Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет87/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

Педагогикалық  әдебиеттерде  оқыту  әдістерінің  сан  алуан  түрі    кездеседі.  Кеңінен 

таралған  оқыту  әдістері  ретінде  оқу-танымдық  іс-әрекет  құрылымына  негізделген 

студенттердің  танымдық  іс-әрекеттерін  арттыра  түсетін  мынадай  әдістерді  атауға  болады: 



сөздік,  көрнекілік,  практикалық,  репродуктивті  және  ізденістік,  индуктивті  және 

дедуктивті  әдістер,  өзіндік  жұмыс  әдістері,  сонымен  қатар  педагогиканы  оқытудағы 

бақылау  мен  өзін-өзі  бақылау.  Әдістемеде  оқытудың  дидактикалық  тәсілі  деп  әдістің 

құрамдас  бөлігін  атайды.  Әдістерге  қарағанда  тәсілдер  жекелей  бағынушылық  сипатқа  ие. 



Олар  әдіс  жүзеге  асыратын  дидактикалық  міндетке  бағынады.  Бір  әдістемелік  тәсілдер 

бірнеше әдістер құрамында болуы мүмкін немесе керісінше, бір әдіс әр оқытушыда әр түрлі 

тәсілдерден  құралуы  мүмкін.  Мысалы,  студенттердің  назарын  аудартып,  ойлау  іс-әрекетін 

белсендіру  үшін  мынандай  дидактикалық  тәсілдерді  қолдануға  болады:  бірлескен  мақсат  

құру,  жоспарлауды  және  қарастыратын  сұрақтар  тізімін  хабарлау  және  т.б.  Білім 

алушылардың оқу іс-әрекетінде белсенді үлестірмелі материалдар (БҮМ) тәсілі маңызды рөл 

атқарады. 

Жоғары оқу  орнындағы оқытудың  белсенді  әдістері  –  оқу  материалын  меңгеру 

үдерісіндегі  студенттердің  танымдық  іс-әрекетін  арттыруға  негіз  болатын  оқыту 

тәсілдері.  Оқытудың  белсенді  әдістері  –  бұл  ең  алдымен  студент  пен  оқытушының 

қарым-қатынасы  тікелей  жүзеге    асатын  сұқбаттасып  оқыту;  танымдық  әрекеттің 

арнайы ұйымдастыру формасы.   Ол   толық   айқындалған   және   мақсатын   алдын   

ала  болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, 

өзара әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып 

келетін  қарым-қатынас.  Оқытудың  белсенді  әдістері  -  нәтижесінде  оқыту  әрекеті 

барысында білім алушылардың мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және 

басқа  да  жақтарынан  жетістіктерге  жетуді  сезіну  ситуациясын  тудыра  алатын, 

студентке  педагогикалық  әсерлі  танымдық  қарым-қатынас  құруға  кепілдік  беретін, 

оқытушы мен студенттің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері. 

Оқытудың белсенді әдістері: Жұптасып жұмыс істеу; Ротациялық (ауыспалы) үштік; 

Карусель; Шағын топтармен жұмыс; Рөльдік (іскерлік) ойын; Дискуссия; Дебат; жартылай 

кәсіби  іс-әрекетті  модельдейтін  және  іскерлік,  дағдыны  қалыптастыруға  бағытталған 

тәсілдер:  проблемалық  сұрақтар,  іскерлік  ойындар,  кәсіптік  жағдаятты  талдау,  тренинг; 

білім,  іскерлік,  дағдыларын  қалыптастыруға  бағытталған  тәсілдер:  проблемалық  есептер, 

жағдаяттар,  «дөңгелек  үстел»,  эвристикалық  әңгіме,  «миға  шабуыл»,  оқу  пікірталасы, 

«кейс-стади», өзіндік жұмыс. 

Интерактивті  әдісті  қолдану  кезінде  ескерілуі  тиіс:  тұлғаның  еркіндігі  мен 

құқықтарының  сақталуы;  тұлғаның  өзін  көрсете  алуына  жағдай  жасау;    -тұлғаның  өзіндік 

даралығын  көрсетуге  мүмкіндік  беру;  педагогикалық  қолдау  көрсету.  Оқытуда  жиі 

қолданылатын  белсенді  оқыту  әдістері:  «Жұптасқан  дәріс»  әдісі  –  бұл  өн  бойына  оқу 

материалын  репродуктивтік,  проблемалық,  интеграциялық  және  диалогтік  баяндау 

элементтерін  жинақтаған  оқыту  тәсілі.  Репродуктивтік  элементі  ғылыми  тұрғыдан 

дәлелденген,  қосымша  түсіндіруді  қажет  етпейтін  оқу  материалын  баяндаудан  тұрады. 

Проблемалық элемент проблемалық жағдаятты қою, талдау, болжаулар жасау, оны растау не 

теріске  шығару,  проблеманы  шешу  жолдарын  іздестіруден  құралады.  Интеграциялық 

элемент  бір  проблема  төңірегінде  әр  түрлі  ғылыми  амалдарды  қарастырады.  Диалогтік 

элемент оқытушы мен студент арасындағы пікір алмасу арқылы көрініс табады. Пікірталас 



әдісі  –  оқу  материалының  пікірталас  тудыратын  тақырыбын  қарастыруға,  талдауға 

бағытталған  және  білім  алушылардың  әр  түрлі  ұстанымдарын  бір  арнаға  тоғыстыратын 

оқыту  тәсілі.  Бұл  әдіс  проблемалық  жағдаятқа  негізделген.  Пікірталастың  туындауына 

теорияны  қорытулар  мен  ережелер,  қағидалар,  теорияны  практикамен  алмастыру,  ғылым 

мәселелерін талқыға салу, проблеманың бүгінгі таңдағы көрінісі себеп бола алады. 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет