Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет91/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

берушілерге тек ережелер мен авторлардың оқуларына сүйеніп қана қоймай, сөздің мәнеріне 

де басты назар аударылуы керек екендігіндігіне тоқталған. 

Дәрістің  маңызы  студенттердің  кітап  арқылы  өз  бетімен  жұмыс  істеуімен  шектелді. 

Орыстың  ұлы  хирургі  және  педагогы  Н.И.Пироговтың  пікірінше,  дәріс  егер  лектор  жаңа 

ғылыми материалды бергенде немесе сөз шебері болса  ғана оқылуы керек. 

Дәрістің негізгі функциялары:  

1.Ақпараттық  функция.  Лекцияда  студенттерге  ғылымның  жаңа  жетістіктері,  оқу 

пәнінің негізгі мазмұны жайлы белгілі бір тақырып бойынша мәлімет береді. Дәрісті оқушы 

өз тыңдармандарына мәліметті эмоционалды түрде береді. Студент  үшін  дәріс-бұл ғылыми 

мәліметтердің бейімделген көзі. 

2.Бағыттаушы функция. Мұнда дәріс қажетті әдебиеттерге бағыт береді. Дәрісте белгілі 

бір теорияның немесе гипотезаның генезисі, оның негізгі идеясы  беріледі. Дәріс оқушының 

ұсынған әдебиеттер тізімі де дәрістің бағыттаушы функциясына жатады.  

 3.Түсіндіруші функция. Бұл  негізінен оқытылып отырған тақырыптың негізгі ғылыми 

ұғымдарына  байланысты  болады.  Теорияны  түсіндіре  отырып  студентке  ғылыми 

ұғымдардың мәнін адеквадты түсінуін қамтамасыз ету қажет. Мұнда тек терминдердің мәні 

ашылып қана қоймай, сонымен қатар студенттердің санасында негізгі ұғымдар қалыптасады.  

4.  Сендіруші  функция.  Бұл  дәрісті  баяндаушының  өз  сөзін  дәлелдеуі  кезінде  жүзеге 

асады.  Студенттер  айтылған  мәліметтерді  тыңдайды,  ал  оларды  сендіру  үшін  дәлелдеу 

қажет. Зерттеушілердің көрсетуі бойынша дәлелділік маңыздылық болып табылады. Дәрісті 

баяндаушының  өз  пікірін  білдіруі  студенттерді  сендіреді,  оларды  дәрісті  баяндаушымен 

келісуге итермелейді. Дәлелділік  дәрістің келесідей қасиеттерінен де маңызды орын алады. 

Олар:  логикалылығы,  информативтілігі,  теорияның  өмірімен  байланыстылығы  және  т.б. 

Басқаша  айтқанда  дәлелділіктің  болуы  дәрістің  басқада  қасиеттерінің  мүмкіндіктерін 

кеңейтеді.  Сонымен  қатар  дәрісті  оқушы  адам  дәлелдеу  әдістерін  таңдау  барысында 

тыңдаушылардың  білім  деңгейлерін  ескеру  қажет.  Логикалық  дәлелдеулердің  2  түрі  бар. 

Олар:  тура  дәлелдеу  және  жанама  дәлелдеу.  Дәрістің  сендіруші  функциясы  дәріс  үшін  өте 

қажетті.  

5.  Дәрістің  қызықтырушы  немесе  әуестендіруші  функциясы.  Дәріс  студенттерге 

маңызды  және  қажетті  мәліметті  беру    үшін  қолданылып  қана  қоймай  студенттерді  жаңа 

идеяны  дамытуға  итермелейді.  Дәріс  қызықты  болуы  үшін  төмендегідей  шарттарға  жауап 

беруі тиіс: Оқытылып отырған ғылымды ескере отырып, студенттің білімді игеруде тұлғалық 

мәнді түсінуі. Дәріске деген қызығушылықтың пайда болуы-аудиторияның айтылып жатқан 

материалдың  жаңашылдығын  түсінуі.  Дәріске  деген  қызығушылықты  туындату  -  бұл 

тыңдаушы студенттердің ойлау жұмысын стимулдау.  

Дәрісті оқудағы негізгі әдістемелік мәселелер төмендегідей: 

1.  Ұғымдарды  қалыптастыру  -  ерекше  педагогикалық  процесс  болып  табылады.  Ол 

үшін  арнайы  үрдістер  бар,  алайда  олар  әрқашан  қолданыла  бермейді.  Олар  міндетті  түрде 

семинарлық және басқада топтық жаттығулар кезінде қолданылады. 

2.  Баяндалған  материалдың  дәлелділігі.  Арнайы  зерттеулер  көрсеткендей  дәрісті 

оқудағы басқада сапалардың ішінде оның дәлелділігі маңызды орынды алады.  

3.  Теорияның  өмірімен  байланыстылығы.  Бұл  жағдайда  ғылымды  алғаш  рет  оқып 

отырған  студентке  теориялар  түсініксіз  болмауы  үшін  дәрісті  оқушы  адам  ұғымдарды 

өмірмен байланыстырады.  

4.  Информативтілігі.  Дәрістің  мазмұнының  қарапайым  және  қызықсыз  болмауын 

қамтамасыз етеді.  

5.  Баяндалушы  материалдың  өзектілігі.  Ол  студенттердің  ойлауын  белсендіруге 

арналған.  Мұнда  дәрісті  баяндаушы  адам  өзінің  сөзін  студенттерге  белгілі  бір  мәселені 

талдау түрінде ұсынады, талдай отырып ол ойлау міндетінің шешілу үрдісін көрсетеді.  




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет