Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


 (4-дәріс).  Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуы



жүктеу 2.94 Mb.
Pdf просмотр
бет55/150
Дата18.02.2022
өлшемі2.94 Mb.
#17364
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150
umkd
 

1.4 (4-дәріс).  Қазақстандағы жоғары білім берудің дамуы. 

Жоспары:  

1. Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуының негізгі бағыттары (тенденциясы).  

2. Болон үдерісі қазақстандық жоғары білімнің еуропалық білім беру кеңістігіне ықпалдасуы 

(интеграциялануы) ретінде.  

3.Отандық білім беру жүйесін реформалаудың негізгі қағидалары.  

4. Жоғары білімнің көпдеңгейлі жүйесінің сипаттамасы.  

5. Жоғары білім беру ұйымдарының (мекемесінің түрлері).  

6. Тұрақты даму мүддесінде білім беру. STEM-контекстіндегі білім.  



 

XXI ғасыр – жоғары технология мен білім ғасыры. Білім беру адамзаттық өркениеттің 

дамуында  маңызды  фактор  болғаны  белгілі.  Бүгінде  жаһандық  проблемалар  туындауда: 

жалпыадамзаттық  мәселелер  (әлемдік  термоядролық  соғыс,  т.б.);  адам  мен  табиғаттың 

қатынасы;  қоғам  мен  адамның  аса  қауіпті  ауруларды  жоюдағы  өзара  қатынасы.

 

  Осы 



мәселелерді шешудің жолдары қандай? (жаңа технология, адамның ойлауын өзгерту, әлемдік 

масштабта келісілген және жоспарлы әрекетке көшу).  XX ғасырдың соңында экономикалық 

дамудың жоғары кезеңі басталды. Жаһандық қозғалыс басталды: материалдық экономикадан 

интеллектуалдылыққа  өту  немесе  ол  экономикаға  негізделген  білім.  Оған  мына  факт  дәлел 

болады:  табысты  дамыған  елде  ұлттық  байлықтың:  15%  материалдық  құндылық,  20%  - 

табиғи  ресурс,  65%-  білім,  білімді  адамдар  құрайды.  Тек  білімнің  ғана  емес,  адам 

факторының  рөлі  өсуде.  Техникалық  күш  жоғары  болған  сайын,  адамның  кәсібилігі  ғана 

емес,  оның  адамгершілік  мәдениеті,  гуманизмі,  жауапкершілігі  де  жоғары  болуы  керек. 

Сондықтан тұлғаның қалыптасуында білім факторының рөлі зор. Білім беру мәселесімен тек 

педагогика  ғылымы  айналыспайды.  Білім  беруді  философия,  әлеуметтану,  психология, 

экономика, мәдениеттану, т.б. зерттейді.  Білім беруді әлеуметтік феномен ретінде зерттеуге 

көптеген ғылымдар қажетті, құнды үлестерін қосты, бірақ бұл ғылымдар білім берудің мәнді 

аспектілерін-  адамның  күнделікті  өсуі  мен  дамуы,  осы  үдерістегі  педагог  пен  білім 



 


жүктеу 2.94 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет