Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс


ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата12.06.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- Абайды терең танып білу;
- Абай шығармаларын оқу, білу, түсіну;
- Абайтану тарихын тану;
- Шығармаларды талдай білу;
- Абай аудармаларын білу;
-  Ғұлама  ойшылдың  пәлсапалық  нақыл  сөздерінің  
мән-мағынасын, маңызын түсіну;
-  Ақынның  қазақ  поэзиясына  әкелген  жаңалығын, 
шеберлігін тану;
- Ақын поэмаларының өзіндік ерекшеліктерін тану.
-  Абайтану  бойынша  мәнжазбалар  мен  курстық 
жұмыстар, ғылыми жобалар жазу;
-  Театрмен,  мұражай,  өнер  ордаларымен  байланыс 
жасау;
- Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу.
«АБАЙТАНУ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫ БОЙЫНША 
ИГЕРГЕН БІЛІМДЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КЕЛЕСІДЕЙ ҚАБІЛЕТТЕРІ 
БОЛУЫ КЕРЕК:
•  Абай шығармаларының зерттелуін білуі;
•  Абай  өлеңдерін  талдай  отырып,  шеберлігін, 
ерекшелігін айқындай алуы;
•  Пәлсапалық нақыл сөздерінің маңызын, тақырыбын 
айқындай алуы;
•  Аудармадағы шеберлігін көрсетуі;
•  Поэмаларын  әдеби  талдау  арқылы  тақырыптық-
идеялық негізін аша білуі.

18
ҚЫСҚАША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Элективті  курста  дамыта  оқыту  технологияларын, 
интерактивтік  оқыту  әдістерін,  басқа  да  оқытудың 
жаңа,  әр  түрлі  әдістерін  қолдану  –
 
оқушылардың 
шығармашылық  белсенділігін  дамытудың  бір  факторы 
болып  табылады.  Мұндай  сабақтардың  ерекшелігі  өзіне 
деген  сенімділігін  арттырады,  өзін  еркін  ұстай  білуге 
баулиды,  оларды  шығармашылық  жұмысқа  бағыттайды, 
қызығушылығы  мен  қабілетін  арттырады,  жеке  тұлға 
ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Сабақ  барысында 
әр  оқушы  өзіндік  тұжырымы  арқылы  жаңа  материалды 
саналы  түрде  игереді.  Сабақтың  қызықты,  тартымды 
өтуі  оның  дұрыс  ұйымдастырылуына,  жоспарлануына 
байланысты. Сабақта жүргізілетін жұмыстардың түрлері 
ауысып,    түрленіп  отыруы  –  міндетті  шарттардың  бірі. 
Әрбір  жұмыс  түріне  берілетін  уақытқа  да  ерекше  көңіл 
бөлінуі  қажет,  өйткені  бір  жұмыс  түріне  уақыт  көп 
бөлінсе немесе жиі қайталанып отырса, ол оқушыларды 
жалықтырады.  Сондықтан  оқытушы  сабақты  дұрыс 
жоспарлауға,  оны  түрлі  әдіс-тәсілдермен  әсерлі  өткізуге 
ерекше мән беруі қажет.
Көрнекі  құралдар  сабақтың  ұтымдылығын  артты-
ратыны  белгілі.  Қазіргі  кезде  қазақ  тілі  мен  әдебиетіне 
байланысты  көрнекіліктер  көптеп  шығарылып  жатыр. 
Осы  тақырыпқа  байланысты  шығып  жатқан  әр  түрлі 
плакаттарды,  буклеттерді,  электронды  материалдарды 
пайдалану арқылы сабақты түрлендіруге болады. Соның 
ішінде  «сөйлейтін  қалам»  технологиясын  пайдалану 
өте  тиімді  болмақ.  Оқушылар  бірте-бірте  ғылымға  аяқ 

19
басу  үшін    мәнжазба,  курстық  жұмыс  жазғызудың  рөлі 
зор. Олар сол арқылы өзінше ойлауға, тұжырым жасауға 
икемделеді. Материал жинау мен оны саралауға үйренеді. 
Техникалық  құралдардан  фильмоскоп,  үнтаспа 
қолдануға  болады.  Қазақтың  ақын-сазгерлерін  өткен 
кезде  олардың  шығармаларын  үнтаспадан  тыңдату  өте 
қолайлы. 
Элективті  курста  оқытушы  жаңа  материалды  оқу-
шының бұрын алған біліміне сүйене отырып беруі керек. 
Сонда  оқушылардың  бұрын  алған  білімі  қайталанып 
отырылады  да,  жаңа  материалды  тез  ұғуға  мүмкіндік 
туады. Элективті курсқа арналған арнайы оқулық ретінде 
Мекемтас  Мырзахметұлының  «Абайтану»  оқу  құралы 
ұсынылады.    Керекті  материалдарды  оқытушы  өзі 
жинақтап, іріктеп алады. Сондықтан оқытушы материал 
жинақтаған  кезде  мәтіндердің  тілінің  жеңіл,  жатық 
болуын,  көлемінің  оқушылардың  жас  ерекшелігіне 
сәйкес, рухани құндылықтарға толы ұлттық тәрбие беру 
арқылы  ұлтжандылыққа  тәрбиелеуге    бола    алатынын 
ескерген жөн.
ЭЛЕКТИВТІ КУРС БОЙЫНША     
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАН БІЛІМІН ТЕКСЕРУ 
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ:
- Тест сұрақтарына жауап алу;
- Оқылған әдебиеттерге  аннотация жаздыру; 
- Әр түрлі шығармашылық жұмыстар жазғызу; 
-  Берілген  жоспар  бойынша  ғылыми  жобалар               
жаздыру; 

20
-  Әр  тақырып  бойынша  құрастырылған  сұрақтарға 
жазбаша жауап алу;
- Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білуге үйрету;  
-  Берілген  тақырыптар  бойынша  мәнжазбалар,            
курстық жұмыстар, ғылыми жобалар жаздыру, қорғату.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  М.Мырзахметұлы  «Абайтану»  оқу  құралы,  А.,            
2010.
2.  Абай  Құнанбайұлы  (библиографиялық  көрсеткіш)               
А., 1965.
3. Абайтану (библиографиялық көрсеткіш). А., 1988.
4. М.Әуезов және Абайтану проблемалары. А., 1982.
5. Абай жүрген ізбенен. А., 1986.
6. Абайдың адамгершілік мұраттары. А., 1993.
7. Абайтану тарихы. А., 1994.
8. Әуезов және Абай. А., 1994.
9.  М.Әуезов.  «Абай  жолы».  І  том.  А.,  «Жазушы»,             
1989.
10.  М.Әуезов.  «Абай  жолы».  ІІ  том.  А.,  «Жазушы», 
1989.
11. 
Ә.Молдаханов. 
«М.Әуезовтің 
көркем 
шығармаларындағы  фольклорлық  дәстүрлер».  [Оқу 
құралы]. Ақтөбе, 1999.
12. Ы.Дүйсенбаев. «М.Әуезов». А., «Ғылым», 1974.
13. М.Әуезов. «Абай Құнанбаев». А., «Санат», 1995.
14.  М.Әуезов.  «Абайды  білмек  парыз  ойлы  жасқа».            
А., «Санат»,1997.

21
15.  «Абай  әлемі:  рухани  мұра  мәселелері  және                    
қазіргі  кезең»  атты  республикалық  ғылыми-прак-  
тикалық  конференцияның  материалдары.  Ақтөбе, 
Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  мемлекеттік  универси-
тетінің редакциялық баспа бөлімі, 2005.
16. К.Оразалин. «Абай ауылына саяхат». А., «Мектеп», 
1976.
17. Абай энциклопедиясы. А., «Атамұра», 1995.
18.  Ж.Ысмағұлов.  Абай:  ақындық  тағылымы.                                 
А., «Ғылым», 1994.
19.  Қазақ  әдебиеті  энциклопедиялық  анықтамалық.          
А., «Аруна», 2005.
20.  М.Мырзахметұлы.  «Әуезов  және  Абай».                                         
А., «Қазақстан», 1997.
21. Н.Ердәулетұлы. «Абайтану». Ақтөбе, 2004.
22.  З.Қабдолов.  «Сөз  өнері».  А.,  «Қазақ  универ-    
ситеті», 1992.
23.  М.Әуезов.  «Абай  Құнанбаев»  Монография. 
Мақалалар, зерттеулер, 1967.
24.  Қ.Мұхамедханов.  «Абай  мұрагерлері».  А., 
«Атамұра», 1995.
25.  З.Ахметов.  Поэтика  эпопей.  «Путь  Абая»  в                          
свете истории ее создания. А., 1984.
26.  Т.Жолдасова.  М.О.Әуезовтің  «Абай  жолы» 
роман-эпопеясындағы  Құнанбай  бейнесі.  Филология 
ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу                           
үшін  дайындалған  диссертацияның  авторефераты. 
Түркістан, 2000.

22
Мәдина БЕЛГІБАЙҚЫЗЫ,
Ақмола облысының
Ақкөл ауданындағы
№4 Ақкөл орта мектебінің 
мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК 
ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Алғы сөз
Еліміз  егемендік  алғаннан  бері  білім  беру  саласында 
елеулі  өзгерістер  болып  жатыр.  Білім  беру  мазмұны 
өзгерістерге  ұшырады.  Жаңа  талпыныс,  жаңа  жол  
ашылды.  Ол  өз  әсерін  тигізіп,  оқушыларға  да  жаңа 
талаптар мен міндеттерді қойды.
Назарларыңызға  ұсынып  отырған  әдістемелік                
нұсқауда  қазақ  тілі  сабақтарында  оқушылардың  өзіндік 
жұмысын  ұйымдастырудың  тиімді  жолдары,  өзіндік 
жұмыстардың  түрлері,  оларға  қойылатын  талаптар, 
өзіндік  жұмысты  бағалау  өлшемдері  және  осы  үрдістегі 
мұғалімнің шеберлігі мен рөлі туралы жазылған. 
Оқушылардың  өзіндік  жұмысын  ұйымдастырудың 
маңызы  өте  зор.  Өйткені  сол  арқылы  оқушылардың  іс-
әрекетінің дербестігі артады.
І. Кіріспе.
Қазіргі  кездегі  қоғам  талабына  жауап  беретін  жеке 
тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында 
белсенді  өмірлік  ұстаным  тәрбиелеу  қажеттілігіне 

23
байланысты  дидактиканың  басты  мәселесі  –  оқыту 
үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып 
отыр.  Оқушыға  танымдық  әрекет  субъектісінің  ұстаны-
мын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен 
оқушы  белсенді  әрекеттен  өзін-өзі  басқару  негізіндегі 
әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады.
Бұл  міндеттердің  шешімі  оқыту  үрдісін  жалпы 
қайта  құру  есебінен  жүзеге  асырылмақ.  Егер  әрбір 
оқушы  сабақта  белсенді  ой  әрекетіне  қосылса,  күші 
жететін  қиындықтарды  жеңу  қажеттілігі алдында тұрса, 
қорытынды  мен  жалпылау  жасауға,  әр  түрлі  сұрақтарға 
жауаптарды  өздігінен  табуға  ұмтылса,  танымдық 
белсенділігін  және  дербестігін  қалыптастыру  мүмкін 
болады.  Оқушылар  белсенділігінің  осындай  сипатын 
көрсететін  қажетті  шарт  –  дербестік  таным  әрекеті. 
Ол  ұзақ  уақыт  ішінде  оқушылардың  әр  түрлі  өзіндік 
жұмыстарын  орындаумен  көбірек  байланысты  болды. 
Бұл  әр  қилы  өзіндік  жұмыстарды  өткізудің  мазмұнын 
және  әдістемесін  оқу  материалын  меңгерудің  әр  түрлі 
кезеңінде, әр түрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге 
байланысты әзірлеуді талап етті.
Дербестік таным әрекетін талдауда П.И.Пидкасистый 
оның  ішкі,  мәнді  жағына  ерекше  назар  аударады. 
Ол  шынында  да  дербестік  деп  оның  құрылымының 
барлық  қажетті  элементтерін  немесе  мұғалімнің  тікелей 
басшылығымен істеуіне жатқызады.
Т.И.Шамова  өзіндік  жұмыс  пен  дербестік  әрекет 
«жеке  жұмыс»  деген  ұғымдарды  сараптау  қажеттілігіне 
меңзейді.  Бұл  жөнінде  ол  былай  деп  жазады:  «Оқу  тек 
дербестік  таным  әрекеті  үрдісінде  ғана  өтеді,  бірақ 
ол  оқуды  оқушылар  тек  өзіндік  жұмыс  үрдісінде  ғана 
өткізеді деуге болмайды. Өзіндік жұмыстардың бұл түрі 

24
танымдық  ізденімпаздықты  қалыптастыруда  және  ақыл-
ой  мен  жаңа  эмпирикалық,  практикалық  білім  игеруде 
жетекші рөл атқарады». Бұл жұмыстар оқытудың іскерлік 
ойыны, конференция, мәжіліс, пікірталас және т.б. сияқты 
өзіндік формаларын ұсынады.
Оқушылардың  танымдық  әрекеттерін  ұйымдастыру-
дың, соған сәйкес танымдық ізденімпаздығын дамытудың 
негізгі  шарттарының  бірі  –  тасқынды  ақпараттарды 
іріктеп, таңдай, бағдарлай білуі. Зерттеу жұмыстарымен 
байланыссыз  оқу  үдерісінде  мұндай  бағдарлаудың  тек 
қарапайым ғана дағдылары қалыптасады да, оқу бітірген 
жас  маман  жұмыс  орынында  іріктеу,  бағдарлаумен, 
әдебиеттермен  жұмыспен,  нұсқаулармен  жаңадан 
танысуына тура келеді.
Қазіргі  кездегі  білім  берудің  мақсаты  –  жеке  бастың 
өзіне  және  қоғамға  қажетті  бейімділігін,  әлеуметтік  
бағалы  белсенділігін  дамыту;  сонымен  бірге  өз  бетімен 
білім  алуын,  өздігінен  қалыптасуын  тиімді  қамтамасыз                                                                                                                                      
ету. Сонда білім беруді ізгілендіру және демократиялан-
дыру  жеке  бастың  өзін-өзі  дамытуын,  өздігінен  жеке 
шешім ала білуді қалыптастыруды көздейді. 
ІІ. Өзіндік жұмыс туралы түсінік. 
Өзіндік  жұмыс  –  оқушының  күрделі  іс-әрекеттерінің 
бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы 
болып  табылады.  Шағын  жинақты  бастауыш  мектепте 
оқу-тәрбие  жұмыстарының  ерекше  көңіл  аударатын  бір 
саласы  –  оқушылардың  өздігінен  орындайтын  жұмыс-
тары.  Бірнеше  сыныппен  жұмыс  істейтін  мұғалімнің 
негізгі  педагогикалық  міндеті  –  жеке  сыныппен  жұмыс 
істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол 
да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.  
Өзіндік  жұмыстардың  нәтижелі  болуы  үшін  алдымен 

25
«өзіндік  жұмыс»  деген  ұғым  нені  білдіріп  тұрғанын 
анықтап  алу  қажеттігі  туады:  біріншіден,  өз  бетінше 
жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды 
ешкімнің  көмегінсіз  орындаулары  болып  табылады. 
Мұндай  жұмыстар  балаларды  ұқыптылыққа,  тәртіп-
тілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Американдық  психологтардың  анықтамасы  бойынша  
өз  бетімен  жұмысты  ұйымдастыру    дегеніміз  –  өз 
бетімен тани білу, өз бетімен жаңа бір нәрсені анықтауға                                                                                                    
ұмтылу  және  өз  тәжірибесін  терең  түйсіне  білу                                                                                                              
қабілеті.  Өз  бетімен  жұмысты  ұйымдастыру  – 
психологиялық  тұрғыдан  алғанда,  нәтижесінде  жаңа 
материалдық  рухани  құнды  дүние  тудыратын  әрекет. 
Ал  педагогикалық  тұрғыдан  алсақ,  өз  бетімен  жұмысты 
ұйымдастыру    дегеніміз  –  адамның  белсенділігі  мен  өз 
бетінше жұмыс істеуінің жоғары түрі және ол әлеуметтік 
қажеттілігі  мен  өзінің  ерекшелігімен  бағаланады.  Ең 
бастысы, жеке  тұлғада өз бетімен жұмыс істеуге  деген 
тұрақты  қажеттілік,  тұрақты  сұраныс  болып,  өз  ісіне 
қанағат табу сезімі болуы қажет.
Қазақ тілі сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін 
қолдана  отырып,  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс 
істеу  белсенділіктерін  арттыру  барысында  теориялық 
білімдерін  кеңейтіп,    ойлау  қабілеттерін  дамытуға 
болады.  Оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  арттыра 
отырып,  жеке  тұлға  ретінде  дамытудағы  іздену-зерттеу 
бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну – өмір талабы.
«Өз бетімен жұмысты ұйымдастыру  – белгілі бір іс-
әрекетте,  ең  тәуір  нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін 
адамның жеке-дара ерекшеліктері».

26
ІІІ.  Өзіндік  жұмысты  ұйымдастыруға  қойылатын 
талаптар және бағалануы.
Өзіндік  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыруда  мынадай 
талаптарды орындау керек:
1)  Тапсырма  әрбір  оқушының  білім  деңгейіне 
байланысты таңдалуы керек;
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі 
керек;
3) Міндетті түрде тексерілуі керек;
4)  Жұмыс  сабақтың  мақсатына  байланысты  (жаңа 
материалды  қабылдауға,  өткен  материалды  бекітуге, 
қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады;
5)  Өздік  жұмыстың  мақсаты,  орындау  әдісі  оқушы- 
ларға түсінікті болуы тиіс;
6)  Өз  бетімен  жұмысқа  оқушылар  білім  деңгейіне 
байланысты  әр  түрлі  уақыт  жұмсайтынын  ескеріп,  
тақтаға  не  кәртішкеге  қосымша  материалдар  дайындап 
әкелу керек;
7)  Өзіндік  жұмыс  оқушылардың  ойлау  қабілетін 
дамытуы тиіс;
8)  Өзіндік  жұмысты  сабақтың  барлық  кезеңдерінде, 
орынды жерінде өткізу керек;
9)  Әрбір  орындалған  өзіндік  жұмыс  тексеріліп, 
бағалануы керек. 
Оқушылардың  ауызша  жауаптарын  бағалауға 
қойылатын талаптар:
«5»  деген  баға  оқушыға  мынадай  жағдайларда 
қойылады:
•  Қойылған  сұрақтарға  толық  және  дұрыс  жауап 
берсе;

27
•  Тапсырмаларды  дұрыс  және  барынша  тез   
орындаса;
•  Тапсырма  орындау  барысында  өзіндік  жоспар                       
құра  алса,  өзінің  амалдарын  түсіндіріп  және 
мұғалімнің    сұрақтарына  жауаптарын  дәл 
тұжырымдап бере алса.
Егер оқушының жауабы негізінен «5» деген баға үшін 
тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі 
жағдайлар орындалса, «4» деген баға қойылады:
•  Жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген 
дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;
•  Жауап  берген  кездегі  жекелеген  ұсақ  қателер 
жіберген  болса  және  оны  түзетуге  шамалары 
жететін болса;
•  Жауап  берген  кезде  дәлдігі  жеткіліксіз,  бірақ 
жауабы дұрыс,  түсініктемелер болса.
Мұғалім 
аздап 
көмектессе, 
оқушы 
бұл 
кемшіліктердің  барлығын  да  оп-оңай  түзете  алады.  
«3» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:
•  Тапсырмаларда  жекелеген  өрескел  қателер            
жіберсе,  бірақ  оларды  мұғалімнің  көмегімен                 
түзете алса;
•  Тапсырманы  мұғалімнің  көмегімен  ғана  шығара 
алса.
Егер  оқушы    қойылған  сұрақтардың  көпшілігіне                                                                
жауап  бере  алмаса,  тапсырмаларды,  тіпті,  мұғалімнің 
көмегімен  де  шығара  алмаса,  «2»  деген  баға  қойылады.
Егер  оқушы  бағдарламалық  материалды  түгелімен 
білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.
Жазбаша өзіндік жұмыстары бойынша бағалау.
Жұмысты  тексеруге  қатысқан  адам  оқушының      

28
сауатты жазу дағдыларына баға қоюына болады:
•  егер жұмыс қатесіз орындалса – «5»; ал жұмыста 1 
өрескел және 1-2 өрескел емес қате жіберілсе – «4» 
деген баға қойылады;
•  егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел 
емес  қате  жіберілсе  –  «3»,  ал  өрескел  қате  3-тен, 
өрескел емес қате 2-ден артса – «2» қойылады. 
•  барлық  тапсырма  қате  орындалса  –  «1»  деген                   
баға қойылады.
Өздік  жұмысты  ұйымдастырудың  шарттары 
мыналар:
•  мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
•  жұмысты  орындаудың  және  аяқтаудың  уақытын 
белгілеуі;
•  мұғалімнің 
басқаруымен 
оқушылардың 
дербестігінің  мөлшері,  олардың  жұмысты  өз 
еркімен және қалауымен істеуі;
•  оған әсер ететін мотивтер.
ІV.  Өзіндік  жұмыстың  түрлері  және  ұйымдастыру 
формалары.
Өзіндік  жұмыстың  түрлері  сан  алуан.  Оларды 
топтастыру – күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы 
–  сабақ  мақсатына  қарай  қолданылатын  жұмыс  түрлері: 
а)  жаңа  білімді  меңгеру  (материалды  жан-жақты 
талдау,  мұғалімнің  ауызша  баяндауының  жоспарын, 
конспектісін 
жасау, 
т.б. 
тәсілдерге 
үйрену). 
ә)  жаңа  білімді  бекіту  (түрлі  жаттығулар,  есеп  шығару, 
түрлі  жазбаша,  графикалық,  практикалық  жұмыстар, 
оқулықпен  жұмыс,  жаттығулар,  практикалық  және 
зертханалық  жұмыстар,  тексеру,  бақылау  жұмысы, 
сынып жұмысы, шығармашылық жұмыс, рефераттар мен 
баяндамалар, тәжірибелер жасау,тест жұмысын орындау).

29
Ескертпе,  түсініктеме-кәртішкелер,  перфокарталар 
дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пән 
бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады:
«Қазақ тілі сабақтарында түрлі жаттығу жұмыстарын 
орындау,  қима  қағаздармен,  перфокарталармен  жұмыс, 
сурет  бойынша  сөйлем,  әңгіме  құрау,  сөздіктермен 
жұмыс  тапсырылады.  Мысалы,  мұғалім  грамматикалық 
талдау  жасауға  сөз,  сөйлем  немесе  мәтін  береді. 
Жоспар  жасатады  (әуелі  ауызша,  сонан  соң  жазбаша 
жоспар  жасатады)».  Мұндай  жаттығуларды  балалар 
өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны 
көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. 
Балалар  бір  тапсырмадан  кейін  екіншісін  орындайды, 
олар  жұмыстарын  өздіктерінен  тексереді,  қалай 
орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде, қазақ тілі 
сабақтарындағы  жаттығулардың  барлығы  оқушыларға 
өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда, жаттығу 
ұғымы  –  оқушыларға  өздіктерінен  жұмыс  жасатудан 
кеңірек.  Жаттығу  −  мұғалімнің  басшылығымен 
орындалатын,  оқушылардың  алған  білімдерін  бекітуді 
көздейтін  тұтас  тәжірибелік  жұмыс.  Ал  оқушылардың 
өздіктерінен  істейтін  жұмыстарына  белгілі  мөлшерде 
уақыт беріледі.
Өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  −  сабақтың  ең 
күрделі  кезеңі.  Өйткені  жұмысты  оқушылардың  бәрі 
бірдей  бір  мезгілде  аяқтамайды.  Қазіргі  кезде  білім 
сапасы  мен  оқушылардың  жеке  басының  қабілетін 
дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін 
мұғалім  оқытудың  технологиялық  жаңа  әдіс-тәсілдерін 
пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда 
баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту 
әдісін  пайдаланған  дұрыс.  Оқушылар  өздігінен  жұмыс 

30
істей  білуі  үшін,  алдымен,  мұғалімнің  берген  үлгісіне 
қарай  еліктеу  негізінде  қарапайым  тапсырмаларды 
орындайды.  Мұндайда  жұмыстың  мазмұнын  жасау 
әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы 
–  тек  орындаушы  ғана.  Ал  егер  мұғалім  оқушыға  бәрін 
өзі  айтпай,  бұрын  алған  білімдерін  қолдануға  лайықты 
жағдайлар  туғызатын  болса,  сол  кезде  оқушы  өздігінен 
ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан 
мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, 
алдымен  оларды  өздігінен  жұмыс  істеуге  дайындайтын 
жаттығулардан  бастап,  кейін  мұғалімнің  көмегімен 
жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен 
жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.
Мұғалім 
оқушыларға 
шамалары 
келетіндей 
тапсырмалар  ұсынады,  онда  жұмыстың  мақсаты,  оны 
бөлімдер  бойынша  орындау  реті  (өзін-өзі  бақылау); 
мұғалім  тексеру  үшін  алынған  нәтижелерді  әзірлеу, 
реттеу  (кері  информация)  тәсілдері,  жұмысты  орындау 
мерзімі келтіріледі. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, 
оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты 
түсініп  меңгергенін  анықтайды:  демек,  мұғалім 
бақылаушы  ғана  емес,  ұйымдастырушы  да,  оқушының 
өздік  жұмысын  тексеруші  де.  Мұғалім  тапсырма 
арқылы  олардың  таным  қабілетін  бағдарлайды,  оны  бір                                                         
мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды.
Оқушылар  тапсырма  алады,  меңгерген  білім  қорына 
сүйене  отырып,  оның  мақсаты  мен  орындау  тәсілдерін 
ойластырады  және  ең  маңыздысы  –  жұмысты  өздігінен 
орындау  барысында  алынуға  тиісті  нәтижелерді 
бағдарлайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын 
үнемі  тексере  отырып,  тапсырманы  бөлімдері  бойынша 
орындайды.  Алынған  нәтижелерді  реттеп  әзірлейді 

31
(өзін-өзі  бақылайды)  және  жазу  жұмысы,  цифрлар, 
сызулар, суреттер, модельдер, т.б. тексеру үшін мұғалімге 
тапсырады.  Оқушылардың  оқу  жұмысының,  оқу 
әрекетінің  жемісті  болуы  –  оқу  тәсілдерін  меңгеруге 
байланысты. 
Өздік  жұмыс  теориясының  дамуының  ерекшелігі  
–  әрекетті  белсендіруге  ықпал  етуші  оқыту  әдістерін 
сипаттаудағы  әртүрлілік.  Соның  нәтижесінде  көптеген 
ұстанымдар  туындайды,  өзіндік  жұмыстың  сұрыпталуы 
құрылады:  а)  оқушының  объектіні  тану  барысында 
ойлау операциялары; ә) дидактикалық мақсат; б) ақпарат 
көзі  және  оқушыға  берілген  тапсырмалардың  түрі;  в) 
оқушылардың оқу әрекетінің мінез-құлқы; г) оқушының 
танымдық әрекетінің құрылымы.
Сұрыпталу  ұстанымдарын  тереңірек  қарастырса, 
ол 
өзіндік 
жұмысты 
жан-жақты 
зерттеуге 
көмектеседі,  онсыз  осы  теорияның  дамуы  мүмкін 
емес.  Өзіндік  жұмыстардың  логикалық  сұрыпталуы                                                                                                
В.А.Добромыслова, 
В.В.Голубкова, 
Е.Я.Голант 
есімдерімен  байланысты.  Осы  тұрғыдан  өзіндік              
жұмыстар былай бөлінеді:
1. Деректерді бақылау және түсінік белгілерін айыру;
2.  Құбылыстардың  арасындағы  ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтарын    құру;
3. Түсініктерді анықтауға және оқығанды жалпылау;
4. Құбылыстар  қатарында әдеттегіні белгілеу;
5.  Деректердің  арасындағы  байланысты  орнату  және 
т.б. 
Бірақ  берілген  сұрыптаулар  мұғалім  мен  әдіскерді 
қанағаттандыра  алмайды.  Себебі  оқушылардың  оқу 
әрекетінің  мінез-құлқы  ескерілмейді  және  тақырыптан 
тақырыпқа көшу жолы көрсетілмейді.

32
Нәтижесінде  сұрыпталудың  тағы  бір  түрі  пайда  
болады.  Мұндай  сұрыпталу  оқушылардың  оқудағы 
әрекетінің  мінез-құлқы бойынша құрастырылған.
Ал  ғалымдардың  көпшілігі  өзіндік  жұмыстардың  
негізі үш түрін белгілейді – репродуктивтік, таңдамалы-
қайта өндіргіш, шығармашылық. 
Репродуктивтік  өзіндік  жұмыстар  ертеде  алған 
білімдерін қайта өндіруді және қолдана алуды ұсынады.
Таңдамалы-қайта  өндіру  өзіндік  жұмыстары  алған 
білімдердің  көкейтестігімен  және  оларды  жартылай 
шығармашылық  тұрпатта  қайта  қараумен  байланысты 
(оқу-танымдық  міндеттерді  шешудің  жаңа  жолындағы 
ізденістері және т.б.)
П.И.Пидкасистыйдың  ойынша,  қайта  өндіру  мен 
шығармашылық  әрекеттер  бірлікте  болса,  субъект 
объектіні  танудағы  құбылыс  ретінде  көрінеді:  оқылып 
жатқан материалдың құрылымын ұғынуда,  қасиеттердің 
жүйесін  түрлендіруде,  өзгерген  жағдайда  объектінің  
белгілерінде,  жаңа  міндеттерді  шешуде,  білімдердің 
тасымалдануы  және  көкейтестігінде.  Мұғалімнің 
тапсырмалары  оқушылардың  танымдық  әрекетінің 
динамикасын  ескеруі  керек.  Нәтижесінде  мынадай          
өзіндік жұмыстар белгіленеді:  
1. Үлгі бойынша  орындалатын;
2. Реконструктивтік-вариативтік;
3. Жаңалық ашатын;
4. Шығармашылық.
Бірінші жұмысты орындаған кезде  оқушы көрсеткен 
үлгі  бойынша,  белгілі  бір  іс-әрекеттің  жолын  ұғынады. 
Тапсырмаларды 
нұсқаулар, 
белгілі 
формулалар, 
теоремалар арқылы орындайды. 
Реконструктивті-вариативтік 
өзіндік 
жұмыстар 

33
оқушылардың  алған  білімін  қолдануға  ынталандырады, 
сонымен  қатар  білімі  тереңдей  түседі.  Тапсырмалар  тек 
шешімнің жалпы ұстанымдарын ғана көрсетеді. 
Мысалы:  анықтаманы  оқу,  сұрақтарға  жауап,  мәтін 
бойынша  жоспар  құру,  материалдарды  негіздей  отыра 
кесте, схема, графиктер жасау.
Өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  формалары:  жеке 
оқушы, топпен жұмыс, барлық оқушылармен. 
Әр  топтың  бір  басшысы  болады  –  үлгерімі  жақсы  
оқушы.  Ол  білмегендерге  кеңесін  беріп,  көмектесіп 
отырады.  Топ  бойынша  өздік  жұмыс  істегенде  әр  топ 
келесі  топқа  өз  сұрақтарын  кезекпен  қояды.  Мұнда 
оқушылар  үйде  өз  беттерімен  сұрақтар,  сызбалар, 
плакаттар,  суреттер,  сөзжұмбақтар  дайындап  әкеледі. 
Сұрақтың жауабын өздері біліп, дәптерге не бір параққа 
жазып қояды.
Өздік жұмыстар әр сабақта міндетті түрде жүргізіліп 
отыруы қажет. Өз іс тәжірибемдегі бірнеше жұмыстарға 
тоқталып  өтсем:  диктант  жұмысын  жүргізгеннен  кейін, 
алдарына  «Өзіңді  тексер»  жадынамасын  беріп,  сол 
бойынша  жұмыс  істейміз.  Тақырып  бойынша  бақылау 
жұмысын  жазғаннан  кейін  жіберілген  қателермен 
жұмыс  жасаймыз.  Қате  жіберілген  тапсырмаларға  ұқсас 
мысалдар алып, нұсқалар бойынша жаттығулар жасаймыз, 
оқулықтан  ереже  іздеп,  тауып,  оқуға  тапсырма  беремін, 
оқушы өз қатесін тауып алады.
«ң» дыбысына байланысты жұмыстар.
1. Сөздік диктант: «ң» әріпінің астын сыз. 
2.  Көру  диктанты:  «ң»  әріпі  бар    сөзді  есте  сақтап 
жазу.
3.  Шығармашылық  диктант:  көп  нүктенің  оры-      
нына  «ң» немесе «н» әріпін қойып жаз.

34
4. Терме диктант:
•  журнал,  кітаптардан  «ң»  әріпі  бар  сөздерді 
жинақтау;
•  аталған  сөздердің  ішінен  «ң»  әріпі  бар  сөздерді 
ғана теріп жазу.
Сөздік қорларын молайту.
1. Әңгіме бойынша жұмыс:
•  Не ұнайды?
•  Неге ұнайды? Қандай жауап таптың?
•  Менің суретімнің тақырыбы не?
•  Мен  ол  туралы  не  білемін?  Мен  нені  айтуым             
керек? Мен оны мақтаныш ете аламын ба? 
2. Сұрақ -жауапқа құралған хат
               Кім? Не?
               Қай жерде?
               Не істеді?
               Ол не айтты?
               Адамдар не деді?
Оқиға  немен  тыңды?  («Компас»,  «Ағаштар  неге 
ашуланады?»).
3. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
4. Шығарма жазу:
•  жоспар бойынша;
•  тірек сөздер арқылы;
•  дайын мәтінді аяқтау;
•  еркін тақырыпта.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет