Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет78/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

және  адамның  ерекшеліктерін,  қажеттіліктері  мен  мүмкіндіктерін  тану  негізінде  жеке 

өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс.  

 

2.2 (7-дәріс). Педагогикалық ғылым жүйесіндегі дидактика. 

Жоспары: 

1. Дидактика педагогиканың бөлімі ретінде.  

2. Дидактиканың категориялық аппараты.  

3. Дидактиканың әдіснамалық негіздері және категориялары.  

4. Жоғары мектептегі оқытудың мәні, құрылымы және қозғаушы күштері.  

 

Дидактика (грек тілінен аударғанда Didaktikas – зерттеу бойынша, didasko – зерттеуші) 

– балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті 

және  дағдыны  меңгеру  процесін  суреттейтін,  оқытуды  ұйымдастыру  ұстанымдарын, 

әдістерін  және  формаларын  сипаттайтын,  оқыту  мен  білім  беру  мәселелерін  жасайтын 

педагогиканың құрамдас бөлігі.  

Оқыту  үдерісін  қоғам  дамуының  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  жағдайлармен, 

адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық 

прогрестің  жетістіктерімен  және  күн  сайын  артып  отырған  студент  тұлғасына  қойылатын 

талаптармен  айқындалады.  Дидактика  ғылым  ретінде  пән  өрісінде  әрекет  ететін 

заңдылықтарды  зерттейді,  оқыту  үдерісінің  барысын  және  нәтижесіне  жағдай  жасайтын 

тәуелділіктерді  сараптайды,  жоспарланған  мақсат,  міндеттердің  жүзеге  асырылуын 

қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формаларымен құралдарын анықтайды. Олардың 

негізінде ол екі басты қызмет атқарады: Теориялық (диагностикалық және прогностикалық); 

Практикалық  (нормативтік  құрал  ретінде).  Дидактиканың  алдында  шешімі  ең  алдымен, 

онымен  тығыз  байланыстағы  басқа  ғылымдардың  (философия,  әлеуметтану,  саясаттану, 

мәдениеттану,  этнология,  педагогикалық  психология,  адам  физиологиясы,  нақты  әдістеме 

және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды қажет  ететін жаңа мәселелер туындап 

отырады.  Кез-келген  ғылыми  білім  саласының  дамуы,  бір  жағынан  құбылыстың  мәніне 

жақын белгілі-бір тобын білдіреді, екінші жағынан сол ғылымның пәнін жасайтын ұғымның 

дамуымен байланысты. 

Дидактика философиялық жалпы ғылыми және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады: 

-  философиялық  категория:  «мән  мен  құбылыс»,  «байланыс»,  «жалпы  және  жалқы», 

«болмыс», «сана», «тәжірибе», т.б. 

- педагогиканың жалпы ұғымдары: «педагогика», «тәрбие», «педагогикалық іс-әрекет», 

«педагогикалық ақиқат» және т.б. 

-  дидактиканың  жеке  ұғымдары:  «оқыту  мен оқу»,  «оқу  пәні»,  «оқу  материалы»,  «оқу 

жағдайы», «оқыту құралы», «оқыту тәсілі», «оқытушы», «студент» және т.б. 

- пән аралық ғылымдардың ұғымдары: психологиялық ( «қабылдау», «меңгеру», «ақыл-

ойдың  дамуы»,  «есте  сақтау»,  «іскерлік»,  «дағды»),  кибернетика  (  «кері  байланыс», 

«динамикалық жүйе» және т.б.); 

-  жалпы  ғылыми  ұғымдар:  «жүйе»,  «құрылым»,  «қызмет»,  «элемент»,  «тиімділік», 

«жағдай», «ұйым», «формалау» және т.б. 

Педагогика  терминімен  қатар,  ұзақ  уақыт  бойы  сол  мағынадағы  «дидактика» 

терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы 

Вольфганг  Реткенің  (Ратхия)  (1571-1635)  шығармасында  оқыту  өнері  мағынасында 

қолданылған. Соған ұқсас, «бәрін, барлығында оқытудың әмбебап  өнері» мағынасында, чех 

педагогы  Я.А.Коменскийдің  1657  жылы  Амстердамда  шығарылған  негізгі  еңбегі  «Ұлы 

дидактикасында» дидактиканы түсіндіреді. 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет