Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет76/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

 



білім беру ісін басқару жүйесін жетілдіру; 

 



студенттерге білім берумен қоса, тәртіптік, құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыруды 

жоғарлату мен дамыту болса, осы міндеттерге сәйкес бүгінгі білім жүйесін реформалаудың 

басты  бағыттары:  білімді  гуманизациялау;  оқуды  үздіксіз  жүргізу  бағыт-бағдары;  білім 

технологиясындағы  пәнаралық  байланыстарды  (интеграция)  іске  асыру;  оқу  үдерісін 

компъютерлендіру  және  технологияландыру;  білім  берудің  ақпараттандыру  формасынан 

проблемалық,  ғылыми  ізденіс,  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарын  кең  қамтитын  оқудың 

белсенді  әдістері  мен  формаларына  өту;  оқу  желісінде  оқытушының  оқыту  жұмыстарынан 

гөрі білім алушылардың танымдық іс-әрекеттеріне көбірек мән беру; оқу-танымдық үдерісін 

ұйымдастыру  мен  сол  процесті  басқаруда  жоспарлы  қадағалау,  қатаң  бағдарластыру 

тәсілдері орнына оқудың дамытушылық, белсенділікті арттыру, жеделдестіру мүмкіндіктерін 

мейлінше  тиімді  пайдалану;  білімнің  дамытушылық  және  азаматтық  баулу  қызметтерін 

назарда ұстау.  

Қазақстан  Республикасында  үздіксіз  білім  беру  процесі  халқымыздың  салт-дәстүріне, 

мәдениетіне,  экономикасына  және  саяси  өміріне  негізделіп  іске  асырылады.  ҚР 

тәуелсіздігіне орай білім беру мәселелері жаңаша бағытта дамуға көшті. Осыған сәйкес ҚР 

білім беру бағытын, мақсатын, мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар қабылданып, 

онда  білім  берудегі  мақсат  пен  жаңа  міндеттер  айқындалып  көрсетілді,  елімізде  білім  беру 

жүйесінің дамуы үшін Заңнамалық база негізі қалыптасты: 

 

«Білім туралы» Заң 1999 ж., 7 маусым; 2007 жылғы 27 шілде (



№ 319-III ЗРК, Астана, 

Ақорда), 

2012 жыл 09 қаңтардағы толықтырулармен;  

 



«Ғылым туралы» Заң. 18 ақпан, 2011 ж.; 

 



ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. 16.11.2009ж.;  

 



ҚР  мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы  2004  жылғы  7  шілдедегі  №  581-II  ҚР  Заңы 

(2011ж.толықтырулармен); ҚР баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-

ІІ  ҚР  Заңы;ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы. 7.12.2010 ж.  

Аталған  заңнамалық  құжаттардың  барлығында  дерлік  қарастырылған  өзекті  мәселе 

мемлекет  экономикасының  орнықты  дамуы  үшін  сапалы  білімнің  қолжетімділігін 

қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру 

мен бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі  дамыған  жаңа білімді үйренуге қабілетті, 

шығармашыл,  ғылыми  зерттеулерге  белсене    қатысуға  ынталы  маман  дайындау; 

мамандардың  беделін  арттыру;  жастардың  бойында  белсенді  азаматтық  ұстанымды, 

әлеуметтік  жауапкершілікті,  отансүйгіштік  сезімді,  жоғары  адамгершілік  және 

көшбасшылық  қасиеттер  мен  әлеуметтік  жауапкершілігі  қалыптасқан  зияткер  ұлтты 

қалыптастыру. Білім беру жүйесінің даму басымдығы, барлық азаматтар үшін сапалы білім 

алудың  жариялылығы  мен  қолжетімділігі  білім  беру  жүйесіндегі  мемлекеттік  саясаттың 

негізгі  принципттерінің  бірі  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру 

жүйесі  білім  беретін  оқу  бағдарламаларының  үздіксіздігі  мен  сабақтастығы  принципі 

негізінде  мынандай  білім  беру  деңгейлерін  қамтиды:  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту. 

Бастауыш  білім  беру.  Негізгі  орта  білім  беру.  Орта  білім  беру  (жалпы  орта  білім  беру, 

техникалық және кәсіптік білім беру). Орта білімнен кейінгі білім беру. Жоғары білім беру 

(бакалавриат, университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, 

жоғары  мектеп,  жоғары  училище).  Жоғары  оқу  орнынан  кейін  білім  беру  (магистратура, 

аспирантура,  докторантура).  Кредиттік  технологияға  негізделген  жоғары  және  жоғары  оқу 

орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторантура 

Ph.D)  заңнамамен  бекітіліп  отыр. Бұл  Болон  декларациясының  ережелері  мен  халықаралық 

стандарттарға сәйкес келеді. 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет