Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет74/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

Сондай-ақ,  оқу  бағдарламасында  берілген  мазмұнды  меңгеру  мақсатында 

пререквизиттер  мен  постреквизиттер  көрсетіледі.  Жоғары  оқу  орны  студентінің  білім 

мазмұнын меңгеруде ескеретін жайлардың сол пәнді меңгеруге дайындығын анықтау және 

осы пәнді меңгерудің келесі пәнді меңгерудегі орнын білу болып табылады. Олай болса, өз 

кезегінде оқытушы пререквизиттермен постреквизиттер туралы білулері қажет. 



Пререквизиттер:  оқылатын  пәнді  меңгеруге  қажетті  білімдер,  іскерліктер,  дағдылар 

мен құзыреттіліктер тізімі, студенттердің ауысуы барысында оқу курсын реттейтін құрал. 



Постреквизиттер:  келесі  оқытылатын  пәндерді  меңгеруге  қажетті  білімдер, 

іскерліктер, дағдылар мен құзыреттіліктер тізімі. 

Студенттердің  оқу  пәндерін  таңдау  іс-әрекетін    ұйымдастыруға  эдвайзер 

тағайындалады.  Эдвайзер  –  студенттердің  білім  алу  бағытын  таңдауға  және  өзгертуге, 

олардың  жеке  оқу  жоспарын  құрастыруға  септігін  тигізетін,  академиялық  тәлімгердің 

қызметін атқаратын маман дайындаушы кафедраның оқытушысы. 

Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жоғары  базалық  білім  стандартында 

(бакалавриат)  кредиттік  оқыту  жүйесі  бойынша  студенттің  оқытушы  басшылығымен 

жүргізілетін  өз  бетінше  жұмысы  –  аудиторияда  және  аудиториядан  тыс  жүргізілетін 

оқытудың түрі деп атап көрсетілген. Тьютор дегеніміз – оқу пәндерін жүргізетін және нақты 

пәнді  меңгеру  бойынша  студенттің  академиялық  кеңесшісі  рөлінде  танылатын  кафедра 

оқытушысы. Тьюторлар қызметі мамандандырылған кафедрада құрылады. 

Б.М.Бим-Бад,  А.В.Петровский  бойынша:  «білім  беру  -  жеке  тұлға  мен  қоғам  мүддесі 

бойынша  жүзеге  асырылатын  педагогикалық  ұйымдасқан  әлеуметтену  үдерісі»  болса, 

А.Г.Асмолов бойынша: «білім беру  – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын 

құзырлы  таңдауға  мүмкіншіліктерін  кеңейтуге  бағытталған  үдеріс»  болып  табылады. 

В.С.Безрукова бойынша: «білім беру - қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына 

қажетті  жағдай  жасау  жүйесі»  болса,  ЮНЕСКО  (1997ж.)  бойынша:  «білім  беру  дегеніміз 

жеке  тұлғаның  әлеуметтік  жетілуі  мен  жеке  өсуі  қамтылатын  оның  қабілеттіліктері  мен 

мінез-құлқын  жетілдіру  үдерісі  мен  нәтижесі»  -  ретінде  қабылданған.  Үлкен 

энциклопедиялық  сөздікте  «Білім  беру  -  адамзаттың  әлеуметтік  маңызды  тәжірибесін 

меңгерумен  байланысты  білім,  іскерлік,  шығармашылық  әрекеттерде  жүзеге  асырылатын 

жеке  тұлғаның  дамуы  мен  өзін-өзі  дамыту  үдерісі»  ретінде  берілсе,  педагогикалық 

энциклопедияда  (1999ж.):  «білім  беру  –  жеке  тұлға  мен  қоғам  мүддесі  үшін  жүргізілетін 

педагогикалық 

тұрғыдан 

ұйымдастырылған 

әлеуметтендіру 

процесі» 

ретінде 


тұжырымдалған. А.В.Петровский, А.Г.Асмолов, В.С.Безрукова, И.П.Подласый: білім беруді 

-  білімнің,  іскерліктің,  дағдының,  ойлау  тәсілдерінің  оқыту  үдерісіндегі  жетістігі  жүйесі 

ретінде  қарастырған.  Академик  В.А.Сластенин:  білім  беруді  –  адам,  қоғам,  мемлекет 

мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту үдерісі ретінде түсіндірген. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңының  3-тарауының  10-бабында  білім 

беру  жүйесі  ұғымы:  білім  беру  деңгейінің  сабақтастығын  қамтамасыз  ететін  мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарының  және  білім  беретін  оқу  бағдарламаларының;  

меншік  нысандарына,  үлгілері  мен  түрлеріне  қарамастан,  білім  беру  бағдарламаларын  іске 

асыратын  білім  беру  ұйымдарының;  білім  беруді  басқару  органдары  мен  тиісті 

инфрақұрылымдардың,  оның  ішінде  білім  беру  мониторингін  жүзеге  асыратын  оқу-

әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының; білім беру қызметінің 

субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi. 

ҚР Білім туралы заңында (11-бап) білім беру жүйесінің міндеттері: 

1)  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 

негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіптік  шыңдауға  бағытталған 

сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.  




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет