Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет68/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

педагогикалық  (практикалық  және  диагностикалық)  ойлау;  педагогикалық  интуиция 

(сезімталдық);  педагогикалық  импровизация  (суырып  салмалық,  жанынан  жедел  шығару, 

шешім қабылдау); педагогикалық байқағыштық; педагогикалық көрегендік. Ғалым ойынша, 

педагогтың  жеке  тұлғалық    сипаттамасында    ең    басты  орында  мұғалімнің  педагогикалық 

мамандықтың моделін, нормасын, ережелерін  сезінуінен,  кәсіби  кредоның  қалыптасуынан,  

мұғалім еңбегінің концепциясынан; кейбір кәсіби эталонға өзін енгізуден, кәсіби референтті 

адамдардың  берген  бағасынан  және  өзін-өзі  бағалаудан  тұратын  кәсіби  педагогикалық 



өзіндік  сана

Л.М.Митина 



кәсіби 

сапаларға

әдептілікті, 

сыпайылықты, 

сезімталдықты, 

тәрбиелілікті,  зейінділікті,  ізденімпаздықты,  шыдамдылықты,  адамгершілікті,  іскерлікті, 

тәртіптілікті, 

белсенділікті, 

саяси 


сауаттылықты, 

сыншылдықты, 

патриоттықты, 

болжағыштықты, 

өзбеттілікті, 

принципшілдікті, 

батырлықты, 

кешірімшілдікті, 

кішіпейілдікті, балаға деген сүйіспеншілікті жатқызған. 

М.М.Мұқанов  педагог  мамандығына  лайықты  сапалар  қатарына:  педагогтың  идеялық 

сенімін,  қабілетін,  ұстамдылығын,  әділеттілігі  мен  абыройын  жатқызған.  Осылардың  ең 

ортасы,  өзегі,  яғни  жеке  тұлға  сапасының  ядросы  –  оның  бағыттылығы,  бейімделушілігі, 

өзін-өзі    бағалауы,  «Мен»  бейнесі»  -  деп  ойын  тұжырымдаған.  Сонымен,  педагог 

тұлғасының  арнайы  қасиеттері  мен  сапалары:  Әрекетшілдік  сапа  (жауапкершілік,    ар-

намысшылдық,  еңбексүйгіштік,  нақтылық);  Рефлексивті  сапа  (  ұқыптылық,  тиянақтылық, 

білімпаздық);  Коммуникативтілік  сапа  (шыншылдық,  сенімділік,  ұстамдылық,  талап  қоя 

білушілік);  Эмпатиялық  сапа  (өзара  түсіністік,  қайырымдылық,  қайғыға  ортақтаса  білуге 

қабілеттілік); 

Педагогтың  адамгершілік  қасиеттері:  (дәлелдей  білушілік,  ұстанымдылық,  патриотизм, 

ұжымшылдық,  тәртіпшілдік,  мәдениеттілік).  Педагогтың  кәсіптік-этикалық  іс-әрекеті 

тұлғаны  ерекше  өмір  сүру  салтымен,  мақсаттылығымен,  арнайы  қарым-қатынас  жүйесін, 

адамдарды  оқыту  мен  тәрбиелеу  саласындағы  пікірлерін,  жетістіктерін  үнемі  жетілдіріп 

отыруға  ұмтылысымен  сипатталады.  Ал,  педагогикалық  қабілеттер  -  педагогтың 

педагогикалық  іс-әрекетте  жоғары  нәтижелерге  жетуін  қамтамасыз  ететін  даралық-

психологиялық  ерекшеліктері  мен  кәсіптік  тұрғыдан  маңызды  қасиеттерінің  жалпылама 

жиынтығы.  

Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі өзін-өзі дамытудың көрсеткіштері мен белгілері

Мамандық  құралдары  арқылы  өзін-өзі  дамытуды  көздейтін  дербестік:  тұлғаның  өз 

біліктілік  деңгейін,  кәсіби  білімділік  дәрежесін,  кәсіби  ынтасы  мен  өз  іс-әрекетіне 

қанағаттанушылық  деңгейін  бағалай  алу  қабілеті;  өз  жұмысын  орынды  жоспарлау  мен 

ұйымдастыру, өзін-өзі реттеп отыру қабілеті, ұжымда жұмыс істеудегі ұйымдастырушылық 

және  коммуникативтік  қабілеттері;  өз  бетімен  мамандығына  сәйкес  білім,  білік  және 

дағдыларды  меңгеру,  кәсіби  маңызды  сапалар  мен  қабілеттерді  тереңдету  және  кеңейту, 

кәсіби жаңаруға деген тұрақты дайындық. 

Кәсіби  бағдарланған  ойлау,  нақты  білім  беру  саласындағы  мәселелерді  шешуде 

қабылданған  тәсілдерді  қолдана  білу,  кәсіби  әрекет  стратегиялары  мен  әдістерін  өңдеу: 

орынды-қисынды ойлау (кәсіби іс-әрекет ережелері мен заңдылықтарын айқындау қабілеті, 

жалпы  және  кәсіби  мәдениет  аясында  өзіндік  дамуды  жүйелі  талдау  мен  болжау,  тұтас 

көзқарас);  кәсіби-жады  (қисынды  және  пайымдық  байланыстарды  орнату,  белсенді  ойша 

өңдеу  қызметімен  қатар,  маңызды  ақпарат  сақтау  қызметін  атқаратын  есте  сақтау 

қабілеттерін  дамыту);  ауызекі  қабілеттер  (кәсіби  таңбалық  түсіну,  эрудиция,  кәсіби  сөздік 

қоры,  тілдесу қабілеті).  Кәсіби  педагогикалық  іс-әрекетке  шығармашылық  қарым-қатынас, 

еңбектегі  инновациялық  қабілет,  жеке  шығармашылық  еңбек  есебінен  тәжірибені  байыту: 

шығармашылық пайымдау; үлгілік кәсіби жады; актерлік өнер (тілдік импровизация, бойлау 

өнері,  тұлғаралық  тілдесудегі  сөздік  қоры).  Олай  болса,  педагогикалық  іс-әрекет  –  аға 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет