Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет94/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

Диагностикалық қызметі: бақылау арқылы студенттің білім деңгейі, қабілеті, дағдысы, 

тәртібі  айқындалады.  Білім  беру  қызметі:  оқу  материалын  меңгеру  деңгейін  тексеру 

барысында білім беруді басқару іске асады. Тәрбиелеу қызметі: бақылау арқылы студенттің 

жұмысын  ұйымдастыруға,  шығармашылық  жол  іздестіруге,  жеке  басының  ерекшеліктерін, 

өз бойындағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Оқыту тәрбиелеу процесінде бұл үш 

қызметтің  бірі  басшылыққа  алынуы  мүмкін.  Мысалы,  семинар  сабағында  оқыту  қызметі 

орын алады, әр түрлі ой-пікірлер ортаға салынады, қателіктер талқыланады, сұрақтар қойыла 

отырып, диагностикалық тәрбиелік қызметтер іске асады. Сынақ, емтихан, коллоквиум, тест, 

диагностикалық  қызметті  атқарады.Бақылау  жүйесін  құрайтын:  емтихан,  сынақ,  жазбаша 

бақылау,  реферат,  коллоквиум,  семинар,  курстық  жұмыс,  зертханалық  жұмыстар,  күнделік 

жүргізу  жұмыстары,  бақылау  журналдарын  жүргізу.  Бақылау  жұмыстарының  өзіндік 

ерекшеліктері  бар.  Ауызша  сұрақ  жауап  жүзінде  білім  деңгейі  тексеріліп  қана  қоймай, 

сонымен  қатар,  сөйлеу  тілі  машықтанады,  педагог  пен  студент  арасында  қарым-қатынас 

орнатылады.  Жазбаша  жұмыстар:  студенттің  білім  деңгейін  құжат  ретінде  айқындау. 

Емтихан  студентке  психологиялық  қысым  туындатады.  Курстық  жұмыс  пен  дипломдық 

жұмыстар болашақ маманның бойында шығармашылық қабілетті қалыптастырады. 

Бақылаудың  бірнеше  түрін  біріктіре  білу  педагог  шеберлігінің  белгісі.  Уақытқа 

байланысты педагогикалық бақылау бірнеше түрге бөлінеді: ағымдық (студенттерді үлгерімі 

жақсы және үлгіре алмайтын студенттерді сұрыптауға көмектеседі), тақырыптық (белгілі бір 

тақырып  немесе  бөлім  бойынша  білім  деңгейін  айқындау),  аралық  (келесі  бөлімге  өту 

алдында  өткізіледі,  ол  өткен  білімді  қорытындылау  үшін  қажет),  бекіту  (курстық  емтихан, 

бұл өткен пәнді бекіту), қорытынды (мемлекеттік емтихан, диплом жұмысын қорғау). 

Студентке қойылатын баға педагогикалық бақылаудың қорытындысы болып табылады. 

Бағалау  арқылы  студенттің  үлгермеу  себебін  айқындауға  болады.  Жіберілген  қателіктердің 

себебін  айқындай  отырып,  оқытушы  студентті  дұрыс  жауапқа  жетелей  алады.  Сонымен 

қатар,  студент  білімін  жетілдіру  керек  екеніне  көз  жеткізу  мүмкіншілігі  туындайды.  Баға  – 

сандық  айқындаушы.  Өте  жақсы  баға  келесідей  шарттарда  қойылады.  Студент  берілген 

көлемде  нақты  және  дәл  білім  көрсету  керек.  Жазбаша  жұмыста,  ауызша  жауап  бергенде 

сөйлеу  тілі  сауатты,  әңгімесінің  логикалық  байланысы  болуы  қажет.  Жақсы  бағасы,  нақты 

білім  үшін,  1-2  қателіктер  жіберілгенде  қойылады.  Педагогикалық  өлшемдердің  ең  көп 

тараған  түрі  –  тест.  Педагогикалық  тест  дегеніміз  белгілі  мақсатқа  байланысты  ғылыми 

негізде  құрастырылған  тапсырмалар  жинағы.  Тест  ұйымдастырудың  талаптары:  тест 

жоспарланған  бағдарлама  бойынша  жүргізіледі.  Барлық  студенттер  біркелкі  жағдайда, 

бірдей сұраққа жауап береді. тест мазмұны қатаң құпияда сақталуы қажет. 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет