Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


 (10-дәріс).  Жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру формалары



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет90/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   150
umkd
2.5 (10-дәріс).  Жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру формалары.  

Жоспары: 

1. ЖОО-да оқытудың негізгі формаларына сипаттама.  

2. Оқыту формаларын жіктеу тұғырлары.  

3. Дәрісті, семинарды өткізудің дәстүрлі емес тәсілдері.  

4. Экскурсия физика, химия заңдарын өндірісте қолдануды бақылау ретінде.   

 

Жоғары мектептегі оқытудың құрылымы: мақсатты оқыту, мазмұнды оқыту, құралдар, 



форма,  әдістер,  түрлері,  оқытудың  нәтижесі.  Жоғары  мектептегі  оқыту  процесінің 

құрылымына мынадай компоненттер жатады: 

- мазмұндық компонент – жоғары мектептегі оқытудың мақсаты мен міндеттері кіреді; 

мазмұндық компонент – бұл кәсіптік қызметпен өзіндік білімдендіру, қарым-қатынас пен іс-

әрекетті меңгерудегі білім, білік, дағдыларды анықтайды; 

- процессуалды  компонент  –  жоғары  білім  беру  мазмұнын  меңгеруде  жоғары 

мектептегі  мақсат  пен  міндеттерді  жүзеге  асыру  бағытында  оқытуды  қабылдау  құралдары, 

әдістері, түрлерін сипаттайды; 

- бақылау, бағыттау компоненті; нәтижені бағалау компоненті – бұл студенттің жоғары 

мектептегі оқыту процесінің оқыту нәтижесі мен тиімділік дәрежесіне  жетуі. 

Оқыту үрдісінің сыртқы қалпы дегеніміз  -  оқытуды ұйымдастыру формасы. Оқытуды 

ұйымдастыру формасы дегеніміз – оқыту үрдісінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен 

оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі 

Жоғары  оқу  орындарында  білім  берудің  ұйымдастырудың  алуан  түрлері  кездеседі: 

дәріс,  практикалық  сабақтар  (семинарлар,  лабораториялық  сабақтар,  практикум, 

студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмысы  (СҒЗЖ),  оқытушылардың  көмегімен  жүзеге  асатын 

студенттердің өзідік жұмысы (СОӨЖ), өндірістік практика). Дидактикада осындай оқытуды 

ұйымдастырудың түрлерін белгілі бір дидактикалық есептерді шешетін танымдық іс-әрекетті 

басқару тәсілдері болып саналады. Сонымен қатар, дәріс, практикалық сабақтар, семинарлар, 

өзіндік  жұмыстар  оқытудың  мазмұны  мен  әдістерін  түсіндіретін  студенттер  мен 

оқытушылардың  өзара  әсері  жүзеге  асыратын  тәсілдер  болып  табылатындықтан  оқытудың 

негізгі  ұйымдастыру  түрлері  болып  табылады.  Оқыту  процесі  әртүрлі  бақылау  түрлерімен 

аяқталады.          

Жоғары  оқу  орындарындағы  дәрістер  –  оқытудың  дидактикалық  циклінің  маңызды 

бөлімі.  Оның  мақсаты  -    студенттерге  жаңа  оқу  материалдарын  меңгеруге  бағытталған 

ғылыми  негіздер  қалыптастыру.  Қазіргі  кездегі  жоғары  мектептерде  дәрістерді  «ыстық 

нысаналар» деп атайды. «Дәріс» сөзі латынша «lection»  - оқу деген мағынаны береді. Дәріс 

алғаш  алтыншы  ғасырда  Ежелгі  Грецияда  пайда  болған,  кейін  Ежелгі  Римге  және  орта 

ғасырға  дейін  таралды.  Рессей  университетінің  алғашқы  қалаушыларының  бірі 

М.В.Ломоносов  оқытудың  дәрістік  түрлерінің  даму  тарихына  аса  назар  аударды.  Оның 

пікірінше,  шешендік  өнерді  жүйелі  және  нақты  үйрену  міндетті.  Сондықтан  дәріс 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет