Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет3/9
Дата12.06.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

V. 
Оқу 
үдерісінде 
оқушылардың 
өзіндік 
жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі.
Қазіргі  кезде  Қазақстан  мектептерінде  педагогика-
лық  үрдістің  сапасын  көтерудің  бай  тәжірибесі 
жинақталып  келеді.  Солардың  бірі  –  педагогикалық 
үрдісте  оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілеттерін 

35
дамытуда  өзіндік  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыру.          
А.Байтұрсынұлының  пікірі  бойынша,  бала  білімді 
тәжірибе  арқылы  өздігінен  алуы  керек.  Мұғалімнің  
қызметі  –  оның  білімі,  шеберлігі  ұзақ  жолды  қысқарту 
үшін  балаға  жұмысты  әліне  қарай  шағындап  беру  мен 
берік  белгілеген  мақсатқа  қарай  түзеп  отыру  керек. 
Оқушылардың  өзіндік  жұмыстарының  мән-мағынасын 
ұйымдастырудың  тәсіл-амалдарын  бір  ғана  белгімен 
сипаттауға болмайды.
Оқушылардың  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру 
мұғалімнен  шығармашылықты,  шеберлікті;  жоғары 
әдістемелік  дайындықты  талап  етеді.  Өзіндік  жұмысты 
ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: 
- мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;
- жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
-  мұғалімнің  басқаруымен  оқушылардың  дербес- 
тігінің өзара байланысы – олардың жұмысты өз еркімен 
және қолдарымен істеу, оған әсер ететін мотивтер;
- өзіндік жұмыс барысында орындалатын есептердің 
мазмұнын оқушы түсінуі керек;
-  оның  орындалуы  жайлы  оқушыларға  нұсқау  беру 
керек;
- жұмыстың орындалуын қадағалау керек;
- өзіне-өзі талдау жасау, байқау;
-  оқушылардың  жұмысын  тексеру,  қателерін            
анықтау. 
Оқушылардың  өзіндік  жұмысына,  мұғалімнің 
тапсырмасы  бойынша,  өздері  жоспар  жасап,  істің 
тәсілін  анықтап,  оның  нәтижесін  бағалап  орындайтын 
жұмыстары  жатады.  Сонымен  қатар,  оқушылардың 
өзіндік  жұмысының  жоғары  түріне  олардың  өз  еркімен 
жаңа амал-тәсілдер  қолданып жасайтын шығармашылық 

36
жұмыстары жатады. 
Оқушылардың  өздік  жұмыстарын  тиімді  ұйымдас-
тыру  сабақ  сапасының  артуына    септігін  тигізеді.  Өздік 
жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық 
материалдармен,  түрлі  анықтамалық  кітаптармен,  газет-
жұрналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен 
білім  алуға  талпынады.  Жұмысы  нәтижелі  болса, 
оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Дидактикалық  тұрғыдан  дұрыс  ұйымдастырылған 
жұмыс  білімді  тереңдетуге,  толықтыруға,  дағды 
мен  іскерлікті  қалыптастыруға,  танымдық  әрекетке  
қызығушылық туғызуға, таным үрдісінің әдіс-тәсілдерін 
игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес 
жұмыс  істеу  және  ғылыми  жұмыстармен  айналысуға 
мүмкіндік жасайды. Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да 
басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат 
қоюшылық, ізденушілік, қызығу, т.б.) қалыптасуына әсер 
етеді.
Оқу-тәрбие  үрдісін  даралауда  оқушыны  жеке  тұлға 
ретінде қабылдау, яғни, оқушының өзіндік танымдық іс-
әрекетін  қалыптастыруға  бағыттауда,  білім  беруде  жеке 
оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осы бағытта оқушыны 
берілетін  жекелей  тапсырмалармен,  үйренушілік, 
алгоритмдік,  эвристикалық,  шығармашылық  деңгеймен, 
құбылысты  өз  бетінше  талдай  келіп,  шағын  ғылыми 
шығармашылық  тұрғыдан  зерттеу  жұмысын  жүргізуге 
баулу  керек.  Бұл  оқушыға  «кішкентай»  жаңалық 
ашқанмен  бірдей.  Өзіндік  жұмыстың  негізгі  мақсаты 
–  оқушылардың  танымдық  міндеттерін  қалыптастыру, 
шығармашылық  қабілеттері  мен    қызығуын  жетілдіру, 
білімге  құштарлығын  ояту.  Мұғалім  сабақта  түрлі  әдіс-
тәсілдерді  пайдалана  отырып,  балалардың    ұсыныс-

37
пікірлерін  еркін  айтқызып,  ойларын  ұштауға  және 
өздеріне  деген  сенімін  арттыруға  мүмкіндік  туғызып 
отыру қажет. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ 
оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, 
баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге 
үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалану арқылы  
қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары 
баланы  іздеп,онымен  жұмыс  жасау,  оны  жан-жақты 
тануды  ойлап,  оқушылардың,  шығармашылық  деңгейін 
бақылап отыру – әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. 
Өзгеріске,  жаңалыққа  толы  бүгінгі  заман  мұғалімге 
«сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  ерен  қасиет  иесі  болуды 
міндеттейді.  Ұстаз  алдында  отырған  бірі  шапшаң,  бірі 
баяу, енді біреулері төмен қабылдайтын, зейіні, қабілеті, 
қабылдауы, есте сақтауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне  
жол тауып олардың шығармашылық қабілетін дамыту – 
күрделі құрылым екені даусыз. 
Профессор  Р.Г.Лембергтің  пікірінше,  оқушылардың 
өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыру  мына  шарттарға 
байланысты:  оқушылардың  істейтін  жұмысының     
мақсатын айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, 
оның 
алдағы 
нәтижесіне 
қызығуы; 
жұмысты  
оқушылардың  өз  еркімен,  қалауымен  орындауын                                                       
көздеу керек.
Оқушылардың  оқудағы  танымдық  іздемпаздығы  мен 
белсенділігін  қалыптастыру  мәселелерін  іс-жүзінде 
шешудің әр түрлі жолдары бар: 
-  танымдық  іс-әрекеттің  дербестігін  қалыптас-     
тыратын  өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  мен  оқу 
міндеттерін іріктеп шешу;
- танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру;
-  іс-әрекеттің  бағдарланушылық  негізін  құрайтын 

38
жалпылама білім енгізу;
- оқытуға әдістемелік білім енгізу;
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту.
Егер  мұғалім  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырса, 
оқушылардың  алдына  қойылған  мақсат  та  айқын  болса, 
онда  орындалған  өздік  жұмыстың  сапасы  да  ойдағыдай 
болады.  Бастауыш  сыныптарда  оқытудың  маңызды 
мақсаттарының  бірі  –  оқушыларда  өз  бетінше  жұмыс 
істеу  дағдыларын  қалыптастыру.  Ендеше,  бастауыш 
сыныптардан  бастап,  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс 
істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: 
жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп тұжырымдау, 
жаңадан  өтілген  ұғым  бойынша  өздігінен  ой  қорыта 
білу,  т.б.  Осындай  іскерліктерді  қалыптастыру  –  оқу 
барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар 
және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
VІ. Қорытынды.
Оқушылардың 
өзіндік 
жұмыстарын 
тиімді 
ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. 
Теориялық  білімнің  терең  бекіп,  жүйелі  қалыптасуына 
өздік  жұмысқа  берілетін  тапсырмалар  дұрыс  таңдап 
алынып, құрастырылуы байланысты болады.
Оқушының  өзіндік  әрекетінің  нәтижесінде  оның 
бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздылығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы;
3.  Берілген  білімді  игеру  ғана  емес,  оны  жаңалап      
және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті;
4. Жеңілден қиынға қарай қиналмай өтуге үйренеді;
5. Рухани байлығы молаяды;
6.  Басқа  оқушының  түсіндірмелеріне  сын  көзбен           
қарау;

39
7. Өз ойының дербестігі.
Қорыта  келгенде,  оқушыны  өздік  жұмысын  жасауға 
үйрету негізінде әрбір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын 
қалыптастыру,  білімділік  деңгейін  көтеру  болып 
табылады.
Бүгінгі  таңда  ғылым  мен  техника  қарқындап  өсіп 
отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, 
олардың  барлық  жетістіктерін  енгізу    мүмкін  емес. 
Осы себептен де мектеп  ертеңгі білімнің негізін қалап, 
оқушылардың  өздігінен  ізденіп,  білім  алуларына 
мүмкіндік  жасауы  тиіс.  Сапалы  оқыту  және  өздігінен 
оқып  білім  алуға  баулу  негізінде  ғана  оқушылардан 
парасатты  азамат  тәрбиелеп  шығуға  болады.  Осыған 
орай,  мектеп  бітіретін  әрбір  оқушы  ғылым  негіздерінің 
жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білім 
мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл – өскелең өмір 
талабы.  Көрнекті  педагог  В.А.Сухомлинский:  «Сабақ 
жасөспірімдердің  интеллектуалды  өмірінде  құр  ғана 
сабақ  болып  қоймас  үшін  ол  қызықты  болуы  керек. 
Осыған  қол  жеткенде  ғана  мектеп  жасөспірімдер  үшін 
рухани өмірдің ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті 
иесі мен сақтаушысына, кітап – мәдениеттің баға жетпес 
қазынасына  айналады»  деп  айтқан  екен.  Олай  болса, 
қызықты сабақтар – мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік 
қолтаңбасы,  әдістемелік  ізденісі,  көтерілген  белесі, 
абырой, атағы, мақсат-мұраты.
Ұстаз көкейіндегі шәкірттерді өзіне баулып алу үшін 
«Не  істей  аламын?»,  «Не  істеу  керек?»  деген  сұрақ-
сауалнама  әрекетке,  әрекет  нәтижелер  жобасына,  ал 
нәтижелер  жобасы  –  практикаға  енгізуге  жетелейді.  Ал 
практиканың ақиқат өлшемі – білім сапасы болмақ.

40
Мұғалімдерге көмек
Эльмира ОМАРОВА,
Ақтөбе қаласындағы
№23 орта мектеп-лицейінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
БЕЛСЕНДІ ОРТАНЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
МҰҒАЛІМНІҢ 
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІНДЕ
Бәрімізді  бүгінгі  таңда  алаңдататын  мәселе  – 
жас  ұрпақтың  сапалы  білімді  игеруі.  Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев  «Білімді,  сауатты  адамдар,  бұл  –  ХХІ 
ғасырда  адамзат  дамуының  негізгі  қозғаушы  күші»  [1, 
25-бет]  деуінің  өзі  –  үлкен  көрегендіктің  белгісі.  Білім 
бере  отырып,  тиімді  жолмен  жаңа  заман  тұлғасын 
қалыптастыру    әр  ұстаздың  мақсаты  екені  анық.  Білім 
мазмұнын  жаңартудың  ғылыми  негізіне  оқушы  белгілі 
бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің 
субъектісі,  әр  түрлі  мәдениеттер  мен  өз  көзқарасы 
тұрғысынан  білімді,  сауатты,  өз  ойын  дұрыс  әрі  шебер 
жеткізе білетін, мәдениетті тұлға екені жатады.
Бүгінгі  таңдағы  оқыту  үрдісі  жаңа  әдіс-тәсілдерді, 
жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз  
іс-тәжірибесінде  көптеген  қиындықтармен,  кедергілер-
мен  кездеседі.  Ол  заман  көшіне  ілесу  үшін  өз  білімін                                                                                                                 
жетілдіріп  отыруы  қажет.  Осыған  орай  Қазақстан  
Республикасының  педагог  қызметкерлерінің  білік-

41
тілігін  арттыру  курстарының  үшінші  (негізгі)  деңгей 
бағдарламасы  негіз  болмақ.  Бағдарламаның  негізгі    
міндеті  –  қазақстандық  мұғалімдерге  педагогикалық 
тәжірибелерін  жетілдіру        мен  бағалауға  көмектесу. 
Сондықтан  оқыту  мен  оқудың  қазіргі  заманғы  әдістері 
мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен 
өзара  байланыста  қарастырылады.  Осы  Бағдарламаның 
негізгі  қағидаты  –  тәжірибелік  қызметті  нақты  ғылыми 
зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып 
табылады [2, 12-бет].
Білім  –  адамзаттың  терең  және  үйлесімді  дамуын 
бекітетін құралдардың бірі. Оқушылардың білімін көтеру 
ісі, ең алдымен, тікелей ұстазға байланысты. Жоғарыдағы 
бағдарламаның  жеті  модулінде  қарастырылған    идеялар 
сабақта  пайдаланылатын  жекелеген  стратегиялар  мен 
тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. 
Оқушылар  өзінің  түсінігін  өзіндік  зерттеулері  мен 
әлеуметтік  өзара  байланысқа  сәйкес  құратын  белсенді 
білім  алушылар болып табылады. Диалог негізінде білім 
беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және 
мұғалім    мен  оқушы  арасындағы  диалог  шәкірттердің 
өзіндік  ой-пікірін  жүйелеуі  мен  дамуына  көмектеседі. 
Менің  күнделікті  сабақтарымда  байқайтыным,  диалог 
барысында оқушылар нәтижеге жету үшін жұмыс істейді. 
Диалогтің тиімділігі, ең алдымен, ес пен тілді дамытады, 
оқушылардың  оқу-танымдық  қызметін  белсенді  етеді, 
оқушылардың  білім  деңгейі  белгілі  болады,  тәрбиелік 
күші  бар  және  мұғалім  тек  қана  бағыт-бағдар  беріп 
тұрады,  ал  оқушылар  өз  бетімен  жұмыс  жасай  алады.  
Оқушылар сабақты қалай оқу керектігін меңгереді және 
дағдыланады. Яғни, метатаным пайда болады. Өздері ой 
қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.   

42
Сабақтағы  басты  тұлға,  басты  кейіпкер  –  оқушы. 
Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең 
ойлауға,  зерттеуге  дағдыларын  қалыптастыру  қажет. 
Менің  күнделікті  сабақтарым  әрдайым  диалог  негізінде  
құрылады.  Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа 
адамдармен,  топпен  қарым-қатынас  орнатуға,  жалпы 
нәтижеге  қол  жеткізуде  өзіндік  пікірін  білдіруге,  басқа 
ұлт  өкілдерімен  қарым-қатынас  диалогына  түсе  алуына 
мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен 
тіл мен әдебиет сабақтарын оқыту үрдісінде қалыптасады 
[3, 14-бет]. Осы кезде топтық жұмыс арқылы оқушы мен 
оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогті 
тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алуға 
болады. Нәтижесі таңғаларлық! Өз ойларын жарыса айтып, 
қызу пікірталас тудыра бастайды. Тілді оқыту  барысында  
қарым-қатынас  орнату,  сөйлеу  жағдаятын  қалыптастыру 
оқушылардың    өзара  немесе  оқытушымен  сөйлесуіне, 
сұрақтарға  жауап  іздеуіне  құлшынысын  арттыратыны 
сөзсіз.  Күнделікті  сабақтарымда  сабақтың  тақырыбын 
ашу  үшін  оқушылардың  жас  ерекшелігін  ескеріп,  түрлі 
тақырыптарда  мультфильмдер  көрсетемін.  Сондықтан 
жас  ерекшеліктеріне  сәйкестендіріліп  көрсетілген 
мультфильм  метатанудың  маңызды  аспектісі  ретінде  өз 
бетінше жұмыс істеп, өз бетінше сабақ  мақсатын ашуға 
түрткі  болады.  Тақырыптарды  ашу  үшін  сұрақ-жауап 
әдісін пайдаланамын. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне 
қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрі: төмен 
дәрежелі  және  жоғары  дәрежелі  сұрақтарды  [2,  41-бет]  
қолданылатындығын ескеріп, төменгі дәрежелі  сұрақтар 
қоюдан  бастауға  тырысамын.  Тіл  үйрену  сабақтарында 
сұрақ  дұрыс  қойылған  жағдайда  сабақ  берудің  тиімді 
құралына  айналатындығы  сөзсіз.  Себебі  білім  беруде                                                                                                 

43
орыс    тілді  мектептердегі  балаларға  тіл  үйренуінде 
диалогтің  маңызы  әлдеқайда  зор,  оқушылармен  тікелей 
байланыс  жасап,  әрдайым  ой  тастап  отыру  керектігін 
сезіндім. 
Қазақ  тілі  сабақтарында  салыстыруға  арналған 
тапсырмаларды,  мәселен,    Венн  диаграммасына  салып 
берсем,  сызбаны  оқушылар  қызыға  толтырды,  яғни, 
салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.  
Сабақты бекіту кезінде көбінесе тақырыпқа сәйкес «бұл 
қалай?  неліктен?  сіздер  қалай  ойлайсыздар?  сөзіңді 
дәлелдеп  көр»  деген  жоғары  дәрежелі  сұрақтар  арқылы 
сыни  тұрғыда  ойланып,  жауап  беруіне  жетелеймін. 
Оқушылардың  берген  жауаптары  жаңа  тақырыпты 
қорытындылауға,  сол  бойынша  ой  түюге  әкеледі.  Осы 
сұрақтар  арқылы  ойы  ұтқыр,  сыныпта  ерекшеленетін 
дарынды  оқушылардың  да  жауабы  назарға  алынады. 
Оқушылардың  білім  алуын  қолдау  үшін  сұрақ  қоюдың 
түрткі  болу  (сұрақтар  қарапайым  етіп  қойылған,  өткен 
материалға оралып, толығырақ жауап беруге итермелеу), 
сынақтан  өткізу  (мәселен,  мысал  келтіре  аласыз  ба?)  
және  қайта  бағыттау  сияқты  әр  түрлі  техникаларын 
[2,  41-бет]  сабақтарымда  пайдаланып  жүремін.  Соның 
барысында  мен  оқушылардың  сауатты  жазып  қана 
қоймай,  сауатты  сөйлеуіне  баса  назар  аударамын  және 
қателерін  өздеріне  түзетуге  көңіл  бөлемін.  Сұрақ  қою 
арқылы мен оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауына ықпал 
етіп  отырамын.  Бұрын  біз  оқушыларға  жалпы  сұрақтар 
қойып,  білмесе  ойлануға  уақыт  бермей,  өзіміз  жауап 
қайтаратын  едік.  Ендігі  кезекте,  сыныптағы  диалогтің 
маңыздылығын  ескере,  оқушыларға  жетелеуші  сұрақтар 
қоя отырып, ойлануға уақыт берсең, жақсы нәтижеге қол 
жеткізуге  болатынын  байқадым.  Бұдан  диалог  арқылы 

44
оқыту  мен  сыни  тұрғыдан  ойлау  стратегияларының 
ынтымақтастығы  көрінеді.  Оқытудағы    диалог    рөлін 
арттыру  мақсатында  әзірлеген  іс-әрекет  кезінде  мұғалім 
мен  баланың  бірігіп  тапсырманы  орындауына,  өзара                                                              
білім алмасуына жағдай туғызу керек. 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  меңгеруде    АКТ-ның 
рөлі  ерекше.  Бұған  дейін  жиі  пайдаланбайтын  сандық 
технологиялардың  уақытты  үнемдеуге,  сондай-ақ 
оқушылардың  көру  арқылы  есте  сақтау  қабілеттерінің 
дамуына  ықпалы  зор  екендігі  сөзсіз.  Интерактивті 
тақтаның,  ғаламтордың  көмегімен  оқушылардың  пәнге 
деген қызығушылықтарын арттырдым. Сабаққа арналған 
тест,  диктант  және  шығармашылық  тапсырмаларды 
электронды  оқулықтан  алып  орындату  уақытты  үнем-
детеді. Мемлекеттік тілді оқыту барысында  ақпараттық 
технологияларды  пайдаланып,  түрлі  презентациялар 
мен  бейнежазба  (мультфильм),  музыкалық  бейнеүзінді, 
ғаламтор суреттерін және электронды оқулықпен жұмыс 
жасаймын. 
Мен  осы  бағдарламаның  стратегияларын  тәжірибе 
жүзінде қолдану барысында, ең бастысы – оқушылардың 
сабаққа  ынтасы    артып,  олардың  бір-бірімен  пікір 
алысып,  ой  бөлісіп,  ашық  сөйлеуі,  еркін  сөйлеу 
дағдылары  қалыптаса  бастағанын  байқадым.  «Баланың 
ізденіп  білім  алуы,  талаптануы  оның  қызығушылығын 
оятып,  тәрбиелеген  жағдайда  ғана  жеміс  бере  алады»,-
деген  Ыбырай  Алтынсарин.  Өздеріне  сенімсіздік 
білдіріп,  тысқары  отыратын  оқушылар  да  ойларын  аз 
да болса жүйелеп, еркін айта бастайды, қызығушылығы 
оянады.  Осы  кезде  деңгейлері  әр  түрлі  оқушылар, 
соның  ішінде  талантты  оқушылар  да  әр  сабақтарымда 

45
деңгейлік  тапсырмалар,  шығармашылыққа  жетелейтін 
бес  жолды  өлең  жазу,  таныстырылым  дайындау,  т.б 
сияқты  тапсырмаларды  күнделікті  беруге  тырысамын. 
Бұл  оқушылардың  білімін  саралап  бақылауға  септігін                     
тигізеді.  Осылайша  дарынды,  талантты    оқушыны 
анықтап алу үшін оңтайлы әдіс болмақ. 
Бәрімізге  белгілі,  біздің  оқушыларымыз  мұғалімнің 
бағалауына әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, 
келесіде жақсы баға алу үшін не істеу керек деген талдау 
жүргізілмегендіктен,  оқушылар    үнсіз  кете  беретін.  Ал, 
жаңаша  оқыту  әдісінде  оқушыларды  бағалауға  көбірек 
көңіл  бөлуіміз  керек.  Мен  өз  тәжірибемде  бағалаудың 
әр  түрін  қолдануға  тырысамын.  Себебі    жеке,  жұптық, 
топтық бағалау  бойынша бала өзін және өзгені бағалауды 
да  салыстыра  отырып,  шынайылыққа  да  үйренеді. 
Сабақтарымда  көбінесе  бағалау  парағын  пайдалансам, 
оқушылар  бірін-бірі,  өзін-өзі  өздері  құрған  бағалау 
арқылы  бағалауын  талдай  отырып  белсенді  орындаса,   
сол  сияқты  жетон  арқылы,  балдық  жүйе,  жиынтық                                                                                                                         
бағалау  мен  мадақтауды,  «үш  шапалақ»,  «екі  жұлдыз, 
бір  тілекпен»  топтық  бағалауларды    міндетті  түрде 
қолданамын.  Ғалым  И.И.Чеснокова  өзіндік  бағалауға 
зор  мән  бере  отырып,  әр  түрлі  әлеуметтік  әрекеттестік 
барысында  өзіндік  баға  да  өзгеріске  ұшырап,  түзетіліп 
отырады  деген  пікір  білдіреді  [4,  8-бет].  Ал  сабақтарда 
оқушылар өзін-өзі немесе өзара бағалауда қиналғандары 
күнделікті  сабақтарда  байқалып  отырады.  Менің 
қуанатыным, олар өздері туралы көп ойланады, өздерінің 
іс-әрекеттеріне есеп бере алады, яғни, бұл жерде өзін-өзі 
реттеу әрекеті де көрініп жатады.   
Өзін-өзі  реттеу  әдісі    оқушылардың  өздері  топтық 

46
ереже  құрып,  оны  бұзбауға  әрекет  еткендерінен, 
белсенділіктерінен, 
сабақтан 
жиі 
қалатын 
оқушының  да    мектепке  тартылғанынан,    «үнсіз» 
оқушының  сөйлегенінен,  топтағы  өздерінің  рөлдерін  
жауапкершілікпен  орындағанынан  көрініп  жататыны 
анық. Бағалау кезінде де өзара жұптық, топтық бағалаулар 
тиімді әсер етеді. Оқушылар бірде бағаларына риза болса, 
бірде  келіспеушілік  болып,  көздеріне  жас  алып  жатады. 
Мұғалім  ретінде  өз  тарапымнан  тек  демеу  мен  бағалау 
жүзеге  асырылып  отырады.  Осыған  дейінгі  бағалауда 
мұғалім негізгі рөл атқарса, бұл бағалауда оқушылармен 
бірлесе  отырып  баға  қойылатыны  әділетті  бағалауға 
жетелейді.  Осыған  орай  алдағы  уақытта    оқушылардың 
бір-бірін шынайы бағалау дағдысын қалыптастыру керек 
деп түйдім.
Кембридж  бағдарламасы  негізіндегі  мұғалімнің 
дайындығы  мен  үздіксіз  кәсіби  дамуының  бірлігі  орыс 
тілді  мектептердегі  оқушылардың  мемлекеттік  тілді 
меңгеруінде оқушы мен мұғалім арасындағы жылы сезім, 
қызығушылық  пен  шапшаңдықты  арттыратынына  көзім 
жетті. Мен осы бағдарламаның стратегияларын тәжірибе 
жүзінде қолдану барысында, ең бастысы – оқушылардың 
сабаққа қызығушылығы артып, олардың сыни тұрғыдан 
ой  қорытып,  ашық,  еркін  сөйлеу  дағдылары  қалыптаса 
бастағанын  байқадым.  Бұған  дейін  өздеріне  сенімсіздік 
білдіріп,  бұйығып  отыратын  оқушылар  да  ойларын  аз 
да болса жүйелеп, еркін айта бастайтыны қуантты. Жеті 
модульді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты 
идеяларымды  жүзеге  асыру  жөнінде  белсенділігім, 
шығармашылық  шыңдалуым  күн  сайын  арта  түсуде. 
Осылайша  алдағы уақытта тиімді таңдалған әдістемелік 

47
   
   
 
тәсілдерді  қазақ  тілі  сабақтарында  пайдалану  арқылы 
мұғалім  белсенді  ортаны  ұйымдастыра  алатын  тұлғаға 
айналмақшы.  Ол  үшін  ұстаз  деген  ұлы  атымызға  сай 
үздіксіз кәсіби даму үстінде болуымыз шарт. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  орыс  мектебінде».                               
№6/  2011, 25-бет.
2.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  «Назарбаев 
зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
3. «Қазақ тілін үйренейік» №3, 2012, 12-бет.
4. «12-жылдық білім беру» жұрналы, №8, 2012, 8-бет.
Жанар ҚОЖАБЕРГЕНОВА,
Алматы қаласындағы
№173 лицейдің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет