В.И.Гинецинский, И.А.Зимняя педагогикалық іс-әрекет құрылымын ғалымдар әр түрлі
аспектіде
қарастырған.
В.В.Давыдов,
Л.В.Занков,
Г.С.Костин,
А.А.Люблинская,
Н.А.Менчинская, А.А.Смирнов, Л.Б.Эльконин және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқу-
танымдық іс-әрекеттің мынандай компоненттерден тұратынын көрсетеді: іс-әрекет мақсаты;
іс-әрекет мазмұны; білім алушы мақсатқа жету үшін қолданылатын амал-тәсілдер; оқытушы
тарапынан бақылау және бағалау, сондай-ақ, білім алушының өзін-өзі бақылауы мен
бағалауы.
Оқыту үдерісін iске асыру белгiлi бiр заңдылықтарды меңгеру негiзiнде жүзеге асады.
Құбылыстар мен үдерістер арасындағы объективті, маңызды, қажеттi, жалпы, берiк, белгiлi
жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар
объектiлер, байланыстың түрi, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп
бiлемiз. Оқыту үдерісінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейдi. Оқыту заңдылықтары
сыртқы және iшкi, жалпы және жеке деп бөлiнедi.
Н.В. Бордовская (2003 ж.) оқытудың сыртқы және ішкі заңдылықтарын бөліп
қарастырады. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттарға, саяси-әлеуметтiк
жағдайларға (әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдаяттар, мәдениет деңгейі, білім беру
Поделитесь с Вашими друзьями: |