Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет77/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

ҚР Білім туралы заңында (47-бап) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, 

міндеттері мен жауапкершілігі төмендегідей: 

1.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының,  Қазақстан  Республикасында  тұрақты 

тұратын  шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдардың  қабылдау  талаптарына  сәйкес  білім 

беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.  

2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады. Бiлiм 

алушыларға  оқушылар,  кадеттер,  студенттер,  магистранттар,  адъюнкттар,  интерндер, 

курсанттар,  тыңдаушылар  және  докторанттар  жатады.Тәрбиеленушілерге  мектепке  дейінгі, 

интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.  

3.  Білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің:  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарттарына  сәйкес  сапалы  білім  алуға;  білім  беру  ұйымы  кеңесінің  шешімі  бойынша 

жалпыға  міндетті  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  шеңберінде  жеке  оқу  жоспарлары, 

қысқартылған  білім  беретін  оқу  бағдарламалары  бойынша оқуға;  оқу  жоспарларына  сәйкес 

баламалы курстарды таңдауға; өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру 

қызметтерін,  білімдерді  ақылы  негізде  алуға;  білім  беру  ұйымдарын  басқаруға  қатысуға;  

қайта  қабылдануға  және  бір  оқу  орнынан  басқасына,  бір  мамандықтан  басқасына,  ақылы 

негізден  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  бойынша  оқуға  немесе  оқудың  бір  нысанынан 

басқасына  ауысуға;  білім  беру  ұйымдарында  ақпараттық  ресурстарды  тегін  пайдалануға, 

оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз 

етілуге;  спорт,  оқу,  акт  залдарын,  компъютерлік  сыныптарын  және  кітапхананы  тегін 

пайдалануға;  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  халықты  жұмыспен  қамту 

саласындағы  жағдай туралы  ақпарат  алуға;  өзінің  пікірі  мен  сенімін  еркін  білдіруге;  өзінің 

адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне; оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі 

табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.  

ҚР «Білім туралы» заңға сәйкес (35-бап): 

1.  Жоғары  білімді  жалпы  орта  немесе  техникалық  және  кәсіптік  немесе  орта  білімнен 

кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға 

құқығы бар. 

2.  Жоғары  бiлiм  берудiң  кәсiптiк  білім  беретін  оқу  бағдарламалары  жоғары  оқу 

орындарында iске асырылады. 

3.  Жоғары  білім  берудің  кәсіптік  оқу  бағдарламаларын  меңгеру  бойынша  қорытынды 

аттестаттаудан  табысты  өткен  білім  алушыға  біліктілік  және  (немесе)  «бакалавр» 

академиялық дәрежесі беріледі. 

4.  Білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыру  және  ғылыми-қолданбалы  зерттеулерді 

жүргізу  үшін  жоғары  оқу  орындары  инновациялық-білім  беру  консорциумын  құруға  және 

(немесе) оған кіруге құқылы. 

Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің  басты  қайшылығы  тез  өсіп  бара  жатқан  жаңа 

білімдер  қарқыны  мен  жеке  тұлғаның  оларды  игерудегі  шектеулі  мүмкіндіктері  арасында. 

Бұл қарама-қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеалға  – адамның 

өзін-өзі  реттеуі  мен  өздігінен  білім  алуы  қабілеттерін  барынша  дамытуға  көшуіне  мәжбүр 

етті.  Сонымен,  жаңаша  (инновациялық)  оқытудағы  басты  нәрсе  –  бұл  білім  алу  және 

өздігінен  білім  алу  негізінде  адам  қабілеттерін,  икемділіктерін  дамыту.  Жаңа  білім  беру 

парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен 

бірге мықты негізділік (фундаменталдық) те шешуші рөлге ие. ЮНЕСКО-ның халықаралық 

симпозиумында 

қабылданған 

меморандумда 

бұл 

жайында 


былай 

делінген: 

«...Фундаменталды  ғылыми-жаратылыстану  және  гуманитарлық  білім  беру  әлемнің  қазіргі 

заманғы  ғылыми-жаратылыстанушылық  көрінісінен  тұтас  хабардар  етуі,  кәсіби  қызмет 

нәтижелерін бағалаудың ғылыми негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет