Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет67/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

Педагогикалық  еңбекті  ұйымдастыру  мәдениеті:  педагогикалық  қарым-қатынас 

мәдениеті;  мінез-құлық  мәдениеті;  педагогикалық  сезім  мәдениеті;  танымдық  мәдениеті; 

педагогикалық ойлау мәдениеті; сөз сөйлеу мәдениеті (ритор-шешен) 

Педагогикалық  мораль  –  мұғалім  тәртібіне,  мінез-құлқына,  өзін-өзі    ұстау,  қарым-

қатынас  жасау  мәдениетіне  қойылатын  белгілі  бip  талап-тілектердің,  қағида  мен 

ережелердің, қалыптық, мазмұндық ой-тұжырымдардың жүйесі, жиынтығы. 

Педагогикалык  стиль  –  мұғалімнің  жұмыс  тәжірибесінде  қалыптасқан  педагогикалық 

шеберлікке тән сипат. 

Педагогикалық  шеберлік  -  балаларды  сүйетін,  жүрек  қалауымен  әpбіp 

педагогтың қол жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отырылатын өнер. 

Педагогикалық  әдеп  –  мұғалімнің  кәсіптік  сапасы  және    кәсіптік  белгісі.  Мұғалім 

кәсібінің  ерекшелігі,  ең  алдымен  ,оның  педагогтік  әдебінде.  Педагогтың  әдебі  ілтипаттылық, 

сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттерімен өлшенеді. 

Жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар: 

1.  Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы; 

2.  Адамдардың  адамдарға,  қоғамға  қатынасын  реттейтін  құқықтық  және  этикалық 

нормаларды бiлyі; 

3.  Қазіргі 

білім 


беру 

технологиясын 

пайдалана 

отырып, 


жаңа 

білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі; 

4.  Компьютерлік техниканы меңгеруі; 

5.  Ғылыми,  іскерлік,  қоғамдық,  саяси  және  тұрмыстық    тілдер  ауқымында  мемлекеттік 

және шетел тілдерінде сөйлесе білуі. 

Жоғары  мектептегі  оқыту  үрдісі  студенттердің  шығармашылық  ойлау  қабілетін 

дамытып,  олардың  дербес  зерттеуші  қызметіне  жақындай  түсуіне  ықпал  етеді.  Әр  уақытта 

педагогикалық  қызмет  пен  ғылымды  бip-бipiмен  ұштастыра  жүргізудің  маңызы  зор.  Сол 

себепті  біздің

  Қ


оғам  жоғары  мектептердің  ғылым  мен  мәдениетті  дамытудағы  ролін 

арттыруды басты мақсат етіп отыр. Оқытушының аудитория алдындағы сөйлеу кезіндегі ең 

бастысы  -  тіл  заңдылықтарын  сақтау  мен  сөйлеу  техникасын  меңгеру.  Ғылыми  айналымда 

сөйлеу  мәдениеттілігін  анықтайтын  сөз  сапаларының  23  түрі  айқындалған,  олар:  сөздің 

дұрыстығы,  тазалығы,  байлығы,  дәлдігі,  қисындығы,  мәнерлілігі,  бейнелілігі,  әсерлілігі, 

орындылығы,  түсініктілігі,  жүйелілігі,  мағыналылығы,  байланыстылығы,  айқындылығы, 

жандылығы,  тартымдылығы,  айғақтылығы,  ғылымилылығы,  идеялылығы,  ықпалдылығы, 

сенімділігі, тұтастығы.  Құзіретті педагог құзіреттіліктің үш тобын қалыптастыра алуы тиіс: 

Әдіснамалық  (психология,  педагогика).  Жалпы  мәдениетті  (дүниетанымдық  ).  Пәндік-

бағдарлық.  Тұлғалық  және  кәсіптік  “МЕН”  тұжырымдамасы,  іс-әрекет,  тәрбиеленушінің 

бірлігі. «Кәсіби құзіреттілік» ұғымы ең бірінші  жеке тұлғаның  кәсіби білімінің деңгейімен, 

жеке  қабілеттерімен,  өзін-өзі  жетілдіру  және  үздіксіз  іскерлігімен,  өз  ісіне  деген 

шығармашылығымен,  жауапкершілігімен,  теориялық  білімдерін  практикада  тиімді  қолдана 

алуымен  анықталады. 

ХІХ  ғ.аяғында  П.Ф.Каптерев  педагогикалық  іс-әрекеттің  жетістікке  жету  факторы 

ретінде педагогтың «жеке тұлғалық қасиеттерін» атап көрсеткен. Олар педагогтың бойында 



міндетті  түрде  болуға  тиіс  қасиеттер:  мақсатқа  жетуге  ұмтылушылық,  табандылық, 

еңбекқорлық,  қарапайымдылық,  байқағыштық,  ақылдылықтың, шешендіктің,    артистизмнің 

қажеттілігі. Педагог үшін эмпатияға, демек білім алушының психикалық күйін түсіне білуге 

даярлық  пен  әлеуметтік  өзара  қарым-  қатынасқа  деген  қажеттілік  те  ерекше  маңызды 

орында. Педагогикалық  іс- әрекетте жоғары кәсіби шеберлік пен педагогтың мәдениеттілігі 

көрінетін педагогикалық такт пен ғылыми ізденістің де мәні зор деп көрсеткен. 

А.К.Маркова кәсіби сапаларға келесі сапаларды жатқызады: педагогикалық эрудиция 

(білімдарлық);  ғылым  салаларын  терең  меңгеру;  педагогикалық  мақсат  қоя  білушілік; 




 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет