Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет56/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150
umkd
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

Пәннің оқу-әдістемелік кешені 

Басылым: 

алтыншы 

 

ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 



 

алушының өзара әрекеттестігі және оған сай институционалды құрылымын қарастырмайды. 

Бұл аспектіні педагогика ғылымы зерттейді.  

Қазақстан қазіргі жаһандану   заманында   дамудың   нарықтық   қатынастар   талабына   

жауап беретін жаңа кезеңдеріне аяқ басты. Бұл сапалы жоғары білім берудің мақсатын қайта 

қарауды қажет етеді. Мемлекетіміз өзінің табиғи байлықтары көзіне сүйене отырып бәсекеге 

қабілетті 30 - алдыңғы қатарлы елдің құрамына енуді көздейді. 

Сапалы  жоғары  білімді  көздей  отырып  Қазақстан  Европалық  жоғары  білім 

стандарттарына  бет  бұрды.  Мысалы,  1997  жылы  Қазақстан  ТМД  елдерінің  ішінде  ең 

алғашқы  болып  мемлекет  аралық  дипломдарды  өзара  қабылдау  туралы  айтылған  жоғары 

білім туралы Лиссобон конвенциясын енгізген. 

Бүгінде  Қазақстан  жоғары  білім  беру  жүйесі  Болон  үдерісі  принциптеріне  сүйеніп 

қайта  қарастырылуда.  Болон  үдерісі  -  еуропалық  жоғары  кәсіби  білімде  біртұтас  жалпы-

еуропалық  білім  кеңістігін  қалыптастыруға  бағытталған  жаһандану  үрдісінің  көрінісі. 

Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған 

Болондық  декларациямен  (1999  ж.)  бекітілген.  2004  жылға  дейін  Болондық  үдеріске  40  ел 

мүше  болды.  Мүше-мемлекеттердің  ағымдағы  мәселелерін  талқылау  мақсатында  мерзімдік 

кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон үдерісі демократиялық жоғары технологиялық 

ақпараттық  нарықтық  қоғам  талаптарына  сай  келетін  және  жеке  бағыттылықты,  таңдау 

еркіндігін  және  өзіндік  білім  жолын  игерумен,  білім  жинаудың  ақпараттық-  ізденімпаздық 

сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон үдерісінің басты мақсаттарының құрамында 

еуропалық  мәдени  құндылықтарды  дамытудағы  университеттердің  негізгі  басты  орнын 

мойындау;  жоғары  білімді  қоғам  талаптарына  сай  бейімдеу  қажеттігі;  білім  орталықтарына 

қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге 

жеңіл,  салыстыруға  боларлықтай  дәрежелер  мен  мамандықтар  қабылдау;  әртүрлі 

мәдениеттерге,  тілдерге,  ұлттық  жүйелерге  сый-құрметпен  қарау;  университеттік 

автономияны  және  академиялық  еркіндіктерді  дамыту;  үздіксіз  білім  беру;  Болон  үдерісі 

мүшелерінің  арасында  сенім  философиясын  орнату  жатады.  Ресми  заңдық  тұрғыда  Болон 

процесі  Батыс  Еуропа  мен  Қазақстанда  қалыптасқан  кәсіби  білім  деңгейін  біркелкі 

«бакалавр-магистр»  формуласымен  теңестіріп,  қазақстандық  жоғары  білім  құжаттарының 

Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. 

Болон  үдерісі  (Болондық  қайта  құрылулар)  –  жоғары  білім  министрлерінің 

Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін 

жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003). 

Болон үдерісі  – жалпы қызмет  қағидасына негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық 

жүйесінің құрылу үдерісі. 

Қазақстан  2010  ж.  11  наурызынан  бастап  бірінші  орталық-азиялық  мемлекет  болып 

(Болондық үдерістегі) Еуропалық білім беру кеңістігінің толық мүшесі болды. 

Болондық  декларацияның  46  елінің  өкілдері  Қазақстанның  қосылуы  туралы  шешімді 

қолдады. Біздің мемлекетіміз Еуропалық жоғары оқу орындарының аймағына енген 47-ші ел 

болды. 


Болондық  үдеріс  –  жалпы  қызмет  қағидаларына  негізделген  жоғары  білімнің  біріңғай 

еуропалық жүйесінің құрылу үдерісі. 



Болондық  үдерістің  принциптері:Еуропалық  білімнің  бәсекелестікке  қабілеттілігін 

және  тартымдылығын  жоғарылату;  Ұлттық  білім  жүйелерін  жақындастыру;  Көп  деңгейлі 

жоғары білімді енгізу; Академиялық кредиттер жүйесін қабылдау; Білім сапасын бақылау. 

Болон  реформалары  «нәтижелерге  бағытталу»  және  «студенттік  орталықтандырылған 

оқыту»  терминдерімен  сипатталады.  Бұл  жерде  сөз  оқыту  нәтижелерін  кең  мағынада 

түсінуде  болып  отыр.  Осы  терминдер  ECTS,  модуляризациямен  және  институционалдық 

еркіндікпен  байланыста  болуды  болжай  отырып,  педагогикалық  практиканың  алға 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет