Жұмыссыздықты азайтып, кәсіпкерлікке оқыту, қайта даярлау бағдарламасын



жүктеу 0.78 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі0.78 Mb.
#12350
  1   2   3   4   5   6   7

Аудан 

тұрғындары 

арасындағы 

жұмыссыздықты азайтып,  кәсіпкерлікке 

оқыту,  қайта  даярлау  бағдарламасын 

жүзеге  асыруда,  халықтың  тұрмыстық-

әлеуметтік    жағдайын  жақсартуда  

аудандық  жұмыспен  қамту  және 

әлеуметтік 

бағдарламалар 

бөлімі 

жоспарлы жұмыс жасап келеді.



Бөлім  жыл  басынан  бергі  жеті  ай 

ішінде  жаңадан  304  жұмыс  орнының 

ашылуына  ұйтқы  болып,  176  адамды 

тұрақты 


жұмысқа 

орналастырды. 

Ақылы қоғамдық  жұмысқа 333 адамды, 

әлеуметтік  жұмыс  орнына  85  адамды 

жіберіп,  кәсіптік  оқыту  және  қайта 

даярлау  бағдарламасы  бойынша  13 

адамды  оқуға  жолдады.  21  мүмкіндігі 

шектеулі 

жандарды 

жұмыспен 

қамтыды. 

Енді  міне,  бос  орындар  жәрмеңкесін 

өткізіп  отыр.  Бұл  жәрмеңкеде  аудан 

бойынша 37 мекеме, кәсіпорын әртүрлі 

мамандықтар  бойынша  125  орынға 

сұраныс жасап отыр.

Жұмыс  іздеушілер  мол  жиналған 

бос  орындар  жәрмеңкесін  аудан  әкімі 

Л.Хайретдинов сөйлеп ашты.

Аудан жағдайында да жұмыссыздықты 

азайтудың  мүмкін  болған  барлық 

жағдайы  жасалатынын  айтқан  аудан 

басшысы  жұмыс  іздеушілерге  сәттілік 

тіледі.


Мұнан  кейін  жұмыс  іздеушілер 

мекемелерден  түскен  сұраныстармен 

танысып,  өз  мамандықтарына  сәйкес 

қызметтерге түйіндемелерін тапсырды.

Бұл жолы ұсынылған жұмыс орнының 

көптігіне орай жұмыс іздеушілер қарасы 

да  мол  болды.  Соған  орай  кейбір 

жұмыс  беруші  өкілінің  алдында  кезек 

күту  де  болып,  жәрмеңке  жұмысының 

уақыты  ұзарды.  Бір  орынға  бірнеше 

түйіндеме  тапсырғандықтан  конкурсқа 

жіберілгендер де аз болмады.

Жәрмеңке 

қорытындысында 

бос 

орындар  жәрмеңкесіне  160  жұмыс 



іздеуші  қатысқаны  белгілі  болды. 

Олардың  ішінен  55  адам  тұрақты 

жұмысқа 

қабылданып, 

82 

адам 


конкурсқа  жіберілді.  Ал  12  орынға 

түйіндеме тапсырушы болған жоқ.

Соның  ішінде  малшы,  механизатор 

іздеген төрт шаруа қожалығы құр қайтты. 

Демек, бұл жерлестеріміздің жұмыссыз 

жүрсе де қара жұмысқа  құлықсыздығын 

да аңғартқандай еді.

Қорытып  айтқанда,  бұл  жәрмеңке 

де  жұмыспен  қамтудағы  маңызды 

шаралардың бірі болды.



Өмірзақ АқбАсов.

          



Тәуелсіздік.    Достық.     Еңбек.

  

 Сенбі  

15 тамыз


 2015 жыл

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті.  

              батыс қазақстан облысы.

Газет 1934 жылдан 

бастап шығады

 

№34 (7534)

zhanarqan_onir@mail.ru

Біздің электронды поштамыз:



Жаңарған

өңір

55 адам жұмысқа 

орналасты

Арман  

Мұсағалиев, 

жас маман:

-  Жоғары  білімді 

қ ұ р ы л ы с ш ы м ы н .  

2014 

жылы 

оқу 

бітіріп   келіп «Аяла» 

ЖШС-нде  құрылыс 

шебері 

болып 

жұмыс 

бастап, 

кейін 

«Жастар 

п р а к т и к а с ы м е н » 

аудандық  құрылыс 

бөлімінде қызмет атқардым.

Бүгін  міне,  бос  орындар  жәрмеңкесі 

арқылы  сол  мекемеге  тұрақты 

жұмысқа орналастым. Қуаныштымын. 

Жалғыз  мен  емес,  бүгін  55  адам 

тұрақты  жұмыс  тапты,    82  адам 

конкурсқа жіберілді.

Бос  жұмыс  орнына  осылай  жария 

түрде  қабылдау  өте  орынды  деп 

есептеймін. 

11  тамыз  күні  Жаңақала 

аудандық  ауыл  шаруашылық 

және жер қатынастары бөлімінің 

басшысы Жанболат Семеновты 

зейнеткерлік  жасқа  толуына 

орай аудан әкімі Л.Хайретдинов 

арнайы қабылдады. 

Аудандық мәслихат хатшысы, 

бөлім  басшылары  қатысқан 

қабылдауда 

аудан 


әкімі 

Л.Хайретдинов 

мерейтой 

иесінің  еңбек  жолын,  әсіресе 

аудандағы мал шаруашылығын 

дамытудағы 

жемісті 

ісін, 


мемлекеттік бағдарламалармен 

жұмыс  жүргізудегі  іскерлігін, 

кәсіби  біліктілігін  әңгімелеп, 

осы салаға сіңірген еңбегі үшін 

ризашылығын білдірді. 

Алғысхат 

пен 

ескерткіш 



сыйлығын 

ұсынып, 


өзінің 

келісімі  бойынша  бір  жылға 

лауазымдық  қызметі  мерзімін 

ұзарту  жөніндегі  өкіміне  қол 

қойды. 

Қабылдауда  аудандық  мәслихат  хатшысы  З.Сисенғали,  «Айдархан»  ЖШС-нің 



директоры  С.Қайырбеков,  аудандық  аумақтық  инспекция  басшысы  С.Бекқалиева 

құттықтап, мерейтой иесіне құрмет көрсетті. 



Өмірзақ ТҰРАқбАЙҰЛЫ.

құрмет көрсетті

Аз  қамтылған  және  көпбалалы  отбасы 

балаларына,  жетім  балалар  мен  ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балаларға,  жаңа  оқу 

жылына  дайындық  кезеңінде  және  әлеуметтік 

себептер  бойынша  балалардың  мектепке 

бармауының  алдын  алу  үшін  көмек  көрсету 

мақсатында 2015 жылғы  1 тамыз - 30  қыркүйек 

аралығында 

өткізілетін 

«Мектепке 

жол» 

акциясының  алғашқы  аптасы  қорытындыланды. 



Жаңақала  ауданы  бойынша  барлық  жалпы  білім  беретін  мектептерде 

ақпараттандыру  бұрыштары  жасақталып,  көшелерде  тұрғындар  үшін 

акцияның өткізіліп жатқандығы және көмек көрсетемін деген азаматтарды 

атсалысуға  шақыру    мақсатында  үндеулер  ілініп,  парақшалар 

таратылды. 

Аула аралау жұмыстары жүргізіліп, көмекке мұқтаж балалар анықталуда. 

Күні бүгін сабаққа бармаймын деп отырған бала жоқ. Алғашқы аптадағы 

жүргізілген аула аралау жұмыстарының  нәтижесінде көмекке мұқтаж 60 

бала анықталып, оларға бюджеттен тыс қаражат есебінен 186 мың теңге 

көлеміндегі  сомаға  мектепке  арналған  киім-кешек,  кеңсе  тауарлары 

сыйға тартылды. Аудан бойынша бала еңбегін заңсыз пайдалану фактісі 

анықталған жоқ.

«Қайырымдылық  жасасаң,  қайырымын  өзің  көресің»  дейді  дана 

халқымыз.  30  қыркүйекке  дейін  жалғасатын  халыққа  берері  мол 

акцияға  бәріміз  атсалысып,  мұқтаж  жандарға  көмек  қолын  созып, 

оларға жәрдемдесейік, ағайын. Жүрегі жылы, мейірімді, қолдары ашық 

азаматтар елімізде көп болса, балаларымыздың жағдайы оң болары һақ. 

Бүгін қамқорлық көріп жатқан оқушылар болашақта ел сенімін ақтайтын 

үлкен  азамат  пен  азаматша  болып  өсетініне  сеніміміз  мол.  «Берсең 

балаға  бер»  деп  дана  халқымыз  айтқандай,  мемлекет  басшысының 

тапсырмасын  орындау  үшін  қолға  алынып  жатқан    игілікті  іс    әлі  де 

жалғасын табады.



А.УРАзГАЛиевА

аудандық білім беру

бөлімінің 

бас маманы.

2

Жаңарған  



  ө  ң  і  р

   15 тамыз   

  2015 жыл

Ақпарат 

Отан  қорғау  -  еркек  кіндік  ер  балалардың 

маңдайына 

жазылған 

абыройлы 

борышы, 


парасатты  парызы.  "Отан  үшін  жан  пида",  "Отан 

оттан да ыстық" деген баһадүр бабаларымыз. "Ел 

басына  күн  туса,  ер  етікпен  су  кешіп"  дегендей 

қолға  қару  алып,  жауға  қарсы  аттанар  жау  жүрек 

ұлдарды тәрбиелеуде қазақ армиясы сүбелі еңбек 

атқарып келеді. Дене тұрқын шынықтырумен қатар, 

патриоттық  сезімі  мол,  елім  дейтін,  жерім  дейтін 

жастарды  қоғамға  араластырып,  жасампаздықпен 

бірге жасасуда. Ешкімнің еркінен тыс дүние жоқ, бәрі 

де өз еріктерімен. Қазіргі таңда егеменді еліміздің 

Қарулы  күштерінің  бүкіл  әскери  бөлімдерінде 

біздің  ауданның  азаматтары  қызмет  атқарады. 

Олардың  нақты  саны  77-ге  жетіп  артылады. 

Келісімшарт  бойынша  қызмет  етіп  жатқан 

жігіттердің жалақылары 80-120 мың теңге аралығы. 

Пәтерақысы  әр  қаланың  қымбатшылығына 

байланысты мемлекет жанынан төленеді. Мысалға 

алсақ:  Алматы,  Астана,  Ақтау  қалаларында  35, 

Орал,  Тараз,  Шымкент  қалаларында  22  мың 

теңгеге  дейін  болады.  Үйленгендерге  төрт  есе, 

ал  бала  дүниеге  келген  жағдайда  мемлекет 

жанынан көмек көрсетіледі. Жылына бір рет еңбек 

демалысы  беріледі.    Балалары  болса  кезектен 

тыс  балабақшаға  орналастыра  алады.  Басқа  да 

жеңілдіктері  бар.  Келісімшарт  бойынша  қызмет 

етем деушілер болса бізге хабарласыңыздар.



М.қАЙЫРЖАнов, 

 аудандық қорғаныс істері жөніндегі 

бөлімі әскерге шақыру бөлімшесінің 

бастығы, аға лейтенант.

     соТқА  

сеніМ АРТА Түседі

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт 

жоспары – бес институционалдық реформаны 

жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» 

бағдарламасының  20-қадамында  «барлық 

сот  процестерінде  бейне  және  таспаға  жазу 

шараларын  міндетті  түрде  енгізу.  Судьяның 

бейнежазуды  тоқтатуға  немесе  аудиожазу 

материалдарын  редакциялауға  мүмкіндігі 

болмауға тиіс» екендігі айтылған.

Сот  отырысының  хаттамасы  сот  төрелігін 

атқарудағы  ең  басты  құжат  екені  бәрімізге 

мәлім.  Бұрын  барлық  сот  отырыстарының 

хаттамалары  қағаз  жүзінде  жазылған  кезде, 

тараптардан сот отырысының хаттамасының 

толық немесе дұрыс толтырылмауы жөнінде 

арыз-шағым,  ескертпелер  түсіп  жататын. 

Ал  қазіргі  кезде  сот  отырыстарында  дыбыс-

бейне  жазуды  қолданылған  істер  бойынша 

тараптардан  сотқа  ескертпелер  түспеген, 

яғни  бұл  жайт  тараптардың  сот  төрелігіне 

деген сенімі артқаны деп түсінуге болады.

Қазіргі  кезде  Жаңақала  аудандық  сотының 

сот  мәжіліс  залы  арнайы  дыбыс-бейнежазу 

қондырғысымен жабдықталған.

Ағымдағы  жылдың  7  ай  мерзімі  ішінде 

Жаңақала  аудандық  сотында  қаралған  27 

қылмыстық  іс,  50  азаматтық  іс  және  118 

әкімшілік құқұқбұзушылық іс дыбыс-бейнежазу 

қондырғысын қолданумен жүргізілді.

Сот  отырысының  барысында  дыбыс-бейне 

жазу қолдану үздіксіз жүзеге асырылады. Сот 

отырысында  дыбыс-бейнежазу  қолданған 

жағдайда жазбаша нысанда қысқаша хаттама 

жасалып,  дыбыс-бейнетаспасымен  қоса  іс 

материалдарына тіркеледі. Сот тараптардың 

өтінішхаты бойынша оларға сот отырысының 

дыбыс-бейнежазбасының көшірмесін ұсынуы 

мүмкін.

Сот  процестерінде  дыбыс-бейнежазуды 



қолданудың тиімділігі, ол сот хатшысының сот 

хаттамасын  әзірлеу,  тараптарға  таныстыру 

үшін уақытын үнемдейді.

Сонымен қатар, бейнежазба   дәстүрлі   қағазға 

түскен  жазбаға  қарағанда,  отырысындағы 

барлық қатысушылардың сөздерін ғана емес, 

олардың  сөз  мәнерін,  қимыл  әрекеттерін 

түсіріп,  олардың  іс  бойынша  позицияларына 

әділ  баға  беруге,  сот  тәртібін  сақтауға  және 

де  тараптардан  түсетін  негізсіз  шағым, 

ескертпелерді азайтуға септігін тигізеді.

Қорытындылай  келе,  сот  процестерінде 

дыбыс-бейнежазу  жүйесін  міндетті  түрде 

енгізу  және  бейнежазуды  тоқтатуға  немесе 

редакциялауға 

мүмкіндіктің 

болмауы 

–  азаматтық  қоғамның  сот  төрелігінің 

заңдылығына, 

әділдігіне, 

сапасына, 

қолжетімділігіне  және  ашықтығына  сенімін 

одан әрі арттыратыны сөзсіз.

М.ШүкіРов, 

 аудандық 

соттың судьясы.

«Мектепке жол» 

акциясы жалғасуда

Жаңажол ауылдық округі әкімінің шешімі

                                5 тамыз 2015 жыл №4

Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінің 

Фазыл орны қыстағы аумағында шектеу іс-

шараларын белгілеу туралы

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23  қаңтардағы 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы»,  2002  жылғы  10  шілдедегі 

«Ветеринария  туралы»  Заңдарына  сәйкес,  «Қазақстан 

Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық 

бақылау  және  қадағалау  комитетінің  Жаңақала  аудандық 

аумақтық  инспекциясы»  мемлекеттік    мекемесі    басшысының  

2015    жылғы    31  шілдедегі  №241  ұсынысы  негізінде  және 

жануарлардың  аса  жұқпалы  ауруларының  ошақтарын  жою 

мақсатында, ауылдық округ әкімі 

ШеШіМ қАбЫЛдАдЫ:

1.  Жаңақала  ауданы  Жаңажол  ауылдық  округінің  Фазыл 

орны қыстағы аумағында ұсақ малдардың арасынан жұқпалы 

эпидидимит  ауруының  шығуына  байланысты  шектеу  іс-

шаралары белгіленсін.

2. Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 

(Б.Шабақов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік 

тіркелуін,  «Әділет»  ақпараттық-құқықтық  жүйесінде  және 

бұқаралық  ақпарат  құралдарында  оның  ресми  жариялануын 

қамтамасыз етсін.

3.  Осы  шешімнің  орындалуын  бақылауды  өзіме 

қалдырамын.

4.  Осы  шешім  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  бастап 

қолданысқа енгізіледі.



Ауылдық округ әкімі  А.ЖАкУповА.

   

Решение акима Жанажолского аульного округа

                                        5 августа 2015 года №4

об установлении ограничительных 

мероприятий на территории зимовья Фазыл 

орны Жанажолского  сельского округа 

Жангалинского района 

В  соответствии  с  Законами  Республики  Казахстан  от  23 

января  2001  года  «О  местном  государственном  управлении 

и  самоуправлении  в  Республике  Казахстан»,  от  10  июля 

2002  года  «О  ветеринарии»,  на  основании  представления 

руководителя  государственного  учреждения  «Жангалинская 

районная 

территориальная 

инспекция 

Комитета 

ветеринарного  контроля  и  надзора  Министерства  сельского 

хозяйства Республики Казахстан» от 31 июля 2015 года №241 

и  в  целях  ликвидации  очагов  заразных  болезней  животных 

аким сельского округа



 РеШиЛ:

1.  Установить  ограничительные  мероприятия  в  связи  с 

возникновением  заболевания  инфекционный  эпидидимит 

среди  мелкого  скота  на  территории  зимовья  Фазыл  орны 

Жанажолского сельского округа Жангалинского района.

2.  Главному  специалисту  аппарата  акима  Жанажолского 

сельского  округа  (Б.Шабаков)  обеспечить  государственную 

регистрацию данного постановления в органах юстиции, его 

официальное  опубликование  в  информационно-правовой 

системе «Әділет» и в средствах массовой информации.

3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю 

за собой.

4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого 

официального опубликования.



Аким сельского округа А.ЖАкУповА.

Сарыкөлдегі шара

Жақында  Жаңақала  аудандық 

орталықтандырылған  кітапхана 

жүйесіне қарасты Сарыкөл елді 

мекені кітапханасында аудандық 

кітапхананың ұйымдастыруымен 

«Кітапхана 

және 


оқырман: 

әдебиетке 

қызығушылығын 

арттыру»  атты кәсіби-шеберлік 

кеңесі өтті.

Сарыкөл  ауылдық  кітапхана-

сының  кітапханашысы  Марал 

Сержанқызы 

 

кітапхана 



тынысымен 

таныстырса, 

ауылдық  клубтың  меңгерушісі 

Думан  Ибраимұлы  салтанатты 

сазды 

әуенмен 


кеңесімізді 

ашты.


Кәсіби шеберлік кеңестің бірінші 

бөлімінде  «Кітап  оқу  -  рухани 

құндылықтарымызды  дәріптеу» 

тақырыбында Сарыкөл ауылдық 

кітапханасының  кітапханашысы  

М.Казиева,    «Кітап  –  ұрпақтан-

ұрпаққа  жететін  асыл  қазына» 

атты  тақырыптарда  аудандық 

кітапхананың 

оқырмандарды 

кітаппен 

қамту 


бөлімінің 

кітапханашысы  Г.Мұқанғалиева 

өз 

жұмыстарындағы 



іс-

тәжірибелерімен 

бөліссе, 

«Кітап 


және 

кітапхана: 

оқырманды  жетілдіру»  атты 

тақырыпта  Жаңажол  ауылдық 

кітапханасының  кітапханашысы 

Ж.Зұлқашева 

кітапхананың 

тұрақты 


оқырмандарымен  

кітапхана  және  кітап  туралы 

еркін ой бөлісті.

Екінші  бөлімді  «Бір  ел  -  бір 

кітап»    акция  аясында  Ілияс 

Есенберлиннің    «Көшпенділер»  

трилогиясының желісі  бойынша  

«Өлшемге сыймас ер тұлға» атты 

тақырыпта  жас  айтыскерлер  

Орынбек Меңдіқұлов пен Данияр 

Нысанғалиевтің көптің көңілінен 

шығар  айтыстарымен  ашса, 

жазушының  өмірбаяны  және 

шығармаларына  кітапхананың 

жасөспірім 

оқырмандары  

Бақтығалиева 

Жансая, 


Зұлқашева  Перизат  жеке-жеке 

тоқталып,  Мұсағалиева  Амина 

«Соңғы  тілек»,    Ақмурзин 

Айбар  «Сөз  соңы»,  Бақытова 

Нұршат 

«Айша» 


дастаны, 

Құрманғалиева 

Ақжүніс 

«Намыс» 


шығармасымен 

таныстырып өтті.

Әр  адамның    жылдам 

ойлау, 


тығырықтан 

шығу 


қабілеттіліктері    мен    шапшаң-

шылдықтарын 

арттыруда  

маңызы зор «Суреттегі кейіпкерді 

таны»  атты  ойында  аудандық 

кітапхананың 

оқырмандарды 

кітаппен 

қамту 

бөлімінің 



меңгерушісі  С.Ихсанова  және 

«Бір  сәттік  сергіту»  атты 

тренингті  кітап қорын толықтыру 

және 


жабдықтау 

бөлімінің 

кітапханашысы 

С.Қанатова 

өткізді.  

Кеңеске  аудандағы  барлық 

ауылдық 

кітапханалардың  

кітапханашылары 

қатысып, 

өз  пікірлерін  білдірсе,  осынау 

шараның  шағын  елді  мекенде 

өтіп  жатқаны  көңіл  қуантарлық 

жағдай  екенін  қорытындылай  

келе  сөз алған   ОКЖ  директоры 

Д.Мұқашева іс-тәжірибе алмасу  

алдағы  уақытта  да  жалғасын 

табатынын айтып өтті. 



А.ГАЛиевА, 

орталықтандырылған 

кітапхана жүйесінің 

әдіскері.

Келісімшарт бойынша қызмет



Тіркеу №3968

07.08.2015 ж.

Регистрационный №3968

                         07.08.2015 г.

3

Жаңарған  

  ө  ң  і  р

       15 тамыз    

      2015 жыл

ел-жұрт 

Оқырман пікірі

Бөкей 


атын беруді 

қуаттаймыз

Өткен  күндерге  ой  жіберсем  жастық  шағым,  ауылдың 

тұрмыс  тіршілігі,  одан  бергі  өсіп-өркендеу  жылдары  көз 

алдыма келеді. 

1972  жылы  Жаңақала  ауданы  он  жыл  үзілістен  кейін  қайта 

құрылды.  Аудан орталығына Орта Азия газ құбыры бойындағы 

Қисыққамыс ауылы таңдап алынды. 

Аудан орталығы болған Жаңақала ауылының ұлғайып, жаңа 

заманауи  құрылыстармен  өркен  жаюы  ауыл  тұрғындарын 

шаттыққа бөлейді. Осы жылдар ішінде ауылдың тұрғындары 

жылдан  жылға  көбейіп,  7  мыңнан  асты.  Халықтың  мәдени 

тұрмысын  қамтитын  мектептер,  аурухана,  мәдениет  үйі, 

сауда орындары салынды. 

Аудан құрылғасын №2 орта мектеп салынса, кейін №3 қазақ 

орта мектебі пайдалануға берілді. 

Өмір  бір  орында  тұрмайды.  Елбасы  Н.Назарбаевтың 

«100  мектеп,  100  аурухана»  бағдарламасы  бойынша  аудан 

орталығында ауданаралық сауықтыру орталығы да салынып, 

халыққа қызмет көрсетіп келеді. 

Биыл  ауданымызда  үш  бірдей  жаңа  мектеп  ғимараты  оқу 

жылының  басында  іске  қосылмақ.  Бұл  жай  оқушылар  мен 

ауыл тұрғындарын қуанышқа кенелтуде. Аудан орталығында 

салынған  еңселі  600  орындық  мектеп  пен  100  төсектік 

жатақхана құрылысы ауылымызға сән беріп, гимназия болып 

ашылып, білім сапасын көтеруде елеулі оқиға болып отыр. 

Орал  өңірінің  2015  жылғы  8  тамыз  күні  №95  санында 

Жаңақала  аудандық  мәслихатының  хатшысы,  аудандық 

қоғамдық  келісім  кеңесінің  төрағасы  Закария  Сисенғалидың 

«Бөкей – тарихи тұлға» деген мақаласында Бөкей ханның ел 

үшін істеген еңбегін айта келіп, аудан тұрғындарының ұсыныс-

пікірлерін    жазған  екен.  Бөкей  сұлтан  жөнінде  аудандық 

газетте де жақсы мағлұмат берілді. Бұрын сұлтан деп елемей 

жүрген Бөкейдің қазақ халқы, біздің ата-бабамыз үшін істеген 

өлшеусіз ісін түсініп, риза болдым. 

Сондықтан,  мен  де  осы  пікірге  қосыламын.  Жаңақалада 

салынған жаңа оқу орнына Бөкей ханның есімін беру орынды 

деп  есептеймін.  Бұл  және  жалғыз  менің  емес,  қазір  түсінген 

көптің  қолдауы.  Ұлы  тұлғаға  осындай  құрмет  лайық  деп 

есептеймін. 



құмарғали қАЙЫРЖАнов, 

"Ленин" орденінің иегері

Жаңақала ауданының 

құрметті азаматы.

никита савичев және 

құрманғазы

Газетіміздің  1  тамыз  

2015  жылғы  №32  санында 

Ж.Ақбайдың 

«Никита 

Савичев  және  қазақтар»  

атты    мақаласын ұсындық. 

Сонымен, 

Савичев 

кім? 

Никита  Федорович  Савичев 

(1820-1885) 

– 

жазушы, 

суретші,  Орал  қаласында 

дүниеге  келіп,  бар  ғұмырын 

Орал әскери бөлімінде қызмет 

еткен. Орал қаласы мен өлке 

тарихын  жазуда  Н.Савичев 

еңбектерінің  маңызы  зор. 

Қазақ  тілін  өз  бетімен 

үйреніп,  қазақтардың  тұр-

мысын,  салт-дәстүрін  де 

зерттеуге 

үлес 

қосқан. 

Жаңақала  жерінде,  әсіресе 

Фокеево  (Сарыкөл)  ауылына 

сапарлап жиі келіп тұрған.

РедАкция.

Никита  Савичев  –  оралдық 

казак, 

журналист, 



жазушы, 

этнограф,  әуесқой  суретші. 

Ол  Құрманғазының  күйшілік 

шеберлігін 

еуропалықтарға 

таныта  білді.  Күйшімен  1868 

жылдың 

күзінде 


Фокеево 

ауылында 

доғарыстағы 

әскери  бай  Иова  Бородинге 

қыдырып  барғанда  танысқан. 

Құрманғазының 

«Лауешкен» 

күйі 


Бородинге 

арнап 


шығарылған,  күйші  өз  өмірінің 

қиын 


кезеңінде, 

жасырыну 

қажет  болған  сәтінде,  осы 

Бородинді      жағалап,  уақытын 

Фокеево 

жерінде 


өткізген 

кездері  болатын.  «Ләушкі»  - 

Иванушка  сөзінің  еркелеткен 

мағынасы,  Бородинді  бөкейлік 

қазақтар  және  барлық  Қамыс-

Самар  жұрты  осылай  атаған. 

«Ләушкі»  ақсақал  қазақ  тілін 

тамаша меңгерген, қазақтардың 

ізгі  мінездерін,  әдет-ғұрпын 

жақсы білген, өзі де музыкадан 

хабардар болған және ауылдағы 

талантты 

музыканттарды 

қолдай  білген.  Міне,  осы 

Бородиннің  үйінде  Құрманғазы 

мен 


Н.Савичев 

кездеседі. 

Савичев  кездесуді  былайша 

суреттейді:  «Иова  Бородин 

маған  үлкен  сезімге  бөленуге 

жағдай 


жасады. 

Барлық 


бөкейордалықтарға  танымал, 

балалайкада (домбыраны айтып 

отыр  -  автор)  үздік  ойнайтын 

әртіс Құрманғазы Сағырбаевпен 

таныстырды.  Бұл  азамат  орта 

бойлы, мейірімді және ақылды, 

киімі  жұпыны  да,  асқан  бай 

да  емес,  ауыл  адамдарының 

талғамына  сай  киінген.  Ол  көп 

қолқалауды  қажетсінген  жоқ, 

қабырғадағы 

домбыраның 

қабын шешті. Бұл құмыра тәрізді 

ұзындау  балалайка,  жіңішке 

мойын,  екі  шекті  әрі  тамаша 

әшекейлі безендірілген». 

Савичев байырғы көне екі шекті 

аспаптан  осыншама  музыка 

әуенінің шығуын, Сағырбаевтың 

орындаушылық  шеберлігін,  кең 

тынысты  саз  әуенін  құбылта, 

дамыта  алатындығына,  күй-

шінің  шектеусіз  шеберлігіне 

таңқалғанын  тамсана  жазады. 

«Көргендерім мен естігендерім» 

атты 


әңгімесінде 

Савичев: 

«Сағырбаев 

өте 


сирек 

кездесетін  сазгер,  егер  оның 

еуропалық  білімі  болғанда, 

ол  музыка  әлемінің  ең  бірінші 

жарық жұлдызы болар еді» деп 

жазды. 


Күйшінің 

келісімін 

алып, 

Құрманғазының  күй  тартып 



отырған  сәтін  суретке  салған. 

Бұл 


Құрманғазының 

көзі 


тірісінде салынған жалғыз суреті 

болатын.  Алайда,  ол  сурет 

біздің  заманымызға  жетпеді. 

Қазақ күйшісінің орындаушылық 

шеберлігі  мен  асқан  талантын 

орыс  халқынан  бірінші  болып 

жоғары  бағалаған  әрі  өз 

еңбектерінде  тамаша  суреттеп 

баяндаған Н.Савичев еді.  

Н.Савичев 

тәжірибелі 

қабілеті 

негізінде 

бірінші 


кезекте 

тарихшы-зерттеуші 

және  этнограф,  содан  кейін 

ғана 


жазушы-суреткер. 

Ол 


«Уральские 

войсковые 

ведомости»  газетімен  тығыз 

жұмыс 


жасаған, 

газетке 


очерк, 

мақала, 


суреттерін 

жариялап 

отырған. 

Өзінің 


әскери  мансабын  аяқтаған  соң 

Н.Савичев  жергілікті  мұрағатқа 

материалдар  жинауда  жүйелі 

түрде 


белсенділік 

таныта 


кіріседі. 

Орал 


қаласының 

мәдени  өміріне  құлшына  енеді, 

қайырымдылық  шараларына, 

кедей 


отбасы 

балаларына 

көмектеседі.  Жазушы  тарихи 

хикаяттарын  жарыққа  шыға-

рады  және  Құрманғазының 

халық  музыкасы  туралы  ғана 

емес,  қазақ  халқының  тарихи 

тұлғалары  –  Исатай  Тайманов 

пен Махамбет Өтемісов туралы 

да  біраз  еңбектер  қалдырған. 

Жазушы  Н.Чесноков  Савичевті 

Орал  жерінің  жылнамашысы 

деп атаған.


Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 0.78 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет