Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет63/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

А.А.Бейсембаеваны, Н.Д.Иванованы, Э.И.Шыныбекованы, К.Бозжанованы және т.б. атауға 

болады. 

1990-жылдардың басында елімізде болып өткен жаңа әлеуметтік- экономикалық және 

саяси  процестерге  байланысты  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық  институтының 

тарихында да жаңа кезең басталды. Қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі, нарықтық 

қатынастарға  көшу  жоғары  білім  беру  және  жаңа  кадрлар  даярлауды  ұйымдастыру  ісіне 

өзгеше  талаптар  жүктеді.  Мамандар  даярлаудың  отандық  жүйесінде  білім  берудің 

халықаралық  стандарттарына  жақындатылған  жаңа  үлгілері  іздестіріліп,  жүзеге  асырыла 

бастады.  Қазақстан  Республикасы  Министрлер  Кабинетінің  ҚазПИ-ді  Абай  атындағы 

Алматы  мемлекеттік  университеті  етіп  қайта  құру  жөніндегі  1992  жылғы  24  қарашадағы 

шешімі осыған байланысты қабылданған болатын. 

Соңғы  жылдары  университет  өмірінде  көп  өзгерістер  болды,  факультеттер  саны 

көбейді. Оқыту процесі де күрт өзгерістерге ұшырады. Үздіксіз білім беруге көшу және оны 

жетілдіру  Алматы  мемлекеттік  университетінде  мамандар  даярлау  үрдісін  халықаралық 

стандарттарға  жақындата  түседі.  Мұнда  оқыту  ісіндегі  бәсекелестік,  ғылым  мен 

практиканың  өзара  үздіксіз  байланысы,  ең  озық  ақпараттық  және  есептеу  техникасын 

пайдалану маңызды міндеттер болып саналады. 

Бүгінде  университетте  оқу  үдерісін  жетілдіруде  көптеген  істер  тындырылуда:  іргелі 

ғылымдар  бойынша  білім  беру  және  алған  білімін  шығармашылықпен  пайдалана  білуге 

дайындау  тереңдетіліп,  мамандар  қажетті  мекемелер  мен  университет  арасындағы  өзара 

байланыс кеңейтілуде. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы енгізіліп, қашықтан оқыту 

дамытылып отыр. 

Абай  атындағы  Алматы  мемлекеттік  университеті,  бүгінгі  Абай  атындағы  ұлттық 

педагогикалық  университетінде  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  мен  оқыту  үдерісі  әрқашанда 

біртұтас  байланыста  жүргізіліп  келеді.  Ғылыми  жұмыс  болашақ  мамандар  мен 

оқытушылардың  шығармашылық  күш-қуатының  қайнар  көзі.  Университетте  көкейкесті 

ғылыми проблемалармен, педагогикалық жоғары оқу орындары және мектептерге арналған 

оқулықтар,  оқу  құралдарын  дайындаумен  жемісті  түрде  айналысатын  үлкен  ғылыми  күш 

шоғырланған.  Тек  ғылым,  өндіріс,  эксперименттік  білім  беру  салалары  арасында  тығыз 

байланыс  қана  оқу  процесінің  және  болашақ  мамандардың  практикалық  дайындығының 

жоғары сапалылығын қамтамасыз ете алады. Сондықтан университет ұжымы оқу процесін 

академиялық ғылымның соны жетістіктеріне орайластыра құруға тырысады. 

Университеттің  алдағы  міндеттері  отандық  жоғары  мектептің  болымды  нәтижелерін 

сақтай  және  көбейте  отырып,  білім  берудің  әлемдік  стандарттарын  біртіндеп  тәжірибеге 

енгізіп, жетілдіруге саяды. 

Университеттік  білім  беру  ұзаққа  созылған  кезеңінде  тарихи  түрде  парадигмалар 

типтері  өзгеріп  отырды.  Олардың  әрқайсысы  өз  кезегінде  универсалды  білімнің 

доминантасы  болып  көрінді.  Университеттік  білімнің  даму  үдерісінде  мәдени-құндылық 

тұғыры  өткен  ұрпақтың  мәдениеті  мен  құндылықтарының  әмбебап  элементтерін  ұлы 

ойшылдардың еңбектері арқылы жүйелі де терең меңгеруге табан тіреді (ең алдымен латын, 

кейін грек тілдерінде). Бұл әлемді жан-жақты тануға бағдарланды. Осы парадигмамен білім 

алған бітіруші жоғары білімді адам ‒ философ, діндар атанды. Әлемге танымал мәдениет пен 

ғылымды,  құндылықтарды  меңгеруге  бағытталған  білім  стратегиясы  біздің  кезеңімізге 

дейінгі  уақытта  классикалық  білім  феномені  болып  саналады.  «Академиялық  тұғыр»  ‒ 

университеттік білімнің теориялық білім мен фундаменталдық білімнің дамуына, түлектерді 

жаңа білімдерді іздеп, дүниені, адамның іс-әрекетін ғылыми, теориялық, ғылыми болжамдық 

тұрғыда  түсінуге  бағдарлау  приоритетінің  басымдығымен  сипатталды.  Бұл  тұғыр 

шеңберіндегі  басты  құндылық  табиғат  пен    жануарлар  дүниесі,  жер  мен  космос,  адам  мен 

қоғам, өмір мен өлім туралы ғымыми білім. ЖОО профессор оқытушылар құрамының іргелі 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет