Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет96/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

4. Белсенді оқытудың ерекшеліктері. Оқыту әдістерін белсендендіру.  

5. ЖОО-дағы проблемалық оқыту. Проблемалық оқытудың формалары мен әдістері.  

6. Оқу әрекетін жобалауды ғылыми негіздеу.  



7. ЖОО-дағы оқу үдерісін жобалаудың ерекшеліктері. 

8. ЖОО-дағы білім беру технологиялары және олардың ерекшеліктері.  



 

 

Жоғары  оқу  орындарында  оқу  үрдісінде  педагогикалық  технологияны  қолданудың 

белгілі  тәжірибесі  қалыптасқан.  Педагогикалық  технология  мынадай  төрт  басты  шартты 

қанағаттандыруы  тиіс  (В.П.  Беспалько):  педагогикалық  технология  оқытудағы 

педагогикалық экспромдарды жоюы қажет; оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы 

мен мазмұнын  анықтайтын оқу тәрбие үрдісінің  жобасына негізделуі қажет; оқу мақсатын 

диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды 

қажет етеді; практикада оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс. 

Кеңес  Одағындағы  педагогикалық  технологиялар  тақырыбына  арналған  алғашқы 

зерттеу  жұмысы  ретінде  академик  В.П.Беспальконың  «Слагаемые  педагогической 

технологии»  (1989)  еңбегін  атауға  болады.  Бұл  жұмыстан  кейінгі  маңызды  зерттеулер 

қатарына 

И.В.Клариннің, 

В.М.Монаховтың, 

Г.К.Селевконың, 

Т.И.Шамова 

мен 

Т.И.Давыденконың т.б. еңбектерін жатқызуға болады. 1990 жылдардың орта шенінен бастап 



бұл  ұғым  педагогика  курсының  оқулықтарына  да  ене  бастады.  Алайда,  бұл  әдебиеттерде 

келтірілген  педагогикалық  технологиялар  ұғымына  берілген  анықтамалардың  жалпы  негізі 

бір болғанмен кейбір айырмашылықтары да бар екенін көруге болады. 

Педагогикалық  технология  мәселесіне  арналған  П.Я.Гальперин,  В.П.Беспалько, 

В.В.Давыдов, В.М.Кларин т.б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық 

құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап, педагогикалық технологияны ғылыми 

тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған. 

Б.Т.Лихачев  педагогикалық  технологияға  мынадай  анықтама  береді:  «педагогикалық 

технология  дегеніміз  оқыту  әдістері  –  педагогикалық  және  психологиялық  тәсілдер  мен 

құралдардың жиынтығы. Ол педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыру құралы». 

«Педагогикалық технология дегеніміз мұғалім мен оқушыға ыңғайлы (комфорт) жағдай 

жасай  отырып  оқу  процесін  жобалау,  ұйымдастыру  мен  өткізуге  арналған  біріккен,  жан-

жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі» – дейді В.М.Монахов. 

«Білім беру технологиясы деп мұғалім мен оқушыға ыңғайлы (комфорт) жағдай жасай 

отыра  нәтиже  алуға  бағытталған  оқу  процесін  жобалауға,  бағыттауға  және  түзету  енгізуге 

арналған  олардың  біріккен  қызметінің  процестік  жүйесін  айтады»  (Т.И.Шамова, 

Т.И.Давыденко). 

Қазіргі  күнгі  мектеп  бағдарламаларында  мұғалім  балаға  білім,  білік,  дағды  беріп  қана 

қоймай,  ақыл-ойын,  қабілетін  дамытуы,  «оқи  алуға  үйретуі»  керек  деген  міндеттер  қояды. 

Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде бұл «дамыта оқыту» технологиясы 

деп  аталып  жүр.  Мәселе  әрекеттік  оқыту  технологиясының  мәні  студенттердің  алдына 

проблема қоя отырып, оны шешудегі дағдыларды және кәсіби әрекеттердің, компоненттердің 

меңгеруі.  Бұл  технология оқытудағы  әрекеттер  мен  мәселелер  талаптарын  жүзеге  асырады. 

Ол  мынандай  кезеңдерден  тұрады:  1-кезең  –  оқытушы  тудырған  проблемалық  жағдайды 

студенттердің  түсінуі  мен  қабылдауы.  2-кезең  –  проблемалық  жағдаяттарды  шешудегі 

студенттердің, өзіндік әрекеттері моделінің пайда болуы мен негізделуі ( өздері білетін шешу 

жолдарын  пайдаланып  және  жаңа  шешу  жолдарын  іздеу).  3-кезең  –  мәселені  шешу 

жолдарының  дұрыстылығын  тексеру  мен  аталған  әрекеттерін  талдау.  4-кезең  –  ойлау 

әрекетіндегі  қатып  қалған  ойлардан  бас  тарту,  дәстүрлі  шешімдерден  шектен  шығу, 

студенттің ақыл-ой мүмкіндіктерінің дамуына көмектесетін аталған әрекеттер барысындағы 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет