Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
индустриалдық, Өскеменде жол құрылысы, Ақмолада инженер құрылыс, Таразда
гидромелиоративтік-құрылыс және технологиялық институттары.
1972 ж. Қарағанды мемлекеттік университеті, Арқалық, Талдықорған
педагогикалық институттары ашылды.
1986-1987 оқу жылында Қазақстанда 55 жоғары оқу орындарында 247 мыңнан
астам студент оқыды. 2001ж. 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлығымен 8 жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе берілді. Олар:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
К.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
Қазақ ұлттық өнер университеті
Қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің тарихы. Қазақ мемлекеттік университеті республикадағы тұңғыш жоғары
оқу орны болды. 1928 жылы шаңырақ көтерген бұл білім ордасында физика-математика,
жаратылыстану және лингвистика-педагогикалық бөлімдерден құралған жалғыз ғана
факультет болды. Алғашқы кезде мұнда үш факультет: педагогикалық, ауылшаруашылық,
медициналық факультеттерін құру жобаланды, олар 1932- 1933 оқу жылында жұмыс істеуге
кірісуі тиіс болатын. Алайда халыққа білім беруді қарқынды түрде өркендету мақсатымен
жаңадан ашылған жоғары оқу орнын дербес педагогикалық институт ретінде
қалыптастырып, дамыту қажет болды. Сондықтан 1930 жылы университет Қазақ
мемлекеттік педагогикалық институты деп атала бастады да, 1935 жылы оған ұлы ақын
Абайдың аты берілді. Бұл бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті.
Алғаш құрылған кезіндегі ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының
ғимаратында орналасты. Институт жанында оқуға түсушілерге арналған бес айлық
дайындық курсы жұмыс істеді. Сондай-ақ педагогикалық техникум, училище мен
жұмысшылар факультеті ашылды. Бұл оқу орындарына негізінен ата-аналарынан
айырылған балалар үйінің тәрбиеленушілері, кедейлердің балалары және аздаған орта
шаруалардың балалары қабылданды. Институтқа алғашқы қабылдау екі кезеңде – 1928
жылдың қыркүйек және қазан айларында жүргізілді. Республика Халыққа білім беру
комиссариатының округтердің санына орай жоспарлы бөлу жұмыстарының негізінде 124
адам, соның ішінде 28 қыз бала оқуға қабылданды. Студенттер құрамы көптеген ұлттардың
өкілдерінен тұрды. Олардың ішінде 76 қазақ, 42 орыс және басқада ұлттардың өкілдері
болды. Студенттердің 75 пайызы стипендиямен қамтамасыз етілді. Баспана аса қажеттеріне
жатақханадан орын бөлінді. Кейбір студенттердің дайындығы біршама төмен екендігі
ескеріліп, орыс және қазақ тілдерінен, математика мен физикадан қосымша сабақтар
өткізілді. Бірінші курста 9 оқытушы, оның ішінде 3 профессор, 5 доцент және 1 ассистент
сабақ берді. Сол бір жылдары институт қабырғасында негізінен білімге аса құштар жандар –
жасы отыз-қырықтарға келген адамдар оқыды, студенттер арасынан жиырмаға дейінгі
жастар сирек кездесетін.
Институт сонымен қатар тұрғындар арасындағы ғылыми-ағартушылық жұмыстарын
да жүргізді. Қазақ педагогикалық институтының жанынан екі жүзге жуық тыңдарман
қатысатын жексенбілік мектеп құрылды. Мұнда оқытушылар еңбеккерлерге дәріс оқып,
ғылыми баяндамалар жасады. Институт жанынына сауатсыздықты жоюға арналаған мектеп
Поделитесь с Вашими друзьями: |