Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет86/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

тәрбиелеуші,  ынталандырушы  (мотивациялық)  және  бақылау-түзетушілік  қызметтерді 

атқарады. 

Педагогикалық  әдебиеттерде  оқыту  әдістерінің  рөліне  және  анықтамасына  берілген 

ортақ  бір  қорытынды  пікір  әзірге  жоқ.  Мысалы,  И.Ф.Харламов    оқыту    әдістері  

анықтамасының    мәнін    былайша  түсіндіреді:  «оқыту  әдістері  деп  оқытушының  оқыту 

жұмысының  және  түрлі  дидактикалық  міндеттерді  шешу  үшін  меңгерілетін  материалдарға 

бағытталған  оқушылардың  оқу-танымдық  қызметін  ұйымдастырудағы  амал-тәсілі». 



Ю.К.Бабанскийдің  пікірінше,  «оқыту  әдістері  -  оқытушы  мен  білім  алушының  білім 

міндеттерін шешудегі бірлескен қызметінің ретке келтірілген тәсілдері. Т.А.Ильина оқыту 

әдістері  «оқушылардың  танымдық  қызметін  ұйымдастыру  тәсілдері»  деп  түсіндіреді. 



Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты 

іс-  әрекеттерінің  оқу  үдерісіндегі  білім  беру,  тәрбиелеу    және   дамыту  міндеттерін  шешуге 

бағытталған іс-әрекет түрі. 

Дидактика  тарихында  оқыту  әдістерін  жіктеу  (классификация)  қалыптасқан.  Кең 

таралған  жіктеме  білім  мазмұнын  жеткізуге  негізделген  –  сөздік  әдіс  (баяндау,  әңгімелеу, 

нұсқау  беру  және  т.б.),  практикалық  әдіс  (жаттығу,  сызу,  кескіндеу,  есептер  шығару  және 

т.б.),  көрнекілік  (иллюстрация,  нақты  материалды  көрсету  және  т.б.).  Негізінен,  жоғары 

мектепте  1965  жылы  И.Я.Лернер,  М.Н.Скаткин  ұсынған  жіктемедегі  оқыту  әдістері 

пайдаланылады.  Оқытудың  нәтижелі  болуы  білім  алушының  бағыттылығы  мен  ішкі 

белсенділігіне,  ол  орындайтын  қызмет  сипатына,  өз  бетімен  орындайтын  жұмысына, 

шығармашылық қабілетін танытуына тікелей байланысты. Сондықтан олар (білім алушының 

бағыттылығы,  ішкі  белсенділігі,  орындайтын  қызмет  сипаты,  өз  бетімен  орындайтын 

жұмысы,  шығармашылық  қабілет  танытуы)  оқыту  әдісін  таңдау  критерийлері  болуы  тиіс. 

И.Я.Лернер  мен  М.Н.Скаткин  оқытудың  5  әдісін  бөліп  және  бұл  әдістерді  орындайтын 

қызмет  сипаты, өз бетімен орындайтын жұмысы, шығармашылық қабілетінің біртіндеп өсу 

дәрежесіне қарай дамып отыратындай етіп ұсынған. 

1. 

Түсіндірмелі-иллюстративті 

әдіс. 

Білім 


алушылар 

оқулықтан, 

түрлі 

әдебиеттерден,  экранды  оқу  құралдарынан  «дайын»  білім  алады.    Фактілерді, 



қорытындыларды қабылдау, ой елегінен өткізу негізінде студенттер репродуктивті дәрежеде 

ойлайды.  ЖОО-ында  ауқымды  мәліметті  жеткізу  мақсатында  бұл  кеңінен  қолданылатын 

оқыту әдісі. 

2. 

Репродуктивті  әдіс.  Бұл  әдісте  оқылатын  материалдар  үлгі  немесе  ереже 

бойынша меңгеріледі, білім алушының қызметі алгоритмдік сипатта болады. 



3. 

Проблемалық  баяндау  әдісі.  Оқытушы  жаңа  материалды  баяндамас  бұрын  сан 

түрлі  амал-тәсілдер  мен  құралдарды  пайдалана  отырып,  студенттердің  алдына  проблема, 

танымдық міндеттер қояды, жүйелі  дәлелдер, көзқарастар, тұжырымдарды мысалға келтіру 

арқылы қойылған міндетті шешу жолын көрсетеді. Студенттер ғылыми ізденіске қатысушы, 

ғылыми  жаңалық  куәгері  ретінде  қатысады.  Осындай  әдіс  қай  кезде  де  ЖОО  -  да  кең 

қолданыстағы әдістің біріне жатады. 



4. 

Эвристикалық  әдіс.  Оқыту  үдерісінде  ұсынылған  міндеттерді  шешу  жолын 

белсенді  іздестіруді  ұйымдастыру  (студент  жекелей  немесе  оқытушымен  бірлесе).  Бұл  әдіс 

ойлау  процестерін  белсенді  етіп,  семинарда,  коллоквиумда  танымдық  қызығушылықты 

арттырады. 



5. 

Зерттеушілік  әдіс.  Материалды  талдап  болғаннан  соң,  проблема  қойылып, 

шешуге  тиісті  міндеттер  ұсынылады  да  оларды  орындау  туралы  қысқаша  ауызша  немесе 

жазбаша  нұсқау  (инструктаж)  беріледі.  Студенттер  өз  беттерімен  әдебиеттерді, 

дереккөздерін,  бақылау  мен  өлшемдерді  қолдану  арқылы  ізденеді.  Ізденістері  бірте-бірте 

ғылыми-зерттеу жұмысына ұласады. 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет