Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет82/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

жүйесіне  қоғам  тарапынан  қойылатын  талаптар  және  т.б.)  тәуелдiлiгiн  сипаттайды.  Iшкi 



заңдылықтар  оқытудың  мақсаты,  әдiстерi,  құралдары,  түрлерi  арасындағы  байланыстарды 

сипаттайды.  Жалпы  заңдылықтар  бүкiл  оқыту  жүйесiн  қамтыса,  жеке  заңдылықтар  оқыту 

жүйесiнiң нақты, жеке бөлiктерiн қамтиды. Жоғары мектеп дидактикасын теориялық зерттеу 

оқыту  үдерісінде  белгілі  бір  ұстанатын  идеялар  мен  нормативтік  ережелердің  болуын 

туындатады, осындай ұстанымдар дидактикалық принциптер деп аталады. 

Принцип  –  латын  сөзі  –  «негізгі»,  «бастапқы»  деген  ұғымдарды  білдіреді.  Оқытуға 

қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. 

Оқыту процесінің бірнеше ұстанымдарын атауға болады. Оқыту ұстанымдары – жас ұрпақты 

оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі ережелер.  

Негізгі  оқыту  ұстанымдары:  теория  мен  практиканың  байланысы,  тәрбиелілік, 

ғылымилық, көрнекілік, түсініктілік.   

Жоғары  оқу  орындарының  дидактикалық  ұстанымдары:  Оқыту  процесінің 

мақсаттылық  ұстанымы.  Оқытудың  ғылымилық  ұстанымы.  Оқытудың  жүйелілік  және 

бірізділік ұстанымы. Оқытудың саналылық пен белсенділік ұстанымы. Көрнекілік ұстанымы. 

Студенттер  білімінің  беріктігі  және  түсініктілік  ұстанымы.  Ынталандыру  ұстанымы. 

Гуманизациялау  (ізгілендіру)  ұстанымы.  Интеграциялау  ұстанымы.  Бұл  –  жалпы  білім 

мазмұнын  анықтауда,  оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтарды  жазып  шығаруда  ескеретін 

маңызды ұстаным. Интеграция – әртүрлі пәндердегі негізгі ұстанымдар мен заңдылықтарды 

өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді. Сондай-ақ мазмұны жағынан бір-

біріне жақын пәндердің (тіл мен әдебиет, әдебиет  пен тарих, математика мен информатика, 

өнер  мен  еңбек,  этика мен  эстетика,  т.б.)  өзара  және  жеке  пәннің  ішіндегі  материалдардың 

арасындағы  байланыстарын  анықтап,  оқушылардың  білімін  тереңдетуге  болады.  Осыған 

орай интеграцияланған пәндердің, сабақтардың рөлі ерекше. 

Зерттеуші Н.В.Басова ұсынған дидактикалық принциптер: 

• 

Оқытудың дамытушылығы мен тәрбиелілігі; 



• 

Ғылымилық, түсініктілік және еңсерілуге боларлық қиындық; 

• 

Саналылық 



және 

оқытушының 

басшылық 

ықпалындағы 

студенттің 

шығармашылық белсенділігі; 

• 

Көрнекілік және шығармашылық ойлаудың дамуы; 



• 

Оқытудың бірізділілігі мен жүйелілігі; 

• 

Білім берудің өз бетімен білім алуға ауысуы; 



• 

Оқытудың өмірмен, болашақ мамандығымен байланыстылығы; 

• 

Студенттердің танымдық белсенділігінің дамуы мен білімнің беріктігі; 



• 

Оқытудағы жағымды эмоционалды ахуал; 

• 

Оқытудың ұжымдық және жеке даралығымен есептесу; 



• 

Оқытудағы ізгілендіру және гуманитарландыру; 

• 

Оқытуды компьютерлендіру; 



• 

Интеграция - пәнаралық байланыс; 

• 

Оқытудың инновациялылығы; 



• 

Оқытудың интеграциясы. 

С.И.Зиновьев жоғары мектептегі оқу үдерісіне арналған алғашқы монографияларының 

бірінде жоғары мектеп дидактикасының принциптеріне жатқызады: ғылымилық, теорияның 

практикамен  байланысы,  ғылымның  практикалық  тәжірибемен  байланысы,  мамандарды 

дайындаудағы  жүйелілік пен бірізділік, саналылық, студенттердің оқудағы белсенділігі мен 

өзбеттілігі, оқу жұмысындағы жеке ізденушілік пен ұжымдық жұмыстың бірлігі; оқытудағы 

абстрактілі  ойлаудың  көрнекілікпен  үйлесуі;  ғылыми  білімнің  түсініктілігі;  білімді 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет