Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет61/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

ашылып,  тақырыптық  кештер,  пікірталастар,  оқырмандар  конференциялары,  басқа  да 

мәдени-ағартушылық шаралар тұрақты өткізіліп тұрды. 

Сол  кезде  Қазақ  педагогикалық  институты  үшін  оқытушылар  құрамын  кәсіби 

біліктілігі  жоғары  ғылыми-педагогикалық  кадрлармен  толықтыру  аса  маңызды  мәселе 

болып  табылды.  Бұл  міндет  екі  жолмен  шешілді:  біраз  мамандар  орталық  жоғары  оқу 

орындарынан  шақырылса,  қалғандары  жергілікті  кадрлардың  арасынан  даярланды. 

Институттың  қалыптасуына  туысқан  республикалардағы,  әсіресе  Мәскеу  мен 

Ленинградтағы  көптеген оқу орындары үлкен көмек көрсетті. Олар өздерінің бай кітапхана 

қорымен, кабинеттерге арналған жабдықтармен бөлісті. Сол жылдары Қазақ педагогикалық 

институтына  жұмыс  істеуге  әдебиеттанушы  Н.Н.Фатов,  математик  Б.Л.Кругляк,  физик 

В.Ф.Литвинов,  биолог  С.В.Логинов,  эмбриолог  А.А.Захваткин  тәрізді  көптеген  белгілі 

ғалымдар  келді.  Сол  кездерде  институтта  Ораз  Жандосов,  Сәкен  Сейфуллин,  Баймен 

Алманов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Халел  Досмұхамедов,  Ілия  Қабылов,  Темірбек    Жүргенов 

сынды  қазақ  халқының  көрнекті  өкілдері  оқытушылық  қызмет  атқарды.  30  –  жылдары 

Қазақ  педагогикалық  институтында  белгілі  тіл  мамандары  Қ.Жұбанов,  С.Аманжолов, 

М.Жолдыбаев, математик А.Ермеков және т.б. еңбек етті. 

Қазақстанның  алғашқы  оқу  орнын  ұйымдастыруға  оның  тұңғыш  ректоры,  көрнекті 

мемлекет  қайраткері,  талантты  ғалым  және  педагог,  республикада  жоғары  мектеп  пен 

ғылымның іргетасын қалаушы С.Ж. Асфендияров зор еңбек сіңірді. Ол 1928-1937 жылдар 

аралығында  Қазақ  педагогикалық    институтының,    Алматы    медицина    институтының   

ректоры,  Қазақ  АССР  денсаулық  сақтау  халық  комиссары  және  халық  ағарту  комиссары, 

Қазақтың  ұлттық  мәдениеті  ғылыми-зерттеу  институты  тарих  секторының  меңгерушісі, 

КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 

Алғашқы  жылдары  Қазақ  педагогикалық  институты  республикаға  қажетті  мамандар, 

ғалымдар,  мемлекет  қайраткерлері,  ақын-жазушылар,  білікті  мұғалім  кадрларының  бір 

шоғырын даярлап шығарды. 

Соғысқа  дейінгі  жылдар  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық  институты  үшін 

қалыптасу мен дамудың ең бір маңызды кезеңі болды. ҚазПИ-дің оқытушы-профессорлары 

мен  студенттері  жетілу,  кемелдену  сынағынан  абыроймен  өтті.  Институт  атағы  бүкіл 

реуспубликамен  одан  тыс  жерлерге  де  таралып,  белгілі  болды.  Осы  кезде  ҚазПИ 

қабырғасынан  түлеп  ұшқан  мұғалім  мамандардың  саны  артып,  кадрлар  даярлау  сапасы 

жақсарды, студент  жастарды оқыту мен тәрбие беру дәстүрлері нығайып, бекіді. Институт 

республикадағы  ғылыми  ой  орталықтарының  біріне  айналды.  Мұнда  Қазақстан  тарихы, 

қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  даму  мәселелері  зерделеніп,  жаратылыстану  ғылымдары 

саласында іргелі зерттеулер жүргізілді. 

Тәжірибе  жинақтау,  материалдық-техникалық  базасының  жақсаруы,  білікті  ғылыми-

педагогикалық  кадрлар  қатарының  көбеюіне  байланысты  ҚазПИ-дің  оқу-ғылыми  орталық 

ретіндегі  рөлі  үнемі  артып  отырды.  ҚазПИ-  дің  республикада  жоғары  оқу  орындарын, 

Ғылым  академиясын  және  басқа  да  білім,  ғылым,  мәдени  мекемелер  қатарын  молайтып, 

оларды өркендетіп дамытудағы үлесі мол. 

Ұлы  отан  соғысы  жылдары  ұжым  үшін  ең  бір  ауыр,  сындарлы  кезең  болды. 

Институтта оқыту мерзімі қысқартылып, үш жылдыққа көшірілді. Сабақтар 8-ден 23 сағатқа 

дейін  жүргізілді.  Көптеген  оқу  корпустары  мен  жатақханалар  әскери  қажеттіліктерге 

босатылып  берілгендіктен,  аудиториялар  мен  бөлмелер  жетіспеді.  Қыста  отын  болмай, 

сабақтар суық аудиторияларда өткізілді, көптеген студенттер әскери зауыттарда күндіз-түні 

жұмыс  істеп,  ұйқы-күлкіні  ұмытты,  ашқұрсақ  жүрді.  Соғыс  уақытындағы  осындай 

қиыншылықтарға  қарамастан  студенттер  білім  алуда  белсене  және  табандылықпен 

еңбектенді. Жақсы оқу әркімнің патриоттық борышы болып саналды. 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет