Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет58/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

1744 жылы Орынборда татар мектебі ашылып, мұнда әскери шендегілердің балалары 

оқыды.  Бұл  мектепті  бітіргендер  өкімет  кеңселерінде,  сауда-саттық  орындарында  жұмыс 

істеп, тілмаштық қызмет атқарды. 1786 жылы Омскіде ашылған «Азия мектебі» де осындай 

мақсатты көздеді. Олардың ішінде қазақ балалары да болды. 

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Бөкей ордасында мектептегі білім беру кең  тарала 

бастады.  Бұнда  үлкен  рөлді  Жәңғір  хан  атқарды.  Ханның  білім  беру  саясатының 

орталығында мешіт жанындағы бастауыш  мектептерін ұйымдастыру болды. 1841 жылдың 

желтоқсанында  Жәңгір  ханның  үкімімен  орталық  мектеп  ашылды.  Мектепте  арабша, 

татарша және орыс тілі, жаратылыстану негізі, тарих және медицина оқытылды. Мектепті 

жақсы бітіргендер кадет корпусында білім алды. 

Кадет  корпустарының  оқу  курсы  сегіз  жылдық,  әр  класс  екі  жылдық  мерзімді 

қамтыды.  Кадет  корпустарын  бітірушілер  Қазақстандағы  әр  түрлі  басқару  орындарына 

қызметке  жіберілді.  Олардың  біразы  орыс  тілін  меңгерген  және  орыс  мәдениетінен 

хабардар,  әжептәуір  білімді  жастар  болды,  кейбіреулері  орыс  баспа  сөзімен  байланыс 

жасап,  қазақтарды  орыс  оқу  орындарымен  таныстырды,  сол  арқылы  қазақ  жастарын  оқу 

орындарына ынталандыруды ойлады. 

1960-жылдардағы  Халық  ағарту  жөніндегі  алдыңғы  қатарлы  теориялар  біртіндеп 

мектеп  тәжірибесіне  ене  бастады.  Бұл  кезде  ағарту  ісінде  қоғамдық  орындардың  алдыңғы 

қатарлы  бастамалары  өріс  алды.  Қалалар  мен  ауылдарда  бастауыш  мектептердің  бірнеше 

түрлері ашылды: жеке адамдар ашқан гимназиялар, жексенбілік мектептер. 

Қазақ  балаларына  арналған  Орынбор  орыс  мектебі  1850  жылы  22  тамызда  ашылды. 

Мектепке 50  бала қабылданды. Мектептің оқу жұмысы белгілі тәртіпке келтіріле бастады: 

оқу жылының мерзімі белгіленді, жалпы оқу мерзімі (7 жыл), оқушыларды қабылдау кезеңі 

(әрбір екі жыл сайын), жазғы демалыс (15 маусымнан 15 тамызға дейін) анықталды, сабақ 

кестесі  мен  оқушыларға  арналған  үзіліс  енгізілді,  емтихандардың  ережесі  жасалды. 

Орынбордағы  қазақ  балаларына  арналған  тұңғыш  мектеп  (1850-1869)  оқушылар  санының 

тым  шағындылығына  қарамастан,  қазақтар  арасында  орыс  білімін  таратудың  алғашқы 

ошағы болды. 

Ішкі қазақ (Бөкей) ордасында мектептің негізінен екі түрі  (алты жылдық екі класты, 

төрт жылдық бір класты орыс-қазақ училищелері) болды. Торғай және Орал облыстарында 

алты  жылдық  екі  класты  уездік,  төрт  жылдық  болыстық    орыс-қазақ    училищелері    және  

Ы.Алтынсарин негіздеген 

ауыл мектептері ұйымдастырылды. 

Ақмола  мен  Семей  облыстарында  интернатты  мектептер  ашылып,  кейінен  ауыл 

шаруашылық  мектептеріне  айналды.  19-ғасырдың  аяғында  бұл  облыстарда  ауылдық 

мектептер ашылды. 

ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстан аймағында медреселер мен мектеп-оқу орындары 

жұмыс  істеді,  олар  ежелгі  Шығыс  және  Азия  мұсылман  халықтарының  жоғары  дамыған 

мәдениетіне  тартуда,  Орта  Азия  мен  Қазақстан  халықтарының  ұлттық  мәдениетінің 

дамуында жағымды рөл атқарды. 

ХІХ  ғасырдың  аяғында  Қазақстан  аймағында  бірінші  рет  орта  және  кәсіби  оқу 

мекемелері  пайда  болды.  Орта  мектеп  бастауыш  және  келесі  буындағы  білім  арасындағы 

аралық буын болып есептеліп, екі міндетті орындады. Біріншіден, гимназияны бітіргендер, 

алғашқы кәсіби білім алу, екіншіден, қабілетті оқушылардың жоғары оқу орынына түсуіне 

мүмкіндіктері болды. 

Қазақстанда  1917  жылы  1  қаңтарда  17  орта  мектеп,  4  реальды  училище  және  13 

гимназия  жұмыс  істеді,  онда  5880  оқушы  оқыды,  оның  ішінде  215  ғана  қазақ  ұлтының 

өкілдері. 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет