімпаздары:  Нестеренко  Юлия,  Жмайлова 
Варвара, Садвакасова Адия, Виниченко Маргарита. Міне, 
бірнеше  жыл  көлемінде  қазақ  тілі  кафедрасы  Шығыс 
Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  ұстаздарымен 
бірлесе  жұмыс  атқаруда.  Осы  бірлескен  жұмыс                        
біздің табысқа жетуімізге үлестерін қосуда.

58
Әдеби кеш
Майра БЕЙСЕБЕКОВА,
Алматы қаласындағы
№97 жалпы білім 
беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
СҰЛТАНМАхМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ. 
«ҚАМАР СҰЛУ» РОМАНЫ
                                   (Жалғасы. Басы №8 санда)
Автор: 
- Уәделі күні дүние аямай Нұрым келді. 
Ел: 
Бай деп, кісі деп Нұрымды айт.
Ел: 
-  «Кәріліктің  алды,  жігіттіктің  соңы»  деп  шіркін             
ерледі ғой.
Ел: 
-  Қамар  секілді  қосағының  тұс  келуі  сонысына                           
қарай ғой.
Ел:
- Ой, өркенің өссін! Алғаныңмен қоса ағар!
Ақын:
- Ат берсең алты алашқа мақтар едім,
  Аузымды өле-өлгенше  сақтар едім.

59
  Басқан жер, барған елде жайып салып,
  Ат берген қызметіңді ақтар едім,-
дегенде  жорға  Нұрым:  -  «Е,  еһ,  Жұмабайшы,              
Жұмабай»,-  деп  қасындағы  ат  қосшысын  көрмей, 
шақырды.
Жұмабай: - Не айтасыз?
Нұрым: 
-  Баршы,  астымдағы  жүз  теңгелік  жорғамды,  елу 
теңгелік  ер-тоқымымен  мынаған  әкеп  мінгізші!    Мынау 
шапаның.  Ал,  мынаған  салыңдар!  -  деп  үстіндегі                 
шапанды шешті.
Жұрт: 
-  Бәрекелді!  –  деп  бірі  бәкі,  орамал,  ақша  сала                  
бастады.
Автор
-  Жалғыз  не  жылай  алмай,  не  қолынан  ештеңе                        
келмей Омар ғана қайғылы.
Омар: 
- Бір күн тойса есектер
  Ми жоқ алдын есептер.
Қамар (Қамар құрбысының тізесіне басын қойып):
- Көр, міне, Қамар қандай, аға, бауыр!
  Келе ме қайта айналып өткен дәуір?
  Еріксіз бір есекке қостың, елім,
  Дүниеде не қорлық бар онан ауыр?
  Шынымен сол Нұрымға кеткенім бе,
  Бәлеге құтылмастай жеткенім бе?
  Малы көп, мал сияқты пасық қақпас,
  Жанымды  соған  құрбан  еткенім  бе?  Еткенім  бе? 

60
Еткенім бе?! – деп талықсып жығылып кетті. Су бүрікті, 
бетінен соғып есін жиғызды.
«Қол  ұстатарды»  тосқан  келіншектер  тоңып  кетті. 
Шымылдық  ішінде  тықыршып  отырған  Нұрым:  -  Бұл 
немене? Болсаңдаршы,- деді.
Қамар  жалынып  келген  адамды  жұлып,  әлдеқашан 
жатып қалған.
Оспанның әйелі: 
- Қашанғы бұған әке-шүке деп жалынамыз? Міне, таң 
атты, жүріңдер! Алып жүр! Не заман? Ұят-ай! Сақалды 
басы...  Ойбай-ай!  Болыс  басымен  әлі  тосып  отыр,  әлі 
тосып отыр. Тұр. Мұның ықтиярына көне берсең...
Әйелдер: 
- «Ал»,
Жұлмалап, 
шырылдатып, 
жылатып, 
әйтеуір            
Нұрымның қасына әрең әкелді.
Қолын ұстатты, шашын сипатты.
Әйелдер: 
-  «Міне,  жаным,  әйтеуір  сіз  үшін  көрмегенді  көріп, 
қолыңа  әкеп  тапсырдық.  Обалың  өзіңе»  -  деп  кәдесін 
алып шығып кетті.
Нұрым  аймалап,  сүймекші  болып  еді,  Қамар 
қалшылдап, басын бөренеге соқты.
Нұрым: 
- Маһ! Моһ! Неге... неге? 
Қамар: 
- Не болды, жарықтық, тоқтай тұршы, сөйлесейік, - деп 
алдап тоқтатты.
Айтайын шын сырымды ауызба-ауыз,
Дөңкиген күйек сақал, сасық ауыз!

61
Ақ жүзді, ақыл-ойлы ақ сұқсырға 
Дәрі емес мал секілді малды жауыз.
Уай, шіркін, өмір сүрмек меніменен,
Мал шашып, маңызданған ебіменен.
Өлсем де отқа күйіп, суға түсіп,
Бір минут тұра алмаспын сеніменен.
Нұрым: 
-  «Қап,  бәлем»  деп  ызаланды,  қорланды.  Ат  берген 
өлеңшісіне,  -  Маған  өлең  шығарып  бер,  деп  Қамарға  
берді.
Нұрым:  
- Әй, Қамар, бұлқынсаң да түстің торға,
  Абайлап қарасайшы оң мен солға.
  Бекерге тәтті аузыңның дәмі кетер,
  Тілімді ал, осы күннен әуре болма.
  Енді біл, жатар орның жайлап қойғам,
  Басыңды қу қазыққа байлап қойғам.
  Барар жер, басар тауың – бәрін-дағы
  Өл десем өлетін қып сайлап қойғам.
  Әрине, сөз сенікі келмей кетсең,
  Келер болсаң, иттей қып басқа тепсем.
  Ішкізіп итаяқтан сары суды,
  Дүниеде арманым жоқ соған жетсем.
Қамар жауап жазды:
- Ол рас, менің жоқ қой басар тауым,
  Нәрсенің көз алдымда бәрі – жауым.

62
  Жалғыз-ақ тиыш жерім – қараңғы көр,
  Сонда барып жатамын, бар ма дауың?
  Етімді сен сипаған құрттар жесін!
  Қабырдағы хашарат «жұрттар жесін».
  «Ауызға сөз, маңдайға көз боп жүріп,
  Қор болған, міне, осылай Қамар»- десін.
Кеш.  Үйлерде  шам  жағып,  жұрт  шайларын  ішіп 
болған.
Пышағын  қайрап,  қамшысын  сабап  жүрген  Бәйтек 
молда: - «Қане! Дастарқан, неке... су, күміс салу керек... 
куә, куә», - деп сыбанып кірісе бастады.
Омар  бұрышта  төмен  қарап  жермен  жер  болып 
отыр.
Бір қыздың қолтығына тығыла зарлап Қамар жатыр.
Куәлікке  адам  табылмады,  бәрі:    «Қамарға  бетіміз 
шыдамас»,- деп қашады. Зорлап біреуді тұрғызады.
Молда: 
-  «Бар!  Сұрап,  ырымын  қылыңдар.  Ата-анасы                     
берген соң жетеді, сонда да...»
Қамар (Шыдамай орынынан жұлынып тұрады да):
- Жұртым-ау, Құдайыңды ойлаймысың,
  Ұстап сату әдетін қоймаймысың?!
  Көптен бері зарлаттың аямастан,
  Жетер енді со-дағы, тоймаймысың?!
  Жұртым-ау, Қамар қандай, Нұрым қандай?
  Құрым сақал, қоңқиған мұрын қандай?
  Нұр шашып, жалт-жұлт етіп жайнаған жүз,
  Қарашы, бүгін қандай, бұрын қандай?

63
Қолына  кітабын  ала  салып,  Нұрымға  жақсы  көріну 
үшін Бәйтек молда: 
- «Қой, балам, жетер енді».
  Бармаймын матасаң да, байласаң да,
  Кәрі итті алтын жағып майласаң да.
  Өлемін осы арада соны көрмей,
  Көнбеймін бұғаулатып айдасаң да.
  Жүретін сойып сатып, жасы-қарты
  Мал емес төрт аяқты әйел халқы.
  Уау, молда, түзулікті айт Құдай үшін:
  Жоқ па еді күпу* деген неке шарты 
(*тең, дәрежесі бір)
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет