Жүнісов С. Ж88 Пьесалар



жүктеу 6.82 Kb.
Pdf просмотр
бет5/14
Дата26.04.2017
өлшемі6.82 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 Үшінші  көрініс
Сынып іші. Оныншы сынып оқушыларына Кәрібай 
Асарович дәптерлерін таратып беріп жүр.
К ә р і б а й. Жараған екенсіңдер, балалар, бәріңе де жаңа 
мұғалім бір-бір екіні қонжитқан екен.
Қ а р а с. Менің екі алғаным ештеме емес-ау. Мына бола-
шақ журналист Русланның екі алғаны жаныма батып отыр.
А н д р е й. Маған да бәрібір, филология факультетіне 
түсіп жатқам жоқ.
Қ а н а т. Дегенмен жаппай төмен баға алу ұят екен өзі.
К ү л ә ш. Осы, сіз сабақ бергенде мұндай шығармаларға 
бес, кемі төрт ала беретініміз қайда?
К ә р і б а й. Жаңа мұғалімнің өзінше бір жаңалығы шығар. 
Әлі де тексереміз. Бұлай болмайтын шығар.
Л и д а. Кәрібай Асарович, менің шығармамды тексерте 
көрмеңізші.
К ә р і б а й. Е, неге? Сен жаман жазбапсың. Сенің кінәң 
қандай? Екі-үш-ақ қатең бар, грамматикалық.
Л и д а. Мен былтыр, сіздің мұғалім кезіңізде еркін та-
қырыпқа жазған шығармамды сол қалпында көшіріп бере 
салып едім. Сезіп қалған-ау деймін.
Р у с л а н. Оны қайдан сезсін. Бізді бір қорқытып 
алғысы келген ғой. 
Д  о с  қ  а  н .  Оған несіне қорқамыз. 
А н д р е й. Бәрібір биыл бітіреміз, мейлі қорқытсын, 
мейлі қорқытпасын. 
К ә р і б а й. Балалар, мәселе қорқыту, қорқытпауды емес, 
мәселе... басқада... 
К ү л ә ш. Басқада болса, айтсын жасырмай. Не ол? 
Біздің жазығымыз не?

73
Қ а р а с. Егер бұлай болса берсе, ол мұғалімнің алдынан 
оқымаймыз.
Л и д а. Өзіміздің Кәрібай Асаровичімізді директо-
рымыздан сұраймыз. 
К ә р і б а й .  Мен енді...сендер үшін қайта келермін-ау, 
бірақ...
Сыныпқа Талап кіреді... балалардың бірі тұрып, бірі 
тұрмайды. Талап қашан бәрі тұрғанша үнсіз күтеді. 
Т а л а п. Отырыңдар, балалар. Дирекцияда сәл кешігіп 
қалдым. Кезекші, кімнің жоқ екенін, себебін жазып бере-
сің... Бүгінгі сабақ – өткендегі шығарманы талдау. Ә, сіз де 
осында ма едіңіз...
К ә р і б а й. Сынып жетекшісіне сабағыңызға қатысуға 
болатын шығар.
Т а л а п. Қатысыңыз... мейліңіз. Тәнзила, тақтаға шық. 
Шығарма тақырыбын және жоспарын жаз. (Тәнзила 
жаза бастайды.)  « Кім болам? Жоспар: 1. Маяковский 
шығармасының өміршеңдігі. 2. Ерлік, батырлық сипаттары. 
3. Азаматтық белгі, оның көріністері. 4. Кім болам?
Т а л а п. Оқушылар, шығарма тақырыбын түсінгенмен, 
шын ниеттеріңмен толғанып, ойланбай, ат үсті жазғансың-
дар. Сондықтан да сендердің, ертең онжылдықты бітіріп 
өмірге жолдама алатын кәмелетке толған адамдардың бо-
лашақта кім болғысы келетін ойы, жалпы көмескі қалған. 
Терең талдау жоқ. Ең қынжыларлығы – Ұрандаған бос 
сөздер. Ал ең ұяты – көпшілігін оқулықтағы кейбір аб-
зацтарды сөзбе-сөз көшіргенсіңдер...
Қ а р а с .  Біз енді одан артық жаза алмаймыз. Жазушы 
емеспіз.

74
Ғ а з и з а. Кітаптан алмағанда, көктен аламыз ба?
Т а л а п. Оқушылар, сендер, бәрің де, ертең оқу бітірген 
соң ерліктің, батырлықтың жолын қуғыларың келеді. 
Еліміздің азаматы боламыз депсіңдер.
Қ а р а с. Сол қате ме?
Т а л а п. Жоқ, дұрыс. Бірақ ерлік деген не? Тап басып, 
дәл айтқан бірің жоқ. Жалпылама сөз.
Л и д а. Мен оны жаздым ғой. Зоя Космодемьянскаяның 
ерлігін жаздым.
Д о с қ а н. Мен Нүркен Әбдіровтың.
А н д р е й. Мен Матросовтың.
Т ә н з и л а. Мен Мәншүк Мәметованың.
Т а л а п. Жарайды, балалар. Мұның бәрі соғыс жыл-
дарындағы ерліктер. Ал тап осы кезде, бейбітшілік уа-
қыттағы, яғни жалпы батырлық пен азаматтық деген сөз-
дердің мәні мен мағынасы неде? Екеуінің арақатынасы 
қандай? Болашақтағы мақсаттарың не?
Қ а р а с. Мұғалім, біз өзі шынын айтқанда, әлі қай оқуға 
түсіп, кім болатынымызды да білмейміз.
Д о с қ а н. Мысалы, мына Қанаттың қай оқуға түсетінін 
өзі білмейді, мамасы біледі.
Қ а р а с. Сондықтан да ерлік, батырлық дегендер қазір 
жұрттың қолындағы бір зат сияқты түсініксіз...
Т а л а п. Жарайды онда, Лида, сенің мысалыңнан 
бастайық. Сен Зоя Космодемьянскаяның ерлігін жазып-
сың. Оның ерлігі неде? Тәнзила, орныңа барып отыр.
Л и д а. Оның ерлігі? Белгілі емес пе? Оны бастауыш 
сыныптың баласы да біледі. Және мен шығармамда жаздым.
Т а л а п. Тағы да қысқаша қайталап айт.
Л и д а. Айтсақ айтайық: оның фрицтерден қорықпай, 

75
олардың қару-жарақ қоймаларына от қойып, қолға түскен де 
жауап бермей, қаншама қинаса да берілмеуі ерлік! Ол аз ба?
К ү л ә ш. Сол үшін де батыр атағын алды.
Р у с л а н. Әлде батыр атағын бермеу керек пе еді?
Т а л а п. Бұл жерде сұрақ оның ерлігі мен азаматтығының 
белгілерінде болып тұр. Ал енді азаматтығы неде?
Л и д а. Азаматтығы, оның... енді... ерлігінде. Азаматтығы 
да сол фашистерге берілмеуінде емес пе?
Т ә н з и л а. Азаматтық болмаса, ерлік те болмас еді.
Т а л а п. Иә, Тәнзила, орныңнан тұр. Дұрыс айтып 
отырсың. Зоя Космодемьянскаяның, не өзің жазған Мән-
шүк Мәметованың азаматтық белгісі неден көрінеді?
Т ә н з и л а. Азаматтығы?.. Азаматтығы... енді оның 
батырлығы емес пе?
Т а л а п. Досқан, сен айтшы?
Д о с қ а н.  Мен айтсам... Ерлік деген, бүгінгі күні, 
бесжылдық жоспарларды күн ілгері бітіріп, жүннен, сүттен, 
жұмыртқадан мол өнім беру. Шойыннан болат балқытып, 
қозыдан қошқар шығару. Ал, оқуға түсудегі батырлық – бір 
орынға таласқан он баланы түгел қирата жығып, құлатып, 
жалғыз өзін институтқа түсіп кету. Азаматтық туралы 
шығармада жазғамын. Ол да бір жаттанды болған сөз ғой.
Т а л а п. Досқан, сен шығарма жоспарындағы ( тақта-
ға қарап) азаматгық деген не деген сұраққа бір-ақ сөзбен 
жауап беріпсің.
Д о с қ а н. Қате ме? Өзіме дұрыс: «Азаматтық деген – 
өз мүддеңнен қоғам мүддесін артық санау».
Т а л а п. Өте дұрыс. Бұл – біздің еліміздегі ұлы қағида! 
Енді осыған талдау жасайықшы.
А н д р е й. Оған талдау жасамай-ақ белгілі емес пе?

76
Т а л а п. Шығарма мақсаты – осы сөзді мысалдар 
арқылы талдау. Осы ауданда болған мынадай бір мысал 
айтайын. Өзенде мұз жаңа қатқан кез. Бір бала өзен 
үстімен өтемін деп келе жатқанда мұз ойылып кетіп, шыға 
алмай, жанталасып жатады. Мұны көрген екінші бір адам 
құтқаруға түскенде екеуі де суға кетеді. Жұрт бұл оқиғаға 
қатты қайғырды. Әлгі адамды азамат деп осы күнге дейін 
аузынан тастамайды. Неге?
К ү л ә ш. Егер аман алып шықса-шы?
Т а л а п. Онда да азамат екен дейді.
Қ а р а с. Ал егер баланы құтқаруға түспесе? Мүмкін... 
тығыз шаруасы бар шығар.
Ғ а з и з а. Мүмкін ол суда жүзе білмейтін шығар.
Қ а н а т. Онда ол өз қара басын, өз амандығын ғана 
ойлайтын қорқақ адам.
Т а л а п .   Ендеше, қандай қиындықта өз басын ғана 
құт қарған адамды, не өз мүддесін ғана қорғаған адамды аза-
мат екен деп ешкім мадақтап, елге жарияламайды.
Қ а р а с. Мысалы?
Т а л а п. Мысалы, бала емес, жаңағы адамның өзі жалғыз 
келе жатып, мұз ойылып кетіп суға кетсе, не жалдап шықса, 
ол адамды жұрт «азамат екен, судан аман шықты» немесе 
«азамат екен суға кетті» деп мадақтай ма?
Р у с л а н. Расында да, қайғылы қазаға ұшырады деп 
газетке қазанама береді де қояды. Мүмкін, одан бұрынғы 
азаматтық, ерлік істері болса, жазар.
Қ а н а т. Ендеше, Зоя Космодемьянская мен Мәншүк 
Мәметованың азаматтығы да ерлігінде емес пе?
Т а л а п. Егер олар ондай ерлік жасай алмай, ертерек 
оққа ұшса, батырлық атақ алар ма еді?

77
Л и д а. Жоқ.
Т а л а п. Бірақ азаматтық аты қалар ма еді?
К ү л ә ш. Әрине.
Ғ а з и з а   (орнынан тұрып). Талап Бақытжанович, мен 
ай тайыншы. Менімше, Зоя Космодемьянскаяныңда, Мән-
шүк Мәметованың да азаматтықтары – ең алдымен, олар-
дың соғысқа өздерінің тіленіп баруында. Олардың ерлікке 
деген алғашқы қадамы да осы азаматтықтарынан басталған...
Т а л а п. Иә, иә...
Ғ а з и з а. Егер олар соғысқа сұранып бармай, эва-
куациямен басқа қалаларға бас сауғалап кетсе де, ешкім 
сөкпес еді. Ерлік те жасамас еді. Бірақ олар өздерінің 
жастығына, тіпті қыз бала екендіктеріне қарамастан, халық 
басына күн туғанда, өздерінің болашақ өмірін, болашақ 
жастық өмірін қиып, яғни оны ойламай, Отанның тағдырын 
өз тағдырынан биік қойды...
Т а л а п. Яғни?
Ғ а з и з а. Яғни, өз мүддесінен халық мүддесін биік 
қойды. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу жолында 
өздерінің, тіпті қара бастарының арманын құрбан етті.
Т а л а п .  Міне, дұрыс. Отыр, Ғазиза! Ал бейбітшілік 
уақыттағы осындай азаматтық борышын өтеу туралы қандай 
мысал келтірер едіңдер.
Д о с қ а н. Мысал көп қой.
Т а л а п. Қане, қандай мысалдар?
А н д р е й. Мысалы, елімізде сонау отызыншы жылдар-
да гидростанциялар құру, ауыр өнеркәсіпті көтеруде, 
бертін КамАЗға, БАМ-ға барған, тыңға келген жастар да 
Отанымыздың шын азаматтары.
Қ а р а с. Е-е, олардың өз мүдделерінен қоғам мүддесін 

78
артық қойғанын немен дәлелдейсің? Соғыста еңбекақы 
алмайды, ал бұлар еңбекақы алады, ол мүдде емес пе?
Д о с қ а н. Егер олар да, сен сияқты, әуелі оқуға барамын 
деп, немесе, алыстағы үй-жайы жоқ жерге бармай-ақ, 
жылы үйінде жүріп қана жұмыс істеймін десе, әрине, онда 
еңбекақы алады, өз мүддесін ғана ойлаған болар еді.
Р у с л а н. Онда, көпшілік қолымен жасалатын құры-
лыстар, жаңа объектілер дер кезінде игерілмес те еді.
Қ а р а с. Талап Бақытжанович, менімше, өз қара ба-
сын ойламайтын адам кемде-кем. Әйтпесе, қараңызшы, 
осы ауданда жылда өз үйін жөндемейтін бірде-бір адам 
жоқ. Ал мектеп екі жылда бір жөнделмейді. Осыған неге 
көмектеспейді, егер қоғамшыл болса жұрт.
Т а л а п. Қазіргі мектептің жөні басқа. Қазір құрылысқа, 
жөндеуге бөлінетін арнаулы қаражат бар. Бір кезде, рас, 
мұндай қаражат та тапшы болған. Мысалы, Айтматовтың 
«Алғашқы оқытушы» повесіндегі Бейсенді алыңдар. Қане, 
қайсың айтып бересің, сол Бейсеннің бойындағы азаматтық 
қасиеттерді? Қарас, ойға дұрыс салдың.
Оқушылар қол көтеріседі.
Т а л а п. Сен айтшы, Салфельд.
А н д р е й. Енді... Бейсеннің азаматтығы, өз басында үй 
болмаса да мектеп ашуы, білімі аз бола тұра, сол аз білімін елге 
таратуы. Егер, өз қара басын ойлап, білім қуып кетсе, өзінің 
көзі ашылар еді. Мүмкін, академик те болар еді. Ол көптің 
көзін ашты. Басқа академиктерге жол ашты. Кейін өз білім 
деңгейі мектепке жарамаған уақытта пошта тасушы болды. 
Ол да қоғамға қажетті орынға, яғни тапшы орынға пайдасын 
тигізді. Демек өз мүддесінен қоғам мүддесін биік қоя білді.

79
Т а л а п. Міне, тамаша! Бір сөзбен біздің қоғамның 
мықтылығы батыр адамдарының көптігінде емес, азамат-
тарының көптігінде. Солай ма?
Л и д а. Сонда қалай, батыр болмау керек пе?
Т а л а п. Батыр болу әркімнің қолынан келе бермейді. Ал 
азамат болу – борышың! Азаматтық жоқ жерде батырлық 
та жоқ. «Ақын болу – шарт емес, азамат болу – міндетің», 
– дейді Некрасов.
Қ а р а с. Бұл ақындарға айтылған сөз емес пе? Бізге 
солай үйретіп еді ғой.
Т а л а п. Бұл – жалпы адам баласына айтылған сөз. 
Ақындық, әншілік сияқты өнер – табиғи дарын. Кез келген 
адамның бойында бола бермейді. Сондықтан бар адамның 
ақын болуы шарт емес, ал өз қоғамыңның азаматы болуға 
міндеттісің. Адамдық қасиетің, еліңе тигізер пайдаң – батыр-
лықпен, ақындықпен ғана өлшенбейді. Бұл парыз бәрімізге де 
ортақ. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», 
– дейді ұлы Абай. Ендігі шығарма тақырыбы осы болмақ.
Сыртта қоңырау дыбысы ысылдаған боран үніне 
ұласады.
 ЕКІНШІ  ПРОЛОГ
Тас қараңғы түн. Ішін тарта ұлып, уілдей ысқырып 
соққан алай-түлей боран. Жылт-жылт еткен көп панар 
жарығы. Рацияның гуілдеген, шыңылдаған, шуылдаған, 
ауа толқынындағы үні.
И в а н   С е р г е е в и ч   (ықтап, рациямен сөйлесіп 
отыр). Шамасы он километрдей жер жүрдік. Жүрісіміз 
өнбейді. Тауға қарай жақындаған сайын қар қалыңдап, «К-

80
700» жиі-жиі бата береді. Адамдар әлі тың. Екінші бетте-
гілерден хабар жоқ. Прием, прием!
МОНОЛОГТАР:
Б а т т а л. Апырмай, бір белгі де болмағаны ма. Бәрі 
де жұбын жазбай бірге ықтап бара ма? Жатып қалған, не 
бөлінген бір саулық та кездеспейді.
Б а л т а ш. Қайдан кездессін. Мүмкін, біз қар астында 
қалған балалар мен қойлардың үстімен келе жатқан 
шығармыз. Бәрі де зым-зия жоқ. Аспаннан саулап, жерде 
ұйтқыған мына қалың қар бәрін де көміп кеткен шығар.
Қ а р а с. Табылса екен, табылса екен. Жалғыз қалдым-
ау, жалғыз!
Б а л ш е к е р .  Күнім-ай, күнім-ай, қайдасың. Тоңдың-
ау, ботам!
Ж е т е к ш і. Үсіп қалмасаң жарар еді, қызым!
Г ү л с і м. Боран да ашылмай қойды. Таң да білінбейді. 
Қай жерде кетіп бара жатыр екенсіңдер?
Т а л а п. Не деген толастамайтын боран. Көктемде де 
осынша үскірік соғады екен-ау.
А п л а ш. Бұл кезде жылда екі-үш адам адасып өледі. 
Сонда да сақтығымыз шамалы. Мұндай боранды алдын 
ала болжау да, хабарлау да жоқ. Жемшөптің жетіспейтінін 
қадағалау қайда? Осының кесірі, ақырында, айдаладағы 
балаларға келіп тиді.
В а с и л и й   О т т о в и ч .  Талай рет боранда қалып 
жүріп, тап мынадай боранды көргем жоқ. Тауға жақындасақ 
керек. «К-700» де малтыға береді. Трактор майы жетсе 
жарар еді.

81
 Төртінші  көрініс
Аудандық атқару комитеті председателінің каби не-
ті. Іште мектеп директоры Гүлсім Махмұтова, 10-сы-
нып жетекшісі Кәрібай Асарович отыр. Председа тель 
Қасым бөлме ішін ерсілі-қарсылы кезіп жүр. Телефон 
дамылсыз шылдырлайды. Қасым телефон тұтқасын 
жұлқи көтеріп: «Қазір облыс орталығынан, райком 
хат шысынан болмаса, ешкімді қоспаңыз! Кейін өзім 
айтамын», – деп орнына қояды. Ішке Талап кірген.
Т а л а п. Рұқсат па екен, саламатсыз ба?
Қ а с ы м. Келіңіз, отырыңыз. Қаншама адамды күттірдіңіз 
ғой.
Т а л а п. Жаңа бір... кешкі мектепке қосымша сабақ 
өткізіп...
К ә р і б а й. Мен сізге айтпадым ба... Сіз де бір жоқ 
жерде пысықси қалады екенсіз...
Қ а с ы м. Оқытушы жолдастар, мұнда сіздерді неге 
шақырғанымды өздеріңіз де сезіп отырған шығарсыздар!
К ә р і б а й. Иә, аздап...
Қ а с ы м. Ендеше, қысқарта сөйлейік, жолдастар. 
Облыстық газетке үндеу жазып жүрген кім? Биылғы он-
жылдықты бітірген оқушылардың бәрі де қостай ма? Және 
оған мұрындық болған кім?
Т а л а п. Әуелі сізге бір сұрақ қоюға рұқсат па?
Қ а с ы м. Иә, не сұрағыңыз бар?
Т а л а п. Облыстық газетке үндеу жазуға болмай ма? 
Болса, сіздің рұқсатыңызсыз жарияланбай ма?
Қ а с ы м. Түсінікті. Жазуға болады. Бірақ мұндай 
мәселе – аудан тарапынан тексерілетін үлкен мәселе. Ол – 
ойыншық емес...

82
Т а л а п. Ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлгеніме, үндеу – 
мектепте, комсомол ұйымында талқыланған, бір данасы 
атқару комитетіне жолданған. Бірақ хабар-ошар болмаған 
соң... Сіздердің рұқсатыңызды күтіп отыра алмадық.
Қ а с ы м. Иә, қаралатын қағаздар өте көп, кейде қайсыбір 
қағаздардың ұзағырақ жатып қалатыны рас...
Г ү л с і м. Үндеу жазған 10-сыныптың оқушылары.
К ә р і б а й. Оған мұрындық болушы, оларды... былай 
үгіттеуші, жасыратыны жоқ, мына отырған жаңа келген жас 
оқытушы Бақытжанов жолдас.
Т а л а п. Иә, ой салғаным рас! Бірақ тап осылай болыңдар 
деген үгіт те, зорлық та жоқ. Оқушылардың өз жүрек 
қалауы.
К ә р і б а й. Менімше, жүрек қалауы дегеннен гөрі, әдеби 
тілмен айтқанда, жастыққа тән алып-ұшқан албырттық, 
балалық деген үйлесімдірек пе деймін.
Т а л а п. Әдеби тілде «жастық жалын, жастық жігер» 
деген де сөз бар. Сіз өңкей жасықтау сөздерге үйірсіз, 
Кәрібай Асарович!
Қ а с ы м. Әдеби тіл нормасын мектепте түсіндіре жа-
тарсыздар. Әзірге қауіп мынада: оқушылардың үн 
деуін 
обком, облисполком біледі. Сондықтан да бізге, жер 
гі-
лікті кеңес органына талқылауға, талдауға жіберіп отыр. 
Бір сөзбен, сіздер бізге аяқ астында жұмыс тауып беріп 
отырсыздар. Ертең облыстық газетке, одан соң рес-
публикалық газетке үндеу жарияланса, бүкіл халық біледі 
деген  сөз.  Ал  одан  соң,  үндеу  құрғақ  үндеу  боп  қала                   
бер се...
Т а л а п. Сонда сіз оқушыларға сенбеймісіз?
Қ а с ы м. Баланың аты бала, ертең әрқайсысы жан-

83
жаққа тартып, бытырап кетсе, оларға не істейсің? Олардың 
бұл қылығына кім жауап береді?
К ә р і б а й. Тура осы сөзіңізді мен де айттым. Әуелі 
бір жыл барып көрсінші өздері. Тіпті бармайды да, ал бара 
қалса, бір көрген қиындыққа шыдамайды.
Т а л а п. Мұндай сенімсіздікпен жүріп, он жыл алдыңыз-
да оқыған оқушыларыңызды қалай тәрбиелегенсіз... Ме-
нім ше, үндеу жариялау – оқушыларға сенім артады, жауап-
кер ші лік жүктейді, бәрінен де елінің үлкен азаматтары мыз 
деген ұлы сезім туады.
Қ а с ы м. Иә, әдеби тілмен майдалап айтқанда, солайы 
солай-ау!
Т а л а п. Егер әдеби тілмен айтсақ, Отанымыздың ұлы 
ісіне деген үлкен үлес, партиямыздың шақыруына ком-
сомолдық жауап! (Пауза.)
К ә р і б а й. Комсомолдық жолдамамен тыңға келу
БАМ-ға бару, темір жолдар, каналдар салуға, қырға да, 
ойға да бару дегенді көзіміз көрді. Ал қойға бару дегенді... 
білмеймін... Бұл жастарды да, басқамызды да тектен-тек 
адастыру, ақыры ұятқа қалу.
Г ү л с і м. Тыңға келу миллиардтарды көтерді. Ал бүгінгі 
қой шаруашылығындағы миллиондарды кім көтереді? 
Менімше, Кәрібай Асарович, педсоветте де сөз болды, біз 
өз оқушыларымызды әлі жете білмейді екенбіз.
Қ а с ы м. Шынында да бұл дер кезінде көтерілген 
мәселе! Қойды кешенді түрде бағу мәселесі – бізде қолға 
алынып жатқан үлкен жұмыс. Кемінде екі-үш жылдың 
жұмысы. Разрабатывать деген бар. Ал, ертең балаларды 
қойға жібердік, оларға қандай мүмкіндіктер бар?
Т а л а п. Иә, дұрыс айтасыз.

84
Қ а с ы м. Оны педсоветтің қаулысымен шеше алмай сың.
Т а л а п. Міне, менімше, бұл – сіздердің мәселелеріңіз... 
Оларға жатақхана, кітапхана, асхана.
К ә р і б а й. Иә, хана-хана, ханалар керек, тек ақыры бәрі 
де «хана» болып қалып жүрмесе...
Т а л а п. Кәрібай Асарович, осы сіздің ылғи бүйректен 
сирақ шығара беруге жаныңыз құмар екен.
Қ а с ы м. Жақсы, осы еді шақырғаным: оқушылармен де 
арнайы сөйлесерміз.
Оқытушылар шыға береді.
Қ а с ы м. Бақытжанов, бірер минутқа қала тұрыңыз. 
(Талап қайта кіреді.) Сен айналайын, астанадан биыл 
келген баласың ғой?
Т а л а п. Иә, аға.
Қ а с ы м. Сенің үй сұраған өтінішіңді дирекция маған 
тапсырып еді. Қазір, тап биыл пәтер жағдайы қиындау 
болып тұр. Негізгі мамандардың өзіне үй қиындау...
Т а л а п. Негізгі мамандар?
Қ а с ы м .  Иә-иә... Ауылшаруашылық мамандарын ай-
тамын.
Т а л а п. Қазір интернаттың бір бөлмесінде тұрамын. 
Шешем мен қарындастарымды кейін көшіріп алмақшы мын. 
Әзірше...
Қ а с ы м. Иә, әзірше амалдай тұр, кейін көрерміз.
Т а л а п. Рақмет, аға! Енді кете берейін бе?
Қ а с ы м. Иә, иә! Бақытжанов, бір минутке.
Талап бөгеледі.
Әлгі, қойға барамыз дейтін оқушылардың ішінде менің 
балам да бар ма?

85
Т а л а п. Қанат па? Әрине, ол ішінде ғана емес, осы істі 
негізгі бастаушы сол!
Қ а с ы м. Солай де? Иә, иә.
Талап шығып кетеді.
Қ а с ы м (жалғыз). Ым, да-а! Ендігі қып-қызыл майдан 
алдымен біздің үйде басталатын шығар.
Телефон тұтқасын көтеріп нөмірлерді тере бастағанда, 
кабинетке асыға-үсіге Балшекер кіреді.
Қ а с ы м. Оу, Балшекер, келіп қалғанбысың, иә аман ба?
Б а л ш е к е р .   Неғып кешке дейін отырсың, сенің-ақ 
шаруаң таусылмайды екен.
Қ а с ы м. Иә, шаруа көп.
Б а л ш е к е р .  Мен үйден кетсем-ақ болды, сен де, ана 
ұлың да отырмайсыңдар. Қанат қайда кеткен?
Қ а с ы м. Жарайды, үйге барған соң тергерсің, бара бер 
үйге.
Б а л ш е к е р .   Жүр енді, жетер коммунизмді жалғыз 
өзің құратындай!.. Тым құрмаса мен алыс сапардан келген 
күні қарсы алсаң, нең кетті.
Қ а с ы м (күліп). Оу, биылдай Алматыға жүз 
қатынадың, соның бәрінде қарсы ала берсем, жұмысты кім 
істейді?
Б а л ш е к е р .   Жұмыс-жұмыс, баланың да қамын бір 
жолға ойлауға бола ма осы...
Қ   а   с   ы   м .   Е һ ,  сен ойлап жүрсің, жетеді бір бала-
ға бір қамқоршы.
Б а л ш е к е р .  Бір қамқоршы! Алматыда жұрт балала-
рының қамымен осы күннен бастап шұбырып жүр. Жазда 
бір баланың соңында бір қамқоршы емес, бес-он қамқоршы 
жүреді.

86
Қ а с ы м. Соншама шұбыратын немене ол, бәйгеге 
қосатын ат па екен?
Б а л ш е к е р. Шұбырмағанда қайтеді? Осы жолы он 
екі институтта болдым. Былтыр юридическийге бір орынға 
17 бала, университеттің әр факультетіне оннан, он бестен, 
медицинскийге – 12, СХИ-ға – 13, политехническийге 
– 9, тіпті әлгі педагогическийге – 8, (қалтасынан қағаз 
алып) консерваторияға – 7, нархозға – 11, шет тілге – 14...
Қ а с ы м. Жарайды, жарайды, шұбыртпа.
Б а л ш е к е р .  Тұра тұр. Шұбыртқанда қызығы бар... 
Мен Қанатжанға тамаша институт тауып келдім... Тек 
ұнаса...
Қ а с ы м. Оған ұнамайды.
Б а л ш е к е р .  Ұнамағаны несі? Әуелі тыңдап алсайшы. 
Мен Алматыда неше күн, неше түн табанымнан сарылып 
жүрсем... Институтқа түсуді ойыншық көреді екенсің. 
Алматылықтардың айтуынша: «бұл №1 проблема».
Қ а с ы м. Онда, бұл проблеманы Қанаттың өзі шешіп те 
қойған. Ол оқуға бармайды.
Б а л ш е к е р .   Оқуға бармағаны несі? Осы сен кері 
сөйлеуіңді қашан қоясың. Оқуға бармағанда ауыл ішінде 
арақ ішіп, қаңғырып жүрсің деймісің. Әлде әйел әперіп 
қоймақсың ба?
Қ а с ы м. Арақтан, әйелден басқа кәсіп жоқ па екен?
Б а л ш е к е р .   Білеміз, оқуға бармаған балалардың 
кәсі бін. Ана Балташтың үлкені жүрген жоқ па, жасынан 
қағы нып әйел алып, астында машина, аузында шылым, қал-
тада шыны.
Қ а с ы м. Біздің Қанат қойға барады.
Б а л ш е к е р .  Қойға-а?..

87
Қ а с ы м. Иә, қойшы болады.
Б а л ш е к е р .   Қойшы-ы... (Есірік күлкі.) Тапқан 
шар уа сының  түрін!
Қ а с ы м .   Қанат қана емес, бүкіл сыныбымен түгел 
барады.
Б а л ш е к е р .  Бұл сен ойлап тапқан жаңалық шығар.
Қ а с ы м. Менікі ме, басқанікі ме, жаңалықтың аты – 
жаңалық.
Б а л ш е к е р .  Соңғы екі жыл бойы қой шаруашылығың 
ақсап, жоспарларың орындалмай, жаның мұрныңның 
ұшына келіп жүруші едің. Енді, балаларды жегіп, жаныңды 
алып қалмақшы екенсің ғой.
Қ а с ы м .  Ешкім де өз қара басын сақтап жүрген жоқ, 
қой шаруашылығы бұдан былай кешенді шаруашылыққа 
көшпек.
Б а л ш е к е р .  Кешен, аха-ха!
Қ а с ы м. Бәрі механизацияланған шаруашылыққа 
ауысады. Оған жастар бармағанда, сердечник сен барасың 
ба, гипертоник мен барамын ба?
Б а л ш е к е р .   Әй, председатель қарағым! Бос сөзді 
қай тесің. Одан да Қанатжанның оқуға түсетін қамын ой-
лайық. Биыл медальмен бітірсін десең, бүгіннен бастап, 
үстелге шегеле. Мен жоқ едім, қарашы, үйде ол да жоқ. 
Қайда жүр? Тағы да гитарын арқалап қаңғып кеткен ғой...
Қ а с ы м. Ол ешқайда қаңғыған жоқ. Кұрбыларымен бәрі 
каникулда қой фермасына кеткен... Ертең келетін күндері.
Б а л ш е к е р .   Не  айтып тұрсың, ойының ба, шының 
ба?
Қ а с ы м. Әзірше өзіме де мәлім емес. Ойын ба, шын ба?
Б а л ш е к е р .   Ал  маған мәлім!..

88
Қ а с ы м. Жарайды, жарайды, үйге бар, кеңседе дау-
ласпайық. Бүгін Батекеңнің мерейлік тойы. Соған бара-
мыз.
Б а л ш е к е р .  Өзің бар. Батекеңді пенсияға шығарып, 
орнына Қанатты қояды екенсің ғой, тапқан екенсің, оңай 
май шелпекті.
Қ а с ы м. Жарайды, бар үйге, киініп кел. Есіңде болсын, 
ата-аналардың арасында ши шығарушы болма!
Б а л ш е к е р .   Ши  шығарғанды көресің әлі. Сен Қа-
натжанның әкесі болсаң, мен анасы. Бір жыл бойы Алматы 
мен Мәскеудің арасын шаңдатып мен жүрейін. Сен болсаң...
Осы арада Қасым қабырғада ілуді репродукторды 
бұраған. Би әуені шалқи жөнеледі. Балшекер екі қолын 
сермеп, әлденелерді жұлынып сөйлеп жатыр, сөйлеп 
жатыр. Музыка әуені күшейе түседі.
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 6.82 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет