Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет75/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

2)  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  және  күш-қуат  мүмкіндіктерін  дамыту, 

адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін  қалыптастыру,  даралықты 

дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;  

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, 

мемлекеттік  рәміздер  мен  мемлекеттік  тілді  құрметтеуге,  халық  дәстүрлерін  қастерлеуге, 

Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;  

4)  белсенді  азаматтық  ұстанымы  бар  жеке  адамды  тәрбиелеу,  республиканың 

қоғамдық-саяси,  экономикалық  және  мәдени  өміріне  қатысу  қажеттігін,  жеке  адамның  өз 

құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;  

5)  отандық  және  әлемдік  мәдениеттің  жетістіктеріне  баулу;  қазақ  халқы  мен 

республиканың  басқа  да  халықтарының  тарихын,  әдет-ғұрпы  мен  дәстүрлерін  зерделеу; 

мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;  

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету; 

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды 

демократияландыру;  

8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың 

ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі; 

9)  оқытудың  жаңа  технологияларын,  оның  ішінде  кәсіптік  білім  беру 

бағдарламаларының  қоғам  мен  еңбек  нарығының  өзгеріп  отыратын  қажеттеріне  тез 

бейімделуіне  ықпал  ететін  кредиттік,  қашықтан  оқыту,  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;  

10)  жалпы  оқытудың,  жұмыс  орны  бойынша  оқытудың  және  еңбек  нарығының 

қажеттері  арасындағы  өзара  байланысты  қамтамасыз  ететін  және  әркімге  өзінің  білім  мен 

біліктілікке  негізделген  жеке  әлеуетін  қоғамда  барынша  пайдалануға  көмектесетін  оқыту 

жүйесін өмір бойы дамыту; 

11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;  

12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету; 

13)  жұмыс  берушілермен  және  басқа  да  әлеуметтік  әріптестермен  белсенді  өзара  іс-

қимыл  арқылы  техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  озық  қарқынмен  дамытылуын 

қамтамасыз ету; 

14)  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сапалы  білім  алуына  арнайы  жағдайлар  жасау 

болып табылады. 

Аталған заңда (13-бап) білім беру мазмұнының ұғымы былайша берілген:  «Білім беру 

мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып 

табылатын  білім  берудің  әрбір  деңгейі  бойынша  білімдер  жүйесі  (кешені)».  Білім  беру 

мазмұны  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттары  негізінде  әзірленетін 

білім  беретін  оқу  бағдарламаларымен  айқындалады.  Мемлекетіміздің  білім  беру  жүйесі 

мынадай екі түрлі маңызды үдерісті жүзеге асыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа 

арнаға салу; әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу. Қазақстан білім кеңістігінде қалыптасып 

жатқан осы заман білімін реформалау бағыттары жалпы әлемдік бағдар мен үндес келіп, іске 

асырылуда. 

Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытуда шешілуге тиіс міндеттер: 

 



ЖОО-дағы білім беру нәтижелерінің сапасын арттыру; 

 



білімге қол жетімділіктің теңдігін қамтамасыз ететін шараларды енгізу; 

 



білім беру жүйесінде әріптестілікті дамыту үшін жағдайлар жасау; 

 



оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету; 

 



білім мен ғылымның іс жүзінде интеграциялануын қамтамасыз ету; 

 



ресурстарды  жұмылдыру  және  білім  беру  жүйесінің  тиімділігін  арттыруда 

қамтамасыз ету; 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет