Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Соғыс қарсаңында оқытушылар В.Е.Турумов, А.А.Аветякин, С. Қожахметов және т.б.
қызыл армия қатарына шақырылды. Педагогтер В.В. Синюкин, Д.М.Загодский,
А.А.Савченко, А.И.Кузнецов, И.Г.Рыбин, Х.М. Әділгереев, С.А.Аманжолов, М.Д.Исаев,
А.Тоқмағамбетов, В.М.Зимин, В.Ф.Боярчук, Т.П.Топчий, А.Закарин, Ш.Ахметов,
И.М.Шаукенов, Д.И.Ларин, П.В.Симонов, К.Игенов, П.А.Исаков, Д.Четвериков,
К.Мұсағалиев және т.б. отан қорғауға алғашқылардың бірі болып аттанды. Соғыс
басталысымен-ақ елу жеті студент майданға аттанды.
Соғыстың алғашқы жылдарында оқытушылар саны күрт азайып кеткендіктен, КСРО –
ның әртүрлі қаласынан Алматыға қоныс аударған көрнекті ғалымдар педагогикалық
қызметке тартылды. Олардың қатарында академиктер И.И.Мещанинов, В.И.Чернышев,
Ф.Г.Фисенко, КСРО ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Н.Н.Баранский,
профессорлар А.А. Глаголев,
П.М.Рубинштейн, И.А.Палунск, Н.Ф.Бельчиков,
Н.Ф. Черномордник, Р.А.Фридман, Д.И.Макеев, Г.А.Какиев және т.б. бар болатын.
Ұлы отан соғысы жылдарында жауынгерлік және еңбектегі ерлігі үшін ҚазПИ-дің көптеген
оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері орден және медальдармен марапатталды.
Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Құдайберген Сұрағанов, Рақымжан
Тоқатаев, Ахмедияр Хұсайынов, Сәду Шәкәрім Отанымыздың жоғары наградасы Кеңес
Одағаның Батыры атағына ие болды. Соғыстан кейінгі жылдары мектептерде маман
мұғалім
кадрларына деген қажеттілік
күрт өсті, сондықтан
студенттер
қабылдау, әсіресе сырттай оқуға қабылдау саны артты. Егер 1946 жылы күндізгі бөлімнің
бірінші курсына 362 студент қабылданса, сол жылы инситутты сырттай 60 адам ғана
бітірді. Ал 1956 жылы күндізгі бөлімге 567 студент оқуға түссе, сыртай оқуды 594 адам
тәмамдады.
ҚазПИ өзінің 50 жылдық мерейтойын лайықты табыстармен қарсы алды. Бұл кезде
иниституттың 39 кафедрасында 400 оқытушы, оның ішінде 16 ғылым докторы мен
профессорлар, 200 ғылым кандидаты, доценттер жұмыс істеді. Бұлардың арасында КСРО
Педагогика ғылым академиясының екі корреспондент-мүшесі, Қазақстан Ғылым
академиясының үш корреспондент-мүшесі, еңбек сіңірген төрт ғылым қайраткері,
Қазақстан жоғары мектебінің үш еңбек сіңірген қайраткері бар болатын.
Университет түлектері, республиканың ғылым мен мәдениетінің көрнекті өкілдері
С.Аманжолов, Х.Бекхожин, Ғ.Қайырбеков, М.Қаратаев, А.Ысқақов, А.Қалыбаева
(Хасенова), С.Қасқабасов, А.Нүсіпбекова, Г.Омарбекова, Г.Садуақасова, Ж.Саин,
Ш.Сәтбаева, Р.Сыздықова, Ә.Тәжібаев, т.б. есімдерін мақтанышпен атауға болады.
ҚазПИ-дің қабырғасында білім алған түлектердің ішінде еліміздің ғылым, білім және
мәдениет салаларын дамытуға зор үлес қосқан М.Әбдіхалықов, Т.Тәжібаев, А.Закарин,
К.Айманов, А. Сембаев, Н.Жанділдин, Б.Бөлтірікова, Д.Бейсенов, Ә.Шәріпов,
Е.Мәмбетқазиев, Ө.Жәнібеков, М.Ахметова, А.Тұмарбеков тәрізді көрнекті мемлекет және
қоғам қайраткерлері де аз емес.
1964 жылы Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім беру министрлігі жүйесінде
26 жоғары оқу орны болды. Оның ішінде 1 университет, 7 техникалық, 18 педагогикалық
және басқа мамандықтағы институттар жұмыс істеді. Сол жылдары Қазақтың Абай
атындағы педагогикалық институтының педагогика кафедрасының мүшелері кешенді
тақырып жоспарының негізінде төмендегі жеке мәселелермен айналысты.
Профессор Р.Г.Лембергтің жетекшілігімен «Мектептегі оқыту әдістері», «Сабақтың
психологиялық мәселелері», «Оқушылардың білімі мен ептілігін есепке алу» туралы
тақырыптарда зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1960-жылдары республика жоғары педагогикалық оқу орындарында Т.Тәжібаевтан
кейін докторлық диссертацияларын қорғаған ғалым- ұстаздардың ішінде Ә.І.Сембаевты,
Қ.Б.Бержановты, Н.Д.Хмельді, Г.А.Умановты, Б.Р.Айтмағамбетованы, И.М.Кузменконы,
Поделитесь с Вашими друзьями: |