Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет71/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   150
umkd
 

 

2-Модуль. Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс 

 

2.1 (6-дәріс).  Жоғары мектептегі білім беру мазмұны. 

Жоспары: 

1.Білім беру мазмұны экономикалық және әлеуметтік прогресс факторы ретінде.  

2. Білім беру мазмұнын қалыптастыру қызметтері мен қағидалары.  

3. Жоғары білімді іргелілендіру.  

4. Жоғары мектептегі білім беру мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттар.  

5. Білім беруді қалыптастыратын  негізгі трендтер.  

6. XXI ғасырдағы ұлттық сана шеңберінде білім беру саясатының болашағы.  

 

Білім  алушының  оқуы  нәтижелі  болуы  үшін  оны  тұлғалық  дамыту  мен 

қалыптастыруда  мынаны  анықтап  алу  керек:  нені  оқыту  керек,  яғни,  білім  алушының 

нәтижеге  жетуде  меңгеретін  білімінің  көлемі.  Бұл  білім  мазмұнын  береді  ол  –  ғылыми 

білімдер,  практикалық  іскерліктер  мен  дағдылар  жүйесі,  сондай-ақ,  білім  алушының  оқу 

барысында меңгерген дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық идеялары. 



Білім  беру  мазмұны  - жас  ұрпақтың  өркениетті,  демократиялық  қоғамда  өмір  сүруі 

үшін  оған  қазіргі  кезеңдегі  білім  жүйесі  мен  дүниетанымды    игерту.  Білім  мазмұны  жаңа 

ақпарат  ағымын  саналы  түсіну,    оны    бағалай  білу,  кез  келген  жағдайда  шығармашылық 

шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді. 



Білім  беру  мазмұны  –  бұл  арнайы  іріктеліп  алынған  және  қоғамда  қабылданған, 

білгілі  бір  сферада  қызмет  атқару  үшін  меңгеретін  адамзат  тәжірибесінің  элементтер 

жүйесі.  Білім  мазмұны  –  білім,  іскерлік,    дағды    және  дүниетанымы мен  жалпы  тұлғалық 

қалыптасу деңгейі көрінетін түпкі нәтиже. 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет