Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет85/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

И.А.Данилов  пен  Б.П.Есипов  оқыту  әдістерін  топтастырғанда  оқыту  процесінде  іске 

асырылатын  дидактикалық  міндеттерді  негіз  етіп  алды.  Олар  дидактикалық  міндеттерді 

негізге  ала  отырып оқыту  әдістерін  төмендегідей  жіктеді:  Жаңа  білімді  меңгеру.  Іскерлікті 

дағдыны қалыптастыру. Білімді қолдану, білімді бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту. 

М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер оқушылардың танымдық немесе логикалық ойлағыштық 

іс-әрекетін  оқыту  әдістерін  топтастырудың  негізі  етіп  алды  және  олар  оқытудың  мынадай 

әдістерін  ұсынды:  Түсіндірме-иллюстративті  әдіс.  Репродуктивті  әдіс.Проблемалы  баяндау 

әдісі.Эвристикалық әдіс.Зерттеу әдісі. 

Ю.К.Бабанский  бірқатар  Ресей  ғалымдарының  оқыту    әдістері  топтастыруларына 

сүйене отырып  оларды үш топқа бөлді: 

1.Оқу-танымдық  іс-әрекетін  ұйымдастыру  және  іске  асыру  әдістері:  сөздік  әдістер              

(әңгімелеу,  әңгіме,  түсінісу,  лекция,  кітаппен  жұмыс);  көрнелілік  әдістер  (демонстрация, 

иллюстрация,  оқу  теледидары);  практикалық  әдістер  (лабораториялық,  практикалық, 

графикалық  жұмыстар,  жазба  жаттығулар,  тәжірибе  және  бақылау);  индуктивті  және 

дедуктивті әдістер, репродуктивті әдіс, проблемалы баяндау әдісі, эвристикалық әдіс, зерттеу 

әдісі. 

2.Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістері: оқушылардың танымдық ықыласын 

қалыптастыру  әдістері;  оқудағы  жауапкершілікті  қалыптастыру  әдістері;  оқудағы 

жауапкершілікті және міндетті ынталандыру әдістері; оқудың  қоғамдық және жеке адамдық 

маңыздылығын түсіндіру, оқыту талаптарын қою, мадақтау, ұялту. 

3.  Оқу-танымдық  іс-әрекеттің  тиімділігін  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау  әдістері: 

ауызша  бақылау,  жазбаша  бақылау,  лабораториялық  бақылау,  машиналы  бақылау,  өзін  -өзі 

бақылау әдістері. 

Қазіргі  мектептерде  иллюстрацияны  пайдалану  үшін  экранды  техникалық  құралдар 

кеңінен  қолданылады.  Бейне  әдіс.  Жаттығу.  Лабораториялық  әдіс.  Проблемалы  

лабораториялық зерттеу әдісі. Практикалық әдіс. Танымдық ойындар. Программалық оқыту 

әдісі.  Білімді  беруді  бақылау  әдістері.  Ситуациялық  әдіс  барлық  әдістердің  комбинациясын 

қолдануды  шектеумен  ерекшеленеді.  Иллюстрация  әдісін  қолдана  отырып,  оның  көрсетілу 

әдісіне  көп  мән  беру  керек.  Көрнекті  құралдардың  дидактикалық  ерекшелігін,  оның 

танымдық процестегі  ролі  мен орнын ойластырып  алу  керек.  Мұғалімнің  алдына  қойылған 

мәселені иллюстрациялық материалдық оңтайлы көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдына-

ала дайындалады. Берілетін (фотография, диаграммалар, кестелер) мақсатты қолданылады. 

Әдістер  өте  көптүрлі  және  шексіз  болып  келеді.  Осыдан  келіп  оқушылардың  оқу-

танымдық  белсенділігін  қалыптастыруда,  әдісті  таңдап  алу  күрделі,  индикативті 

қолданылуда  байқалады.  Мұғалім  оқыту  әдісін  таңдап  алуда  басшылыққа,  оқушылардың 

өздігінен білімді игеру мен оқу практикалық даярлығын қалыптастыруға бағытталса, оқушы 

жеке  тұлғалық  ерекшелігін  ашық  шығармашылығын  дамытатын  әлеуетті  оқу-танымдық 

ерекше  қасиетін,  зерттеушілік  іздемпаз  іс-әрекетке  бағыттайтын,  ғылымды  берудің 

спецификалық  таным  әдістерін  таныстыру,  жеке  дара  психологиялық  даму  ерекшелігін, 

оның  табиғи  және  әлеуметтік  өндірістік  ортасын,  мектепке  арналған  оқыту  құралдармен 

жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің жеке басы мен 

шығармашылықтың ерекшелігін оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек. 

Оқыту әдістері жоғары мектеп дидактикасының теориялық және практикалық тұрғыда 

көкейкесті  проблемасының  бірі  болып  саналады.  Оқу  үдерісінің  жолға  қойылуы,  оқытушы 

мен  студенттің  қызметі,  ЖОО-дағы  оқытудың  нәтижелі  болуы  осы  мәселенің  оң  шешіміне 

байланысты. 

Оқыту әдісіндегі «әдіс» (метод) термині гректің «metodos» ақиқатқа  жету жолы, тәсілі 

деген  мағына  береді.  Оқыту  әдістері  –  оқу-тәрбие  үдерісінде  үйретуші,  дамытушы, 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет