Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет79/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

Оқыту  үдерісі  –  тұтас  педагогикалық  үдерістің  бір  бөлігі,  оқытушы  мен  студенттің 

мақсатқа  бағытталған  өзара  әркетесуінің  барысында  шәкірттерге  білім  беру  міндеттерін 

шешу.  Оқыту  –  мақсатты  үдеріс.  Оқытудың  басты  мақсаты,  әдіс-тәсілдері,  мазмұны  мен 

міндеттері  қоғам  талабынан  туындап,  ұдайы  өсіп,  жаңарады.  Оқыту  –  таным  процесі. 

Танымның  ерекшелігі  студентте  білімге  деген  қызығушылығы  ұдайы  өсіп  арта  түсуінде. 

Оқытудың  міндеті  –  студентті  айнала  ортамен  және  дамуының  негізгі  заңдылықтарымен 

қаруландыру.  Студент  дүниетануда  бұрын  ғылымда  белгілі  болған,  зерттеліп  дәлелденген 

жаңалықтарды,  заңдылықтар  мен  тұжырымдарды  әрі  қарай  дамыта  түседі.  Оқыту  –  бұл 

күрделі  үдеріс.  Ол  тұлғаға  білім  беру,  тәрбиелеу  және  ақыл-ойы  мен  шығармашылық 

қабілетін, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі, жеке 

тұлғаға кешенді ықпал жасауды көздейді.  

Осы  негізде,  оқыту  үдерісінің  бірінші  қызметі  –  студенттерге  білім  беру.  Білім  беру, 

біріншіден,  ғылым  негіздеріне  сай  студенттерді  нақты  айғақтармен,  қағида  және 

түсініктермен,  заңдылықтармен  қаруландыруды  қамтамасыз  етсе,  екіншіден  солардың 

негізінде, айналасындағы әр-түрлі құбылыстарға ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Екінші 

қызметі  –  тәрбиелеу.  Оқыту  барысында  студенттерді  теориялық  білімдер  жүйесімен 

қаруландырып,  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастырып  дамыту.  Сонымен  бірге  оқыту 

барысында  тәрбиенің  мақсат,  міндеттері  және  мазмұны,  тәсілдері  анықталады.  Оқытуда 

тәрбие  мен  оқытудың  байланысы  біржақты  қарастырылмайды,  керісінше  біртұтастық 

ұстанымға негізделіп, бірлікте қолданылады.  

Демек,  тұлғаға  білім  бере  отырып,  оны  тәрбиелейміз,  тәрбиелей  отыра  білім  берміз. 

Сөйтіп,  тәрбие  үдерісі  дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  оқытудың  барысына  қолайлы 

ықпал  етеді,  тұлғаның  танымдық  қызметі  мен оқуға  деген  қызығушылығы  артады.  Үшінші 

қызметі  –  дамыту.  Оқыту  барысында  студенттерге  білім  беру,  оларды  тәрбиелеу  негізінде 

тұлғаның  ақыл-ойы,  сана-сезімі,  шығармашылық  қабілеті,  т.б.  көптеген  тұлғалық 

қасиеттерінің  дамуына,  біліктері  шыңдалып,  қабілеттерінің  артуына  оң  әсер  етеді.  Демек, 

тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Даму қызметінің ерекшелігі ол өз алдына жеке өмір 

сүрмейді,  керісінше  оқытудың  білім  беру  мен  тәрбиелеу  қызметінің  жалғасы  болып 

есептеледі.  Сондықтан,  дамудың  қарқынды,  жан-жақты  әрі  терең  болуы  білім  беру  мен 

тәрбиенің  қандай  дәрежеде  іске  асырылуына  байланыты.  Бұдан  шығатын  қорытынды, 

оқытудың  білім  беру  мен  тәрбиелеу  қызметінің  негізі  болып  саналса,  даму  өз  алдына 

олардың қызметінің нәтиежелі болуына қолайлы ықпал етеді.  

Жоғары  оқу  орындарындағы  оқыту  үдерісі  -  болашақ  маманның  кәсіби 

шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастыруға  қажетті  белгілі  білім,  іскерліктерді  меңгеруі 

мақсатында ұйымдастырылған арнайы үдеріс. Бұл анықтама оқыту үдерісіне қатысушылар 

(оқытушы  мен  білім  алушы)  іс-  әрекетіне  көңіл  бөлуді  қажет  етеді.  Оқытушының  іс-

әрекеті  –  оқыту,  білім  алушының  іс-әрекеті  –  оқу.  Осыдан,  оқыту  –  іс-әрекет  болып 

табылады.  Оқытудың  нәтижесі  жай  білім,  іскерліктер  жиынтығы  емес,  білім  жүйесі 

негізінде жоғары білім алу болады.  



Оқытушы  қызметінің  мәні  іс-әрекетті  ұйымдастыру,  ынталандыру  арқылы 

студенттердің  оқу-танымдық  іс-әрекетін  басқару.  Бірақ  іс-әрекетті  жоғары  деңгейге 

жеткізу үшін ол мақсатты түрде ұйымдастырылу қажет. Бұл оқытушының міндеті болып 

саналады. 




жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет