Жүсіп баласағҰНИ. ҚАзақ тілі мен әдебиеті орыс



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата08.06.2017
өлшемі2.98 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
                                   
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ.
   ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
   ӘДЕБИЕТІ ОРЫС 
       МЕКТЕБІНДЕ 
  Казахский язык и литература 
              в русской школе
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
БАСЫЛЫМ
   2001 жылдың
  қаңтар айынан          
7/2012   
ШІЛДЕ
 
бастап шығады
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО–ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ   
ИЗДАНИЕ
АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:
  Жаңылхан АДАМБАЕВА, Рақыш ӘМІРОВ, Берікжан 
ӘЛМҰХАМБЕТОВ, Шәмша БЕРКІМБАЕВА, Роза БАТТАЛ, 
Әлімхан ЖҮНІСБЕК, Қарлығаш ЖҮНІСХАНОВА, Мәрия 
КӨПЖАСАРОВА, Қайсар ҚАДЫРҚҰЛОВ, Ольга 
МЫРЗАГЕЛДИНОВА, Фаузия ОРАЗБАЕВА, Күлпәш 
САРИЕВА, Пиалаш СҮЙІНКИНА. 
 
 
«Білім және 
Ғылым» 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
ай сайын 
шығатын 
республикалық 
ғылыми - 
педагогикалық 
жұрналы 
 

МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Мұғалімдерге  көмек
Қаламқас ШАКИМОВА.           Мәтінмен жұмыс – тіл ұстартудағы басты құрал....3
Айдос ӘБДІХАЛЫҚОВ,             Қазақ тілін деңгейлеп оқыту үдерісінде
Мира САДУАҚАСОВА,              тіл меңгеру деңгейін бағалау 
Жанар БЕЙСЕМБАЕВА.           құралдарын пайдалану.............................................10
Айнаш АБДУЛЛАБЕКОВА.      Орыс дәрісханасында буын үндестігіне бағынбай-
                                                         тын сөздерді оқыту барысындағы 
                                                         интеллектуалдық ойын............................................20
Арайлым ЖЕҢІСБЕКҚЫЗЫ.  Орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың
                                                         ұтымды жолдары......................................................24
                                                       
Тамыз мәслихатының талқысына
Айжан РАХИМОВА.                    Халықтық педагогика – тәрбиенің қайнар көзі....26
Зәуреш ҚАРСАҚБАЕВА.            Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тіліне
                                                          қызығушылығын ояту.............................................30
Гүлденді ТОҚТАУБАЙҚЫЗЫ.  Заман талабы – үштілділік.....................................33
Асылжамал ҚАБИДОЛДИНА.  Мемлекеттік тілді үйретуде оқушылардың білім
                                                          сапасын арттырудың тиімді тәсілдері...................38
Алмагүл САДУАҚАСОВА.          Грамматикалық білімде – Абылайдың түсі..........47
Ардақ НҰРҒАЗИНА.                    Грамматикалық ұғымдарды ұқтырған
                                                          ұлттық аспаптар......................................................54
Назым МУЛДИЯРОВА.               Адамның денсаулығы.............................................60
Психологиялық тренинг
Ботагөз НАУРЫЗҒАЛИҚЫЗЫ.  Қарым-қатынас жасау данышпаны........................68
Әдістеме  әлемінде:  қазақ  әдебиеті
Сағдат ЖАРҚЫНБЕКОВА.        Қазақтың ірі ақыны - Қасым Аманжолов.............76
                                                           
Әдістеме  әлемінде:  қазақ  тілі
Әсемгүл ҚАЛИЛАҚЫЗЫ.          Сөздік қор мен «Қарлығаштың 
                                                          құйрығы неге айыр?»..............................................86
Қалжан АШИМХАНОВА.          Талғаулықты салалас пен Балқаш 
                                                          тарихи-өлкетану мұражайы...................................91
Лаура НҰРЫШЕВА.                     Салалас құрмалас сөйлемдерді пысықтау............95
Ақбал КЕЖЕНОВА.                     Тіл ұстартқан менің қалам.....................................98
Дәмежан ЖАНБЕКОВА.              Буын және менің отбасым...................................102
Назигүл ШАҚПАҚБАЕВА.         Модульдік технологияны қолдану әдістемесі...106
Жұмакүл 
ДОСМАҒАНБЕТОВА.   
 Мемлекеттік рәміздер тарихы мен сөздігі.........112
Гүлназ БЕЙСЕНОВА.                   Тілдер мерекесі....................................................115
Қапиза АСАИНОВА.                     Есімдік, оның түрлерінде түлеген төрт түлік....118
Олеся КОЗЫРЕВА.                        Сын есімдерге бай Қазақстан.............................122
Интеграциялық сабақ
Бибігүл МЫРЗАНОВА,                 Халықтың салт-дәстүрлерін
Марина ТЕРНОВА,                        мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас
Елена ЛАТЫПОВА.                       сөйлеммен оқыту.................................................127
Білім  сынағында
Жанар ҚҰСАЙЫНОВА.               Жыл мезгілдері бойынша 
                                                            деңгейлік тапсырмалар.......................................135
Райхан ЖЕТПІСОВА.                    Қазақ тілі пәніне арналған  кеспе қағаздар......138
         

3
Мұғалімдерге көмек
Қаламқас ШАКИМОВА, 
Павлодар қаласындағы
№5 орта мектептің мұғалімі.
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС – ТІЛ 
ҰСТАРТУДАҒЫ БАСТЫ ҚҰРАЛ
Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабағын  жүргізудегі 
мәселенің  бірі  –  тіл  дамыту.  Қазақ  тілін  оқытуда  ерекше 
назар  аударатын  мәселе  –  орыс  мектептеріндегі  оқушылар 
құрамы  сан  алуан  ұлт  өкілдерін  құрайтынын  назардан 
тыс  қалдырмау.  Орыс  балалары  қазақ  тілін  екінші  тіл 
ретінде  оқып,  үйренеді.  Оқушылардың  қазақ  тілін  үйренуі 
–  танымдылық  үрдіс,  соның  нәтижесінде  олар  ана  тілінен 
басқа тілді де меңгере алады. 
Орыс  мектебінде  оқылатын  қазақ  тілі  пәнінің  түпкі 
мақсаты  –  оқушыларға  қазақ  тілін  меңгертуді,  туған 
республикасының  тыныс-тіршілігімен  жан-жақты,  терең 
таныстыру. Сабақ өткізу – оқыту барысында өткізілетін ең 
күрделі жұмыс түрлерінің бірі.
Қазақ  тілі  сабағының  бір  мақсаты  –  сөйлеу  тілін 
қалыптастыру.  Тілді  оқыту  әдістемесінде  «мәтін»    ұғымы 
«кең»    және  «тар»  деген  көлемде  түсіндіріледі.  Мектеп 
оқулықтарында мәтін ұғымы «кең» көлемде беріледі.
«Мәтін»  –  мазмұны  мен  грамматикалық  жағынан 
байланысқан сөйлемдер тобы.
Мәтінмен  жұмыс  сабақта  өтілетін  әр  түрлі  жұмыстар-
дың жиынтығынан құралады. Олар:
- Дыбыстармен жұмыс;
- Сөздіктермен жұмыс;
- Сөздік қорларын жетілдіру;

4
- Тіл дамыту;
- Ережемен жұмыс;
- Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Мәтінмен  жұмыс  жасағанда  әр  түрлі  әдіс-тәсілдер 
қолданылады. Сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты 
оқушыларға  айқын  болуы  керек.  Қазақ  тілі  сабағында 
жүргізілетін басты жұмыстар – балаларды қазақша сөйлетіп 
үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен сөйлестіру, 
оқығандарын  ауызша  айтқызу,  өз  бетінше  дайындалуға 
дағдыландыру.  Міне,  осыған  орай  оқулықтағы  мәтіндер, 
жаттығулар,  өлең,  жұмбақтар  оқу,  ауызша  әңгімелеу,  тіл 
дамыту  және  грамматикалық  тұлғаларды  меңгертіп,  қазақ 
тілінде  дұрыс  сөйлеу  үшін  пайдаланылады  және  соған 
лайықтап беріледі.
Кітаптағы  мәтіндердің  күрделілігі  сол  мәтіндермен 
жұмыс  істейтін  оқушылардың  білім  деңгейіне  сай  келуі 
керек.  Осыған  байланысты  мәтінмен  жұмысты  түрлі 
әдістермен жүргізуге болады.
Ол  үшін  қазақ  тілінде  оқудың  төмендегідей  ерекшелік-
терін меңгерткен жөн:  
а) қазақ тіліне тән айтылуы, жазылуы;
б)  ол  дыбыстарды  айтылу  және  жазылу  жағынан  бір- 
бірінен ажырата білу;
в)  «О»  дыбысының  қазақ  тілінде  ешқандай  өзгеріссіз 
болатынын орысша айтылуымен салыстыра түсіндіру.
Пайдаланып жүрген мәтінді оқудың мынадай түрлері бар:
1. Дауыстап оқу;
2. Іштей оқу;
3. Араласып оқу, кезекпен оқу;
4. Буынға бөліп оқу;
5. Мәнерлеп оқу;
6.  Сөйлемдерді  мазмұнына,  айтылуына  қарай  дауыс 
ырғағымен оқу.

5
Мәтін  –  тіл  үйретудің  негізгі  бірліктерінің  бірі. 
Оқушылардың  тілін  дамыту  үшін  бір  тақырыпқа  бірнеше 
мәтін алған дұрыс. Тіл үйретудің алғашқы кезеңінде көлемі 
шағын,  мазмұны  күрделі  емес  арнайы  құрастырылған 
мәтіндер  арқылы  жұмыс  істеу  тиімді  болмақ,  лексикалық 
материалдың қызметі жөнінде ұғым бере отырып, сөйлеуге 
дайындаймыз.  Қазақ  тілі  сабақтарында  мәтінді  пайдалану 
тек  тіл  дамыту  жұмыстары  үшін  ғана    пайдалы  емес,  ол 
оқушы зейінін дамытады, оқу мәнерін жақсартады, сауатты 
жазу дағдыларын да қалыптастырады. Мәтіндегі мәліметтің 
жаңа, қайталанбаған болуы оқушының қызығушылығы мен 
ойлау  қабілетін  арттырып,  сөздік  қорының  баюына  жол 
ашады.
Сондықтан  мәтін  таңдағанда  мазмұнының  қызықты, 
оқушы  түсінігіне  сай  болуын  ойластырумен  қатар  таным-
дық, тәрбиелік мәнін естен шығармаған жөн.
Мәтін  бойынша  жұмыс  істеу  барысында  оқушының 
тілі  баюымен  қатар  грамматикалық  формаларды  түсініп, 
меңгереді,  синтаксистік  конструкцияларды  ажырататын 
болады. Мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдылары қалыптасады, ол 
үшін тапсырмалар белгілі бір жүйеде жүргізілуі қажет.
Мәтін  бойынша  берілетін  тапсырманы  мәтінмен 
танысқанға  дейін,  анализдерді  талдау  барысында  немесе 
мәтінмен танысқан соң берген тиімді. Мәтін оқушыға білім 
береді, ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге 
үйретеді.  Мәтін  осы  қызметтерді  толық  атқару  үшін  оған 
мынадай талаптар қойылады:
а) Мәтін оқушының жас ерекшелігіне, түсінігіне сәйкес 
болуы керек. Осымен байланыстыра әр сыныпта оқылатын 
мәтін әр түрлі деңгейде болады.
ә) Мәтін мазмұнында әр сыныптың оқушыларының білім 
деңгейіне,  дүниетанымына  сай  болуы  керек,  оқушыларға 
таныс  емес,  оқушы  түсінбейтін  мазмұнды  мәтін  алынбау 

6
керек.
б) мәтіннің мазмұны оқушыны қызықтыратындай болуы 
керек. Қызықтыратын мәтіндерді оқушы жақсы меңгереді.
Мектепте  қазақ  тілі  сабағы  сұрақ-жауап,  сөйлесу, 
әңгімелеу,  түсінгенін  айту,  аударма  түрінде  өткізіледі.  Әр 
сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, 
кестелер,  күйтабақтар,  диафильм  үзінділері  пайдаланы-
лады.  Қазақ  тілін  үйренуде  мектеп  оқушыларына  қойыла-
тын талаптар төмендегідей:
- мұғалімнің айтқанына түсіну;
- мәтінді дауыстап оқу;
- мәтінді біршама шапшаң оқуға дағдылану;
- мәтінді түсініп оқуға дағдылану;
- мәтінді мәнерлеп оқуға дағдылану;
- мәтін бойынша сұраққа жауап беру;
- мәтіннен жаңа сөз, сөйлемдерді таба алу;
- екі тілдік аударма жасауға дағдылану;
Сонымен  мәтін  бойынша  жүргізілетін  тіл  дамыту 
жұмыстарына:
- ерекше дыбыстарды меңгерту;
- мәтін оқу;
- сұрақтарға жауап беру;
- сұрақтарды қоя білу;
- оқығанын өз сөзімен ауызша айта білу;
- сөздікпен жұмыс;
- суретпен жұмыс жатады.
Мәтінмен танысқаннан кейінгі тапсырма:
1. Мәтінді оқимыз. Мысалда қанша кейіпкер бар?
2. Мәтінді рөлге бөліп оқыңыздар.
3. Мәтін мазмұнына сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Дұрыс таңдалған (қысқа мазмұнды, оқиғасы қызғылық-
ты,  грамматикалық  материалға  сай,  оқушы  қабылдауына 
лайық) мәтін, нақтылы іріктелген тапсырмалар оқушы тілін 

7
дамытатыны  сөзсіз,  әрине,  жұмыстың  жүйелі  жүргізілуі 
негізгі шарттың бірі болмақ, оны тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқушының  сөздік  қорын  байытуда  тірек  сөздердің 
негізінде  сөз  туындату  жолдарын  мемлекеттік  тілде 
оқымайтын мектептерде пайдаланудың да тиімділігі көп.
Оқушыларға  арнайы  сызба  ұсына  отырып,  тірек 
дыбыстарды ғана белгілеп, сөз жасату арқылы оқушылардың 
белсенділігін арттырамыз.
Мысалы: 1. А () ата, апа, аға, ана, аса, ара.
 
         2. () А () қаз, қас, қал, қар, қат.
 
         Қас-у, қаш-у, қаз-у, қал-у, қар-у.
Бұл  сызбаларға  дыбыстар  қоса  отырып,  лексикалық 
мағынасы бар сөз тізбегін жасатуға болады. Оқушылар сөз 
мағынасына көңіл бөле отырып, сөз тіркесін жасайды.
Егер оны сызба түрінде белгілесек, сөйлем мүшелерінің 
орын  тәртібін  сақтай  отырып,  сөйлем  құратуға  дағды-
ландырамыз.
1. Алма-ағаш.
2. Алма – жеміс ағашы.
3. Алма – көпжылдық жеміс ағашы.
Сөйлемдегі  сөздерден  алма  ағаш,  көпжылдық  ағаш, 
жеміс  ағашы,  т.б.  бірнеше  сөз  тіркесін  жасата  отырып, 
грамматикалық  тұлғада  жүйелі  сөйлеуді  үйретеміз. 
Мәтінмен,  сөздікпен,    оқулықпен  жұмыс  жүргізуде 
оқушының  оқығанын  өмірде  іске  асыруға,  өз  көзқарасын, 
пікірін  білдіруге  қабілеті  қандай  екендігін  анықтаймыз. 
Оқушылар  мәтіндегі  сөз  мағынасына  көңіл  бөле  отырып, 
ұғынуға  ауыр  сөздерді  дәптерлеріне  жазып,  аудармасын 
табады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда диалог, монолог, 
жағдаят, сұхбат арқылы оқушылардың тілін дамытамыз.
Орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  нәтижелі  үйрету 
үшін  оқушыларға  ана  тілі  мен  қазақ  тілі  арасындағы 
айырмашылықтарды  еске  ала  отырып,  соларға  негіздей 

8
оқытқанда ғана сабақ табысты және тиімді болады.
Қазақ  тілінің  негізгі  мақсаты  –  оқушыларға  қазақша 
үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс – сөз үйрету.
Жаңа  технологияны  жүзеге  асыруда  ұстаз  белсенділігі, 
шығармашылық 
ізденісі, 
өз 
мамандығына 
деген 
сүйіспеншілігі ерекше орын алады.
Тіл  үйретудің  нәтижелі  болуы  көптеген  жағдайларға 
байланысты:
- Оқушының қабілеті;
- Мұғалімнің шеберлігі;
- Мұғалімнің тіл үйрету тәжірибесі;
- Оқыту тәсілдері;
- Көрнекілікті дұрыс қолдануы;
- Оқушының тілді үйренуге деген ынтасы.
Әр мәтінмен жұмыс жасаған кезде таныс емес сөздерге 
қоса  омоним,  синоним,  антоним  сөздерінің  де  аудармасын 
меңгертіп,  аударма  жұмыстарын  жасатып,  қорытынды 
жасауға дағдыландыра отыру қажет.
Қазіргі  заман  және  бағдарлама  талаптарына  сай  оқу 
дағдысы  бойынша  нәтижеге  жету  үшін  оқулықтардағы 
мәтіндер  балаларды  қызықтыратындай  болғаны  тиімді. 
Қазақ  тілі  пәні  арқылы  қазақ  тілінің  байлығы,  көркемдігі, 
әуезділігі,  сөйлеу  мәдениеті,  фонетикалық,  лексикалық 
және грамматикалық нормалары мен өзіндік ерекшеліктері 
танылады  және  оны  қолдануда  пайдалану  дағдылары 
меңгеріледі.  Оқушыны  терең  әрі  жинақы  біліммен 
қаруландыру ұстаздың жаңаша ойлап, жаңаша жұмыс істеуін 
талап етеді. Яғни, оларды дамыта оқыту керек. Ал дамыта 
оқыту – оқушыны болашақ өмірге дайындау деген сөз.
Дамыта  оқытудың  идеяларын  жүйелі  қолға  алғанда 
ғана  оқушыларымыз  жылдың  соңында  өткізілетін  сынақ 
жұмыстарында дұрыс нәтиже береді.

9
   
   
 
«Қазақ  тілі»  пәні  сөз  өнері,  сөйлеу  үлгісі,  сөздің 
қолданудағы мағыналық бояуларының ерекшеліктері арқы-
лы  оқушының  сезіміне,  ақыл-ойына  әсер  етіп  дамытады. 
Мұнда  тілдің  танымдық,  тәрбиелік  және  дамытушылық 
қуаты, 
мүмкіндіктері 
ашылып, 
тіл 
үйренушінің 
қызығушылығы артады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» 
деген  еңбегінде  былай  дейді:  «Қазақ  ұлттық  тұтастануы 
үшін табан тірейтін негізгі тұғыр – мемлекеттік тіл ретінде 
қазақ тілін дамыту... ана тілінен артық бұл дүниеде қымбат 
не бар екен?»
Тіл – халықтың байлығы, айнасы. Оның тазалығын сақтау 
– үйретуден.
Осы туралы Н.Ә.Назарбаев былай деген: «Қазақ тілі – өте 
әдемі, көркем тіл, сондықтан бұл тілді білмеу мүмкін емес»
Сол  себепті  мемлекеттік  тілді  үйретуде  бар  күш-
жігерімізді  пайдаланып,  білімімізді  жетілдіріп,  жаңа 
технологияларды қолданып, қажымай еңбек етуіміз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Назарбаев. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Астана. 
2007.
2. Ж.Адамбаева. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 
№5, 2001ж., №3, 2002. 
3. Т.Мейірманқұлова. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мек-
тебінде. №10, 2002.
4. Ж.Досымбекқызы. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мек- 
тебінде. №6, 2005.
5. Қ.Шоразова. Қазақ тілі мен әдебиеті. №3, 1994.

10
Айдос ӘБДІХАЛЫҚОВ,
Мира САДУАҚАСОВА,
Жанар БЕЙСЕМБАЕВА,
Ұлттық тестілеу орталығының 
Мемлекеттік тілді дамыту
басқармасының қызметкерлері.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП 
ОҚЫТУ үДЕРІСІНДЕ ТІЛ 
МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ 
ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
(Соңы. Басы өткен санда)
ҚАЗТЕСТ  жүйесі  бойынша  тест  құрамы  тыңдалым, 
оқылым,  жазылым,  лексика-грамматикалық  бөліктерден 
тұратыны белгілі. Әрбір бөліктер бойынша тапсырмалар «өте 
оңай тапсырмадан күрделіге» қағидатын негізге ала отырып 
құрастырылған.  Тест  тапсырмаларын  қалыптастырудың 
өзіндік ерекшеліктері қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік 
тілдік  құзыреттілік  талаптарын  анықтайтын  мемлекеттік 
стандарттар негізінде анықталады. 
Тапсырмалардың  өзі  тіл  меңгеру  деңгейлеріне  байла-
нысты  күнделікті  өмір  мен  адамзатты  қоршаған  ортаға 
негіздеп, тілдік ортада тіл қолдану мүмкіндіктері салаларына 
бағытталған.  Деңгейден  деңгейге  өтуде  сабақтастық 
қағидаты  сақталып  отырады,  төменгі  деңгейде  белгілі  бір 
тақырып  бойынша  өте  қарапайым  тапсырма  берілсе,  одан 
жоғары  деңгейде  дәл  сол  тақырып  қарастырылып,  бірақ 
сөздік  қоры  да  күрделірек,  тапсырма  түрі  де  қиынырақ 
болып келеді. 
Осы  ретте  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін  бағалау 
емтиханына  дайындалудың  оқу-әдістемелік  құралдары 
әзірленді [4]. Оның ерекшелігі жоғарыда айтылғандай тест 

11
құрамындағы сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, оқылым, 
жазылым және лексика-грамматикалық құрылым бойынша 
тест  тапсырмаларына  тоқталып,  талдап,  қорытынды  тест 
тапсыру  арқылы  тілдік  дағдылардың  қалыптасуына  ықпал 
етеді.
Сонымен,  ендігі  жерде  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін 
анықтаудың  ҚАЗТЕСТ  тестілеу  емтихандарына  дайын-
далудың 
«ТІЛ-ҚҰРАЛ» 
оқу-әдістемелік 
құралдары 
қолданысқа енгізілді. Бұл да тілді меңгеруге деген ынтаның 
септігі болады, яғни, тілдік емтихандарға «қандай оқулық-
пен дайындалу керек?» деген сұрақтың жауабы бола алады. 
Дей  тұрғанмен,  ендігі  ретте  сол  тест  тапсырмаларының 
мазмұнымен  тікелей  бетпе-бет  келуді  және  ол  емтиханнан 
мүдірмей  өтуді  әрбір  тіл  үйренуші  армандайтыны  анық. 
Сондықтан  сол  тест  тапсырмаларының  өзіне  тікелей 
тоқталайық.
Тыңдап  түсінгенін  бағалауға    арналған    Тыңдалым  
бөлігінің  тест  тапсырмалары  туралы  мәлімет  берейік. 
Тапсырмалар  тіл  меңгеру  деңгейіне  байланысты  бір 
репликадан  тұратын  тілдік  қатысымдардан  төрт  немесе 
бес  адам  қатысатын  полилогтардан  тұрады.  Мәтіннің 
мазмұнына  сәйкес  диалогты  жалғастырыңыз,  сөйлемді 
толықтырыңыз, мәтін мазмұны бойынша дұрыс ақпарат пен 
дұрыс емес ақпаратты көрсетіңіз және т.б. тапсырма түрлері 
тіл  меңгеруге  деген  ынтаны  арттыруға  септігін  тигізеді. 
Мысалы,  қарапайым  деңгейге  арналған  келесі  репликаны 
талдап өтейік:
- Қасыңыздағы қарындасыңыз ба?
- Иә, ... .
Осы репликаны жалғастыру арқылы диалогты толықтыру 
керек. Диалог бойынша тест тапсырмасы келесідей:
Диалогты толықтырыңыз.

12
А) ағамның қызы;
Ә) әйелімнің сіңлісі;
Б) әпкемнің баласы;
В) ағамның жолдасы.
Ғалым  В.Аванесовтың  тұжырымы  бойынша  тест 
тапсырмасын  қалыптастыру  барысында  әрбір  әзірлеуші 
дайын болған тапсырма мазмұнынан «О чем это задание?» 
деген сұраққа жауап таба алуы керек [5]. Сол себепті осындағы 
туыстық атауларды тіл үйренушінің сөздік қорында болуын 
бағалауға арналған қарындас, аға, әйел, әпке, жолдас сөздері 
қамтылған. Бұл сөздер қарапайым деңгейдің сөздік қорында 
бар, яғни, қарапайым деңгейде туыстық атаулардың біразын 
білуі қажет. Сонымен бірге ағасының қызы сұхбаттасушыға 
қарындас  болатынын  білуі  де    және  әйелінің  сіңлісі,  әпке-
сінің баласы, ағасының жолдасы қарындас бола алмайтынын 
білуі  тіл  меңгеру  деңгейін  анықтауға  септігін  тигізеді. 
Сұхбат  тақырыбы  –  күнделікті  әлеуметтік  тақырып,  яғни, 
қарапайым  деңгейдің  қарастыру  тақырыбы  көлемінде. 
Енді, жауап нұсқасы ретінде келтірілген дұрыс емес жауап 
нұсқаларына  талдау  жасай  кетейік.  «Әпкемнің  баласы» 
нұсқасы «әлсіз» нұсқа болады, өйткені тіл үйренуші тілдегі 
сөздер мен сөз тіркестерін қажетті көлемде қалыптастырған 
болса,  ұл  балаға  «қарындас»  деп  айтылмайтынын  білуі 
керек,  сондықтан  бірден  жауап  нұсқасы  бола  алмайтын 
нұсқа  ретінде  шығарып  тастайды.  «Ағамның  жолдасы» 
нұсқасына келсек, ағасының жасы сұхбаттасушыдан үлкен, 
сондықтан  оның  жолдасы  оған  қарындас  бола  алмайды, 
екіншіден,  қазақ  тілінде  «жолдас»  сөзін  ер  кісінің  әйелі 
ретінде  де  қарастырады,  сондықтан  бұл  нұсқа  да  дұрыс 
емес  жауап  нұсқасы,  бірақ  алдыңғы  нұсқаға  қарағанда 
«күштірек». «Әйелімнің сіңлісі» нұсқасы «өте күшті» жауап 
нұсқасы болады, өйткені сұхбаттасушының әйелінің сіңлісі 
сұхбаттасушыдан  жасы  кіші,  сондықтан  қазақ  халқында 

13
қалыптасқан үрдіс бойынша өзінен жасы кіші қыз балаға ер 
адам  қарындас  деп  сұхбаттасуы  мүмкін.  Алайда  ер  кісінің 
әйелінің  сіңлісі  оған  қарындас  деп  айтылмайды.  Жауап 
нұсқасы ретінде ер адамның әйелінің сіңлісі оған «балдыз» 
деп аталатынын көрсетіп, жауап нұсқасы ретінде де көрсете 
алмаймыз,  өйткені  бұл  сөз  қарапайым  деңгейдің  сөздік 
қорында жоқ.
Қарапайым деңгейге арналған келесі тағы бір тапсырманы 
қарастырайық.
Тыңдаңыз.
- Танысып қойыңдар. Бұл – Асқар, Тараздан.
- Қуаныштымын. Менің атым – Қайнар.
Егер  жай  ғана  тыңдағанын  есте  сақтау  тапсырмасын 
құрастыру  керек  болса,  онда  тест  тапсырмасы  келесідей 
болар еді.
Диалог бойынша тест тапсырмасы.
Дұрыс нұсқасын таңдаңыз.
Асқар ... келген.
А) Тараздан;
Ә) Шымкенттен;
Б) Қызылордадан;
В) Маңғыстаудан.
Енді 
мұндағы 
Шымкенттен, 
Қызылордадан, 
Маңғыстаудан  дистаркторлары  өте  әлсіз  жауап  нұсқалары. 
Өйткені  диалог  барысында  мұндай  қалалар  туралы  мүлде 
айтылған  жоқ.  Тек  есте  сақтау  қабілеттерін  ғана  бағалауға 
арналған бұл тапсырма тіл меңгеруге деген ынтаға ешқандай 
септігін тигізбейді. Оның орнына, 
Сөйлемді толықтырыңыз.
Асқар ... келген.
А) батыстан;
Ә) шығыстан;

14
Б) оңтүстіктен;
В) солтүстіктен.
Тест  тапсырмасын  ұсыну  арқылы  тіл  үйренушінің 
бағыттардың  қазақша  атауын  білу  қабілетін,  Тараз 
қаласы  оңтүстік  аймаққа  жататындығын  білу  арқылы  тіл 
үйренушінің  мәдени-әлеуметтік  құзыреттілігін  бағалауға 
болады. Батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік сөздері бойынша 
сөздік  қорын  бағалауға,  екіншіден,  мәдени-әлеуметтік 
танымының жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік береді. Осы 
арқылы тіл меңгеруге деген ынтаны тудырады. Тапсырмада 
пайдаланылған сөздер де деңгейдің сөздік қорынан шығып 
кеткен жоқ [6].
Әрбір  тест  тапсырмаларын  мақсатқа  лайықтау 
барысында  ғылыми  ізденіс  талап  етіледі.  Тіл  меңгеру 
деңгейіне  байланысты  әдеби  шығармалардан,  ақындардың 
өлеңдерінен  үзінділер  келтіру  арқылы  тіл  меңгеруге  деген 
ынтаны  арттыруға  ықпал  етерліктей  тест  тапсырмаларын 
әзірлеуді қарастыру қажет. Әрине, сөздер мен сөз тіркестері, 
сөйлемдер деңгейдің сөздік қоры көлемінде болуы керек. 
Мысалы,  базалық  деңгейге  арналған  лексика-
грамматикалық  құрылымға  арналған  тест  тапсырмасын 
қарастырайық.
Асты сызылған сөздің мағынасын анықтаңыз.
Өзімнің есебімде,
Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде ...
(М.Мақатаев, Өзімнің есебімше)
A) Ол қырық беске келді.
Ә) Қырық бес жасқа толады.
Б) Биыл ол қырық алтыға толды.
В) Оның жасы биыл қырық жаста. 
Осындағы  «қырықтың  бесеуі»  тіркесі  арқылы  ақын 
қырық  бес  жасты  айтып  отырғанын  түсінгенін  бағалауға 
болады.  Сан  есімнің  түрленуін  түсінгенін  және  оны  тіл 

15
қолдануда  пайдалана  білетіндігін  бағалауға  арналған  тест 
тапсырмасы бола алады.
Лексика-грамматикалық құрылымды бағалауға арналған 
бірнеше тест тапсырмасын келтірейік.

Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет